1367681
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты: "Алтын сақа"

Тәрбие сағаты: "Алтын сақа"

библиотека
материалов

68 МИББ кешені












Сайыс



Тәрбиеші: Есказинова Б.А.




















Қарағанды қаласы



Тақырыбы: «Алтын сақа»

Мақсаты: оқушылардың бойында салт – дәстүрге деген сүйіспеншілікті

одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу, оқушылардың

көпшілік алдлында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге

шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету, сөздік қорларын

байыту.

Көрнекілігі: мақал – мәтелдер, нақыл сөздер

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқушыларды сайыстың кезеңдерімен таныстыру

  3. Қорытынды

Жүргізуші:

Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған

Салт – дәстүрді ардақтайық ағайын

Қазақ атты үлкен, кіші балдырған

Жиналыппыз, сәтті күні бәрімізде

Үлкен – кіші жасымыз кәрімізде

Төрлетіңіз қадірменді қонақтар

Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге

Өнерлі халық- өміршең халық дегендей, қазақтың әдет – ғұрпына, салт – дәстүрлеріне бағытталған «Алтын сақа» атты сайыс өткізгелі отырмыз.

Қазақ халқы ежелден салт – дәстүрін қастерлеген. Міне, осы уақытқа дейін, салт – дәстүріміз ұмытылмай сақталып келеді. Ендігі жалғастырушы келешек – жас ұрпақтар. Ендеше, салт – дәстүрді жалғастырушы ұландарды ортаға шақырып, сәттілік тілейік.

(Сайысқа қатысушылар ортаға шығады)

Жүргізуші:

Шын жүректер сыналады жарыста,

Жарыстың ба? орта жолда қалыспа,

Әділ қазы бағалайды сіздерді

Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па? – деп

сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Әділқазы мүшелерінің төрайымы: Қасымова Гүлмира Бағынтайқызы

Мүшелері: Нұрахметова Мария Сағынтайқызы

Дуанбекова Сабила Мағазқызы

Талюкенова Қарлыға Әділбекқызы


Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым

Әр қашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым –деп сайысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, сайыстың кезеңдерімен таныстыра кетейін.

І кезең «Сандар сөйлейді»

ІІ кезең «Кім көп біледі?»

ІІІ кезең «Мақал сөздің мәйегі»

ІV кезең «Ескірмейтін ескі сөз»

V кезең «Ребус шешу» Үй тапсырмасы

VІ кезең «Кім шапшаң?»

Жүргізуші:

Ей, жігіттер !

Сендерге артар міндет көп

Көтер биік ата салтын құрметтеп,

Ақтай білсең ата – баба үмітін

Әрбір сөзі - тәлімі мол бір мектеп

деп сайысымыздың бірінші кезеңіне кезек берейік.

Бұл кезеңде сендер кезек – кезек өздерің таңдаған асықтар арқылы жауап бересіңдер. Әр жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

1 асық Үш арсыз, үш бәйтерек, үш жүз.

  • ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз

  • Сәкен, Бейімбет, Ілияс

  • Ұлы жүз,орта жүз, кіші жүз

2 асық Бес арысты ата. Бес қаруға нелер жатады?

  • Мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта

  • Ш. Құдайбердиев, М.Дулатов, Ж. Аймауытов, М.Жұмабаев,

А. Байтұрсынов

3 асық Төрт құбыланы, Төрт түлік малы пірінің аталуы қалай?

  • Оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс

  • Түйе - Ойсылқара, жылқы – Қамбар ата, сиыр – Зеңгі баба, қой – Шопан ата, ешкі – Шекшек ата

4 асық Үш тәтті, үш даусызды ата

  • Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті

  • Мінез, кәрілік ,ажал

5 асық Үш сауап, үш байлықты ата.

  • шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен;

  • денсаулық, ақ жаулық, он саулық)

6 асық Жеті мүшел жасты, аптаның жеті күнін атаңыз.

  • 13жас, 25 жас, 37 жас, 49 жас, 61 жас, 73 жас, 85 жас

  • Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі

7 асық Жеті қазынаны, жеті жұтті ата.

  • Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл – білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, тазы ит.

  • Құрғақшылық, жұт, оба,өрт, соғыс, топан су, зілзала

8 асық Бес дұшпанды, бес асыл істі атаңыз.

  • Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ

  • Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым

9 асық Жігіттің үш жақын жұртын атаңыз, үш алысты атаңыз

  • Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт

  • Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын

10 асық Жігітке тән алты қасиетті ата. Төрт қонақты ата

  • зерде – зейін, өнер – өрісі, тапқырлық - талап, жігер- күші, қайрат қаруы, білімі

  • арнайы қонақ, қыдырма қонақ, құдайы қонақ, қылғыма қонақ

Жүргізуші:

Білім деген байлық бар,

Еш байлық оған жетпейді.

Жасыңда оқып, жиып ал,

Тепкілесің кетпейді.

Өртіңе ол күймейді,

Ұрыларда тимейді

Жатып ішер жамбастап,

Жалқауды ол сүймейді - деп, «Кім көп біледі?» кезеңін бастайық.

Кезеңнің шарты: Әділқазылардың алдында екі вариантты конверт жатыр.

Оқушылар екі варианттың біреуін таңдап, бір минутта бірнеше сұраққа жауап берулері керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

Жүргізуші: Ал келіңдер, келіңдер!

Дұрыс жауап беріңдер

Білімдеріңді тексеріп,

Саудаласып көріңдер

А вариант

  1. Алтын жұмыртқаның мамасы (тауық)

  2. Керқұла атты Кендебайдың әкесінің аты кім? (Қазанқап)

  3. «Ұр тоқпақ» ертегісіндегі Қазыбайдың үш жақсы нәрсесін ата. (піс қазаным піс, ұр тоқпағым ұр, құс есегім құс)

  4. Сегіз ағасын іздеп шығатын ертегі кейіпкері (Ертөстік)

  5. «Бай баласы мен жарлы баласы» авторы кім? (Ы. Алтынсарин)

  6. «Білім таппай мақтанба» кімнің өлеңі? (Абай)

  7. Түнде шық болса, күндіз не болады? (жаңбыр)

  8. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

  9. Үш қоянда неше құлақ? (6)

  10. Бос ыдыста неше жаңғақ? (болмайды)

  11. Айт мейрамында айтылатын ән (жарапазан)

  12. Сөйлем неден тұрады? (сөзден)

  13. Облысымыздың әкімі кім? (Серік Ахметов)

  14. Ең кішкентай құс (колибри)

  15. Вальс королін ата (Ш. Қалдаяқов)

  16. Қияқпен ойналатын ішекті музыкалық аспап (қобыз)

Б вариант

  1. Ол беске дейін ғана санау біледі? (Буратино)

  2. Алдар алдап кеткен Бізбикештің әкесінің аты? (Шық бермес Шығайбай)

  3. Қай ертегіде хан өз уәзірлерін дүниедегі адамның, құстың, шөптің жаманын тауып әкел деп жұмсайды? (Аяз би)

  4. Ертөстіктің мінген аты қалай аталады? (Шалқұйрық)

  5. «Менің атым Қожа» авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)

  6. «Ереуіл атқа ер салмай» кімнің өлеңі? (Махамбет Өтемісұлы)

  7. Қорқақ адам бейнесінде суреттелетін аң (қоян)

  8. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)

  9. Футболды неше адам ойнайды? (11)

  10. Аспанда ай ақ бола ма? (болады)

  11. Досың келе жатып 10 теңге тауып алды, екеуміз бірге болсақ неше теңге тапқан болар едік? (10 теңге)

  12. Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды? (1941)

  13. Бір аптада неше тәулік? (7)

  14. Сүйек қабықты жәндік не? (тасбақа)

  15. Қазанға не сыймайды? (қақпақ)

  16. Үрлеп ойналатын музыкалық аспап (сыбызғы)

Жүргізуші:

Ата – дәстүр абырой көтергенге

О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!

Тоқталамыз енді біз ал халайық

Қанатты сөз мақал мен мәтелдерге.

Енді, «сөйлей, сөйлей шешен боларсың, көре, көре көсем боларсың» деген мақал тегін айтылмаған. Олай болса келесі кезеңіміз ІІІ кезең «Мақал – сөздің мәйегі»

Кезеңнің шарты: мақалдың бір бөлігін мен оқимын, жалғасын өздерің жалғастырасыңдар. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады

  1. Оқу - білім бұлағы, (білім – өмір шырағы)

  2. Ақыл тозбайтын тон, (білім – таусылмайтын кен)

  3. Әдепті бала – арлы бала, (әдепсіз бала – сорлы бала)

  4. Өнер алды – бірлік, (ырыс алды - тірлік)

  5. Ел үмітін ер ақтар, (ер атағын ел сақтар)

  6. Ел ұлсыз болмас, (жер гүлсіз болмас)

  7. Айран ішкен құтылар, (шелек жалаған тұтылар)

  8. Досы көпті жау алмайды, (ақылы көпті жау алмайды)

  9. Атаңның баласы болма, (адамның баласы бол)

  10. Жалқаулық аздырады, (еңбек оздырады)

Жүргізуші: Қазақ халқы ырымдар мен тыйым сөздер арқылы ұл – қыздарының оғаш та, осал қылықтарын сынап, тәртіпке салып тәрбиелеген. Қазір біздің сайыскерлер осы тыйым сөздер мен ырымдарды қаншалықты білетіндіктерін көрсетеді.

ІV кезең «Ескірмейтін ескі сөз»

Бұл кезеңнің шарты: Күнделікті өмірде ата – әжелерің, ата – аналарың айтып отыратын ырым мен тыйым сөздер айтамыз. Бұл кезеңге дайындалу өздеріңе тапсырылған. Әр жауап 5 ұпаймен бағаланады.

  • Отқа түкірме,су құйма

  • Дастарханды баспа

  • Малды теппе

  • Көкті жұлма

  • Табылдырықты баспа, отырма

  • Түнде үй сыпырма, тырнақ алма

  • Өтірік жылама

  • Сыпырғышты тік қойма

  • Тізеңді құшақтама

  • Босағаны керме

Жүргізуші:

Сауысқанның тамағы,

Шоқуменен табылған.

Өнер, білім бәрі де,

Оқуменен табылған – деп, келесі кезеңіміз V кезең «Ребус шешу» . Бұл үйге берілген тапсырма болатын. Қазір екі топ оқушылары ребустарымен алмасып, 3 минут уақытта шешулері керек. Бұл кезең 10-20 ұпай аралығында бағаланады.


VІ кезең «Кім шапшаң?»

Кезеңнің шарты: Бір ғана әріптен басталатын сөздерден сөйлем құрау керек. Кезең 10-20 ұпай аралығында бағаланады.

Мысалы: Атам Алматыдан апорт алма алыпты.

Жүргізуші:

Қолыңда болса бар билік

Қапа болып қалмаңыз,

Алдыңа келсе, бітпес дау,

Әділін айтып қорғаңыз – деп сөзді әділқазыларға береміз

Жүргізуші:

Адамдардың әлемінде

Туыстығын тілеймін!

Шын достықтың әр елінде,

Тым ыстығын тілеймін!

Бақыт, еңбек, береке,

Ырыс күнін тілеймін!

Күнде думан, мереке,

Тыныштығын тілеймін! – деп, біз сіздермен келесі сайыстарда

кездескенше қоштасамыз.




















Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Подростковый возраст - важнейшая фаза становления личности»
Курс профессиональной переподготовки «Основы религиозных культур и светской этики: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Основы управления проектами в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Введение в сетевые технологии»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС юридических направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Основы менеджмента в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Разработка эффективной стратегии развития современного ВУЗа»
Курс повышения квалификации «Финансовые инструменты»
Курс профессиональной переподготовки «Метрология, стандартизация и сертификация»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности по водоотведению и очистке сточных вод»
Курс профессиональной переподготовки «Эксплуатация и обслуживание общего имущества многоквартирного дома»
Курс профессиональной переподготовки «Технический контроль и техническая подготовка сварочного процесса»
Курс профессиональной переподготовки «Информационная поддержка бизнес-процессов в организации»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.