Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Ана- өмірдің шуағы"

Тәрбие сағаты "Ана- өмірдің шуағы"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Ана-өмірдің шуағы.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың 8-наурыз аналар мересі жайлы түсініктерін кеңейту;

2.Сөздік қорын,ойлау қабілетін дамыту,Аналарға деген сүйіспеншілігін арттыру;

3.Оқушыларды «ана» атаулыға құрметпен қарауға,аналар еңбегін ардақтап,бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,нақыл сөздермен жұмыс,шарлар.

Сабақ барысы:

1. Құрметті ақ жаулықты асыл аналар,әжелер,қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде,көктемнің алғашқы хабаршысы болып,аналар мерекесі келеді.Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан,қалың қар астынан бүршік жарады.Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей барлық қиындықтарға төзеді. Адам баласы үшін ең аяулы,ең қастерлі де қадірлі сөз-ана.Бала дүниеге келген күннен бастап,өзінің жұмсақ алақаны,жылы жүзі,ыстық құшағы, мейірімге толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік,мейірімділік,махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген.8-наурыз мерекесі құтты болсын.Қымбатты аналар!Көктемгі гүлдей жарқыраған гүл мерекелеріңіз,күн мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге тек қана дүниенің жақсылығын,атқан таңның арайын,күн сәулесінің шапағын тілейміз.Өздеріңізге арналған «Ана-өмірдің шуағы»атты ертеңгілігімізге қош келдңіздер!Мерекелеріңіз құтты болсын.


1- оқушы:Шуақты көктем келді гүлін алып, Көктемнің мерекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де,гүлі-аналар, Ана деп бас иеді күллі халық.


Біз ғана емес, Қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар Ана деген- тіршіліктің тірегі Армысыздар,қасиетті аналар!


Дүниедегі әр адамзат баласы, Болсын мейлі ол бір елдің данасы, Мәңгілікке қарыздар боп біреуге Өтеді екен,ол-өзінің Анасы.


2- оқушы

Әлпештеген анашым, Әлдилетіп ән салған. Түн ұйқысын төрт бөліп Тербетіп мені жұбатқан.

Ана деген алтын ғой Тәрбиелеп өсірген. Қайрат,жігер күш беріп, Қатарға қосып жеткізген.

3- оқушы

Ана деген асыл жандар болаттай, Ана деген мөлдір жандар бұлақтай, О,адамдар қадірлей біл ананы Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

О,анашым таянышым,тірегім, Бар бақытым бір өзіңмен тіледім. Мені жақсы болса екен деп қашанда Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің

4- оқушы

Өмірге Ана-бақыт,ана пана, Өмірді өркендетер ана ғана. Өсірген талай шешен,талай көсем Талай ер,талай ақын,талай дана.


Анам менің күн көзіндей шуақты, Даладай кең,тайлы өзендей қуатты. Дүниедегі жақсылықтың барлығы Жан анадан тарап жатқан сияқты.


5- оқушы:

Келбетіңде ұлылық, Даладан кең пейілі Ана деген-жылылық, Ана деген-мейірім,

Ақыл құйған санама, Күннен де артық расында Күн алыста,ал анам, Ылғи менің қасымда.


6- оқушы:

Еркелесем,күлімдейтін, Ұрысқаны білінбейтін. Маңдайымнан иіскеп менің, «Құлыншағым,күнім»дейтін.


Айтсаң болды тіл алам, Әйбат анам,ай анам. Сені көрсем қуанам, Сен керексің қайда да.


Жүре берсем қасыңда, Әйбат анам қуанам Ботам деген даусыңнан Мен мәз болып оянам.


Ардақты анам,асылым, Теңдігіңді жырлаймын. Жырымның ең асылын Мерекеңе сыйлаймын.









3.Көрініс: «Не тәтті?».

4.Ана туралы нақыл сөздер.

5.Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар.

6.Концерттік бағдарлама:

1.Ән «Анамның тілі»

2.Ән «Етікші атам»

3.Би «Бипыл»

4.Ән «Әжемнің шәйі»

5.Би «Қаражорға»

6.Ән «Әке»

7.Ән «Құттықтаймын мама,туған күніңмен»

8.Қортынды:

-Мінеки,Біз бүгінгі сабағымызда аналар туралы білетіндерімізді бөлісіп,ой елегінен өткіздік.

Ана!,Ана дегенде толқымайтын жүрек,тасымайтын қан,тербелмейтін сезім болмауы мүмкін емес.Дүниедегі құдіреттің бәрі ананың жүрегінің мықтылығының арқасында жүзеге аспақ.Расында да,адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп,әлпештеп өсірген жүрегінің жылуынан басталады.Бойымыздағы

ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.Ананың нәзік үні,жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді жұбатады,көңілімізді сергітеді.

Аналардың көңіліне қаяу түсірмей,аялап құрметтей білейік.Жер бетіндегі аналардың қабағын кірбің шалмасын демекпін!.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Сіздерге барлық жақсылықты тілейміз!


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-035392

Похожие материалы