Инфоурок Классному руководителю КонспектыТәрбие сағаты: "Ана тілін ардақтайық"

Тәрбие сағаты: "Ана тілін ардақтайық"

Скачать материал

 

«Приозерск қаласы №2 МББК» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық тәрбие сағаты

 

 «Ана тілін ардақтайық!»

 

 

 

 

 

 

 

 

4 «Б» сыныбы

Сынып жетекшісі:

Тунгатарова Ақбөпе Бейсенқызы

 

 

 

 

 

2013 жыл

 

 

 

Ана  тілін  ардақтайық

Мақсаты: оқушыларды өз ана тілін құрметтеуге,таза сөйлеуге үйрету,өз ұлтына,еліне деген сүйіспеншілігін арттыру; жас ұрпаққа ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқытып үйрету; қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды топ алдында еркін сөйлеуге баулу.

Көрнекілігі: ақын жазушылардың тіл туралы пікірлері, қанатты сөздер,мақал мәтелдер,ұлы тұлғалар портреті,үш бидің суреті слайд.                                

Барысы:

1-ж : Құрметті ұстаздар,оқушылар,бүгінгі «Ана тілін ардақтайық» атты тәрбие сабағымыз тіл құрметіне арналады.             Күй «Сарыарқа»

2- ж : Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес ,тұтас ұлттардың  да өткеніне үңіліп,болашағын бағдарлауға жол ашты.Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру,оның арын арлап,жоғын жоқтау олқысын толтыру өз қолымызда,сіз бен біздің қолымызда.

1- ж: Сөйлер сөзге,тілге адамзат сонау көне дәуірдің өзінде ақ ерекше мән берген.Ғасырдан ғасырға жетіп ұласып жатқан ел аузындағы небір ғажайып аңыз әңгімелер,көне мақал мәтелдер,  жазба деректер осының айғағы тәрізді.Қай халықтың тарихына үңілсеңіз де өнер алды саналатын қызыл тілге,шешендік өнерге байланысты небір керемет асыл сөздерді табасың.

 2- ж: Сөз өнерін қай халық болмасын жоғары бағалаған.Ақындық табиғаттың туа бітті сыйы болса, шешендік жүре бітті қасиеті екені де ертеден ұғынықты болған.Көптеген зерттеушілер қазақ халқының шешендік өнерін жоғары бағалаған.Жер дауы,жесір дауы тәрізді шешімі қиын тұста айыр көмей,жез таңдай шешендер билік айтып,бітім тапқан.Сондықтан да қазақ өмірінде шешендіктің әлеуметтік салмағы басым болды.Халықтың «Жақ айырып сөз шығады»,»Шаршы топта сөз бастау - қиынның қиыны» деуі де тегін айтылмаған.Кей шешен сұлу сөйлеп,тыңдаушысын сүттей ұйытып,жиын тойдың көркі болған.

 1- ж: Қай халықтың болса да қоғамдық өсіп өркендеу жолында көтеріле алған биігі мәңгілік болып, ана тілінде сақталып отырады. Қай халықтың болса да басынан өткен дәуірлері,қилы- қилы кезеңдері ана тілінде із қалдырмай өте алмайды.Ана тілі ғасырлар бойында жасала да береді. Ана тілі   дегеніміз -   сол тілді жасаған,жасап келе жатқан халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі.Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді,өгей ұлдары ғана аяққа басады.

 2- ж : Ана тіліміз барлық еркелігімізді көтере береді деп,не жер баса алмай,не көкке ұша алмай қалғандарымыз да жолығады.Ана тілін құрметтемеу ештеңені сыйламау деген сөз.Жоғалып,өшіп кеткен тілдердің қайта тіріліп келмейтіндігі белгілі.Жаңадан тіл пайда болмайды.Тілдердің пайда болу дәуірі біткен.Сондықтан қазіргі барымызды мәпелей білуіміз керек.

 1-ж : Қазақ тілі - дүние жүзіндегі ең бай,бедерлі де бейнелі тілдердің бірі.Ол- күні кешегі «Өнер  алды-  қызыл тіл !»  деп ұққан көшпенділердің,ердің құнын екі ауыз сөзбен тындырған көшпелі билердің тілі.

 2- ж : Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай,құмға шашпай,жұртында қалдырмай,шабындыға алдырмай,барлық жинаған сөз байлығын,күй мен жырын бізге жеткізді.Бұл- бәрімізге де қымбат мұра,бай қазына.Қазақтың қара сөзінде көп мән жатыр.Күн шалмайтын қараңғы көңілді сөз шалады.Ендеше соншалық қуатты да киелі қаруды қалай болса солай қолдануға болмайды.

 1- о : Қайта туды қазағымның ай күні,                                   2-о:  Қазағыма көп азапты жазған ба?       

Күннен күнге асар ма екен айбыны.                                      Ел ішінде індет жала қозғанда,

Тоқсан жылда өттік талай кешуден,                                    Шәкәрімнің сақалына жармасып,

Қатар көріп шаттық,табыс,қайғыны.                                     Ауыз салды Жүсіпбек мен Мағжанға.

Тіл дегенің тиегі ғой жырдың да,                                         Қырандар мен сұңқарлардан айрылдық,

«Ештен кештеу» түсінгендей жұртым да.                           Топшы сынып,бар қанаттан майрылдық.

Шықпағанда республика Тіл заңы,                                       Қалмаған соң топ бастайтын азамат

Елдігім де кетер еді құрдымға.                                             Жалтақтардың сөзін тыңдап қайрылдық.

Алтын бесік-  ағайын,жұрт,туғаным,                                     Ана тілім - абыройым,ожданым,

Дос бөліссе қыза түсер думаның.                                         Әрқашанда мәуелі екен өз бағым.

Барлық ұлттың өкілдері жарасып,                                       Нанымды жеп,суымды ішіп кейбіреу,

Асырайық іс жүзіне Тіл заңын.                                              Көре алмайды қазақ тілі озғанын.

 3-о:  Тілім менің !                                                                   Тіл тағдыры қабырғама батады,

Осы тілде шежірем,жырым менің,                                      Түзеу қиын бір жіберген қатені.

Асан қайғы арманы,Қорқыт күйі,                                         Күні үшін тілін сатқан арсыздар

Тағдырыммен тамырлас мұңым менің.                               Мансап үшін Отанын да сатады.

    Тілім менің !                                                                    

Жауға айбарым,ұраным,туым менің,                                       Тілім менің !

Найзасымен тең ұстап осы тілді,                                           Тілім үшін мың өліп,тірілді елім,

Намысымды қорғады Сырым менің.                                   Аралыммен,арыммен қатар қойып,

   Тілім менің !                                                                          Тілді қорғау -   парызым бүгін менің !

Ұлы Абай,Мұхтардай пірім менің.

Тұнығым,рухани жан азығым,

Ол бүлінсе,менің де бүлінгенім.

  4- о: Ана тіл  -    тағдыр талайым,                                     Ана тіл  -  ырыс құтпаным.

Ана тіл -   ұлы Абайым,                                                          Ана тіл  -     дана Мұхтарым.

Ана тіл  -      Ахмет абызым,                                                   Ғұлама Ғұмар,Шәкәрім

Ғасырлар бабам жазғанын                                                   Шашылтып алсам кім болам?

Ана тіл -    арым,иманым,                                                       Айрылсам берер кім маған ?

Кіршіксіз ардай сақтаңдар                                                      Қазақтың тілін ғаламат.

Ұрпақтар! Атар ақ таңдар                                                         Аманат,саған аманат !

   Хор  « Анамның тілі -   аяулы үні».

5- о: Қазақпын мен,қазақтың бөлшегімін,               Тайыз емен,тереңмін,тамырлымын,

Қажеті не өзгенің өлшемінің?                                      Иілмейді ешкімге еңсе бүгін.

Айбарлы елдің ұлымын ай таңбалы,                          Қазақпын мен,қазақтың бөлшегімін,

Кейіпкері емеспін ертегінің.                                         Қажеті не басқаның өлшемінің?

Қазақпын мен,қазақтың тентегімін,                          Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,

Жау шебінде сыналған семсерімін.                           .Енді менің жетеді көпке үнім.

6- о : Деп жүруші ек бабалардан бата алдық,            Шаралардың бәрін енді топтайық,

Көрді біраз тілім менің қаталдық.                                Әрбір таңды адалдықпен аттайық.

Тілді,дінді,салтты - бәрін ұмытып,                                 Өз бойында толып тұрып кемшілік

Өз елімде шала қазақ атандық.                                       Өзгелерге бар кінәні тақпайық.

Көкейімде осы бір ой жүр көптен,                              Іздей білсең ақиқаттың бәрі шын,

Ана тілі басталады жөргектен.                                   Тер төгейік атамекен қамы үшін.

Ана тілін қастерлейік бәріміз,                                    Жеңеміз біз барлығын да, ағайын,

Қанатымен қарлығаштай су сепкен.                         Күресе алсақ ана тілдің ары үшін?

 ( Осы сәтте есік ашылып,өңі алау- далау,алқынып бір бала кіреді.Басында кепе,үстінде жамау жасқаулы ескі шапан,аяғында қазақы шоқайма етік.)

Тазша бала: Оу,амансыңдар ма,балалар,аға,әкпелер? Тіл құрметіне арналған кештеріңіз көптің көңілінен шықсын.

1- ж : Рақмет,тілегіңе.Бірақ кім екеніңді  танымай  тұрғанымыз. «Мыңның  жүзін білгенше,бірдің атын біл» деген бар,құрдас.Ныспыңды айт,қайдан келесің?

Тазша бала : Алда,айналайын - ай !  Баяғыда Әйтеке би « Әкемді сұрасаңыз -   жетесіз,

Шешемді сұрасаңыз   -  некесіз.    Туа қалған бір баламын,   Тегімді сұрап не етесіз?» деген екен.

Сол айтқандай,түптеп келсек,бәріңе таныс Тазшаның дәл өзі боламын.Кәдімгі  Есер ханды мүдірмей қырық өтірік айтып тәубесіне келтіріп,жарты патшалығын алып байып,қызын алып,күйеу болған шонжарың мен. Жас қусақ,сендердің аталарыңның аталары маған іні болып келеді.

Сендер ана тілі құрметіне арнап кеш өткізіп жатыр деген соң тарих қойнауында шыдап жата алмай жеткен бетім.Бай қалпымда келсем,танымай қалар деп. өзімнің сол кездегі киімдерімді киіп шығып едім.

2- ж : Оу,Тазша бала, жо-жоқ баба,жортқанда жолыңыз болсын,жолдасыңыз Қыдыр болсын.Әйтсе де сұрауға рұқсат ет,жалғыз келемісіз?

Тазша бала : Қайдан жалғыз шығайын.Халқыма асыққан мен ғана емеспін.Ел билеген хандар,байрақ  ұстаған батырлар,аузы дуалы билер,ертегілер еліндегі өздеріңе таныс кейіпкерлер бірігіп жолға шығыпты.Өздеріңе құт мекен болған бүгінгі даланың,сол далада мекен еткен ұрім бұтағының тіршілігін көрмек.Зәулім шаһарларға беттеп бара жатып,көштен жырылып,сендерге соға кеткелі келгенмін.

Оқушылар ; Апыр- ай, сізден өзге ешкім келмес пе екен бізге ?

Тазша бала : (жымың етіп.) Асаларына таянып үш абыз емпеңдеп келе жатыр еді артымнан,енді табалдырыққа жеткен де шығар.

 ( Есікті үйсін Төле би,арғын Қаз дауысты Қазыбек би,алшын Әйтеке би ашып кіріп келеді.

                     Оқушылар мәз болып,қол қусырып қарсы алады)

-          Ассалаумағалейкум, ақылы дария бабалар! Аман- сау жеттіңіздер ме? Төрлетіңіздер!

 1-ж : Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік.Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көл ойларыңыз бары баршамызға аян.Сіздердің асыл ойларыңызды естуге мынау балаларыңыз да асығып тұр.Аздап тыныстап алыңыздар.Ана тілінің арын арлап,мұңын жоқтап жүрген біздей ұрпақтарыңыздың  да айтары бар.

 7- о : Өз тіліңді өзге тілден қор тұтпа                     Болсаңдағы қанша оқыған білімдар

Өзге тілді өз тіліңнен зор тұтпа,                               Ұмытпағын өз ұлтың бар,тілің бар.

Айналайын,айтшы ақиқат сырыңды,                      Көп білем деп кеуде қақпай құр бекер,

Бар қазынаң ана тілден артық па ?                         Ана тілдің қасиетін ұғыңдар!

 8- о: Қасиетің, ана тіл,аз ба сенің,                          Жарық әркез ай күніміз,

Өзің барда ескірмес,тозбас елім.                             Сен арқылы тасыған байлығымыз.

Сен болмасаң ұлы Абай ақын болып,                      Сен болмасаң сусаған Аралдайын,

Мұқағали отты өлең жазбас еді.                               Тартылып кетері анық айдынымыз.

Сен арқылы ер жеттік, ес жинадық,                          Ана тілім,ақылгөй дана тілім,

Өзің барда көрмедік еш қиналып.                            Әлдиледің қазақтың бар ақынын.

Ақындары қазақтың тұрған кезде,                            Тамырымсың,сәулелі жарығымсың,

Бүкіл әлем үніңді естиді анық.                                     Көп қой сенен менің де алатыным.

     Хор « Көк тудың желбірегені»

 9- о: Зертте достым,жеті атаңды біл танып,               Бөтені жоқ,барша халық  туысың,

Қазақ қаны тамырыңда бұрқанып.                             Үлгісін ал,тәлімін ал, дұрысын.

Ғасырлардың керуенін ұзатқан,                                    Соның бәрін игерейік,достарым,

Алыптарын ардақтаған бұл халық,                             Ана тілді ардақта,ол   ырысың.

10-о:Сан ғасырдың жеткізген сырын маған,             Бұл күндері күй шертер дала мұңды,

Ана тілім   ардақтым,күнім,данам.                            Кейде қайғы басады қабағымды.

Құлағымнан кетпейді бесік жыры,                             Ана тілім секілді арнасына

Жүрседағы жырақтап түзде балаң.                             Тола алмаған ойлаймын Аралымды.

Есіме алсам,дариға,жас күнімді,                                  Ана тілім,алдыңда тәжім еттім,

Кеудемдегі қорғаймын тасқынымды.                          Тарқаса екен жүзіңнен тезірек мұң.

Ана сүті дарытқан бойымдағы                                       Қалай ғана ұялмай жер басамыз

Әдеп,ізет,салтымды,дәстүрімді.                                    Әруағынан Жиренше,Қазыбектің?!

 

11-о:Аяулы,абыройлы ана тілім,                                        Туған тілде сыры терең жаным бар,

Өстім мен саясында қанатыңның.                                  Туған тілде мың мың ыстық қаным бар.

Кетіпті ғазиз ана сені сыйлап,                                           Туған тілде әнім менен сәнім бар,

Жыр болып көкірегімде жанатұғын.                                Туған тілім   жүрек үнім,наныңдар.

12-о: Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын»  /поэмадан үзінді/

Ән  «Қазақ елі» .

13-о: Ана тілім  мәңгілік асыл арым,                                     Армандасам өнердің ақ пырағын,

Ана тілмен айтылған ғашық әнім.                                      Ана тілім-  мектебім,нақ тұрағым.                                     

Ана тілін ақ сүттей қадірлеген,                                           Сұлулыққа әрдайым сұқтандырған

Аялаған перзентім,жас ұланым.                                         Сенсің менің сезімтал саққұлағым.

14- о: Тілім барда қазағым бар,халқым бар,                     Ана тілім аяулы да ардақтым,                    

Дәстүрім бар,ата жолы салтым бар.                                   Үмітімді келер күнге жалғапсың.

Кең даладай жиналмаған шалғайы                                    Сен жоқ болсаң қараңғыда қамалып,

Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдар.                                  Мәңгілікке мәңгүрт болып қалмақпын.

Тілім менің ерлігім де елдігім,                                            Ежелден ақ елміз ірі,ілгері.

Кемеңгерлік,кемелдігім,кеңдігім.                                        Шежіреміз,тарихымыз ілгері,                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Тілім менің мөлдірлігім,пәктігім,                                        Менің тілім қаз дауысты Қазыбек,.

Ойлылығым,тереңдігім,теңдігім.                                         Әйтеке мен Төле бидің тілдері.

15-о: Айналайын,ана тілім -  айбыным,                               Жазғырғандай жаны күйген жанды игі,

Айналайын таза болсын айдының.                                      Қараңғылар әлі күнге қалғиды,

Табиғаттың бұзылғаны сияқты                                             Өз тіліңде айта алмасаң өлгенің,                                           

Ана тілің айныса егер қайғы мұң.                                       Өзгерте алмас ешқандай тіл әлдиді.

Тілім дейсің жан жүрегің тілініп,                                         Заман қалай,адам қалай өзгерді,

Түйсіксіздер оны қалай жүр ұғып?                                       Талай талай өзгергенін көз көрді.

Өз тіліңде өз ұлтыңмен тілдессең,                                        Хал сұрауға болмаса да нан сұрауға жететін

Өгейлер бар кететұғын бұрылып.                                          Өз тіліңді үйренетін кез келді.

2-ж: Ақылы дария,көңілі көл бабалар! Біздерменен қош айтысар сәттеріңіз де таяу қалды.Мына ұрпақтарыңызға ғибрат боларлықтай берер ауыз өсиет айтпас па екенсіздер.

Төле би: Жаңбыр жаумаса   жер жетім,   Басшысы болмаса   ел жетім.     Ұқпасқа айтқан        сөз жетім.

Өгізді өрге салма,қанатың талар,                               Наданға көзіңді салма,сағың сынар.

Досыңа өтірік айтпа,сенімің кетер.                            Дұшпанға сырыңды ашпа,түбіңе жетер.

Жақыным деп жаманның малы үшін                       Жақсының жағасынан алма,өрісің тарылар.

Қару жисаң мылтық жи,                                               Жаяу жүрсең   - таяғың,қарның ашса -    тамағың.

Менен ақыл сұрасаңдар,айтарым     -    осы.

Қаз дауысты Қазыбек:  Ілкі заманда қартайған Бұқар жыраудың көңілін сұрай барып едім,балаларым.

Төсекте жатқан Бұқар жырау:

-  Бірден онға дейінгі санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады.

   - Қазыбек,сен айтып берші?  -   деп сұрады.   Мен былай деп жауап бердім.

 1 дегеніңіз   -  бірлігі кеткен ел жаман.         3 дегеніңіз -   үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.

 2  дегеніңіз -   егесіп өткен ер жаман.              4 дегеніңіз  -  төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.

 5 дегеніңіз  - белсеніп шапқан жау жаман.       6 дегеніңіз - аймағын билей алмаған адам жаман.

 7 дегеніңіз - жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. 8 дегеніңіз - серкесіз бастаған қой жаман

 9  дегеніңіз -  толғаныңыз.                                     10  дегеніңіз -  өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.

 Қарт жырау риза болып қалып еді.Бұл айтылған нақыл сөз  - тыңдай білгеннің адастырмас темірқазығы.

Әйтеке би: Бабаларын тыңдап,кесіміне құлдық ұрған ғибратты сөздердің біразын айтсам,сендерге жаттығы болмас.

Бай болсаң,халқыңа пайдаң тисін,          Батыр болсаң,жауға найзаң тисін.

Бай болып елге пайдаң тимесе,               Батыр болып  жауға найзаң тимесе,             Елде бөтен үйің күйсін.

Суалмайтын суат жоқ,                               Таралмайтын бұлақ жоқ.

Құйрығы суда тұрса да,                     Уақтысы жеткенде,                                    Қуармайтын құрақ жоқ.

Дүние деген фәни бұл,                     Баласы жоқта мият жоқ.

Бәрінен қиын сол екен,                    Артыңда жанған шырақ жоқ.

                   ( Үш би ұрпақтарымен қоштасып шығып кетеді.Тазша бала да бірге кетеді.)

Оқушылар: Жаны жайсаң бабалар мен Тазша бала,келер күндеріңізге сәт сапар,ақ жол тілейміз.

16-о:  Қазақ тілі,ол  -    менің ана тілім,                  17-о:  Тілім менің,шешен де дана тілім,

Ляззат- қуат сөйлесем табатыным.                        Сәтін күткен жұлдызды сағатының.

Тізілтіп сөз маржанын жазғанымда                      Көмілмеген шаңына ғасырлардың,

Білем анық бағымның жанатынын.                      Қансоқтада қатталған қабатының.

Қазақ тілі  -   байсалды баба тілім,                         Беретінім қанша екен,шүбәсіз хақ

Сол байлықтан аз емес алатыным.                       Қарыздар боп әйтеуір қалатыным.

18- о: Сен - үнісің қазақтың елдігінің,                       Сен -   тілісің адамзат Абайының,

Сен-  үнісің пейілі кеңдігінің.                                   Сен  -   тілісің ұрпақтың талайының.

Сен -  үнісің  туыстық теңдігінің,                              Сен -    тілісің Махамбет,Мұхтарлардың,

Сен -  үнісің бүгінгі елдігінің.                                   Алуан алуан қаламдас ағайынның.

19- о: Тілім менің,дарабоз тарланымсың,               Қазақ тілі,ақжолтай ана тілім,

Махаббатым,ақуыз арманымсың.                          Анық маған сөнбестей жанатының.

Тұтастықтың тініндей үзілмейтін                            Анық маған болашақ замандарға

Елдігімнің өлшемі -  ардағымсың.                           Бөгделенбей,бөгелмей баратының.

                Хор « Атамекен «

1- ж: Тіл  -  халықтың жаны да,сәні де.Ана тілінің топырағында көктеп,ауасынан тыныс алмаған өнер де,білім де өміршең емес.Халық өзінің ғасырлар бойғы жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді.Сондықтан ана тілін білмей ұлттық мәдениетті жете меңгеру мүмкін емес.Олай болса ата өсиетіне құлақ асып,ананың тілі арқылы жеткен бабалар аманатына адал болайық.

     «Ана тілін ардақтайық» атты тәрбие сабағымыздың құрметті қонақтары,осымен тіл құрметіне арналған әңгімемізді аяқтаймыз.Көңіл бөліп тыңдағандырыңызға көп- көп рақмет.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: "Ана тілін ардақтайық""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 657 020 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.01.2016 4228
    • DOCX 35.9 кбайт
    • 21 скачивание
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тунгатарова Акбупе Бейсеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тунгатарова Акбупе Бейсеновна
    Тунгатарова Акбупе Бейсеновна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 49298
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 781 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 982 человека

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 549 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 769 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 834 человека

Мини-курс

Преодоление расстройств: путь к психическому здоровью"

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека