Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Аналар асыл жандар.Қыздар қуыршақтар"

Тәрбие сағаты "Аналар асыл жандар.Қыздар қуыршақтар"

Скачать материал

                     Р.Мәрсеков атындағы орта мектебі

 

 

 

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы:

Аналар-асыл жандар. 
Қыздар-қуыршақтар.

                       

 

 

 

                                        Өткізген: Шакерова Майгуль Жолдыбаевна

 

 

 

                                    2015-2016 оқу жылы.

Сабақтың тақырыбы: Аналар асыл жандар. Қыздар қуыршақтар.

Сабақтың мақсаты: Білімділігі 8-наурыз аналар мерекесі жайлы мағлұмат беру. Оқушыларды наурыз айының ерекшелігімен таныстыру. Ананың қадір қасиеті туралы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Балалардың ой өрісін танымын, анаға деген сүйіспеншілігіменқұштарлығын одан әрі дамыту.
Тәрбиелігі: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Ананның махаббатын аялауға, ана мейрамын бағалауға тәрбелеу.
Сабақтың типі: Шығармашылық ізденіс сабағы.. 
Көрнекі құралдар: Буклет, плакат, кеспе қағаздар.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: І кезең ұйымдастыру кезеңі 
Жүргізуші:- Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мұғалім сөзі:
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі-балада, баланың көңілі -далада» демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар!

Жүргізуші:Балалар бізге қонаққа қыздар қуыршақтар келіп қалыпты олардың қонақтарға арналған «қуыршақтар» биі бар екен, ендеше бастасам бұрын соны тамашалайық. Рахмет қыздар ендігі қуыршақтарымыз өздерін сайысқа сынамақшы екен.

Ендеше бүгінгі мерекеміз кішігірім сайыс және аналарға арналған мерекелік кеш  түрінде өтпек:

1.     Таныстыру

2.     Қол өнер

3.     Сән үлгісі  болып үш этаптан тұрады

 

Бастамас бұрын сайысқа қатысушы қыздарымыздын реттік номерлерін анықтап алайық. Ол үшін бірінші әділ қазы алқаларын таныстырайық. Енді қыздар әділ қазы алқалар алдында жатқан реттік номерлерді қыздар кезекпен алады.

Жүргізуші: Аналар сіздерге арналған Кәусар мен Аянаның әдемі өлең жолдарын қабыл алыңыздар

Анашым!
Асыл анам, есіл анам,
Елжіреп есіркеймін, есіме алам.
Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді
Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам.

Алыс жолда жүрсем де арып-ашып,
Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,
Оқытып кешеу барған хаттарымды
Отырмысың үрпиіп, жаның ашып?

Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,
Оқуын ұлың жақсы аяқтады.
Анашым, білем сені, қарсы емессің
Кеттім мен тың даланы оятқалы.

Анашым!
Қайда жүрсем сен - күш, арым,
Сүйемін дидарыңды, мен құшамын.
Қайда барсам, өзіндей қарсы алады
Кең байтақ Отанымның кең құшағы.

Анашым!
Жаратылдың бағыма шын
Білемін көңілсізсің, сағынасың.
Қайда жүрсем, қамқоршым Отаным бар.
Қапа болма мен үшін, неғыласың..
.

Ананы сүю

Кім сендерді, балалар, сүйе-тұғын, 
Куанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын? 
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін, 
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін? 
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң, 
Камқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең, 
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең? 
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын, 
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

Кім сағынар сендерді келгеніңше, 
Кұлындарын көзімен көргенінше? 
Сендер қайтып келгенде адам болып, 
Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.

Келесі ана туралы видеороликті мен асыл жанды аналарымызға арнағым келіп тұр. «Ана монологы».

 Енді бірінші этап таныстырудан бастайық.

Жүргізуші: Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп,еркелеттің,аяладың
Лебізіңе алғысты айта келе
Ән жырымды қабыл ал аналарым! Дей отырып «Алтын ана» әнімізді қабыл алыңыздар.Рахмет.

Аналар біз оқушылармен сіздерге арнап шығарма жаздық. Уақытымыз аз болғандықтан бәрін емес арасынан таңдап алдым. Соны рұқсат етсеңіздер оқушыларымыз сіздерге арнап оқып берсін!

 Ендігі кезекті қыздарымыздың қол өнер байқайық. Қыздар кезекпен  қол өнерлерін таныстырады.

Жүргізуші:  Балалар аналарымыз орнында отырып қалыпты ғой аналарға ойын ойнатсақ қалай қарайсыңдар. Екі ананы ортаға алып шығып қыздарға аналарды сәндету. Келесі ойын шарларға тапсырмалар ілу,аналарға орындату.

Жүргізуші: Құрметті аналар ұлдарымыз сіздерге өлең шұмақтарын арнағысы келіп тұр, шын ниеттеріңізбен қабыл алыңыздар.

Темірлан:Ана дейміз біріміз де аңқылдап, 
Ана дейді жас сәби де жарқылдап, 
Ана деген бәйтерегі өмірдің, 
Ана деген алтын қазық алтын бақ


Али:Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

Еркебұлан:Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым

 

Рамиль:Анам менің, асылым, лағыл әнім,
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын, 
Анам менің, асылым, лағыл әнім

 

Бахтияр:Анам саған 
Қозы бағып жүргенде, жаңбыр жауды,
Бір тамшысын әкелдім, анам саған! 
Гүлдер басып кетіпті тау мен бауды,
Шоқ гул көтеріп әкелдім анам саған.

 

М.Алихан:Анам менің аялап, әлдилеген
Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген
Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы
Қалайша ұмытамын бал татыған
Анашым алдыңызда қарыздармын
Өтеуден оны ешқашан қарыздармын
Ананың баласына махаббаты
Мәңгілік алаулаған шам-шырағы.

Данияр:Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-

 

Жүргізуші: Ұлдарымыздың мұнымен сіздерге арналған өнерлері біткен жоқ, қыздар мен аналарға аргалған тамаша биі бар екен, ендеше ұлдарымыздың «флешмоб» биін қарсы алаңыздар! Рахмет ұлдар  енді орындарыңы жайғасыңдар.

Келесі кезек қыздардың «сән үлгісінде». Ендеше қыздар бастайық! Рахмет қыздар, әдеміліктеріне көз тоймайды. Дәл қуыршақтың нақ өзі болыпсыңдар!

Әділ қазы алқалары қорытындылап болғанша балаларымыздың әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз
Ән: «Анашым»

2-жүргізуші: 
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар.
Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! Оқушыларымыздың аналарға шын ниетімен дайындаған сыйлықтары бар.Аналар шын неттеріңізбен қабыл алыңыздар!бәрі сыйлық беріп болған соң ұлдар отырады. Қыздар ортаға шығады.
Жүргізуші:Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге!
Анады да, мені де әлпештеген,
Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.
Ниетің қабыл болсын, аналарым,
Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер.
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,- дей отырып мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді тәрбие ісі меңгерушісі  береміз.Қыздарды марапаттау.
жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Аналар асыл жандар.Қыздар қуыршақтар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 337 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.04.2016 1927
    • DOCX 58.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кабетова Инабат Кайраткызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кабетова Инабат Кайраткызы
    Кабетова Инабат Кайраткызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8935
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 305 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 610 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 15 регионов

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе