Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты: "Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан!"

Тәрбие сағаты: "Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан!"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Семей қаласы №35 ЖОББМ

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан!»

Мақсаты:

1986 жылы Желтоқсан оқиғасын оқушыларға танытып – білдіру, Желтоқсан оқиғасының неден бастау ашып алып, оның не себептен қанды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету, желтоқсан құрбандарымен таныстыру, оқушыларды елін, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

Қанатты сөздер,Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова,С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев, Н.Сабилиянов,М.Шахановтың суреттері, «Желтоқсан 1986» шығармалар жинағы,слайдтар.


Сабақтың барысы.

Жалғас:

Желтоқсан айы. Желтоқсан, қараша мен сол бір екі ай.

Кешегі дүркіреп өткен 1986 – шы жылына дейін дүйім қазақ үшін Желтоқсан атауы және бір қыстың атауы еді. Кейін бұл сөздің мән – мазмұны да,құлаққа жетер әуені де мүлде өзгерді. «Желтоқсан» десе – ақ, әрбір қазақтың көкірегінде небір көріністер қоздап қоя беретін болды.Ең алдымен «Желтоққсан желі» немесе «Қара бауыр қасқалдақ» деген мұңды да асқақ әуенінің сарыны алыстан талып естілер еді. Себебі, бұл әндер, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадағы», «Елім - ай» секілді, әлдеқашан Желтоқсан оқиғасыныың халық арасындағы әнұранына айналып кетті. Сонда ән – әуенмен қоса, мәнгі көкірек көзінде қалған көріністер шұбырыпт өтуі хақ. Үрейлі үкімет үйі. Оны қоршай, толқыған ызалы қыз – жігіттердің жігері келбеттері. Оларға қадалған суық көздер мен мейірімсіз пішіндер. Одан кейін темір киім киіп, келтек ұстағандар мен жалаңаш қол жастардың сарт – сұрт айқасы. Адам жегіш иттердің арсылы, шашынан сүйрелген қазақ аруы, басынан қан шапшып ыңырси құлаған қазақ бозбаласы. Иә, мұндай

көпке әйгілі болған қасіретті де қасиетті суреттер жалғаса берсе аяғы бітпес. Өйткені, «Желтоқсан» турасында әр қазақтың өз естелігі бар. Сол жөнінен бір үзік сыр шертсек деп едік.

Гүлназ:

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

Жан:

Жаұыздықты жасқаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да Желтоқсан.

Жаннұр:

Намысымның шырағы да – Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынады да – Желтоқсан.

Жігіттіктің ұраны да – Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан

«Желтоқсан желі» әнін орындау

Дильшат:

Желтоқсан майдан, жанжалы деме көшенің,

Желтоқсан зары боздағын көмген шешенің.

Сызылған қанмен Желтоқсан ұлы шекара

Бүгіні мен кешенің!

Аманбек:

Желкеге тиді сілтенген күрек, қамшылар,

Соққыға, мұндай қасапқа қандай жан шыдар?!

Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап,

Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар.

Назерке:

Қақап күннің ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОНДАР – дар бастан тепкен күн

Қариялар итке таланып ,

Ер басын күрек шапқан күн.

Аппақ кар қанға боялып

Қып – қызыл мұз боп жатқан күн.

Ниетбек:

Қасқалдақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен,

Қарғалар билік алған күн.

Адал мен арсыз аярды

Айырып халық ұққан күн

Саф алтындар бөз баяғы.

Сары жез болып шыққан күн

«Қара бауыр қасқалдақ» әнін орындау

Шұғыла:

Желтоқсан қозғалысына қатысқандардың бірі – Ербол Сыпатаев еді. Өзі сияқты студент ұлдар мен қыздарды қорғаймын деп жүргенде Ерболды жасақшылар қатты соққыға жығып емханаға түсіреді де, екінші күні қайтыс болады.Ерболдың мәйітін ауылға мұғалімдер алып барады. Ата – анасы баласын жылап жүріп жерлейді.

Ділназ:

Осыдан 28 жыл бұрын 1986 – жылдың ызғарлы желтоқсанында ұлт намысын жыртып алаңға шыққан жалын жүрек жастардың арасында Ләззат Асанова да болып да болып еді. Чайковский атындағы музыка училещенің 2 - курс студенті , қаршадай елік қыз қараулықтың құрбанына айналарын сол сәт білмеген де болар. Ар – ожданыозбырлықтың табанына тапталып, жас жүрегі зұлымдықтан жапа шеккен Ләзаттың қазасы әлі күнге жұмбақ. Мезгілінен бұрын солған қызғалдақ ғұмырдың обал – сауабы кімнің мойны нда?! Мұны анықтау болашақтың еншісі.

Назерке:

Сәбира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітірісімен Өскемен қаласындағы педучилищенің бастауыш сыныптарға мұғалімдер даярлайтын қазақ бөліміне оқуғу түскен. 22 – желтоқсан күні Өскемен қаласындағы ЦУМ маңайына жиналған. Бұл жерге жастар Алматы оқиғасының шындығын білуге, өздерінің ізгі тілек, ниетін білдіруге барған. 26 – желтоқсан күні өткен жиналыста ансымен бірге барған Сәбираны айыптап, бар кінәні оған үйіп – төгіп, сөккен, қатқыл сөздер айтып, тәртіпсіз деп бағалаған.Мұның бәрі Сәбираның ашу – ызасын тудырды.Сөйтіп албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секірді.

Жаннұр:

Ол әділеттің, шындықтың жеңетініне іштей сенді. Қайрат орысша – қазақша бірдей, өте сауатты, өз ойын ашық айтатан жігерлі, отты жігіт еді .Қайраттан қорыққан Колбин мен оның қолшоқпарлары одан тез құтылу үшін «атылсын» деп үкім шығарды.

Ділназ:

Өкінішке орай, 1988 - жылы 13 – мамырда Семей түрмесіне әкелінген Қайрат Рысқұлбеков 21 – мамыр күні таңда өмірімен қоштасады.

Гүлназ:

Желтоқсан оқиғасы!Аз ғана уақытта әлем назарын аударған толқу күшпен басылғанмен, оның мәні мен мазмұны енді еш өшпейді. Өйткені азаттық аңсаған, теңдікті талап еткен халқымыздың жүрегінде ол мәңгі қалады.Желтоқсан қозғалысының ақ – қарасына жеткен жазушылырымыздың бірі Мұхтар Шаханов еді. Халықтың арқасында Желтоқсан құрбандарына арнап ескеркіштер ашылып, көшелерге аттарын беріп құрмет көрсетіліп жатыр.

Мұғалім:

Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына дербес тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.Сендер Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар.Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті, өз елін,жерін көркейтіп,Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

«Қазағым менің» әнін орындау.


Автор
Дата добавления 06.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров127
Номер материала ДБ-324057
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх