Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Тәрбие сағаты " Арайлы алтын күз "

Тәрбие сағаты " Арайлы алтын күз "


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Мақсаты:Оқушылардың күз туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату, табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Күз мерекесіне байланысты суреттер, жеміс-жидектер,шарлар, банер.

Барысы: I Ұйымдастыру бөлімі.

Мұғалім:

Шөп сарғайып,

Өңі тайып

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай,

Ойнай алмай

Денең мұздап тоңады.

Айтшы балалар,

Бұл қай кезде болады?

Төгілген жапырағы жер бетінде

Құлпырған сары алтындай келбетінде.

Армысың айналайын «Алтын күзім»

Келдің бе ырысыңмен тербетуге.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі «Арайлы алтын күз» деп аталатын ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.Біздің тәрбие сағатымыз екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең әдеби монтаж.Екінші кезеңіміз «Сынып Хншайымы» атты сайыс.

  • Оқушылар, қазір қай мезгіл?

  • Күз

  • Күз айы екенін қайдан білдіңдер?

  • Далада, сары ала жапырақтардан байқауымызға болады, т.б.

  • Күз айларын кім атап береді?

  • Дұрыс-ақ.

  • Күз мезгілі үш айдан тұрады.

  • Қыркүйек, қазан, қараша.

  • Ендеше, күз туралы кім маған өлең оқып берер екен?

Болат:

Ой, балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

Ой, балалар, балалар,

Ойналық та күлелік.

Енді оқуға кірелік.

Қамарсұлу:

Жайдарлы күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам

Дариядай шалқар күз.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар!Енді күзде қандай жеміс-жидектер, көкөністер пісетіні жайлы кім айтар екен?

Асылхан:

Нан атасы-бидаймын ,

Елге астық сыйлаймын.

Дәнім толып піскенде,

Қауызыма сыймаймын.

Гүлзат:

Нарттай қызыл алмамын,

Мәз болады алғандар

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.

Бекзат:

Іші толған шәрбат,

Дәмі қандай әйбат

Үзесің бірденжүзін

Менің атым жүзім.

Болат:

Картоп біздің атымыз,

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.

Қамарсұлу:

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып,

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Асылхан:

Көктеп ерте өрмелеп,

Өсемін мен бүр жарып.

Атым өияр, теріп ал,

Жиі-жиі суарып.

Мұғалім:

Жарайсыңдар балалар! Ендеше жемістерден дәм татайық.

Бекзат:

Алма пісті,

Жерге түсті

Қауын пісті,

Қандай күшт

Жемістердің татып дәмін,

Жидектердің жейміз бәрін.

Мұғаләм:

Жарайды балалар жемістерден дәм татсақ орынымызға жайғасамыз.

Кезек екінші бөлімімізге келіп жетті.Сайысымызды бастамас бұрын қазылыр алқасын тағайындап алайық.

Енді сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

I. Таныстыру

II. Сұрақ-жауап

III. Өнер сайысы

IV. Сән үлгісін көрсету

V. Үй тапсырмасы

Сайысымыздың шартымен танысып өттік, енді ортаға қыздарымызды шақарайық.

Ақылына көркі сай - Қамарсұлу

Ойы жүйрік – Гүлзат

Қарсы алайық!

  1. Таныстыру. Қыздарымыз өздерін таныстырады

  2. Сұрақ-жауап кезеңі. Қыздарға 2 сұрақтан қойылады.

1.Күз айларын ата. 2.Жыл мезгілдерін ата. 3.Күзде қандай мерекелер бар? 4.Күзде қандай ерекшеліктер болады?



  1. Өнер сайсы. Өз өнерлерін көрсетеді

Ұлдарымыз ән шырқайды.

  1. Сән үлгісін көрсету

  2. Үй тапсырмасы. Өздерінің салған суреттерін таныстырып өтеді

Қазыларға сөз кезегін береміз.
Қорытындылау. Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстау.

Ата-аналарға сөз беріледі.

Мұғалім:

Назарларыңызға көп рахмет! Осымен біздің тәрбие сағатымыз аяқталды.
















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 13.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров320
Номер материала ДВ-450115
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх