Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Арайлы алтын күз" 8-10 сыныптар

Тәрбие сағаты "Арайлы алтын күз" 8-10 сыныптар

Скачать материал

               Тақырыбы : Арайлы Алтын күз!

 

Өтетін орны:  Мектеп акт залы

Өтетін уақыты: 24.10.2015жыл.

 Мақсаты: Оқушыларға табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, аяушылығын ояту.
Кешімізді 8-сыныптың  қыздары қазақша биімен бастайды. Осы кезде

Жүргізушілер: Асема мен Мақсат шығады .

Мақсат:Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, оқушылар!                                                                                                       «Арайлы Алтын күз»  атты күзгі балл кешіне, қош келдіңіздер!

Асема:

Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!

Бармысыздар, жадыраған жас достар!

Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!

 Мақсат:Уа, халайық халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Кешімізді бастайық!

Енді әділ қазылар алқасымен, сайысымыздың жоспарымен таныстырып өтейін.

Әділ қазылар алқасы:

 

1.     Мектеп директоры: Ж.Дуанаев

 

2.     Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Жақсыбаева

 

3.     Биология және химия пәнінің мұғалімі А.Алеаскар

4.     Тарих пәнінің мұғалімі  Н.Утебаева

5.     Дене шынықтыру пәнінің  мұғалімі Е.Нусипов

Асема :

Ендеше ортаға әр сыныптан сайысқа қатысушы үміткерлерімізді шақырайық .

1.     «Тәтті күз» тобы.10-сынып оққушылары

2.     «Мықты бұрыш» тобы. 9-сынып оқушылары

3.     «Күзгі сән» тобы. 8-сынып оқушылары

4.     «Алтын бақ» тобы. 6-сынып оқушылары

5.     «Алтын күз»  тобы. 5-сынып оқушылары

 ( Сайыскерлер ортаға шығады)

Мақсат: Сіздерді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен таныстырайық

 

Жоспар:

1-бөлім

 1.Таныстыру(топтың аты, эмблема, газет)

 2.Өнер сайысы(Ән немесе би )

 3. Көрініс немесе пародия

 4. «Күзді дәм»

 5. «Күз әшәкейі» (күз элементтерінен сән үлгісін көрсету)

 Асема:

2-бөлім

Ханзада мен ханшайымдар сайысы

1.     Топтық би

2.     Қатысушылардың таңғажайып өнері (2 минут)

Мақсат:

Екінші аты бұлбұл қыздың

Доп қуып, фудбол ойнаймыз.

«Күзгі баллын» мектептің

Қазан айында тойлаймыз.-деп ақын ағаларымыз жырлағандай,бүгінгі «Арайлы Алтын күз» мерекесін бастаймыз.

Асема:

Келді міне, алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді әр ісімен

Риза етіп халқын қыз,-деп 1-ші болып «Алтын күз»тобын қарсыалыңыздар.

(Әр сынып  өздерін таныстырып өтеді)

Мақсат:

Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалып айтпас,

Әрқашан да нанымды.

Сол шындықты күнделікті

Көріп жүрміз өмірден.

Өнерімен танысайық,

Тілекші боп көңілден.

Бұл бөліміміз «Өнер сайысы» деп аталады. Келесі кезекті өз өнерін көрсетуге береміз. (Сайыскерлер өнерлерін көрсетеді)

1-ші болып «Алтын күз»тобын қарсыалыңыздар.

(Әр топ өздерінің өнерлерін көрсетеді)

Асема:

Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,

Біздерге бірлікпенен ортақтассын!

О заманда ашқан қазақ өнер сырын,

Мақсат:

«Өнер жастан» жаныңдар.

Шақырған сайыстарға бірі- бірін

Өнерпаздар-дарындар.

Көрейік тамашалап, көрермендер,

Көрсетсін сайыскерлер күлкі әлемін.

Бұл бөлім «Көрініс немесе пародия»деп аталады. (Сайыскерлер өздерінің көріністерін таныстырады)

Асема:

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,- дей келе келесі кезекте сән үлгісін көрсетуге береміз.

(Сайыскерлер сән үлгісін көрсетеді)

Мақсат:

Көрсетер өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз бармақтары майысып.

Келесі бөліміміз «Мерекелік дастархан мәзірі» деп аталады.

 (Әр топ дайындаған астарымен  таныстырады)

 

2- бөлім

Асема: Күз келіп, хан мен ханшайым

                  Өткізді күзгі бұл айын.

                  Ханшайым тапқыр қыз болды

                 Ағызар сөйлеп сөз майын

                 Ал ханымыз ақылды

                 Барша жұртты шақырды.

                 Би де билеп, ән айтты

                 Қуаныштан шалқыды.

Ортаға Ханшайымдарды шақырамыз, қарсалыныздар.

Мақсат:

Салқын тартып күз демі,

Білдіреді күз нені,

Шым еткізер жүректі

Тырналардың тізбегі,-дей келе ортаға ханзадаларды шақырамыз, қарсалыңыздар.

Асема:

Ызғырықты жел өтіне

Шыдап баққан тербетіле

Ағаш біткен шашып жатыр

Алтың теңге жер бетіне-дей келе, келесі сайысымыз нәзік жанды ханшайымдарымызды ортаға шақырамыз.

 

 

Мақсат:

Тұратұғын құлап көктен,

Күн де салқын қыратты өпкен.

Момақансып,сылдыр қақпай,

Жылтырайды бұлақ біткен-ал енді құрметті әділқазыалқалар мен көрермендер ортаға тепсе темір үзетін ханзадаларымызды ортаға шақырамыз, қарсыалыңыздар.

(ханзадалар өздерінің өнерлерін көрсетеді)

Асема:

Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. Табиғат қай кезде болмасын –тамаша дүние. Күз келсе- біз сары –қызыл жапырақтарды тамашалаймыз, қыс түссе – аппақ қарда алысып-ойнаймыз, көктемде қабат-қабат тонымызды шешіп, күннің сәулесіне қыздырынып, жаңадан бүршік атқан талдарды көреміз, ал жазда көлге барып, суға түсіп, жазғы демалысымызды ерекше өткізуге тырысамыз.

Мақсат:

Ия, өте дұрыс. Ақындарда әр жыл мезгіліне тамаша өлеңдер жазып, табиғаттың сылулығына өлең жолдары арқылы бізге жеткізген. Сол өлендердің көбін біз мектепте оқып, жаттап жүрміз. Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша. Әйтсе де, бүгін біз КҮЗге деген құрметімізді көрсеттік деп ойлаймын.

 Қорытынды.

Асема:  Ендігі кезекте «Арайлы Алтын күз» кешінің жүлдегерін анықтайық. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. Әділқазылар алқасына сөз береміз.

(Жеңімпаз марапатталады!)

Мақсат:

Білім-теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,

Әдебі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен күнге,

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып бүгігі

«Арайлы Алтын күз» кешін аяқтаймыз.

Жеңісті күндерде кезденкенше достар...

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Арайлы алтын күз" 8-10 сыныптар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 063 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2016 7187
    • DOCX 19.2 кбайт
    • 65 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Амиргалиева Лязат Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Амиргалиева Лязат Сериковна
    Амиргалиева Лязат Сериковна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 40578
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой