Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Тәрбие сағаты. "Қариясын қадірлеген ел ардақты"

Тәрбие сағаты. "Қариясын қадірлеген ел ардақты"

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қариясын қадірлеген ел ардақты


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ата-анасын қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет

көрсетуге тәрбиелеу. Оқушылар бойындағы адамгершілік

қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты, қамқорлықты,

кішіпейілділікті дамыту.

Оқушыларға қариялар жөнінде, олардың бізге қалдыратын баталы

сөздері мен істері жөнінде мағлұмат беру.

Көрнекілігі: «Ата - балаға сыншы», «Атаның сөзі – ақылдың көзі», «Ақылды

қария – ағып жатқан дария», «Отбасының өос шынары – ата мен

әже» нақыл сөздері

Барысы:

  1. Мен атам мен әжемнің жалғасымын.

  2. Асылдың сөзі, ақылдың кені. (Мақал-мәтелдер)

  3. Ескірмейтін есті сөз

  4. Қорытындылау



Мұғалім: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса. Әр халықтың бойында оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді.

Оқушылар сендерге жұмбақтар жасырамын. Сол жұмбақтарды шешу арқылы біздер сынып сағатымызды жалғастырамыз.

Айтары мол ғұлама, Атаңның баласы,

Көп жасаған бұл адам. Кей кезде таласып

Әкесі ол әкеңнің, қаласың әжеңе.

Білер оны сұраған. Білгенің асады кәдеге.

Ол кім? (Атаң) Ол кім? (Әкең)


Аймалайды «Күнім» деп, Әлпештеп өзіңді өсірген,

Мейірімді жүзі күлімдеп. Нағашы әжеңнің баласы.

«Тәтті-ақ» дейді немере, Төрінде жалпиып көсілген

«Бал шырындай үнің» деп. Бұл күнде жиеннің анасы.

Ол кім? (Әжең) Ол кім? (Анаң)


Мұғалім: Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген.Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.

1-оқушы: Атам менің әманда 2-оқушы: Атам менің әманда,

«Әдепті жан бол» деген. «Кішіпейіл бол» деген.

Ата сөзі санамда, Ата сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем. Мақтанбауды жөн көрем.

Алдын орап кісінің Атам менің әманда

Кесіп өтпе көлденең. «Әділетті бол» деген.

Ізетімен кішінің Ата сөзі санамда

Салемдесіп қол берем. Жүрмін тура жолменен.




3-оқушы: Еркелесем күлімдейтін, 4-оқушы: Атаң болса анаңмен-

Ұрысқаны білінбейтін, Алтыннан соққан қорғаның.

Маңдайымнан иіскеп мені, Санаң болса ақылды,

«Құлыншағым, күнім» дейтін. Ешкімнен кем болмадың.

Менің әжем – бұл әжем, Інің болса мақтаныш-

Айтқан сөзі дәл әжем. Семсер, қылыш білегің.

Аман болса көреді Ақылды қыз, ақылды ұл -

Қызығымды әлі әжем. Өкпе-бауыр, жүрегің ...


5-оқушы: Ата – ардақты тұлға. «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды, іскер болуын тілеп, сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.


6-оқушы: Ақ сүт берген аналардың анасы - әже. Әже әрқашан да балалық бал дәуреннің басы-қасында болып, асыраушы, аялаушы, тәрбиелеуші басты кісі. Өмір өрнектеріне, тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім, жарығым» деп әже немересін, шөбересін жүрегіне теңейді, жан-жүрегін салып нәрестені, бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді. Ата жолын қууға, еңбекке, адамгершілікке, қайырымдылыққа, имандылыққа баулиды.


Мұғалім: Келесі бөлім «Асылдың сөзі, ақылдың кені» деп аталады. Құрметі оқушылар, біздің аталарымызды ардақтайтын қандай қанатты сөздер, мақал-мәтелдер білесіңдер?

«Мақал – сөздің мәйегі» ортаға мақалшыларды шақырамыз.

Мұғалім:

Өнбойың тұнған ақыл, ұлағат,

Ешкімге жасамайсың қиянат.

Жайлап қана ақылменен түзейсің,

Болып қалса ұғына алмай бір ағат.

Көрініс: «Ақсақал мен жігіттің салемдесуі»

Ақсақал: Ассалаумағалейкум, «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді» демекші қалың қалай, балам?

Жігіт: «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» деуші еді, кеіңіз, төрге шығыңыз, қонақ болып кетіңіз.

Ақсақал: «Қонағын сыйласа, төрге шық» дегендей төрге шығайын.

Жігіт: «Жат асына қарайды, дос басына қарайды» деуші еді аталарымыз, асқа отырыңыз.

Ақсақал: Ойбай-ау! «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын».

Жігіт: «Досыңның тамағын қасыңдай іш» демекші ала отырыңыз.

Ақсақал: Ой, рахмет! «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам» дейді ғой. Алла разы болсын.

Жігіт: «Жылқы кісінегенше, адам сөйлескенше». Осылай таныс-біліс болу да бір ғанибет қой, ата.

Ақсақал: «Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл» дейді атам қазақ. Есімің кім болады, балам?

Жігіт: Есімім – Жарас. «Көрген жерде ауыл бар», келіп тұрыңыз.

Ақсақал: «Кел демек бар, кет демек жоқ», қой қайтайын.

Жігіт: «Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал» жолың болсын.

Ақсақал: «Алтыға дейін бала ерке, алпыстан кейін шал ерке» деуші еді аталарымыз, сөзімді көңіліңе ауыр ала көрме.

Жігіт: «Кәрі, кәрінің сөзі - дәрі» деген, о не дегеніңіз?!

Ақсақал: «Таз таранғанша той тарқар». Қайтайын.

Жігіт: «Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын» деген, келіп тұрыңыз.


Бата:

Сабағыңды оқы беске,

Жақсылығың жетсін көпке.

Үйіңнің қуанышы бол,

Бауырыңның жұбанышы бол.

Сенімін ақта үлкендердің,

Түлесін көктеп мекенің!


Қорытынды: Саналы ұрпағы бар елдің қариясы бақытты, ақсақалды атасы бар елдің балалары бақытты емес пе?! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!





Автор
Дата добавления 20.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров482
Номер материала ДВ-173011
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх