Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты «Қарты бар ел-қазыналы ел»

30 тамыз конституция тәрбие сағаты безендіру

Файл будет скачан в формате:

  • pdf
33782
22
22.07.2024

Материал разработан автором:

Разработок в маркетплейсе: 1
Покупателей: 22

Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Сембиев Нартай Амангаилулы. Инфоурок является информационным посредником

30 тамыз конституция күніне тәрбие сағатқа арналған көрнекілік Тақтаға жабыстыру үшін көрнекілік. Тәрбие сағатын өткізуге арналған тақтаға жабыстырып оқушыларды қуантуға болады.

Краткое описание методической разработки

30 тамыз конституция күніне тәрбие сағатқа арналған көрнекілік 


Тақтаға жабыстыру үшін көрнекілік. 
Тәрбие сағатын өткізуге арналған тақтаға жабыстырып оқушыларды қуантуға болады. 

Тәрбие сағаты «Қарты бар ел-қазыналы ел»

Скачать материал

Тақырыбы: «Қарты бар ел-қазыналы ел»

Мақсаты:  1.Даналық ұғымдар, мақал-мәтелдер, нақыл сөз, салт-дәстүрлерді дәріптеуге, оқушылардың  өз халқына деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәлім-тәрбие беру.   

Міндеті: Атаның  қасиетті  сөздерінен бастау алып, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт- дәстүрін, тарихын біліп, бүгінгіміз бен келешегіміздің мән- мағынасын оқушыларға ұғындыру.

    Көрнекіліктері: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, буфер.

     Қазақстан  Республикасының -  әнұраны  орындалады.

   Мұғалім  сөзі:

         Құрметті   қонақтар, көрермендер, ақ  жаулықты  аналар  мен  ақылгөй дана  қариялар!

     Бүгінгі  балауса шағын  балалар  орталығының  «Қарты  бар  ел- қазыналы  ел»  атты  ашық  тәрбие  сағатына  қош  келдіңіздер!

 

«Ауылыңның  маңында  төбе болса, 

ерттеулі   тұрған  атпен тең.

Ауылыңда  ақылгөй  қария  болса ,

жазып  қойған  хатпен  тең»

 

  деген  екен  біздің  бабаларымыз.

Иә, өткенімізді  осы  үлкендерсіз  елестету  мүмкін  емес. Біздің  бүгінгі  нұрлы  өміріміздің,  алаңсыз  күлкі,  тәтті  ұйқымыздың  да  бейбіт   сақшысы  бола  білген,  самаларын  қырау  шалып,  жүздерін  уақыт  әжімі  торлаған  данагөй  қарияларымыз  бен ақ  жаулықты  әдемі  әжелеріміз  емес  пе?

             Тақпақ;

1. Әжем  менің  әлі  де,

     Ұқсамайды  кәріге.

     Шай қайнатып  береді,

     Қажет  болса  бәріне.

2.   Әжем  менің ақ  әжем,

Көп  жасаған,  жан  әжем,

Ауырғанда  мен  үшін,

Бір  сүйгені  дәрі әжем.

3.  Аппақ  күміс сақалды,

 Жақсы  көрем  атамды.

4.   Менің  әжем  бал  әжем,

   Айтқан  сөзі  дәл  әжем.

Ән. «Қошақаным».

1.Жазда  апамның  ауылына,

   Барып едім  қыдырып.

   Бір  қошақан  алдымнан,

Шыға келді  жүгіріп.

  Қайырмасы;

Ақ  маңдайы  Ай ма екен,

Шекер ме екен, бал ма екен.

Кеттім  оны  сағынып,

Қошақаным қайда екен.                                                                                                               

2.Анаң  кетті жайлауға,

   Оны іздеп қайғырма.

  Анаң  бізге  келеді,

  Ақ сүтінен  береді.

  Қайырмасы;

Ақ маңдайы  Ай  ма екен,

  Шекер ме екен, бал ма екен.

  Кеттім  оны сағынып,

  Қошақаным қайда екен.

«Ата көрген  оқ  жонар».

IV. Сайыскер  қарттар   немерелерімен  бірге  келіп  мұндағы  мақал- мәтелдің бірінші  жолы  айтылады,  оны  сайыскер  қарт пен  немересі  жалғастыруы  керек.

1.Атадан  жақсы  ұл  туса,

   Есіктегі басын  төрге  сүйрер.

   Атадан  жаман  ұл  туса,

   Төрдегі  басын  көрге  сүйрер.

2.Туған  жердей  жер  болмас,

    Туған елдей   ел болмас.

3.Өзге  елде сұлтан  болғанша,

    Өз  еліңде  ұлтан бол.

4.Білімдіден  шыққан сөз,

    Талаптыға болсын  кез.

5.Заманың  түлкі боп қашса,

    Сен тазы боп  шал.

 V.Би. «Чунга- чанга».

VI. Әр  ұлттың  өзіндік  ерекшеліктері,  салт- дәстүрі,  тілі,  ұлттық   мәдениеті  болатыны  белгілі.  Біздің  тәрбиеміз  де  ананың  ақ  сүтінен,   ана   әлдиінен  және  атаның  қасиетті, баталы  сөздерінен   бастау  алады. Халқымыздың  әдет- ғұрпын,  дәстүрін,  тарихын  біліп, оны  қастерлеп,  бүгініміз  бен  келешегіміздің  нәрлі  қайнарына  айналдыру – әрқайсымыздың  азаматтық  борышымыз.

        Шарты  «Білім  мен  парасат».

Сұрақтарға  жауап  алынады,  тапсырма  үш   тапсырмадан  тұрады.

  Құрметті  ұстаздар,  көрермен,  ақ  жаулықты   әжелер,  менің   қолымдағы  табақшадан   сұрақтарды  алуларыңызды   өтінемін. Салт- дәстүрлер  сөздеріне  байланысты  сұрақтарға  жауап  беру;

1.     Ерулік  дегеніміз  не?  Оның  мақсаты  қандай?

      Жауап;

      Ауыл  арасына  жаңа  үй  көшіп  келсе,  сол  ауылда   бұрыннан   тұратын   адамдар  жаңа   үй  иелерін  ерулікке  шақырады,  яғни  ас   пісіріп  табақ  тартады. Бұл жаңадан  көшіп  келушілерді   бөтенсіретпей  өз  ортасына  тартудың,  сыйласудың  үлкен  белгісі.

«Сауын  айту»   туралы   не  білесіз?

2.Жауап;

     Бір  елде  ас,  үлкен  той  болатын  болса,  ол  күні   бұрын  жан-  жаққа  хабарланып  сауын   айтылады. Бұл жай  шақыру  емес,  әр ел  салт- дәстүрмен,  яғни  батыр,  палуанымен,  жүйрік  атымен,  ақын- жыршысымен келсін дегенді  білдіреді.Асқа, тойға  келгендер  бір- бірінен асып  түсуге тырысатын болған.

3. Бие  сүтінен ашытылатын,  қазақ халқының  ұлттық тағамдарының  ішіндегі  ең бағалы сусыны қалай   аталады?  Соның ішінде сірге жияр  туралы  айтып  берсеңіз?

Жауап;

 Қымыз-  жаңа сауылған бие сүтін,  саумалды  сүзгіштен өткізіп,  жылы кезінде күбідегі немесе сабадағы қымыздың үстіне құяды. Содан соң оны міндетті түрде 30-40 минут  пісіп, аузын байлап немесе  тығындар  ұстаған. Алғаш рет қымызды ашытарда бие сүті сабаға, арнаулы ашытқының  немесе қордың  үстіне құйылады. Қор  дегеніміз- былтырғыдан қалған  жақсы ашыған қымыз.

   «Ауруға ем, сауға қуат, дәрі-қымыз» деп Жамбыл  атамыз айтқандай  қымыз  адамның  денсаулығына  өте пайдалы  сусын.

   Қымыздың түрлері  бар;  уыз қымыз,  сары  қымыз, құнан қымыз,  бал қымыз,  сірге жияр қымызы т.б.

    «Сірге жияр  қымызы».

Күзді  күні  бие ағытарда  соңғы қымыз  бірнеше  күн жиналады. Салт бойынша  көрші- маңай, туған-туыс шақырылып,  ет  асылып  сірге жияр  қымызы  ішіледі.

4. Қолкесер  деген  қандай  дәстүр?

  Жауап.  Біреудің  соғымын  сойысқан  соғымшыға  үй  йесі «қолкесерің» деп  сыбағалы  етін  береді.Қолкесер  білетіндердің айтуынша соғым  союшының  байқаусызда  қолын  кесіп алса соның  төлеуі  ретінде  шыққан  көрінеді.

5.Салбурын  дегеніміз  не?

Жауап. Бұл -  аңшылық  термин. Аңшы , саятшы жігіттердің топ  болып,  бірнеше күн бойы  аңға  шығуын «салбурын» деп  атайды.   Мұңы  аңшылық  мерекесі  десе де болады.  Мұнда алған  аң бәріне бірдей  тең  бөлінеді. Салбурын аңшылардың  ерлігін,  ептілігін,  азаматтығын  сынайтын  жол.

 6.Көгентүп  туралы не  білесіз?

     Жауап.  Бір- біріне  жақын  туыс,  жұрағат  адамдардың  баласына  ескерткіш,  сый  ретінде  берілетін  мал. Бұл бала үшін  сый,  қуаныш  болса,  оның  ата- аналары  үшін  құрметтеудің  белгісі десе  де  болады.

            «Ұлағатты  ұлттық  ұғымдар».

Мына  сандардың  біреуін  таңдап,  артындағы  тапсырмаға   жауап  беру  керек.

1.     3 арсыз; ұйқы,  күлкі, тамақ.

2.     3 би;  Төле би, Әйтеке  би,  Қазыбек  би.

3.     3 бәйтерек;Сәкен,  Ілияс,  Бейімбет.

4.     7 ата; Әке, бала, немере, шөбере,  немене,  шөпшек,  туажат.

5.     7 күн; Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі,   жексенбі.

6.     3 қуат;Ақыл,  жүрек,  тіл.

Жауап  бергендеріңізге  көп  рахмет.

(Марапатталады).

VII.Би.”Қамажай”.

Құттықттау  сөз  кезегін  Мектеп  директоры                                 беріледі. Келесі сөз кезегі бүгінгі мерекеміздің иелері аталар мен әжелерге беріледі. Осымен «Қарты бар ел – қазыналы ел» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге көп рахмет!               

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты «Қарты бар ел-қазыналы ел»"
Смотреть ещё 5 938 курсов

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 346 289 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 01.12.2018 2006
    • DOCX 22.1 кбайт
    • 28 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жанабекова Асель Серикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жанабекова Асель Серикбаевна
    Жанабекова Асель Серикбаевна

    воспитатель

    • На сайте: 6 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32580
    • Всего материалов: 16

    Об авторе

    Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы демекші ұстаз жолында жүргеніме қуанамын "Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі", - деген қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев. Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім саласының даму бағытына тікелей байланысты.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 323 295 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 432 человека из 65 регионов
  • Этот курс уже прошли 391 человек

Мини-курс

Практические аспекты консультирования родителей в ДОУ

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Стратегии работы с детьми с СДВГ: комплексный подход к обучению и адаптации

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек
Смотреть ещё 5 938 курсов