Инфоурок Другое Рабочие программыТәрбие сағаты " Қарттарым асыл қазынам" 5- сынып

Тәрбие сағаты " Қарттарым асыл қазынам" 5- сынып

Скачать материал



5сынып

Тақырыбы: «Қартттарым , аман сау жүрші!»

Мақсаты: Даналық ұғымдар, мақал-мателдер, нақыл сөз , салт - дәстүрлерді дәріптеуге ,оқушылардың өз халқына деген сүйіспеншілігін арттыру , патриоттық тәрбие беру .

Атаның қасиетті сөздерінен бастау алып,халқымыздың әдет-ғұрыпын , салт-дәстүрін, тарихын біліп, бүгініміз бен келешегіміздің мән-мағынасын оқушыларға ұғындыру.

Көрнекіліктері:Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер, гүлдер шарлар,

ҚР-ның - әнұраны орындалады.

Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар, дана қариялар, ұстаздар!

1 қазан халықаралық қарттаркүні мерекелеріңіз құтты болсын!

Бүгінгі 5 сынып оқушылары дайындаған «Қарттарым, аман сау жүрші!» атты кездесуімізге қош келдіңіздер!

Келесі сөз кезегі оқушыларда

1 жүргізуші - Ауылыңның маңында төбе болса,

Ерттеулі тұрған атпен тең.

Ауылыңда ақылгөй қария болса ,

Жазып қойған хатпен тең –демекші, бүгінгі «Қарттарым, аман сау жүрші І»атты кездесуімізді бастауға рұқсат етіңіздерІ

2 жүргізуші - Бала тәрбиесіндегі маңызды саланың бірі –оларды сыйластыққа, ізеттілікке баулу, үлкендер мен қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу екені белгілі.

1 оқушы Ақиқатты айқындап жариялар,

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса ,бүлк етіп толқымайтын,

Бара жатыр сарқылып дариялар.

Хор: «Ұстазым»

2 оқушы Бақытты отбасы- келешек кепілі,

Тәрбие -бұл жұмбақ шешімі.

Үйрету ,үлгі ету өнеге көрсету,

Әрқашан үлкендердің міндеті.

3 оқушы Аппақ күміс сақалды,

Жақсы көрем атамды.

Менің әжем бал әжем

Айтқан сөзі дәл әжем

Ауырғанда мен үшін

Бір сүйгені дәрі әжем.

4 оқушы Әжем менің әлі де ,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді

Қажет болса бәріңе.

Ән: «Әке» орындайтын Күлебай Ришат

1 жүргізуші -Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен баланың тілін сындырады, ана тілін игеруге көмектеседі. Көшеде жүрген ортада үйренген қолайсыз сөздерге тыйым қояды. Бұның бәрі тәрбие. Ендеше ауылымыздың үлкен қариялары, бар ықыласымен мейірімін төгіп , бізге бүгін қонаққа келіп отыр.

5 оқушы М.Мақатаев «Мен қарттарды сүйемін» оқитын Ғани Назым

Ән: «Саржайлау» Орындайтындар Дәулеткелдіұлы М. және қыздар тобы.

7 оқушы Армысыздар ауылымның асылдары,

Жайнасын көңіліңнің жасыл бағы.

Халықаралық қарттар күніменен,

Құттықтаймыз аталарды осындағы.

8 оқушы Жасынан сүйіп өскен балақаның,

Бірғана сенім артар балапаның.

Бір сәтке ұмытамын қиындықты,

Сипаса маңдайымнан алақаның.

1 жүргізуші Хор «Балдырғандар маршы»

2 жүргізуші «Балалық шақ-бақытты шақ» Әжемнің аялы алақаны.Әукен Айсұлу (шығарма)

2 жүргізуші Би «Үш меркі» орындайтын қыздар тобы

2 жүргізуші «Асылдың сөзі-ақылдың кені» балалар сөзінен өсиет. Литпин Анель,Дәулетжан Назерке

1 жүргізуші Біріккен ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады.Жылдар өте келе әлем бойынша тойлана бастады.Биыл міне Халықаралық қарттар мерекесіне 22 жыл толып отыр.

9 оқушы Дүниеге келер бір рет,

Дария кеуде тау-мүсін.

Құрыштай күйген құдірет,

Қарттарым аман саумысың.

Өздерің болсаң жанында,

Ел іші жомарт,еңселі.

Дән исі сіңген қанында,

Даланың бір-бір бөлшегі.

10 оқушы М.Мақатаев «Қарттарым – қазынам»

11 оқушы Өтірік айтсаң өңмеңдеп,жоғалтасың арыңды,

Өсек терсең телмеңдеп, суға кетірер салыңды.

Көпірме босқа мақтанғып, түкке тұрмас барыңды,

Көріңгенге жалтақтап,бола алмайсың жағымды.

Біреуді арбап алдаумен аша алмайсың бағыңды.

2 жүргізуші Құрметті де ардақты қариялар,сіздер қандай да сый-құрметке лайық жансыздар. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз бүгінгі ұрпаққа қайталанбас үлгі.

Келген қонақтарға сұрақтар

1 .Дәметхан ата: Балалық шағыңыз туралы әңгімелеп берсеңіз.Немерелеріңізге қандай тәрбие беріп жатырсыз?

2. Мәлік ата: Еңбек етудің не екенін білесіз. Қазіргі балаларды еңбек етуге үйрету керек пе?

3. Мырзахмет ата: Болашақ мектептегі балаларға көңіліңіз толама?

4. Нүптібек ата: Газет-журнал қарайсыз ба?Немерелеріңізге ертегі айтып бересіз бе?

5.Санақ ата:Сіздің қанша сыныптық біліміңіз бар?

6.Бағашар ата:Денсаулығыңызды қалай күтесіз? Жұмыс істегеннің денсаулыққа зияны бар ма?

(Әңгімелеріңізге рахмет)

Келген қонақтарға сый-кәде беру

1 жүргізуші Бата: Аталардың ең үлені ақ тілегін айтып оқушыларға ақ батасын берсе.



Концерттік бағдарлама:

Би: «Үкілі ару» орындайтын Әукен Айсұлу

Ән:»Әке жыры» орындайтын Назым,Назерке,Анель.

Би:Белорусь биі «Холотуха» қыздар тобы.



Қорытынды: «Еркелесем күнім дейтін,

Ұрысқанды білмейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

Құлыншағым күнім дейтін-дей отырып бүгінгі «Қарттарым, аман сау жүрші» атты кездесуімізді аяқтаймыз.



Шалкөде орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты " Қарттарым асыл қазынам" 5- сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 218 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.03.2016 5524
    • DOCX 18.1 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байкушикова Светлана Нурияевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13010
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой