Инфоурок Классному руководителю КонспектыТәрбие сағаты: "Қарттарым-асыл қазынам"

Тәрбие сағаты: "Қарттарым-асыл қазынам"

Скачать материал

                                                                                   Қостанай облысы Әулиекөл ауданы

Әулиекөл бастауыш мектебі

бастауыш сынып мұғалімі

Жаукина Айгүл Кәкімбекқызы

 

Тақырыбы:«Қарттарым-асыл қазынам»

Мақсатымы:
1. Оқушыларды ата – ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
2. Оқушылар бойындағы адамгершілік қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты, қамқорлықты, кішіпейілділікті дамыту.
3. Оқушыларға қариялар жөнінде, олардың бізге қалдыратын баталы сөздері мен істері жөнінде мағлұмат беру.
  4. Халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Осы іс шараға Әулиекөл бастауыш мектебінің  3 «Ә» сынып оқушылары қатысады. Олар ата-әжелеріне арналған өлеңдерін оқып, мақал
- мәтелдерді айтып жарысты.

 1.  Қадірлі қонағымызды   таныстырып өту. Болат Жандостың, Болатова Алсудың, Көпжасар Аружанның, Өмірбаева Меруерттің әжелері біздің қадірлі  қонағымыз болады.
2. «Қарттарым асыл қазынам» атты  сурет  көрмесімен таныстыру.

1-жүргізуші:-Қымбатты ақ жаулықты әжелер! Барлықтарыңызды 1қазан халықаралық қарттар күні  мерекесімен  құттықтаймыз! Тілейтініміз, алдағы өмірлеріңіз ашық та жарқын, денсаулықтарыңыз мықты болып, өмір жастарыңыз ұзақ болсын.
2-жүргізуші:Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған
Зейнет емес бейнеттен арылмаған
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
1-жүргізуші:  «Қарттарын қадірлеген ер ардақты»дейді.Әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын,тек өзіне ғана тән қасиеттері болады.Біздің  халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі-үлкенді сыйлау,оның сөзіне құлақ асу.Қазақ қарты  жасына лайық ауызы дуалы ,сөзі берекелі,ісі тыңғылықты  ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді
«Қарттарым-асыл қазынам» атты  тәрбие сағатына қош келдіңіздер .

Шыңғысханның орындауында ән.

Мұғалім:Дүниеге келер бір рет,
Құрыштан құйған құдірет
Балалар,  ол кім?   Әрине, қарттарымыз.
Олай болса бүгінгі  тәрбие сағатына келіп отырған  құрметті қонағымызбен таныс болыңдар,әжелеріміз   қарсы алыңыздар.
****

Ширақ әлі қимылы,
Тек жатқанды ар көрер.
Топты жарған саңылақ,

Аружанның әжесі  ардагер.

Өмірден көп байқағаны,
Аружанның әжесі салмақты.
Білсең еңбек майталманы,
Еліне болған ардақты.
***
Мінезі бар әрдайым жарқылдаған,
Әңгімесі айта берсе сарқылмаған.
Бақыткүл  апа  бүгін де бақытты жан,
Немерелер ортасында қартаймаған.
Сидырғандай жүрегіне даланы ,
Бақытым деп бағалайтын баланы.
Тәрбиелеген немерелер саналы,
Кім білмейді Жандостың ә
жесін?
*****
Дамыл таппай үнемі,
Көңілденіп жүреді.
Меруерттің әжесі –жарқын жан,
Бала деп соққан жүрегі.
****
Баппен істеп әр істі,
Саусақтары майысқан.
Рая апа  келісті,
Бәрімен тіл табысқан
Кітапты көп оқыған.


Қарттарды қадірлейік ағайын!
Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат
Ешкімге жасамайсың қиянат
Жайлап қана ақылменен түзейсің
Болып қалса ұғына алмай бір ағат.


Мұғалім:  Аружанның әжесіне  сөз беру:
1. Апа, сіз де бала болдыңыз  ,  әжеңіз ертегі, аңыз айтушы ма еді? Ал сіз ше ?
2. Немерелеріңізге қандай ақыл айтасыздар ?
3. Өнегелі сөз, өсиеттер айтасыз ба ?Әлде  оны тыңдайтын бала жоқ па ? Көбінесе компютер алдында отыра ма?

Мұғалім:-Балалар, кәне, кім айтады ата деген кім өзі? (әкеміздің әкесі, анамыздың әкесі) 

1-жүргізуші:

-Ата ардақты тұлға. «Әкеден ұл тусайшы,ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының,  қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп, сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.
- Әже деген кім болады ендеше?
(әкеміздің анасы, анамыздың анасы)
- Тамаша! дұрыс айтасыздар.
Мұғалім:   

- Ал енді сөз кезегін  Бақыткүл апаға берейік.
-   Балаларды  еңбе
кке қалай баулуға болады ?
-Қыз бен ұл тәрбиесінің айырмашылығы неде ?
3 «Ә сынып» оқушылары дайындаған тақпақтарын айтып берсін.

Алсу:   Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.

Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамын мен құттықтаймын.

Меруерт.:  Ана – бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ.
Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең,
Қартайғанда сені де етер ізет.

Жасмин:Көп жасаған қария -
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Аружан К. : Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.


Алдияр: Атам менің әманда,
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.


Дамир:Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем

Ата – анаңды құрметтесең,
Сенде жақсылық игілік көресің


Әмірлан:Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер
Ата – бәйтерек,
Бала – жапырақ
Әке – асқар тау,

Ақ әжем
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем?

Шай қайнатып келейін,
Шекер салып, жан әжем.
Өзім құйып берейін.
Балдай тәтті бал әжем. /2рет.


Би :
«Қамажай» -орындайды Тұрсынай.

2- жүргізуші:

-Балалар,  үйінде қартайып отырған әке - шешесі немесе атасы мен әжесі сияқты  қымбатты «қонағы» болса, ол - үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата - анасы оның отбасының құтты болып табылады.
1-жүргізуші:

-Қарт кісіні құт - береке деп танысақ - ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата - ана әр кезде де бақытты.
- Олай болса біз ата - әже, әке - шеше туралы жаттаған мақал - мәтелдерімізді айтсақ қалай қарайсыздар?

1 - оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер.
2 - оқушы: Үлкенге қарсы шықпа.
3 - оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал.
4 - оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе.
5 - оқушы: Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.
6 - оқушы: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.
7 - оқушы: Ақылды қария – ағып жатқан дария.
8 - оқушы: Өткен менен кеткенді,
Көп жасаған қарт білер.

9-оқушы: Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария.


2-жүргізуші:- Жарайсыңдар, жақсы да, нақыл да, асыл сөздерді тыңдап көп ой түйген болармыз деп ойлаймын.
- Міне айтып жатырмыз «Үлкендерді құрметте, сыйла, мейірімді бол!» - деп осы сөздерді өздеріңіз қалай түсінесіздер айтыңыздаршы?

Оқушылардың жауабы.
1-жүргізуші:

-Ия, дұрыс айтасыңдар құрмет, ізет, мейірімділік деген сөздің мағынасы осы. Кәріліктің өзінің сәні – мәні бар. Ата - анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата - анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып - қағатын болады.
2-жүргізуші:Құттықтаймыз мейрамыңмен,әжелер!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара - пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!Балалар әжелеріне сыйлықтарын береді.

ІІІ. Қорытынды бөлім.
- Балалар, бата деген не?
- Батаны кім береді?
-«Үлкеннен бата алуға асық!» деп айтып жатады осы нақыл сөзді қалай түсінесіздер? Тамаша, балалар, олай болса, қазір, осы жерде отырған жасы үлкен атамыз шығып болашақ азаматтарымызға батаңызды берсеңіз деп өтінеміз.

1-жүргізуші:- Құрметті оқушылар, қарияларды тек қариялар күні еске алмайық, әрқашан жадымызда жүрсің. Ата – ана ардақтайық, құрметтейік. Дүниенің қай шетінде жүрсеңіз де ұмытпағайсыздар.
2-жүргізуші:

Өзгерген не?
Адам ба? Әлде заман ба?
Ата. – анаға деген парыз қалмаған ба, адамда
Ей, адамдар!
Құрметтеңдер үлкенді
Одан ешкім кем болған жоқ ғаламда!- деп бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталады.
-Келіп қатысқандарыңызға рахмет!

 

Іс шара соңында«Қарттарым асыл қазынам» атты  суреттер көрмесімен таныстырып өтемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: "Қарттарым-асыл қазынам""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 761 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.12.2015 3537
    • DOCX 24.8 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаукина Айгуль Какимбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жаукина Айгуль Какимбековна
    Жаукина Айгуль Какимбековна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15294
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 796 человек из 74 регионов

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Мини-курс

Классики и современники: литературные портреты и психология творчества

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 14 регионов