Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тәрбие сағаты "Ас атасы -нан" 3-сынып

Тәрбие сағаты "Ас атасы -нан" 3-сынып



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Ас атасы -нан.

Мақсаты:Нанның дастарқанға қалай келетінін,оған көптеген адамдардың еңбек сіңіретінін түсіндіру.Еңбек адамдарын сыйлай білуге,қасиетті тағамымыз нанды қастерлеуге үйрету.

Көрнекілігі:Нанға байланысты суреттер.Нанның түрлері.Нан туралы жазылған мақал-мәтелдер.

Сабақтың әдісі:түсіндіру сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

1)Ұйымдастыру кезеңі.

а)Сәлемдесу

ә)Екі топқа оқушыларды бөлеміз.Бірінші топ-Нан,ал екінші топ-Бидай.

б)Ережесімен таныстыру.

1.Тыныштық сақтау.

2.Бірін-бірі тыңдау.

3.Ойын ашық айту.

1-ші бөлім:Кіріспе бөлімі:

Қазақ халқымыз «Ас атасы-нан»дейді,себебі нан дастарқанға оңай келмейді,нанды дайындау үшін көп адам еңбек етеді.Сондықтан нанды қадірлеу керек,нандыаяғына дейін жейді,жерге тастамайды.Бір де бір тамақ нансыз қойылмайды.Сонымен қатар дастарқанға қазақтың бауырсағы,шелпектері,басқа да қолдан пісірілген нан түрлері қойылады.

Нан тек дәмді ғана емес,сонымен қатар ол пайдалы.Сондықтан тамақты нанмен жеу керек.

-Балалар,сендер әжелеріңнің, апаларыңның нан ашытқанын көрген боларсыңдар,нан ашыту үшін су, тұз,май,қант,ашытқы және ұн керек.Ал нанның дастарқанға қалай келетінін бүгін сендер Мұхамеджан Етекбаевтың «Нан қайдан шығады?»шығармасынан білетін боларсыңдар.Зейіндеріңді маған аударып,шығарманы мұқият тыңдаңдар.Шығарманы оқығаннан кейін сұрақтарға жауап беріңдер.

Бір күні тышқан нан дүниесіне кірді.Сөреде жаңа піскен сап-сары бөлкелер үйіліп тұр екен.Піскен нан иісіне қызыққан тышқан тұмсығын жыбыр-жыбыр тартты.Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады.Осы кезде күзетші келіп қалады.Тышқан зып беріптысқа атып шықты.Бірақ алысқа ұзамады.”Апырмай,қандан шықты екен осыншама нан?Біліп алып шыққан жеріме кірсем,ә!“-депқызып кетті.Тесіктен сақтана сығылады.

-Нан, нан сен қайдан шықтың?-деді сыбырлап.

-Сатушыдан сұра ,-деді нан.


Тышқан сатушыға келеді.

-Сатушы,сатушы нан қайдан шығады?

-Наубайшыдан сұра,-деді сатушы.

Тышқан наубайхананға келеді.Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр екен.

-Нан қайдан шығады?-деді наубайшыға келіп.

-Диірменшіден сұра,-деді наубайшы.Тышқан биірменшіге келеді.Диірмен тасы тынымсыз шыр көбелек айналады.Екі адам ұн тартып тұр.Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр.Көзді ашып-жұмғанша қап-қап ұн дайын болады.Тышқан иненің көзіндей танауын тыржитып,таңдана қарап тұрады да:

-Диірменші, диірменші нан қайдан шығады?-деп сұрады.

-Комбайыншыдан сұра,-деді диірменші қарт.

-Комбайыншы,комбайыншы,нан қайдан шығады?-деп сұрайды.

-Көктемде тракторшы жер жыртып тұқым себеді.Егіншілер оны күтіп,баптайды.Көп еңбек сіңіреді.Міне,мынау қалың астық-сол көп еңбектің жемісі.Нан еңбек арқылы табылады,-дедікомбайыншы.

-Ой,мұның зап қой.Мен шалқайып жатып-ақ нан таба беремін-деп құтың-құтың етті тышқан.

Сол-ақ екен тышқан бір інге зып береді.

II бөлім:«Білім-қымбат-білу қиын.»

1.Әр топқа тапсырмалар таратамыз.Тапсырмалар сұрақ түрінде.

2.Нанды қайда пісіреді?

3.Нанның дастарқанға оңай келмейтін себебі неде?

4.Қандай нан түрлерін білесіңдер?

5.Қамыр неден жасалады?

6.Ұн тарататын адамды қалай атаймыз?

7.Нан қайда сақталады?

Егер сұраққа дұрыс жауап берсе оқушыларға ұпай беріледі.

-Сонымен енді оқушылар сендер осы нан туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Мадина:

Нан-ардақты асыл ас,

Атталмасоны нәрі-жас.

Ақ дастарқан үстінде

Қол жумай оны үстама.

Арман:

Комбайыншы ағайым,

Орады егісжайқалған.

Аталып жүр әрдайым


Еңбек ері майталман.

Әйгерім:

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан өмірінің ана сүті,арқауы

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

Бахтияр:

Нандай жоқ қой асыл дәм,

Жеп үйренген жасымнан.

Достарқаннан нан кетсе

Береке кетер асыңнан.

Арғын:

О,адамдар,адамдар!

Тіршіліктің арнасын сақтаңдар!

Диханның еңбегін ақтаңдар!

III бөлім: Сөзжұмбақ шешу.

1.Нан қайда сатылады?

2.Ұнды неден жасайды?

3.Егін егетін адамды қалай атаймыз?

4.Қазақ халқының ұлттық нанның бір түрі?

5.Егінді қандай көлік түрімен жинайды?

6.Ұнды немен илейді?

7.Ас атасы не?

8.Нан пісіретін адамды қалай атаймыз?

9.Күзде егіншілер не жинайды?

IV бөлім:Ойын:”Түйме салу сайысы“

Екі топтан мерген мықтылары шығады.әр топтан 3 оқушыдан.

Ойын шарты:Балалар кезек-кезек түймелерді 1 метр қашықтықтан 3 рет жәшікке лақтырады.Дәл көздеп,жәшіктің ішіне түсірсе 1ұпай беріледі.

V бөлім:Ребус шешу.

Екі топқа ребус беріледі.Тез әрі дұрыс шешу керек.Және екі топқа ортақ тағы бір ребус беріледі.Қай топ тез шешсе сол топқа ұпай беріледі.

Қорытынды:

Екі топты бағалап,мадақтап,алғыс айтып,барлық қатысқан оқушыларға рахмет айтып,хорменен:

Нан болса ойнап-күлеміз

Нан барда еркін жүреміз.

Тіршілік көзі-нан ғана

Нан қадірін білеміз!


















Тәрбие сағаты



Тақырыбы: Ас атасы – нан




















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 14.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1973
Номер материала ДВ-154453
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх