Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Тәрбие сағаты" Ашық сабақ

"Тәрбие сағаты" Ашық сабақ


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m3c0b8a55.gif

Қажымұқан ауылы №4 негізгі мектебі

























Тақырыбы: Ұстаздық еткен жалықпас,

үйретуден балаға









Өткізген: Карбозова А.Е.









Тақырыбы: Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға
Мақсаты: оқушыларға ұстаздар, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.
Міндеті: оқушы санасында ұстазды тұлға ретінде қалыптастыру және ұстаз еңбегін дәріптеу.

       Армысыздар, жиналған қауым, ұстаз,
                    Күні бүгін ұстаздардың мерекесі.
                    Құтты болсын мереке баршамызға,
                    Жүріңіздер үнемі сіздер, алда!
          Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер,
                    Жемісті біздер үшін, елге еккендер.
                    Адамзат ұрпақтарын тәрбиелей,
                    Зердесін болашақтың зерлеткендер!,-дей келе барша ұстаздар қауымы, сіздерді бүгінгі «Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтаймыз.  Әр ұстаздың еңбегіне нұр, шығармашылық табыс тілейміз. Ұстаз-ол ұлы тұлға. Ұстазға ғалым да, шахтер де, дәрігер мен ұлы ақындар да табынып, бас иген, ұстаз алдынан тәлім алған, әрі тәрбие көзін қабылдаған. Ұстаздар мерекесі қарсаңында 5 «ә» сынып оқушыларының дайындауымен «Ұстаздық еткен жалықпас...» атты ашық тәрбие сағатын ұсынбақпыз. Тәрбие сағатына мектептің барша ұстаздары қатысып, өз білімдерін, біліктіліктері мен талап-таланттарын алдарыңызға танытпақ.
Нұрасыл:
 Армысыздар ұстаздар, нұрлы жандар,
 Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
 Іздерінен еріп жүрген түлекпіз,
Бас иеміз, әрқашан да тірексіз!,-деп  басымызды ие отырып кешімізді бастауға рұқсат етеңіздер.
Аяжан:
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей.
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен,дирижер боп күлімдеп.
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып.
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп.
Нұрасыл:
Соларменен асқарларға шығасың,
Әлем кезіп ғылым жолын қуасың.
Сәтті басқан қадамына ырза боп,
Жіпсіп арқаң,тыныстап кең тұрасың.
Жалын атып,от боп,бірге жанасың,
Білім беріп,содан бақыт табасың.
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір,мәңгі жас боп қаласың.
Аяжан:
Бұл өмірде танып оң мен солымды,
Мен де қудым,ұстаз,сенің жолыңды.
Бір кісідей терді төкті ел үшін,
Іздеуге де мұршам болмай жоғымды.
Бақыт таптым ұстаздықтың бағынан,
Қаншама ұрпақ қанаттанды алдымнан.
Сомдап соқтым боашақтың мүсінін,
Тіршілікте сол ғой ізін қалдырған.
Аружан:Ғылым иесі ғалым да ,ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да,егін салған дихан да,мал бағып терін төккен шопан да,көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де,бәрі-бәрі ұстаздан білім,тәлім алған,сондықтан,ұлағатты ұстаздар,сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Мейіржан:
Ұстаз сөзі-күн нұрына пара-пар,
Шәкірт оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар.
Аруна:Ұстаздықтан асқан қиын да қызықты мамандық жоқ,өйткені оның жауапкершілік өлшемі-адам тәрбиелеу.
Елжас:Халқымыздың біртуар ұлы,қаһарман перзенті Бауыржан Момышұлы «Ұстаз-ұлық емес,ұлы қызмет» деген екен.
Айым:Мұғалім-зор тұлға.Мен ұстащдарымды күннің құдіретті сәулесіне теңеймін.
Әділет:
Мұғалім-әділ,турашыл,жоғары мәдениетті,салмақты,әдепті,кішіпейіл,мәңгілік нұрдың қызметшісі.Ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.
Дамира:Сүйікті ұстаз-баланың өмірге қарайтын мөлдір де таза әйнегі.
Бахтияр:Оқу-инемен құдық қазғандай.
Мұғалім: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі-ұстаз.Ұстаз!Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр.Өмірдегі қоғам қайраткерлері,небір данышпан адамдар-бәрі-бәрі бір адамға қарыздар.Ол-ұстаз.Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Жан дүниеңді түсіетін,қиындық кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық,өйткені ол диқан сияқты.Адамның жанына ақыл,білім дәнін сеуіп,аялап,көңілін де табады.
«Ұстаз» деген ардақты,киелі,үлкен құрметпен айтылатын сөз,ол өз адамның жастайынан сауатын ашатын,өнерге үйретіп,тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып,болашаққа жол көрсететін,анаңдай әлпештеп,маңдайыңнан сипайтын адам.

Мадина:Қазақ халқының көрнекті жазушысы С.Мұқанов:


Мұғалім!Бұл-адамның ардақты аты,
Білімді бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын-жаты...
Бар ғалам,барлық қоғам мұғалімді
Сыйлайды,мәңгі бақи беріп бәрін.
Мадина:
Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең,сенің екі анаң бар,
Бірі-сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң-ұстаз деген данаң бар.
Мақсат:
Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл-білім үйреткен.
Ана тілін оқимын,
Ерекше зор құрметпен.
Фарида:
Ұстаз ана-болашақтың анасы.
Ұстаз ана-ақыл-білім панасы.
Жүзіндегі пәк мейірімді көргенде,
Әр шәкірттің оянады санасы.
Ақсымбат:
 «Оқушы жастардың ең сенімді,сыр жасырмай,ашық айтатын адамы-мұғалім» деп ұлы қаламгер Ғабит Мүсірепов айтқан екен.
Балнұр: «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан данышпан Абай атамыз.
Сара:
Білім беріп көзді ашқан,
Ақылшым,досым,ұстазым.
Мейіріңнен сен асқан,
Адалдық жолын нұсқадың.
Ақбота:
Тәрбиелеп,мәпелеп,
Өрлеткен өмір шыңына.
Жөн сілтеп өзің жетелеп,
Ғылымның жаңа тыңына.
Арлан:
Мектеп,сенсің адалдықты үйреткен,
Мектеп,сенсің жамандықты күйреткен.
Мектеп,сенсің жақсылықты ұран қып,
Мектеп,сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.
Алишер:
Мектеп деген-білім кені,жыр кені,
Мектеп деген-ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген-тәрбиеші адамға,
Мектеп деген-даналардың мекені.
Лаура:
Болса менің кішкене бір табысым,
Қорғағаным ұстазымның намысын.
Ұстазымша білсем деймін өмірді,
Ұстазымша болса деймін әр ісім.
Алден:Әрбір пән мұғаліміне жан-жақты білім бергені үшін алғыс айтамыз.Ұстазымызға зор құрметпен бас иеміз!
Ән: «Ақылшым мұғалім»
Мұғалім:Қ.Аманжолов: «Мектеп-кеме,білім-теңіз» деп тектен текке айтпаған-ау,сірә?Егер адамның жүрегінде ізгілік,мейірімділік сәулесі болса,ол-мұғалімнің еңбегі.Солнұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп,жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші!Адамды тәрбиелеп,оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе?Сондықтан да ұстаздың еңбегі-ұлы еңбек.
Ұлы Абайдың «Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға»деп айтуында терең мән-мағына жатыр.Шынында да,ұстаз ебегі – ұлы да ұлағатты еңбек емес пе?
Оқушылар ұстаздарға гүл ұсынады.


Автор
Дата добавления 02.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров409
Номер материала ДВ-025995
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх