Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты Қасым Аманжолов

Тәрбие сағаты Қасым Аманжолов



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: «Қасым ғасыр ақыны »

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақтың арқалы ақыны, қоғам қайраткері Қасым Аманжолов мұраларын талдап,ақын өмір сүрген дүние мен ақынның өмірлік ұстанымдарын айқындап, оның көзқарасын ұғыну

Дамытушылық: Өз ойларын қорытып тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, түсініктерді дәйек сөздермен дәлелдеуге жаттықтыру.сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

Тәрбиелік: Қасым поэзиясы арқылы отанды,туған жерді сүюге, қастерлеуге ,қайсарлыққа,табандылыққа. Қаһармандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу,болжау.

Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті,слайд, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп,топқа бөлу.

II.Жаңа сабақты меңгерту.

Слайдтар көрсетіледі.

Кіріспе сөзі:

-Уа, тәкәпар Дүние!

Маған да бір қарашы,

Танисың ба сен мені?!

Мен қазақтың баласы!

- деп жырлаған Қасым Аманжолов биыл торқалы 101 жасқа толып отыр.Егемен елдің қатарына жетіп, ұжымды ұлт, іргелі мемлекет болған кезімізде, бүкіл ғалам да танитын дәрежеге жеттік. Қасымды –Қасымымызды танып алып қана мына тәкәппар дүниеге қазағымызды танытатын боламыз.

Қасым Аманжоловтың өмірінен үзінді оқу.

1-оқушы: Венера.

2-оқушы:Ардана.

3-оқушы: Бекжан.

4-оқушы:Әлішер.

Топтастыру стратегиясы:

Оқушылар Қасым Аманжолов туралы топтастыру жасайды.

Қасым Аманжолов кім?

Мұғалім сөзі:

Қандай адалдық, шыншылдық,қандай терең ой, отты сезім! Бар ғұмырын еліне, өлеңіне ғана арнаған, « барым да, бақытым да өлеңім» -деп білген ақынның одан өткен қуанышы мен уайымы жоқ. Барын да, бақытын да өлең деп білген Қасым бар өмірін әдебиетке арнады. Оның қиындығын да жасырмады. « Нар тәуекл» деп « қиынға құлаш ұрды» Өмірді шексіз сүйген ақын ауру шағында да рухани күйзеліске берілмей:

Нұрлы дүние-думанды елім,

Жарқылдайсың жас айбынмен.

Бір сен үшін туған едім,

Бір сен үшін жасаймын мен.

-деп жырлап өткен ақын Қасым Аманжолов.

Осы сәтте оқушылар ақынның өлеңдерін оқиды.

1-оқушы: Венера.

2-оқушы:Ардана.

3-оқушы: Бекжан.

4-оқушы:Әлішер

5-оқушы :Билор.

6-оқушы:Зульфия.

Сөзжұмбық шешу.

Ақынның өмірі мен шығармалары туралы сөзжұмбақ шешіледі.

« Өзім туралы» ақынның өлеңі орындалады.

Өзге емес,өзім айтам өз жайымды.

Жүрегім жалын атқан сөз дайында.

Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,

Тербетіп,тулатып бір қозғайында.


Аманжол Рақымжанның Қасымымын

Мен қалған бір атаның ғасырымын

Біреуге жұртта қалған қалған жасығымын,

Біреуге аспандағы асылымын

Ақындар ұқсастығы: Оқушылар Қасым мен Абайдың ойындағы ұқсастық туралы пікір айту. «Қандай адам өлмейді? »

Екі топтан бір-бір оқушыдан шығып ақындардың ұқсастықтары туралы пікірлерін ортаға салып айтып,өлеңдері оқылады.

Мұғалім сөзі:

1941-1943 жылдар аралығында болған соғыс кезінде сол қанды қырғынның ішінде болады. Намыскер ,өр,қайсар Қасым жауынгерлік міндетін атқары жүріп,ұшқыр қиялды ақын жанын қатты тебірентеді.Ақын сол кездің өзін де де қаламын қолынын тастаған емес.Сол жерде жүріп еліне деген сүйіспеншіліктен туған өлеңіне талдау жасап керейік.

« Туған жер» өлеңіне талдау жасау.

Соңғы сөзді мен айтам .Оқушылар ақын туралы ой қозғап ,өздері шығарған өлеңдерін оқып береді.

Қорытынды сөз:

« Найзағайлы қара бұлт» 1955 жылы 17 қаңтарда ұзақ уақыт ауырған Қасым Аманжолов қыстың аязды күнінде қазақ өлеңі аспанының жарық жұлдызының бірі- дауылды ақын Қасым Аманжолов қайтпас сапарға аттанады.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров289
Номер материала ДВ-483281
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх