Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты: «Ғасыр індетінен сақтанайық!» (8 - сынып)

Тәрбие сағаты: «Ғасыр індетінен сақтанайық!» (8 - сынып)

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәрбие сағаты: «Ғасыр індетінен сақтанайық!»

Білімділік мақсаты: оқушылардың салауатты өмір жайлы білімдерін тереңде-ту, оларды зиянды заттарды қолдануға теріс көзқарастарын калыптастыру, маскүнемдік, шылым шегу және нашақорлық туралы материралдарды жеткізу.

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың жат әдеттерден бойларын аулақ ұс-тап ,аталған зиянды заттардың ағзаға тигізер әсерін білу және өз денсаулық-тарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды денсаулықты сақтауға тазалыққа, әдепті-лікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеуге , құқықтық,адамгершілік тәрбие беру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнесюжеттер,слайдтар.

Әдісі: әңгімелесу,сұрақ-жауап,постер қорғау

Барысы: Ұйымдастыру сәті.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті оқушылар,қонақтар! «Ғасыр індетінен сақ-танайық» деп аталатын 8 «Б» сыныбы дайындаған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізетін өскелең ұрпақтың санасы мен өмірін улап,санасына соққы болар тарбиелік жат қылықтардың бірі- маскүнемдік, нашақорлық пен шылым шегу екендігін бәрімізде білеміз. Сондықтанда аталған жат қылықтардан бойымызды аулақ ұстап , салауатты да саналы азамат боп ер жету негізгі міндетіміз.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде жүргізілетіндіктен оқушыларды топқа бөлеміз.денсаулықы ту еткен негізгі мақсатымыз бойынша үш топқа

  1. «Шымыр»

2. «Денсаулық»

3. «Сымбат»

1-бөлім. «Таныстыру»

«Шымыр» тобы: «Шынықсаң шымыр боларсың». «Денсаулық» тобы: «Денсаулық -ел байлығы» «Сымбат» тобы: Сымбатты болу өз қолыңда» 2-бөлім . «Сен білесің бе?» Мұғалімнің кішігірім баяндамасы тыңдалады. Интерактивті тақтадан маскунемдік, нашақорлық,шылым шегудің зияны туралы слайд жүріп тұрады.

Осыдан кейін әр топқа арналған сұрақтар қойылады. «Шымыр» тобына сұрақ-шылым шегудің адамға зияны қандай?

«Денсаулық» тобына сұрақ-маскүнемдіктің келешек ұрпақтың денсаулы-ғына әсері барма ?

«Сымбат» тобына сұрақ-нашақорлық тан сақтану жолдары?

3-бөлім: «Шаттық шеңбері» Оқушыларды сергіту мақсатында «Көңілдікүн»әуені ойнатылып , оқушылар жат қылықтардан аулақ болу үшін салауатты өмір салтын ұстану бағытында бірнеше шумақ өлеңдер оқытылды.

1-оқушы: СПИД деген ғасыр уы, зобалаңы, Сан адамға жазылмас жара салды. Сан адамды өмірден алып кетті, Ей, адамзат, бұл дертке бой ұсын ба! Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!

Салауаттылық-жарқын өмір кепілі.

Көтер басты тағы айтамын мұңайма!

2-оқушы:Ғасыр обасы Зұлым атты ,ғасырдың жазасызға жазалап сен тас аттың. Адамның ағза миын жаулап алып, Жейсің іштей аранындай қасқырдың. Қоздырғышың вирус болса –жендетің , Өкпе миың құртылады дем –тым. Обасына жиырма бірінші ғасырдың , Қақпа жабам, саған жол жоқ ! Аулақ жүр!

3-оқушы:

«Мен саумын» деп кетпе асып-тасыма, Абай болғын, Үлкен қауіп ғасырдың тұр басында, Оу азамат,құлағың сал, Саулық тіле басыңа, Сақтана біл қайраттанып, Енжар болма жасыма . Нашақорлық , маскунемдік ұрындырар тегінде , Салауатты өмір салты тұрсын әркез есіңде! 4-бөлім: «Ғасыр індетіне сақтанайық» әр топ осы тақырыпты ашу мақсатында постер қорғайды. Шектеулі уақыт бөлініп ,топ басшысы постерді қорғап шығады. Сабақ соңында жақсы жетістікке жеткен топ көпшілік қошеметіне бөленеді.сайыс қорытындысы жинаған ұпай сандарымен анықталады.

Қорытынды:

Жүргізуші: Салауатты өмір салтын қолдайық, Әдеттен жаман арқашан аулақ болайық! Өз өмірің өз қолыңда ей жастар, Су ішпеген гулдей болып солмайық!

Сонымен оқушылар бүгінгі «Ғасыр індетінен сақтанайық» деп аталатын тәрбие сағатымызды аяқтаймыз! Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 22.10.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров574
Номер материала ДВ-086190
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх