Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Астананы көркейткен Елбасы"

Тәрбие сағаты "Астананы көркейткен Елбасы"

Скачать материал

Астананы көркейткен – Президент

Мақсаты: Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы терең мағлұмат беру.Елбасының өмірін,еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып,патриоттық сезімдерін арттыру.Ел президентін құрметтеуге,егемен елімізге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:фотосуреттер,әдебиеттер,Назарбаевтың қанатты сөздері.

Барысы:

Жүргізуші:«Біз алыс сапарға бел буып,кемемізді тәуекел дариясына түсірген елміз,елес үміті емес,ерлік пен елдік мұратын кемеміздің тұғырына ту етіп байлаған елміз» деген Елбасының сөзін өзімізге үлгі ете отырып,бүгінгі тәрбие сағатымыз әділеттің ақ жолын ту етіп,елінің егемендігін ойлаған,ынтымақты,тұтастық,бірлікті ойлаған ұрпақтың саналылығына мән берген,әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев туралы.

Жүргізуші:

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Әнұраның тұр көгіңде шырқалып.

/Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады /

Жүргізуші:                       Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.

Нарқына арқа жерінің,

Көрегендікпен қарады.

Жүрегі етті елінің,

Астана сынды қаланы.

 

Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші атамыз.

«Біздің бұл дүниеде бір ғана Отанымыз бар,ол-тәуелсіз Қазақстан».

         «Отан-оттан да ыстық» дейді дана халқымыз.Сендер тәуелсіздік заманында дүниеге келген Қазақстанның ұланысыңдар.Біздің бүгінгі атқарып жатқан ұланғайыр істеріміз қазақ елінің болашағы-сендерге арналады.Ата-аналарың бастаған игілікті істі алға апару үшін сендер үздік оқып,талмай талаптанып,оқуда,білімде,еңбекте,спортта тек алда болуларың керек.Сонда ғана еліміз бүкіләлемдік биіктерден көрінетін болады.Мен сендерге сенемін алаңсыз оқып,білім алуларың үшін болашақта да барлық жағдайды жасайтын боламыз.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.

         Жүргізуші: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік,кімдер арқылы жеттік,иә тарихбетіне үңілсек,ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздыңқасық қаны қалғанша аянбай күресіп,елім,жерім,ұрпағым деп балаларым тыныш бейбіт өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады.Біз,әрине,оған қуанамыз,шүкіршілік етеміз.Осындай көп ұлтты,көп дінді мемлекетті басқару оңай емес.Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.

         Н.Ә.Назарбаев кім?Ол-еліміздің басшысы,халқымыздың жанашыры,өте білімді,терең ойлы тұлға.Арудай әсем ертегі қаламыз Астананы салып берген атамыз.

Аида:

Сарыарқаның даласы,

Жарқырайды қаласы.

Астана деп ән салар,

Бар қазақтың баласы.

Нұрәділ:

Өр Астанам – заңғарым,

Күні болсам деп келем.

Әуезге толы таңдардың,

Үні болсам деп келем.

Абай:

Астана-арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Назерке:

Алматы мен Астанам,

Арудай әсем қос қалам.

Бірі-жас,бірі-бас қалам,

Сәулеті асқан басқадан.

 

 

 

Нұрислам:

Бесігін елдің тербеткен,

Анамсың байтақ Отаным.

Нәр алып ерте ер жеткен,

Мен де бір ерке ботамын.

Ақбота:

Санаулы жылда гүл жайнап,

Жаһанды жалт қараттың.

Қорғауға сені бел байлап,

Тайны міндім талаптың.

Айзере:

Тәуелсіз қазақ елінің,

Өрені болсам деп келем.

Атамекен жерімнің,

Өлеңі болсам деп келем.

Айым:

Қазақ елі халқыма,

Қорған болсам деп келем.

Қажет болар жалпыға,

Орман болсам деп келем.

         Жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында дүниеге келген.

         Атасының есімі-Назарбай,әкесінің есімі-Әбіш,Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.

         Алланың 99 аты бар екен.Соның бір аты-Нұр,тағы бірі –Сұлтан. Анасының аты – Әлжан екен.Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атасының ақ батасын алған екен.Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген.Мектепте озат,үлгілі оқушы болыпты.Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын,1976 жылы партия мектебін бітірген.

         1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды.Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусым-нан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды.Ол осы жетістіктерге өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.

 

 

 

Бейбарыс:

Атам,әжем,әкем,апам,

Төртеуі де «Отан» маған.

Төртеуі де «Ботам» дейді,

Мақтанамын Отаныммен.

Бексұлтан:

Мен оның күнін сүйем,

Түнін сүйем.

Мен оның құдіретті

Тілін сүйем.

Жансая:

Отан-әжем,

Отан-анам,

Туған ел деп,

Туған жер деп,

Ол бекерге аталмаған.

Әли:

Байтақ қазақ даласын,

Ақ көгершін шарлады.

Қуаныш,шаттық,жақсылық,

Халыққа ол сыйлады.

Абуханифа:

Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған.

Тәуелсіздік таңдары,

Бақ береді баршаға.

Қалқаман:

Көк туымды қолыма,

Бүгін берік ұстадым.

Түсті бақыт жолына,

Менің Қазақстаным.

         Жүргізуші: Нұрсұлтан ата-ақ пейілді,сезімтал жан және біз үшін нағыз үлгі болар тұлға.

         Нұрсұлтан ата – Сауд Арабиясына барған жылы үш ай бойы ылғал тамбаған екен.

         Атамыз қасиетті қақпаға кірерде жаңбыр құйып кетіп,шыққанда аспан шайдай ашылыпты.Бұған таң қалған король Фейсаль:

         -Сіз тегін адам емес екенсіз,Алладан не тіледіңіз? – деп сұрапты.

         -Қазағымды,елімді аман қыл деп тіледім,-деген екен.

           Жүргізуші: Жұмыр жер бетінде 6 миллиардтан астам адам бар екен.Осыншама арман,үміт,күдік бар деген сөз.Жақсылыққа ұмтылмайтын, келер күннен қуаныш күтпейтін пенде болмайды.Болашаққа үмітпен қараған халықтардың бірі де болса бірегейі қазақтар екеніне шүбә жоқ.Бұрынғы мемлекеттік Әнұранымызда дөп басып айтылғандай тағдырдың тезінен,тозақтың өзінен аман-сау қалған халықпыз.

         1991 жылы 16 желтоқсанында аңсаған күнге де қол жетті.Әлемдегі ең ірі империялардың бірі – Кеңестер одағы тарап,Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланды.Өзіміздің мемлекеттік рәміздеріміз де бар.Осындай тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз.

Гүлфия:

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Таңшолпан:

Туымызға көгілдір,

Бір қарамай өтпейміз.

Сол көк тудың астында,

Көгереміз,көктейміз.

Қалқаман:

Көк туымды қолыма,

Бүгін берік ұстадым.

Түсті бақыт жолына,

Менің Қазақстаным!

Камила:

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат әдемі.

Тұнығындай көлімнің,

Ортада аспан әлемі.

Еркеназ:

Әнұраным,жанұраным,

Айтар әнім,сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады.

 

 

 

Айша:

Жаңарған,жасарған бүгінде,

Желбіреп туым тұр көгімде.

Халықтың тілегі – теңдігі,

Мәңгілік жасасын елімде.

Нурикамал:

Арайлап таңы атқан,

Әлемге даңқы мақтан.

Бұл менің елім,жерім,

Тәуелсіз Қазақстан!

         Жүргізуші: Қазақстанның болашағы – білімді жастармен, - дейді Елбасымыз.Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап,міндет ол білім алу.Білімді болсаңдар ғана сендер өз жолдарыңнан ешқашан адаспайсыңдар,тура жүріп,түзу өмір сүресіңдер деп білеміз.

Сіз – әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.

Сіз – басшы,халқың – қосшы бола бергей,

Жарасып келе жатыр әніміз де,сәніміз де,-

дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

 

          

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Астананы көркейткен Елбасы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Балабақша тәрбиешілеріне арналған тәрбие сағаты. Қала тақырыбын өткенде сабақта қолдануға болады. Астана қаласы туралы көрнекіліктерді тақтаға ілу арқылы сабақты жүргізуге болады. Тәрбиеленушілер Елбасы және Астана қаласы туралы осы тәрбие сағаты өтуде көп нәрсе үйрене алады. Сұрақтарға жауап беруге мүмкіндіктері туындайды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 234 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2018 497
    • DOCX 23.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Досмагамбетова Гулбарам Бакытовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1705
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Организация и содержание работы логопеда-дефектолога в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 383 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Здоровьесберегающие технологии в образовательном процессе в соответствии с ФГОС ДО

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 503 человека

Курс повышения квалификации

Компетенции тьютора и его роль в современном дошкольном образовании

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 317 человек

Мини-курс

Библиотечная трансформация: от классики до современности с акцентом на эффективное общение и организацию событий

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 630 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 183 человека

Мини-курс

Основы профессиональной деятельности эксперта в области индивидуального консультирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе