Инфоурок Другое КонспектыТәрбие сағаты :«Ата салтым – асыл қазынам»

Тәрбие сағаты :«Ата салтым – асыл қазынам»

Скачать материал

Тәрбие сағатының тақырыбы:  «Ата салтым – асыл қазынам»
Мақсаты:
1.Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру
2.Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі:презентация, мақал-мәтелдер, даналардан шыққан сөздер
                                               Барысы:
                                                               «Қазақтар - әдет-ғұрып, салт-сана, тіл                       
                                                                жағынан біртұтас ұлт» В.В.Радлов                                      
1. Ұйымдастыру кезеңі    «Қазағымның дәстүрлері-ай!»  әнін  тыңдау                                          
2.Негізгі бөлім                                                                                                                                 
                        Ата-салтым - асыл мұрам, ардағым,

                        Бабалардың жалғастырар арманын
                        Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім
                        Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың                            өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз.
Халықтың салтына айналған әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше.                                                                                                                                  
                       
Білімсізден жаман жоқ,                                                                                                      
                       
Туған соң адам боп.                                                                                                      
                        Ел дәстүрін білмесең,                                                                                                  
                        Жұрт айтады надан деп- дегендей                                                                           қазақтың салт-дәстүрлерін бірнеше топқа   бөліп қарауға болады.  

                                              Отбасы дәстүрлері

 


Отау көтеру                                                                              Еңбек дәстүрі

 


                                      Қазақтың салт-дәстүрлері           Тәрбие дәстүрі

 

 


Ислам тағылымы           Қаза ғұрыптары                    Наурыз дәстүрі

 

Отау көтеру дәстүрлері: Қыз  көші,беташар,шаңырақ көтеру.

Тәрбие дәстүрлері:   Бесікке салу, алтыбақан.

Отбасы,тұрмыс дәстүрлері: Дастарханға бата,бәйге, отпен аластау.                                     Еңбек дәстүрі: Аңшылық,Сонар.

Ислам тағылымы: Құрбан шалу

Қаза ғұрыптары: Дұға оқу,жоқтау.      

 Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған куә іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлі ырымдар жасайды.
1-оқушы: Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.
2-оқушы: Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады.
40-күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.
3-оқушы:Есімін атау (ат қою) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.
4-оқушы: Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларыналып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады. Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой-қиялына жыр етіп, ананың мейір-шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балалар да жаттап алу керек.
5-оқушы:Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.Тұсау кесер жырлары айтылады.
6-оқушы:Баланы атқа мінгізу салты – баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.
Балаға ер-тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды. Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.
Бейнеролик көрсету

                 Ата дәстүр абырой көтергенде,

                 О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!

                 Тоқталамыз енді біз, ал балалар,

                Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.                                                                                              

 

 «Жалғасын тап » ойыны                                                                                                                               1.  «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді»                                                2. «Қуыс үйден құр шықпа» / тізеңді бүгіп дәм ауыз ти /

3.«Сыйлап берген су, сатып алған балдан артық»

4. «Сыйға сый, сыраға бал» /риза болу/

5. «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа жетер» /татулық пен ауызбіршілікке не жетсін/.

6. «Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар»

7. «Бірлік түбі – тірлік»

8. «Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады» .

9.«Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер»/қайтатын, мал келетін уақыт болды/.

10. “Тау тауға косылмас, адамға адам косылар” /әлі кездесерміз, cay бол!/

   Қарап отырсақ казактың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы, тәрбиелік мәні зор, астарлы.

 3.Қорытынды.Халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы — бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мұра. Бұл мұраларымыз имандылық, ғибраттық, әдет- ғұрпымен, салт-дәстүрімен қымбат. Осынау ұрпақ тәрбиесінің қымбат қазынасын мұралыққа алған біздер оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға керек-жарақтарымызды алуға тиіспіз.Өзін қазакпын деп санайтын әрбір жас жеткіншек казақтығын дәлелдей алатын істерімен өзгеге өнеге болуы керек.  Қазақ халқының салт-дәстүрі болашақтың айқын көрінісіне үлесін тигізеді. Сауатты да, салмақты, адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен өте тығыз байланыста. Ендеше  қазағымның салт- дәстүрін ардақтайық!                

                      

                        Қазағымның салт- дәстүрі жаңғырған,
                       Тәлімді ой сынағы , тәрбие көзі қалдырған
                       Салт- дәстүрді ардақтайық, ағайын.                                                                     
                       
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты :«Ата салтым – асыл қазынам»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 395 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.01.2017 3282
    • DOCX 20.7 кбайт
    • 61 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нуртулеуова Айгуль Жанбырбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 72271
    • Всего материалов: 35

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции