Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Қауіпсіз жол"

Тәрбие сағаты "Қауіпсіз жол"

Скачать материал

Тақырыбы: «Қауіпсіз жол»

 

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

 

Алғысөз: Сәлеметсіздер ме, қонақтар, ұстаздар, студенттер! Бүгінгі  «Қауіпсіз жол» тақырыбында өткізілетін тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Қазіргі таңда елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне адамдар зардап шегуде. Міне, осы мақсатта біз бүгінгі тәрбие сағатымызға Ақтау қаласының ішкі істер басқармасының полиция майоры Абдыжемалов Нұрбек мырзаны       шақырып отырмыз.

-  Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын  тақтаға бейнематериалды тамашалайық  (Жол ережелері туралы бейнематериал жіберіледі).

-  Сөз кезегін келген қонағымызға береміз. Яғни, жол ережесін сақтамаған жүргізуші мен жаяу адамдар осы өз қаламызда көп кездесе ме? Оларға қандай шаралар қолданады? Жаңа бейнематериалда көргеніміз туралы өз пікіріңізді айтып өтсеңіз.

 

-  Жақсы, рахмет! Көп  мәліметтер айтылды деген ойдамын. Ендеше студенттер  Абдыжемалов Нұрбек мырзаны  қоятын сұрақтарымыз бар ма?

 

   

 

Жол инспекторына қойылатын сұрақтар:

1)    Жол қозғалысы қауіпсіздігінің сақталуын қадағалайтын кімдер?

2)    Жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шарттары.

3)    Жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерге қандай шаралар қолданылады?

4)    Жол қозғалысы ережелерін камелетке толмаған жеткіншектер бұзса және қандай жағдайларда заң бойынша оқушылардың ата-анасын жауапкершілікке тарта алады?

5)    Сіз қандай жағдайларда тоқтауыңыз керек?

6)    Жол полициясының қызметкері тоқтатқанда өзімен бірге қандай құжаттар болуы қажет?

7)    Әкімшілік құқық бұзушылықтардың мерзімі бар ма?

8)    Тоқтатқан кезде қанша уақыт ішінде инспекторды күтуге болады?

9)    Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?

10)    Жүргізушіге қандай жағдайда транспорт құралын басқаруға болмайды?

 

Жүргізуші:  Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшынның инженер-механигі Деймон Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі-түсті сигналдар қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өнінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

          Бағдаршам тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, тағы басқа қалаларында қайта пайда болды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана, қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолдана басталды.

         Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылы Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды. Бағдаршамдағы түстер бекер таңдап алынбаған. Қызыл түс қауіп ұғымын білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де, түнде де, тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді. Жасыл түс қызыл түстен айқын ажыратылады. Сары сигнал- негізі қызыл мен жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі. Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған.

-         Енді сөз кезегін келген қонағымыз                                          

                 бергім келіп отыр. Келген қонағымыздан биылғы заңдағы өзгерістер мен толықтырулар  туралы естісек дейміз.  

 

Жүргізуші:

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

ЖОЛ жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол бәрімізге ортақ тәртіп.

Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың

Сен өзіңді аман сақтап.

Барлығымыз: Жол тәртібін білейік

Аман есен жүрейік!

 

Жүргізуші: Рахмет! Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесімен таныстыңдар. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүргізушілердің ережесі.

1.              Көліктерді тек ғана отырғызу алаңдары ал жоқ болса тратуарда немесе жол жиегіне күтіп тұруға рұқсат етіледі.

2.              Жүргізушілерді себепсіз алаңдатпау керек.

3.              Жүк көліктердің жүк салғышына тұруға, барып қырына отыруға тыйым салынады.

Жаяу адамның міндеттері.

1.              Жаяулар тратуардың немесе жаяу жолдың оң жағымен, ал олар болмаса, жол жиегімен немесе велосипед жолымен жүруі тиіс.

2.              Жолдан өтіп бара жатқанда жаяулап себепсіз кедергі  немесе тоқтап қалмауы тиіс. Көшеден өтпес бұрын алдымен сол жаққа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жаққ қарау керек.

3.              Жарқылдақ маягі және арнаулы дыбыс белгісі қосылған көлік жақындағанда жаяулар жолдан өтпей тоса тұруы керек.

4.              Қараңғыда жүргізушілер көлік айдап бара жатқанда, жаяу адамдар үстіне жарық қайтарғыш тағып алу керек.

 

Қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін, студенттер мына дағдыларды үйреніңіздер:

-жолда жүру ережелеріне және оларды қатаң сақтауға;

-жүріп келе жатқан қоғамдық көліктегі қауіпсіз тәртіп ережелеріне-әрқашан ұстағыштардан

ұстап тұруға;

-жеңіл көлікте артқы орындыққа отыруға, қауіпсіздік белдігін пайдалануға және есік жабық

екеніне көз жеткізуге;

-велосипед, роликті коньки, скейтборд тепкенде, аса ұқыпты және сақ болуға;

-көшені бағдаршам, жер асты жолы бар жерден немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолмен

өтуге;

-көшені бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өтуге;

-көшені өтерде алдымен солға қарауға, ал бөлгіш сызығынан кейін-оңға қарауға;

-егер жолданг өтуге үлгермесе-бөлгіш сызығында немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқтап,

бағдаршамның жасыл түсі жануын күтуге;

-жүріп келе жатқан көлік алдынан жүгіріп өтпеуге;

-көшенің көлік жүретін бөлігінде ойнамауға;

-егер жаяу жүргіншіге арналған жол болмаса, жол шетімен көлік қозғалысына қарсы жүруге.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Қауіпсіз жол""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Контент-менеджер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 225 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.11.2016 15753
    • DOCX 275.5 кбайт
    • 469 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акмурзина Перизат Досатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Акмурзина Перизат Досатовна
    Акмурзина Перизат Досатовна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 46222
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой