Инфоурок Другое КонспектыТәрбие сағаты "Аялайық ананы"

Тәрбие сағаты "Аялайық ананы"

Скачать материал

Тәрбие сағаты «Аялайық ананы! »
Мақсаты:
Оқушыларға 8-наурыз туралы түсінік беру.Балаларды барлық аналарға деген сүйіспеншілікке баулу,ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу. Аналар мен әжелерді, қыздарды халықаралық 8-наурыз мерексімен құттықтау.
Көрнекі құралдар: плакат, шар, сөздер, суреттер.
Сабақтың барысы:

 

                                                                                                      

1-    Жүргізуші: Армысыздар , бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да , ардақты аналар!Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

2-Жүргізуші :Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі апалар, қызғалдақ қыздар бүгінгі “Аялайық ананы” атты ертеңгілігімізді сіздерге арнаймыз.

 Сіздерден өскен балалар
1-жүргізуші:Батырлар мен даналар.
Бірге:Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар.

 Флешмоб : Анаға тарту

1-     Жүргізуші:Болар күнде алаң,

Жанашыр кім саған?

Бәрі: Анам

2-    Жүргізуші: Таң қалғандай ғалам

Кім ең сұлу адам?

Бәрі: Анам

1-жүргізуші:  Болсаң егер жаман,
Кейитін кім саған?
Бәрі:Анам
2-жүргізуші: «Боташым» дер саған,
Кім сүйікті адам?
Бәрі:Анам

1-    Жүргізуші: Шалқып, тасып әніміз

                          Жадырасын жанымыз,

                       Ана, сені құттықтап,

                        Әндетеміз бәріміз.


2- жүргізуші: Ән: «Аяулы анашым»

2-жүргізуші:  Десек те уақытпен жарыспайды

                        Қиялға қиялымен  қарыштайды

                        Ұлдарымыз  шын жүректен тебіреніп

                         Өнерін аналарға бағыштайды-дей отырып ананың қадірін онан сайын сезіне түсу үшін  ұлдарымыздың әдемі жыр жолдарын тыңдап алайық.

Ұлдар жарты шеңбер жасап тұрады.

1.Жан анам, құттықтаймын, мейрамыңмен, Ерназар
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесем елің берген бақыт бағың,
Жазбасын шат көңілің, шат күйінен.

2.Бала, бала, бала деп,  Жаслан
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған;

3 Аялы қолды талпынтқан,  Данияр
Қаймақты сүттей қалқытқан;
Суық болса жөргегін,
Қорғасындай балқытқан;

4.Анам мені: «Айым» - дейді, Еркін
Мен мұңайсам, уайым жейді,
Анам мені: «Күнім» - дейді,
Мен қуансам, күлімдейді.

5. Әлемдегі ақылды адам, Арсен
Бәрінен сол жақын маған!
Ол жанымда жүрсе ,мен де,
Батырларша батылданам.

6. Мәпелейсің мені, анам,  Әділет
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қажымай.
7. Таусылмайды өлеңі, Райымбек
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені, өйткені,
Өте жақсы көреді.

8.Еркелесем, күлімдейтін, Анат
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім», - дейтін.
9. Айналайын, анашым, Нұрмұқан
Көкте нұр боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп,
Құшағыңа аласың.
10. Айналайын, анашым, Нұрсұлтан
Аялайсың, бағасың.
Маған  үшін не керек –
Бәрін іздеп табасың.
Ән: « Аналар –Алтын»

Қыздар жарты шеңбер құрып тұрады:

7. «Күнім»,- дейсің мені,
Күн мейірі сенде.
Күннің ыстық лебі,
Құшағыңа тең бе?
Айналайын ,ана! (бірге)

8. «Жаным»,- дейсің мені,
Жаратушым бір сен.
Жалғыз өзің тегі,
Жанашырым білсең.
Айналайын ,ана! (бірге)

 

9. «Құлыным», - деп мені,
Құрақ ұштың дәйім.
Қамқоршым-ау, сені
Қалай ұмытайын.
Айналайын ,ана! (бірге)

3. Сөздерді ең аяулы, Әсем
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын.
«Ана» деген сөзді де,
«Аға» деген сөзді де,
«Әке» деген сөзді де,
«Тәте» деген сөзді де,
«Ата» деген сөзді де,
«Апа» деген сөзді де, - 
Ойлап тапқан балалар!
«Жаным, күнім» дегенді,
«Құлыншағым» дегенді,
«Ботақаным» дегенді,
«Қошақаным» дегенді,
«Айналайын» дегенді,
«Толған айым» дегенді,
Ойлап тапқан аналар!

 4.Әлпештеген баласын,

Ана –бақыт,ана-күн.

Әркім сүйіп өзің,

Мақтан етер анасын.

Ән: «Анашым – анажаным»

2-жүргізуші: Көрініс «Отбасындағы жағдай»

1 -жүргізуші: Сахналық көрініс: 
«Жеті қыз бен анасы»

Жүргізуші:  Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады.

1 - қыз: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.

2 - қыз: Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім.

3 - қыз: Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым.

 4 - қыз: Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.

5 - қыз: Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің.

6 - қыз: Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым.

Автор: Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді. Анасының асын даярлап, алдына ас қойып, шәй құйып берді.

 Ана: Қыз – қызғалдақтарым менің! Бәрінен де мені ең кіші қызым қатты сағыныпты.

 2-жүргізуші:Ән «Анашым қартаймашы»

1-жүргізуші: «Көш керуен» күйі, орындайтын Беназир

1-Жүргізуші: Аналар ақ тілекті ,сөз көп дайын,

Жылытар жүрегіңді көз көп дейін.

Аналар ақ жаулықтыбұл сіздерге

Қол соғып қарсы алайық ұлдар биін
 Флешмоб: Ұлдар

Үнді биі: Қыздар

 Барлық оқушылар кезегімен аналарына алғыс білдіреді:

Жаслан: Аналар сіздерге рахмет!

Наргиз: Жарық дүниеге әкелгенің үшін

Нұрсұлтан: Ақ сүт бергенің үшін

Ақбота: Мейірімің үшін

Диас: Қамқор болғаның үшін

Ясмин: Ауырғанда уайымдағаның үшін

Айда:Түнде бөлінген ұйқың үшін

Анеля: Әрбір сәтіме қуанғаның үшін

Асем: Алғашқы сөзіме қуанғаның үшін

Назерке:Алғашқы қадамыма қуанғаның үшін

Ақерке: Мені ойлап уайымдағаның үшін

Әдемі: Мен деп бетіңе түскен әжім үшін

Әділет: Үйдегі татулық үшін

Зарина: Үйдегі береке үшін

Еркін: Үйдегі молшылық үшін

Анат: Тәлім –тәрбиең үшін

Назым:Үлгі-өнегең үшін

Ерназар:Мені кешіргенің үшін

Беназир: Маған еткен еңбегің үшін

Данияр: Мен деп ағарған шашың үшін

Жаннұр: Жүрекке түскен салмақ үшін

Райымбек:Маған қорған болғаның үшін

Нұрмұхан: Мені жақсы көргеніңіз үшін

Арсен: Әрдайым еркелеткеніңіз үшін

Гүлназ: Маған сенім артқаныңыз үшін

Рахмет сізге ,Анашым!-барлығы бірге айтады.

1-жүргізуші:
Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтіңді өтермін.

2-жүргізуші:
Көрсетемін күллі елді,
Жарық етем түндерді.
Өсіріп мен сыйлаймын
Жұрт көрмеген гүлдерді,- дей отырып 8-наурыз мерекесіне арналған концертімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер!


 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Аялайық ананы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Политолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 694 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.03.2017 1751
    • DOCX 22.2 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баязова Гулсим Жумабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баязова Гулсим Жумабаевна
    Баязова Гулсим Жумабаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 67383
    • Всего материалов: 18

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой