Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тәрбие сағаты " Аяулы анашым! "( 3 - сынып )

Тәрбие сағаты " Аяулы анашым! "( 3 - сынып )


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Аяулы анашым!

Мақсаты: Анаға деген бала махабатын ояту, анаға баланың сүйспеншілігін арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, ананы сүюге, ардақтауға, құрметтеуге, сыйлау білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, аналардың фотолары, мадақтамалар, сыйлықтар, үнтаспа.

Барысы:

Мұғалім: Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі-аналар,

Ана деп бас иеді бүкіл халық.

-Құрметті аналар, әжелер, қыздар! 8-наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! «Аяулы анашым !» фестивалін ашуға рұқсат етіңіздер. Құттықтау сөз оқушыларға беріледі

1-оқушы: Біз ғана емес,

Қадыр тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген-тіршіліктің тірегі,

Бірге қосыла: Армысыздар, қасиетті аналар!

2-оқушы: Мәпелейсің мені, анам,

Қолындағы құсындай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

Үмітіңдей көзіме,

Көп қарайсың үңіліп.

Еркелеген сөзімде,

Ертеңіңіз тұр күліп.

3-оқушы: Сен жалықпай жетектеп,

Мен жаттыға жетермін.

Айтқаныңды екі етпей,

Ақ сүтіңді өтермін.

Біліп тұрсың, жан анам,

Міндеті үлкен ботаңның.

Күтері сол баладан

Ана менен Отанның!

4-оқушы: Өмірге ана-бұлақ, ана-пана,

Өмірді өркендетер ана ғана,

Өсірген талай көсем,талай шешен.

Талай ер, талай ақын, талай дана.

Ана! Ол-біздің елде ардақты адам.

5-оқушы: Келбетіңде ұлылық,

Даладан кең пейілі.

Ана деген-жылылық,

Ана деген-мейірім.

Ақыл құйған санама,

Күннен де артық, расында.

Күн алыста, ал анам,

Ылғи менің қасымда.

6-оқушы: Айтсаң болды,тіл алам,

Әйбат анам, ай анам.

Сені көрсем қуанам,

Сен керексің қайда да.

7-оқушы: Жүре берсем қасыңда,

Әйбат анам, қуанам

Ботам деген дауысыңнан,

Мен мәз болып оянам.

8-оқушы: Кір түсірмей жағама

Шашымды да тарайсың.

Мектебіме барарда,

Мейірлене қарайсың.

9-оқушы: Ардақты анам, асылым,

Теңдігіңді жырлаймын.

Жырымның ең асылын,

Бірге қосыла: Мерекеңе сыйлаймын.

«Ана» әні орындалады.

10-оқушы: Мамам менің ақ мамам,

Балын маған сақтаған,

Әнін маған сақтаған,

Бәрін маған сақтаған.

11-оқушы: Мамам менің, ақ мамам,

Гүлді маған баптаған,

Жырды маған жаттаған,

Жұрттың бәрі мақтаған.



12-оқушы: Мамам менің, ақ мамам,

Менсіз таңы атпаған,

Менсіз күні батпаған,

Мен ұйықтамай жатпаған.

13-оқушы: Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған,

Бақыты үшін балаңның,

Аман сау бол, ақ мамам.

14-оқушы: Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым,

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

15-оқушы: Сағындым мамық қолынды,

Күтемін сенің жолыңды.

Сен үшін, ана, өмірде

Қиюға бармын жанымды.

16-оқушы: Құтты болсын, ардақты анам,

Асыл анам, мерекең.

Құтты болсын теңдік алған,

Қуанышты мерекең.

17-оқушы: Шалқып-тасып әніміз,

Жадырысып жанымыз.

Ана, сені құттықтап ,

Бірге қосыла: Әндетеміз бәріміз.

«Анашым» әні орындалады.

Мұғалім: Біздің қуанышымыз бен ренішімізді анамызбен тең бөлісетін, әрқашанда мейірімді жүзбен, сағынышты көңілмен бізді қарсы алатын адам бар. Ол-біздің әжеміз.

18-оқушы: Ұл-қызыңа ерген

Немереңбіз, әже.

Немереңмен өрген

Шөбереңбіз, әже.

Үйреткен сөз мәнін

Тілімізсің, әже.

Жарқыраған дәйім

Күнімізсің, әже.

Шуағыңды сеуіп,

Жайна, анамыз-әже!

Жұлдыздарың болып,

Айналамыз, әже!

19-оқушы: Тентек болсам, ашынып,

Жақсы іс қылсам, асырып,

Маған сақтап жүреді

Тәттіні де жасырып.

Тосып тәтті дәмдерін,

Ол бар жерде бал жедім.

Мен ұйықтарда айтады

Ертегісін, әндерін.

Біздің үйде осындай

Әжетайым бар менің.

20-оқушы: Әже деген көп шығар,

Әжемдейі жоқ шығар,

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі!

21-оқушы: Айналайын дегені

Жанға рақат береді.

Көңіліңді табады,

Әнді қалай салады.

22-оқушы: Ертекке ол сенеді-

Күнде айтып береді.

Ертек қандай көп еді,

Таусылмай-ақ келеді.

23-оқушы: Тауыслмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын қонаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені өйткені

Өте жақсы көреді.

24-оқушы: Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін,

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім» дейтін.

25-оқушы: Жақсы көрем апамды,

Жүрем ылғи бірге еріп.

Тауға мені апарды,

Талай қайттық гүл теріп.

Алтын апам ол менің,

Мені жақсы көреді.

Үйретеді өлеңін

Ертегі айтып береді.

26-оқушы: Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген, апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Бірге қосыла: Мейрамыңмен құттықтаймын.

«Әжетай» әні орындалады.

27-оқушы: Көктемде көңілді

Құстар кеп жатқанда,

Құлпыртып өңірді,

Гүл ектік бақтарға.

Гүл ектік аулаға

Көктемде көңілді.

Бақта да, бауда да

Ақ гүлдер өрілді.

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден

Анаға сыйлаймыз.

28-оқушы: Анасыз бір жоқ күнің,

Әжесіз бір жоқ күнің,

Ұсынамыз біз бүгін

Бірге қосыла: Жырдың сұлу шоқ гүлін.

Оқушылар аналарына өздері еңбек сабағында даярлаған сыйлықтарын ұсынайды.

Мұғалім: Мерекелі күнің

Қандай тамаша!

Кеудедегі гүлің

Қалды жараса.

Күлімдеген көзің

Күннің нұрындай.

«Күнім» деген сөзің

Ақын жырындай.

«Аяулы анашым» әні орындалады.

Мұғалім: Ал енді, салтанатты рәсім. Бүгінгі фестивальда аналарға13 номинациялар ұсынылады. Бұл номинациялар 2-3 сынып оқушылар арасында сауалнама жүргізу және дауыс беру арқылы шешілді. Енді осы жүлделерді табыс етеміз.

Номинациялар.

«Асыл әже» Нұржанова Шара Қаниқызы

«Апа» әні. Орындайтын Нұржанова Инара.

«Ардақты ана» Әділханова Күнсұлу Құмарханқызы

«Сабырлы ана» Ысқақова Айнаш Уалиханқызы

«Көркем ана» Қайырмағамбетова Райгүл Мұқашқызы

«Маленькая страна» әні. Орындайтын Қайырмағамбетова Дильнара.

«Ақылды ана» Қамзина Қалия Тұңғышқызы

«Белсенді ана» Темірбекова Асылзат Талапқызы

«Сүйкімді ана» Мыңбаева Әсел Амангелдіқызы

«Менің анам алтын» әні. Орындайтын Мұратбеков Әмірхан, Қамзин Жақсылық, Смағұлов Әділ.

«Қамқор ана» Таковая Наталья Анатольевна

«Еңбекқор ана» Нұршаева Альмира Мұбаракқызы

«Аяулы ана» Байболова Қарлығаш Бекжанқызы

«Қара жорға» биі. Орындайтын 2-3 сынып ұл-қыздары.

«Мейірімді ана» Жақсыбаева Сандуғаш Нығметқызы

«Көңілді ана» Тілеуғабылова Кәмилә Мохарамқызы

«Өнегелі ана» Ержанова Ғалия Амангелдіқызы

Айтыс. Орындайтын Сейлханова Зулпату, Омарбекова Нұрбақыт.

«Өнерлі апа» Шаяхметова Адиба Фазылахметқызы

«Қадірлі ана» Зыканова Гүлбану Байғұрманқызы

«Шоқ қыздар» биі. Орындайтын 2-3сынып қыздары.

Мұғалім: Құтты болсын 8-наурыз мерекеңіз,

Еңбекпен қол жеткізген берекеңіз,

Денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт, байлық,

Бірге қосыла: Сіздерге бізден ақ тілегіміз!

-Осымен «Аяулы анашым» фестиваліміз аяқталды.

Назарларыңызға көп рахмет!

Мерекелі дастарқан.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 09.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров89
Номер материала ДВ-510872
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх