Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Айналайын, анам!"

Тәрбие сағаты "Айналайын, анам!"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы

Горьковский селосы

Горьковский орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі Дюсенова К.К.


Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: «Айналайын, ана!» сайысы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыны халық тәрбиесінде негізінде тәрбиелеу, ана өнегесінен үлгі алу, салт-дәстүрлерді бойларына сіңіру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: әдемі әшекеленген зал, мақалдар, плакаттар.

Сабақтың барысы:

Халқымыз ғасырлар бойы аналарды қастерлеп келген. Сол дәстүр қазір жалғасуда. Ұрпақ өсіріп жатқан аналарға қалайша риза болмасқа!

Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Аман сау бол, ақ мамам –

деген әдемі әндер балалардың аузынан түспей мәңгі айтыла берсін.

Құрметті, біздің мектептің ұстаздары, қыздары! 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін.

Сөзді балаларға беремін:

Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де гүлі – аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық.

Біз ғана емес, Бауырсақ шайнап жегізген,

Қадыр тұтқан балалар. Жал десем, жал беріп.

Аналардан туған не бір даналар, Шекер десем, бал беріп,

Ана деген – тіршіліктің тірегі, Аялап мама емізген,

Армысыздар, қасиетті аналар! Аяулы анам аман бол!

Айтсаң болды тіл алам, Жүре берсем қасында,

Әйбат мамам, ай мамам. Әйбат анам қуанам.

Сені көрсем қуанам, «Ботам» деген дауысыңнан,

Сен керексің қайда да. Мен мәз болып оянам.

Кір түсірмей жағама Мамам менің, ақ мамам,

Шашымды да тарайсың. Балын маған сақтаған.

Мектебіме барарда Әнін маған сақтаған

Мейірлене қарайсың. Бәрін маған сақтаған.

Хормен өлең айту: «Құттықтаймын мама мерекеңмен!»

Мама менің, ақ мамам, Шалқып тасып әніміз,

Менсіз таны атпаған. Жадырасын жанымыз.

Менсіз күні батпаған, Ана, сені құттықтап,

Мен ұйықтамай жатпаған. Әндетеміз бәріміз.

Келбетінде ұлылық, Өмірге ана – бұлақ, ана – пана,

Даладан кең пейілі Өмірде өркендетер ана ғана,

Ана деген – жылылық, Өсірген талай көсем, талай шешен,

Ана деген – мейірім. Талай ер, талай ақын, талай дана

Ақыл құйған – санама, Ана! Ол – біздің елде ардақты адам.

Күннен де артық расында.

Күн алыста, ал анам,

Ылғи менің қасымда.

Мұғалім: 8 наурыз, бүгінгі халықаралық әйелдер күні, жылдың басқа мезгілінде болуға қиыны келмейтіндей, өйткені, көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір жылылық пен әсемдік сыйлайды.

Құтты болсын, ардақты анам, Күлімдеген көзің

Асыл анам мерекең. Күннің нұрындай

Құтты болсын теңдік алған «Күнім» деген сөзің,

Қуанышты мерекең. Ақын жырындай.

Сағындым мамық қолыңды,

Күтемін сенің жолыңды.

Сен үшін ана өмірде,

Қиюға бармын жанымда.

Ұлдар тобы би: «БОСЖОРҒА»

Қыздар тобы би: «Қамажай».

Құрметті қонақтар, енді сахнаға аналарды шақырамыз, сайыс өткіземіз.

Сайысқа 6 ана балаларымен қатысады. Әділқазылар алқасын тағайындайық.Әр тапсырма 5 ұпайдан бағаланады. Сайыс 7 бөлімнен тұрады.

1. Таныстыру;

2. Халық әндерін орындау;

3. Мақал – мәтелдер айту, балалар көмектеседі;

4. Жүн түту, иіру, балалар ұлттық оюларды қағазға салады;

5. Ұлттық тағам дайындау;

6. Әр түрлі сұрақтарға жауап беру;

7. Қазақ дәстүрінен көрініс.

Сайыстардың арасында көрермендермен сайыс өткізу.

1. Картоп салу, жинау;

2. Жұмыртқаны тазалап, жеу;

3. Картоп тазалау.

Ең соңында аналар би билейді.

Мұғалім: Құрметті, аналар! Сіздерге көп рахмет! Уақыттарынызды бөліп бүгінгі тәрбие сағатына қатысқандарыңызға. Осылай әрқашанда қабілеттеріңізді көрсете беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық, әр жанұяға бақыт тілеймін.

Сөз кезегін әділқазыларға береміз. Марапаттау.






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров100
Номер материала ДВ-338402
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх