Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Қайсар рухты қазақ"

Тәрбие сағаты "Қайсар рухты қазақ"

библиотека
материалов

Тақырыбы: Қайсар рухты қазақ


Мақсаты: Тәуелсіздік, егемендік мәні жайлы түсініктерін кеңейту; Желтоқсан оқиғасының құрбаны Қайрат Рысқұлбековтың өмірін үлгі ете отырып, патриоттық сезімдерін ояту;

Көрнекілігі: фотосуреттер, өнегелі сөздер, бүктемелер.

Барысы:

Кіріспе сөз:

-Өзіне әлемнің назарын аударған бұрған оқиға 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы. Бастары бірігіп, жұмылған бір жұдырықтай алаңға шыққан қазақ жастары үшін бұл сәт әрі бақытты, әрі қайғылы күн еді.

Олар не себепті шығып еді? Қандай ұрандар айтты?

1-оқушы: Желтоқсанда Алматыда ақ қарда,

Алма бақтар ақ қырауға батқанда.

Күңірене күн күркіреп тау жақтан.

Жайдың оты жалаң қақты шатқалда.


2-оқушы: Бұзақылар, есірмеңдер, тараңдар!

Оңай тимес, қайтпасаңдар, табанда!

Жөніңді біл, көйлегің көк, қарның тоқ!

Жаныңды бақ! Таста алаңды аманда!

Қайраттың анасы:

-Жер ортада үзілді-ау жұлының,

Бұл сұмдықта нең бар еді-ау, құлыным!

Сен түзетіп, сен сынайын деп пе едің?

Жерді құртқан дүниенің ұлығын.

Қайрат:

- Есім кетті, ес шықты, апа, не істедім?

Өзіме-өзім қас па едім мен, өш пе едім?

Сол қолымды оң қолыммен кеспедім,

Ақ сүтіңді, кешір, апа, кеш мені.


Көз алдымды тұман басты кеш, апа,

Көңілімді күмін басты кеш , апа.

Төңірегім толған жұмбақ, мың сұрақ,

Басымдағы думан қашты не шар?


Желтоқсанның ақ қыраулы ызғарын,

Қолаң шашын орап алған қыздардың.

Уайымдап: «Аман жүргей, қозым»-деп,

Сығымдады көзін қарттар қырдағы.


Тұрды Абайым шомып ойдың бұлтына,

Шоқаным тұр таңдағандай, жұртына.

Көшелері Фурмановтың, Сәкеннің,

Қабырғасы қайысады сырқырай.

Негізгі бөлім

Осынау оқиғаның құрбаны болған, ең ауыр жазаға кесілген жас- Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат Рысқұлбеков болатын. Бігінгі тәрбие сағатымыз да қайсар рухты қазақ жігітінің шығармашылығына арналады.

Ендеше кезекті түрмеде жатып жазған өлеңдеріне берейік. Солардың бірі:

«Менің тағдырым»

Өмір бойы жолым болып көрмеді,

Жылап келем бұл дүниеге келгелі.

Қайғы шаңы басты менің демімді,

Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.

Тағдыр мені аямады, қорлады.

Жалынсам да, жыласам да болмады.

Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,

Армандаған ақ сәулеге жетпедім.

Жолдаған сәлемімді дос алмады,

Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.

Айта берем, айта берем, қай бірін...

Ауыр менің, ауыр менің тағдырым!


Қайрат 1987 жылы 1-қаңтарда астана жұрты Жаңа Жыл мейрамын қарсы алып жатқанда, нағашысының үйінде қонақта отырған жерінен қолына кісен салынып, ұсталынды. Ол аз ғұмырының соңғы сәттеріне дейін алдамшы дүниеден рақым күтіп, күдерін үзбеді. Бұл оның «Ақтық сөз» өлеңінде:

Елбең-елбең жүгірген, ебелек отқа семірген.

Арғымақ мінген жаратып, ақ сауыт киген темірден!

Алатаудай бабалар, аруағыңмен жебей көр.

Ал енді қазір неткен күн? Орыстан ынсап кеткен күн.

Тізесі қатты батқан соң,шыдамастан ақыры

Қарғыс атқан алаңда, қарғыс атқан туған күн.

Күнәдан таза басым бар, 21-де жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар, бозторғайдай жаным бар.

Алайын десең, алыңдар! Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар, еркек тоқты –құрбандық,

Атам десең, атыңдар! Хош аман бол, артымда,

Ағайын, туған азамат. Артымда қалған ата-анам,

Ел-жұртым, саған аманат!


Қайрат КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының төрағасы Саламат Мұқашевқа «Кешірім беру туралы сұраныс» өлеңін жолдаған:

Қайта құру-әділдіктің орын алу кек

Жатып атар жалғандықтың болмауы деп.

Жалғандыққа қарсы шығып адалдық,

Шындықты шешетін де уақыт жетті.

Сеніңіз, мен шындықты айтып бердім,

Болған істі болғандай ғыпжазып бердім.

Шындықпен, адалдықпен, әділдікпен,

Көңіл бөліп шешеді-ау деп сізге сендім.

Егер де жалғандыққа жол берсеңіз,

«Дұрыс шешілген» деп, сот үкіміне көнсеңіз,

Мен дағы ақталып не қылайын,

Шапсаңыз да мейліңіз, атсаңыз да,

Мінекей, жазықсыз, басым дайын.

Жел кірді 21-де көңіліме,

Айдады еркіме қоймай, сол несібе.

Желпілдеп, желдім екен мен несіне,

Түседі адасқаным енді есіме...


Түрмеде отырғанда жазған өлеңі «Түрме жыры»:

Темір тор жан басыма тақылдайсың,

Өзіммен бірге туған жақындайсың.

Телміртіп темір торға қаматқанша,

Сұм дүние бұл жалғаннан неге алмайсың?

Ауылда жақсы еді ғой салған әнім,

Қу тағдыр татырды ғой түрлідәмін.

Қайдағы пәлеқорларжала жауып,

Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім.

Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,

Ас берер ортасында жалғыз тесік.

Күніне татырады үш тілім нан,

Өлмейтін саған жетер осы несіп.


Мұғалім: -Қайраттың анасы Дәметкен апайдың әңгімесі сот болған кезде «Мен жаламен кетіп бара жатырмын, мама!»-деп жылаған дауысы, баламның қолына кісен салғанда шырылдаған дауысы құлағымнан әлі күнге кетпейді. Ертеңіне рұқсат алып, кездесуге барғанымда ол былай деді: «Бәрі жала жауып отыр. Болмаған соң зәбір көрсетіп ине тықты. Міне, өне бойымда сау тамтық жер жоқ-деп, денесін көрсетті»-дейді анасы мұңайып.


Қалдырып жаны мәңгі жас ұлыңды,

Құпия шерттім осы жан сырымды.

Қош, енді жолықпасам, қайран ана,

Көзімнен ақ жаулығың жасырылды.

Қайран анам, күзеткенің түгел ме?

«Көктеректе» жазықсыз екенімді біле ме?

Бейшараңды мазақ етіп әлі де,

Саған дағы елің-жұртың күле ме?


Қайрат абақтыда жатқан кезде қазақ тілі саудаға түсіп, қызу айтыс жүріп жатқан кез болатын. Сол кезде Қайрат та, өз үнін қосып «Ана тілі» өлеңін шығарған.

«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Құшақ жая таныстым сан тілменен.

Жаман үйді қонағы билейді деп,

Қала жаздап айырылып өз тілімнен.

Қазағымның артығы жоқ өз тілінен!»

Ән «Қара бауыр қасқалдақ».


1988 жылы 7 мамырда Семей түрмесінде «Ағажан» өлеңін жазған:

Ауылдың барлық баласы,

Өзіне қарап өсетін.

Ағажан, сынай қарашы,

Шәкіртің едім кешегі.

Өзгеріс бар ма бойымда,

Төңкеріс бар ма ойымда,

Көзіме бір-ақ мақтама.

Кемісім болса мақтана.

Не дейін, аға, не дейін,

Шалқыдым ба көлдейін.

Найзағай болып жарқылдап,

Жауа алдым ба сендейін.

Төмендеп, кейде биіктеп,

Өзіңнен сұрақ сұрайын.

Қансырап бала киіктей,

Құшағыңа келіп құлайын.


Сол кездері жазылған «Далада» өлеңі:

Кең даланы солқылдатып, танк кетіп барады,

Шынжыр табан қанжоса ғып төсін тіліп барады.

Малын жайып жүрген бала жай өтіп бір қарады,

Қарады да, жасқа толды, мөлт-мөлт етіп жанары.

Шуы қалды құлақта, ен даланы жаңғыртып,

Сызы қалды жүректе, жан-тәніңді ауыртып.


Келесі өлеңі «Қақпан» деп аталады:

Мына қақпан маған бақыт бере алмайды, бермейді,

Зар жебесін атады да, жер семсерін бермейді.

Мұнда адамға түк сену жоқ, өтірік-өсек өрлейді.

Жақсылықтың оты сөнді, кеудені кек кернейді.

Өмірімді мұң басты ғой, тот басты ғой қылышты.

Сот дегенің бетсіз болды, көре алмады дұрысты.

Шындық қайда? Намыс қайда? Ойламайды, бұл істі,

Құзғын қарға қан соқталып қауып жатыр ырысты.

Бәрі маған қақпан құрды, темір торға торлады.

Зұлымдардың орындалды арманы мен ойлары.

Бұл жалғанда ақылды адам, адал адам қалмады.

Алда талай жазықсызды зар жылатар заманы.

Міне, балалар, бүгін сендер Семей облыстық прокуратура архивінен табылған Алматы сәулет-құрылыс институтының студенті болып жүріп, желтоқсан оқиғасының құрбаны болған Қайрат Рысқұлбеков ағаларыңның пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырының соңғы сағаттарында жазылған өлеңдерімен таныстыңдар. Ол кісі туралы Коммунар Табей қандай өкінішпен еске алады? (Тірі болғанда ақын болар ма еді)

Қайрат абақтыдағы күнделігіне не деп жазып еді? («Арман қудың ба, алдыңа қара, артыңа алаң болма! Өмірдің өткелін іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұм да қойып кет, белді шеш те кешіп өт»)

Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұлы Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков халқымыздың ұлттық батыры ретінде өз есімін ел жадына мәңгілікке жазып кетті. Ақын Мұхтар Шаханов көтеріліс құрбандарын «Ерте көктемнің ызғарына ұрынған гүлдерге» теңеді. Он екіде бір гүлі ашылмай қыршын кеткен тағы қандай аға-апаларыңды білесіңдер? (Асанова Ләззат, Сыпатайұлы Ербол, Мұхамеджанқызы Сәбира)

Сол кісілердің аңсаған армандары мен үміт-тілектері жүзеге асып, қазақ елі өз тәуелсіздігін алды. Қасиетті көк туымыз асқақ желбіреп тұр. Бір ғана өкініш азаттық үшін жан аямай алысқан сол боздақтар бүгінгі бақытты сәтіміздің куәсі бола алмады. Қазір сол боздақтарды 1 минут еске алайық!?

Міне, балалар, XX ғасырдағы ұлт-азаттық толқулар ішіндегі шешуші белес-Желтоқсан оқиғасы болатын. Қазақстан жастары қолдарына қару алмай-ақ кеңестік империяның үрейін ұшырды. «Қазақстанға қазақ басшысы» деген ұран жүзеге асты. Еліміз 1991 жылы 16-желтоқсанда Тәуелсіздігін алып, 1991 жылдың 1-желтоқсанында ең алғашқы Президентін сайлап, 1993 жылы 5-қарашада төл теңгемізді айналысқа шығарып, 1997 жылы 20-қазанда Ақмоланы ел астанасы етіп жариялап, бүгінде бүкіл әлемге танылып үлкен бір державаға айналды. Сендер осындай аға-апайларыңнан үлгі алып, өз Отандарыңның патриоттары болатындарыңа сенеміз.

Хормен «Сен қазақсың!» Күләш Ахметованың өлеңін оқу.

Әнұранмен аяқтау.



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-494381

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG