Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Қазақ халқының қол өнері"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Тәрбие сағаты "Қазақ халқының қол өнері"




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Тақырыбы: Қазақ халқының қол өнері
Мақсаты: Қазақ халқының мол қолөнер үлгілеремен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой — өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ою түрлері, зергерлік бұйымдар, “ Тайқазан ”, “ Алтын адам ” суреттері. Өнер туралы өнегелі сөздер мен мақал – мәтелдер:

  1. Балам өнерлі болсын десең, өнегеңді көрсет.

  2. Қолөнер – мол өнер.

  3. Өнер талаптан туады.

  4. Өнерліден үйрен, өнерсізден жирен. – деген сөздер жазылып ілінеді. Магнитофон, “ Мақал құрастыр ойыны ”.

Тәрбие сағатының жүру барысы:

      I.      Бөлім

Кіріспе

Бүгінгі тәрбие сағатымызҚазақ халқының қол өнерідеп аталады. “Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық” – деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады.

Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай мақал – мәтелдер “Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық” – деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертенгі күнгі жейтін тамағы ішетін сусыны, рухани байлығы деп бағалаған.

Қазақтың ән өнері, қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы.  Осы асыл қазынаны жоғалпай, әрі қарай дамыту біздің болашақ жастарымыздың міндеті.

Ортаға екі жүргізуші шығады.

Екеуі бірігіп:        Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу маржан шашайық!

Қонақтарды таң қалдырып,

Өнерді күмбез жасайық!

 Ұлттың негізгі тірегі – ана тілі. Ана тілінен айрылған халық ұлт емес. Тіл – киелі дүние. Тілімізден айрылғанымыз ұлттық қасиетімізденайрылғанымыз. Әжелеріміз бесікті тербете отырып өмірлі бол, ақ ботам Бақытты бол, ақ қозым – деп жырлаған.

  1.    II.      Бөлім “Қолөнер – мол өнер”

 Қолөнер қолмен жасалатын жұмыс. Халық тұрмысында өру, ою, зергерлік, тігу, тоқу, жону, құрастыру бәрі де халықтың қолөнеріне жатады. Ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа көбірек таралған қолөнерінің бір түрі ою — өрнек. Енді ою – еліне саяхатты тамашалаңыздар.

Ою түрлерін көрсете отырып, ою түрлері туралы оқушылыр орындайтын жұмыстар.

Құс мұрын оюы – ұшқан құстай ерікті, бақытты болыңдар деген тілекті білдіреді.

Омыртқа оюы – бірліктің, ынтымақтың, беріктіліктің белгісі.

Қошқармүйіз — әл – ауқатымыз жақсы, молшылықтамыз деген белгі. Мүйіз оюдың бірнеше түрі болады. Арқар мүйіз, сыңар мүйіз, сынық мүйіз, қос мүйіз.

Құстаңдай оюы – шешендердің, ақындардың үні құстың сайрағанындай құлаққа жағымды, жан жұбатарлық деген тілекпен өнер адамдарының шапандарына кестелеп тігіледі.

Оқушы:  Көрші әжей өнерлі!

Барып тұрам күнде мен

Құрмет тұтып шеберді!

Ою — өрнек үйренем.

Мақал құрастыру” ойыны

Тілі – бізі (Шешеннің тілі – шеберді – бізі.)

Қолы – тоны (Қай біреудің қолөнер қолымен тіккен тоны өнер.)

Жақсы – жаман (Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен.)

  1. III.      Бөлім “ Алтын балдақ – қол сәні, әшекей, кесте – тон сәні”

Бұл бөлімде зергерлік өнер туралы әңгімелейміз.

Мұғалім: Балалар, өскенде кім боласыңдар оны өздерің таңдайсыңдар, ал мен бүгін тағы бір қазақтың қолөнерімен сендерді қызықтырғым келеді. Ол – зергерлік. Зергерлік ерте заманнан келе жатқан өнер. Зергерлер сән – салтанат бұйымдарын, жүлдеге, сыйға беретін неше түрлі әшекей жасайды.

1 — оқушы: Зергерлік өнердің туындылары жауға айбар, жақынға мақтаныш, аруға – ажар, жігітке – жігер беретін болғандықтан, батырлардың ерлігіне, ақындардың тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне сыйға беретін болған.

2 – оқушы: Зергерлер қолынан неше түрлі әшекей бұйымдар шыққан. Ең көрнектісі де, сымбаттысы да – Сәукеле.

3 – оқушы: Зергерлер білезіктің бірнеше түрін соғып жасаған. Білезік көбінесе жұмыр, төрт қырлы, ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылылатын және жабылатын түрлері болады.

4 – оқушы: Кімге болса жарасатын көркемдік беретін зат, ол – сырға. Сырға әсем де жеңіл жасалады.

5 – оқушы: Ертеде қыз балалар шашына шашбау таққан. Ызған не болмаса кестеден бау жасаған. Оған ұсақ жеңіл күмістер, моншақтар таққан.

6 – оқушы: Зергерлер әйелдер үшін – оймақ, алқа, түйреуіш, қапсырма ерлер үшін – насыбай шақша жасаған. Оны әдемілеп әшекейлеген.

7 – оқушы: Ұлдар атқа мінген кезде зергерлер әдейі ер – тұрман жасаған. Ертұрманды нағашы жұрты жиендеріне сыйға тартқан. Оны ашамай ер деп те атайды.

8 – оқушы:      Білесің бе бұл істі

Зергерлікке кім дайын?

Балқытып – ап күмісті

Сапырады су дайын.

9 – оқушы:      Демеңдер бұл қалай

Күмісті де илеген

Осы өнерді мұрадай

Зергерлерден үйренем.

Қорытынды

Мұғалім: Міне балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда қазақ халқының өнер түрлерімен таныстық.

Халық өнері тек қана эстетикалық мұрағат емес, ол сонымен қатар халықтың белгелі бір тариха кезеңіндегі таным – түсінігінен, өмір – салтынан, сұлулық туралы ой – талғамынан хабар береді. Есік қаласында табылған “Алтын киімді адам”әлемде теңдесі жоқ қолөнер болып саналады.

600 жыл бұрын әйгілі құймашы Абдуал — Әзілдің қолынан шыққан алып Тайқазан Түркістанға Қожа Ахмет Яссауй мовзалейіне қайтып оралуы – мәдениет пен әдебиет саласындағы үлкен оқиға.





















Тақырыбы: «Мен және менің достарым»
Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді анықтау, дамытуға бағыт беру.
Көрнекілігі:геометриялық фигуралар, сызба-карточкалар

Кіріспе
Құрметті оқушылар бүгінгі сабағымызда біз өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып, өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын анықтаймыз.
Данышпан философ Фалес айтқандай
Дүниедегі ең үлкен нәрсе - кеңістік
Бәрінен жүйрік - ой
Бәрінен дана - уақыт
Бәрінен жеңілі - басқаға ақыл айту
Бәрінен қиыны - өзіңді өзің тану.

Іскерлік ойыннан бір-бірімізге комплимент айтудан бастаймыз.
1-оқушы: Айбар, сен бүгін ерекше көріктісің
2-оқушы: Алтынай, көркіңе ақылың сай.
(т. б сол сияқты бір-біріне жылы сөздер айту соңғы оқушыға дейін жалғасады).
- Рахмет, балалар! Әрбір жүректен шыққан жақсы сөз біз үшін жайлы атмосфера қалыптастырды.
1-тапсырма:
Қазір сендер әрбір столда тұрған геометриялық фигураға назар аударып әркім өзіне ұнаған фигураға барып отырады.
Міне, біз 2 топқа топталдық
Әрбір топ мүшелері өздері таңдаған фигураның нені білдіретінін, неге осы фигураны қалағандарыңды айтасыңдар.
И. Панарин тесті бойынша.
Тіктөртбұрыш - таңдағандар лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қаблеті басым жандар.
Үшбұрыш - өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.
Міне, балалар, әркім өзін Панарин тесті бойынша да тануға болатынына көзіміз жетті.

2-тапсырма:
1-топқа: Ситуациялық тапсырма (топтағы 2-оқушыны шақырып сыртқа шығуын өтінеміз)
Сіз сыныптағы қыздың өз үйінің алдында бірнеше ер баламен темекі шегіп тұрғанын көрген, сыртта тұрған 2 оқушының қасынан өткенде қандай іс-әрекет жасаймыз деп ойлайсыздар.
Ал қазір сыртта тұрған 2 оқушыны шақырып осы ситуацияны оқиық, 2 оқушыға осы жағдайда не істейсіз деп сұрақ қойылып, олардың жауабы тыңдалады. Нәтижесінде осы 2 оқушының өз жауаптары туралы достарының жауаптарымен салыстырылып өзгені тани алу қабілеттіліктері айқындалады.
2-топқа:Бір сыныптас ұлға немесе қызға қысқаша, оның жағымды және жағымсыз қасиеттерін көрсетіп атын атамай мінездеме жаз. Басқа топ оның кім екенін табуы шарт.
3-топқа: Өмірдегі ең қажетті 3 нәрсені атаңыздар.
4-топқа: аяқталмаған тест ұсынылады
«Егер мен осы алдымызда тұрған мұғалім болсам. ...»
5-топқа: шығармашылық тапсырма: «Міне мен қандаймын?» тақырыпқа сәйкес өз қабілетін ортаға көрсету.
- Рахмет балалар, әрбір топ белсенділік көрсетті.
3
-тапсырма:
«Суреттерді аяқтайық» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту.
Алдын-ала тақтада мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады. Оқушылардың көздері шарфпен байланады да, олар кезек-кезек шығып, бірі денесін, бірі басын салса, бірі аяғын салады, осылайша жалғаса береді.
1. Суретті аяқтау қиын болды ма?
2. Жаттығу ұнады ма?
3. Бұл жаттығудың тиімділігі бар ма?
Қорытынды: Жүректен жүрекке, балалар жылы лебіздерін білдіреді.


























 Тақырыбы: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»

 

Мақсаты: білімділік: Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрін үйренуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту, талғампаздыққа, әсемдікке баулу.

Әдісі: қызығушылықты ояту, баяндау, сұрақ-жауап.

Түрі: Тәрбие сағаты.

Көрнекілік: интерактивті тақта, мақал-мәтел, ұлттық бұйымдар.

Барысы.    І. Ұйымдастыру бөлімі.

1-жүргізуші: Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – жыр, аңыз.

Қызық дулы мереке,

Қызық думан құрамы!

Күн әкелген жыл көрім,

Күллі дүние жайдары.

Желкілдеген гүлдерін,

Жер – анамыз жайнайды.

2-жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекеміз келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы, мерекесі. Наурыз тойы құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!

1-жүргізуші: Наурыз келсе, құт келгені, халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық.

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Той шашуға тойыңдар,

Бұдан кейін ойын бар.

(Шашу шашылады)

 Ән: Наурыз

2-жүргізуші: Наурыз тойың, наурыз тойың.

Құтты болсын халайық!

Күй төгілсін, күй төгілсін,

Шырқап әнге салайық,

-дей келе келесі кезекті бастауыш сынып оқушыларына береміз.

1-жүргізуші: Барыс жылы кел төрлет,

Ел достығын өркендет.

Мол болсын, ырыс құт,

Болсын елде тыныштық,

- дей келе ортаға 1 сынып оқушыларын шақырамыз.

2-жүргізуші: Достар, бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді?

Тапсырмалар:

1. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім?

Ж: Ананың сүті тәтті.

Ананың қолы жұмсақ.

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім.

 

2. Қандай ырым мен тыйым сөздер білесіңдер?

Ж: Малды теппе,

Аяқты төкпе.

 

Отты шашпа,

Күлді баспа.

 

Бүйіріңді таянба,

Жағыңды таянба.

 

Бос бесікті тербетпе,

Бесікті ашық қалдырма.

 

3. Жеті атаңды ата.

Ж: Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

4. Сүттен жасалатын тағамдарды ата.

Ж: Айран, сүт, ірімшік, құрт, қатық, шұбат, қымыз, қаймақ, май, т.б.

5. Наурыз көже қалай жасалады?

Ж: Наурыз көже жеті түрлі тағам қосу арқылы жасалады.

6. Ұлттық ойындарды ата.

Ж: Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ, т.б.

7. Жеті қазынаны ата.

Ж: Ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркіт, мылтық.

8. Үш алысты ата.

Ж: Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.

1-жүргізуші: Құтты болсын Наурыз той!

Құлпырып тұр қыр мен ой.

Күн мен түні теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Би: Қара жорға

 

2-жүргізуші: Бақта құстар сайрайды,

Жайнап көктем нұрымен.

Жаңа дәстүр жырымен,

Ел наурызды тойлайды.

-дей келе салт –дәстірімізді көріңіздер.

1. Қар жана ма?

         (Қалауын тапса қар жанар)
2. Инемен құдық қазуға бола ма?

         (Білім инемен құдық қазғандай)

3. Аппақ қарға бола ма?

         (Қарға баласын аппағым дер)

4. Қой мен қасқыр ойлана ма?

        (Қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық)

5. Қарғыстың ең жаманы не?

        (Өзің білме, білгеннің тілін алма)

6. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр.

        (Көз қорқақ, қол батыр)

7. Етікті қонышынан басып киюге бола ма?

        (Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас)

8. Үлкен көз, үлкен сөз бол ма?

        (Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен)

9. Тауық түс көре ме?

        (Тауықтың түсіне тары кіреді)

10. Кімнен кім жаман?

        (Олақтан салақ жаман)

2-жүргізуші: Аспанымда ақша бұлттар аунайды,

Наурыз тойы көңілімді баурайды.

Тебіренген табиғат та мәз-мәйрам,

Аңқылдаған қазағымнан аумайды.

Би: Қамажай

 

1-жүргізуші: Жатыр шалқып көңілім, шалқып әнім,

Наурыз сыйлар қуаныш, бақыт нәрін.

Ұлыстан соң күтіп тұр, Ұлы күнің,

Наурыз көжеге бәрің кел, бәрің, бәрің!

Ән.

2-жүргізуші: Күн мен айға әлемнің,

Бердің ыстық сәлемін.

Қарттарыма сүйеніп,

Сәлем бердік иіліп,

Орындалды ойларың,

Құтты болсын бүгінгі,

Наурыз атты тойларың,

-деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.

 

Бата беру.

 







Қажеттіліктер - жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін объективті түрде керек нәрсеге мүқтаждық; белсенді әрекеттің ішкі қозғаушысы. Қажеттіліктер субъект пен оның қызметінің өзара байланысын көрсетеді, әуестіктен, мүдделерден, мақсаттардан және мінез-құлықтан көрініс табады.

Қажеттіліктер - адам тұлғасының, қоғамның жалпы өмір сүруін және дамуын қолдау үшін объективті кажетті нәрселерді кажетсіну. Қажеттіліктер биологиялық және әлеуметтік болып бөлінеді, олар экономика мен мәдениет дәрежесіне байланысты. Қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатты іс-әрекеттің нәтижесінде іске асады. Қажеттілікті тәрбиелеу тұлғаны қалыптастырудың орталық міндеттердің бірі болып табылады






































Әкем мен шешемнен үлгі алып өсем мен!

Тақырыбы : Әкем мен шешемнен үлгі алып өсем мен ! 
Мақсаты : Оқушыларға А.Құнанбаевтың жақсы мен жаман туралы айтқандарын түсіндіру ,адам бойындағы ұнамды , ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып , әдеп әліппесін бойына дарыту. 
Өз халқының салт – дәстүрлерін ,әдептілік туралы нақыл сөздерді , алтын ақылдарды , тыйым сөздерді үйрету арқылы адамгершілікке, ұқыптылыққа , кішіпейілділікке тәрбиелеу. 
Көрнекілігі : Интербелсенді тақта, қанатты сөздер , мақал – мәтелдер , Абай Құнанбаевтың портреті.
Кіріспе .
«Адамға ең бірінші білім емес , рухани тәрбие беру керек , тәрбиесіз берілген білім – азаматтың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі » деген ұлы ғұлама әл – Фараби .
Олай болса, білім бере отырып елін , жерін сүйетін азамат тәрбиелеу үшін отыз баланың артында , алпыс ата – ана бар екенін ұмытпауымыз керек 
1 - кезең . Балам - менің болашағым .
1. - Бала деген кім ?

“Ертеде бір адам ғұламаға келіп :
- Баланы неше жастан бастап тәрбиелеген дұрыс ? – деп сұрапты .
Ғұлама :
- Балаңыз қаншада ? – деп өзіне сұрақ қояды .
- Бес – ақ ай толды , - дейді анау .Сонда ғұлама басын шайқап :
- Бес айға кешіккен екенсіз , - деген екен “.Халық арасына кең тарылған бұл аңыздың айтпағы баршаға түсінікті . Яғни , баланы туған сәтінен бастап тәрбиелеу керек .
Демек , бала тәрбиесінің негізін құятын ең алдымен – ата – ана . 
2 – кезең . Аталар сөзі - тәрбие көзі 
- Ата сәлеметсіз бе ? Айтыңызшы жақсы деген немене ?
- Амансың ба , балам ? Жақсы дегеніміз мыналар :
- Талап , еңбек , терең ой , қанағат , рақым , ойлап қой , бес асыл іс көнсеңіз.Өмірде осы бес істі орындаған , өзінің қажетіне асырған адам – жақсы адам, балам . Жақсы дегеніміз осы .
- Ассалаумағалейкум, ата !
- Айтыңызшы , жаман дегеніміз не?
- Өсек , өтірік, мақтаншақ , бес дұшпаның білсеңіз .Өмірде осылардан аулақ болсаң, сенің жақсы азамат болғаның , балам .
Абай атасының өсиеттерін білер ме екен ? Жақсы дегеніміз не , балалар ? Демек , адам бойында жақсы - жаман қасиеттер болады екен . Ал біз жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен , бал тілінен бойымызға сіңіреміз . Жақсы бала осы қасиететтерді үйреніп , ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады . Ал енді ақылды , әдепті балалар қандай болуы керек ? 
1. Білер қазақ баласы :
Сәлем –сөздің анасы . 
2.Тазалық пен ұқыптылық . 
Мұғалім:«Тәні саудың дені сау » - дейді халық . Әрқашан да мұнтаздай таза да сүйкімді болып жүру үшін не істеу керек ?
3. Бәрін өзім жасаймын .
Қолынан көп іс келетін адам өзін сенімді де , күшті сезінеді. Жалқаулық ең жаман әдет .Ата – анамыздың көңіл күйі жақсы болсын десек, үй - ішін жинақы, таза ұстауымыз керек . Бөлмені жинастырып болған соң міндетті түрде желдетіп алу қажет .
Тамақ ішіп болған соң үлкендердің ескертуінсіз өз ыдысымызды жуып қойған жөн . «Табағы таза адамның тамағы да таза» дегенді ұмытпайық.
Қорытынды: Халқымыздың аяулы ұлы зиялы азаматы Б.Момышұлы былай деген екен: «жаудан да,даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді, қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді,дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді,оның қолына қылыш берсең, кімді де болса шауып тастауға даяр Қолына кітап алмайды.Үйреніп жатқан бала жоқ , үйретіп жатқан әке , шеше жоқ»
Бауыржан атамыз бүгін де арамызда жоқ , ол кісі көтерген мәселе бәрімізді де алаңдатуы тиіс . Бұл ата – анаға да , ұстазға да ой салады деп ойлаймын .
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші , баланы бірлесе отырып тәрбиелейік .



















«ХХІ ғасыр көшбасшысы»
1 - жүргізуші: Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысын біз бастаймыз
2 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
1 - жүргізуші: «Тәуелсіз ел тірегібілімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 2 сыныптар оқушылары арасында өткелі отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
1.
2.
3.
1 - жүргізуші: 
- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға солалда,- дегендей ой мен білім жарысына қош келдіңіздер! Сайыскерлермен таныс болыңдар.
2 - жүргізуші:
1 – ойыншы_________________– болашақта журналист болуды армандайды және ол арманына жету үшін бар күш жігерін аямайды.
2 – ойыншы _________________— өскенде халқына адал қызмет ететін полиция қызметкері болуды армандайды.
3 – ойыншы ________________— заң қызметкері боламын деген ойы бар.
4 – ойыншы ________________— эколог болып, Қазақстанды гүлдендіремін дейді
5 – ойыншы _______________— әлемге әйгілі ұшқыш болғысы келеді
6 – ойыншы ____________________ – заң қызметкері болуды армандайды.
7 – ойыншы ________________- болашақта ұстаз болуды армандайды
8 – ойыншы_________________ - болашақта адам жанының арашашысы дәрігер болғысы келеді
1 - жүргізуші: Енді сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз
4 турдан тұрады:
1. Бәйге
2. Полиглот
3. «Сөз ойла, тез ойла»
4. «Жас қалам»
«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші баршаңызға сәттілік тілеймін!
2 - жүргізуші: I – тур «Бәйге»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер
деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық
1 - жүргізуші: Шарты:
1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан 10 сұрақ беріледі.
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 2 минут ішінде қойылған сұрақтың жауабын қолдарындағы параққа белгілеп, дұрыс жауапты тексеріп тұрасыңдар. Яғни тұсына «+» белгісін қойындар. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
4. «Бәйгенің» сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.
1. Қазақ алфавитіндегі әріптер санын көрсет.
а) 40 
б) 42 
в) 38
2. Қай сөзде қате кеткен?
А) Қариа 
б) қария қалам
3. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
А) 2 
б) 3 
в ) 4
4. Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін қалай аталады?
А) сипаттау 
б) пайымдау 
в) әңгімелеу
5. Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді қалай атаймыз?
А) лепті 
б) хабарлы 
в) сұраулы
6. Жұрнақтың белгісін көрсет
а) 
б) 
7. Қай сөзге лар жұрнағын жалғауға болады?
А) кітап 
б) тау 
в) жазық
8. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді қалай атаймыз?
А) туынды сөз 
б) түбір сөз 
в) жалғау
9. Жауын сөзіне дұрыс жалғанған қосымшаны көрсет
А) гер 
б) бек 
в) хана
10) Дұрыс буынға бөлінген буынды тап.
А) Жа - пы - рақ 
б) жап - ырақ 
в) жапыр - ақ
2 - жүргізуші: Келесі айналым – Полиглот. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» дегендей, өз ана тілімізбен қоса орыс, ағылшын тіліндегі білімдеріңіз сараланады.
1. Алыстан қарасаң, аппақ,
Татып көрсең, тәтті - ақ (Қант – сахар - sugar )
2. Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үірген шырын бал. ( алма – яблоко - аpple )
3. Бұл үйге көзсіз боп басың сұғасың,
Бұл уйден көреген болып шығасың.(мектеп - школа - school)
4. Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді. ( ауа, воздух, air )
5. Қазақтардың қасиетті саны... «жеті, семь, seven»
6. Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында каны жоқ
Май жейді, су ішеді (көлік - машина - car)
7. Мамықтай ұлпа, қанаттай ақ
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады (Қар - снег - snow)
8. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолына алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем
(Кітап - книга - book)
9. Ұшып - қонып тынбайды,
Тасқа соқсаң сынбайды.
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды
(Доп - мяч -. ball)
10. Жолбарыстан аумайды
Пеш түбінде аунайды (мысық - кошка cat )
11. Ашылып жабылады
Әр үйден табылады
12. Жылт – жылт еткен
Жылғадан өткен (су – вода - water )
13. Жұпар иісі еседі,
жайнап бақта өседі ( гүл – цветок - flower)
14. Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег - snow)
15. Тар шеңберді айналып,
Тұр қазықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен таңбайды.
(Сағат - часы - clok)
16. Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан (Сәбіз - морковь - carrot.)
2 - жүргізуші: Әділқазылар есептеп ең аз ұпай жинаған 2 ойыншыны атайды. Оларға өмірде сәттілік тілеп, қош айтысамыз. Ойында жеңілгендеріңмен, өмірде жеңілмеңдер.
Келесі кезекте: «Білімпаз» бұл сайыста негізгі 4 пән бойынша сұрақтар беріледі. Математика:
1. Көбейтудің қасиеттерін ата? (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімдік)
2. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
3. Ең үлкен 2 таңбалы санға бірді қоссақ неше шығады? (99+1=100)
4. Әлібек 1 күнде 2 ертегі оқыды. Ол 1 жұмада неше ертегі оқиды. Осы қарқынмен? (14 )
Қазақ тілі:
5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, олардың түрлері? (қатаң, ұяң, үнді)
6. Қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз – (арық), терең – (таяз), қою – (сұйық), қысқарды – (ұзарды)
7. Қандай зат есімді туынды зат есім дейміз? (түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім)
8. Жұмбақты шеш. Өзім сөзден тұрамын
Біткен ойды құрамын (сөйлем)
Дүниетану:
9. Өсімдік бөліктерін ата? (тамыр, сабақ, жеміс, гүл, тұқым)
10. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады? (60 – 80 рет)
11. Ауаның 1жерден 2 - ші жерге ауысуы? (жел)
12. Желдің күші мен бағытын анықтайтын арнаулы құрал? (флюгер)
Ана тілі:
13. Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, тұңғыш ағартушы ұстаз. Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан бұл кім? (Ыбырай)
14. «Дарабоз» атанған батыр? Кім қойды сол атты? Батырдың шын аты кім? Ол неге солай атанды? (Ерасыл – Қабанбай)
15. Бата дегеніміз не? (той - жиында, дастарқанбасында айтылатын тілек түрі)
16. Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
1 - жүргізуші: «Сөз ойла, тез ойла» сайысына да келіп жеттік. Мұнда сендерге әріптер беріледі, сол әріпке байланысты берілген сұраққа жауап қатасыңдар. Мыс: С әрпі болса, с – дан басталатын жауаптар беріледі.
Сенің атың кім?
Сен нені армандайсың?
Қайда барасың?
Сен не ұнатасың?
Досыңа туған күнге не әпересің?
Қыста не болады?
Мектепке немен келесің?
Демалыста қайда боласың?
Алманың түсі қадай?
10. Достарыңа тілек
2 - жүргізуші: ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы шығады
1 - жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
біліміңмен шарықтай бер әрдайым.
2 - жүргізуші: Келесі кезекте 2 жеңімпаз берілген тақырып бойынша шағын эссе жазады.
1 - жүргізуші: Келесі сөзді әділқазы алқасына береміз
2 - жүргізуші: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман - сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!













































Тақырыбы:  «Желтоқсанда асқақтаған рухты сағынамын».

Мақсаты:  білімділік – еліміздің Тәуелсіздігі  үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өздерінің елі, халқы  үшін жастық  өмірін қиған аға ұрпақтың   ерлік істерімен   таныстыру.

                дамытушылық  –  оқушының тіл байлығын  дамыту, есте сақтау  қабілетін  шыңдау,

 мәнерлеп  оқуға баулу,  ой-өрісін  кеңейту.

                 тәрбиелік -  Отан  Ананы құрметтеу,  Тәуелсіздікті  бағалай  білуге, ұлтжанды,  елжанды болуға  тәрбиелеу.

      Көрнекілігі:  үнтаспа, ұран сөздер,  Желтоқсан  қаһармандарының  суреттері

     Сабақтың  барысы:

   1-жүргізуші: Құрметті  ұстаздар,  ата-аналар,  оқушылар!  Сіздерді  еліміздің  басты  мерекесі Тәуелсіздік  күнімен  құттықтаймыз! Дендеріңізге  саулық  ,   отбастарыңыздың   амандығын  тілейміз!

2-жүргізуші: Жыл  артынан жылдар жүйткіп, уақыт  шіркін  толассыз зымырап  өтіп  жатыр.    Енді  міне дауыл  тербеген  теңіздей  буырқанып ,  жолындағысының  бәрін  ырғалта  шайқалтып сол  бір  қастерлі де  қасретті күндерден бергі    25 жыл  да  тарих  қойнауын а  тартып  барады.

1-жүргізуші:Желтоқсан  бастауы – ғасырлар  қойнауынанжалғасып   ұлы  тарихтың бір елесі.   Жетпіс  жыл  бойы қылбұрауға  маталған  Қазақ  халқы  1986  жылдыңжелтоқсанында  ұлтаннан   сұлтан   болып,  тар  жол  тайғақ  кешуден  өтті.

2-жүргізуші:Кез емес  жаугершілік  «аттан» атты, 

Алаңның   шеруі  емес  салтанатты.

Қытымыр қыстың  басы  сол бір  айда

Желтоқсан  желі әлемді  жалт қаратты.

         ӘН: «Желтоқсан  желі»                                                          

1-жүргізуші: Желтоқсанда, Алматыда, ақ қарда,

Алма бақтар ақ қырауға батқанда,

Күңірене күн  күркіреп тау жақтан,

Жайдың  оғы жалаң қақты  шатқалда.

2-жүргізуші: Аппақ  қала, аппақ  ғалам,

О,  тоба,

Найзағайлар  қар  жалап  тұр  жотада!

Бұлтты иітіп боздайды  боз  шынарлар,

Бұйдаланған ұқсап жетім  ботаға.

1-жүргізуші: Қасқалдақ  ұшып  көлінен,

Шүрегей келіп  қонған күн.

Қыранды  қуып  көгінен,

Қарғалар билік  алған  күн.

2-жүргізуші:Нашақор  деп,  ұлтшыл  деп

Қазаққа  күйе жаққан  күн.

Базары  кетіп бір күнде,

Қайғыға  халық батқан   күн.

1-жүргізуші: Қақаған  қыстың  ызғары,

Сүйектен  өтіп  кеткен күн.

Қаракөз қазақ  қыздарын

Жауыздар  бастан  тепкен күн.

2-жүргізуші: Жігіттер итке таланып,

Ер  басын  күрек  шапқан  күн.

Аппақ қар  қанға  боялып

Қып-қызыл  мұз боп   жатқан  күн.

1-жүргізуші:       Қазақ  халқын дүние жүзілік танытқан бүл уақиғаның алғашқы құрбандары: Қайрат Рұсқылбеков, Ләзат Асанова, Жансая Сәбитова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым етуіміз парызымыз! 1986ж. желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біэ әрдайым Қайраттың от жүрек үніне қыздардың намысын қорғаған ерлігіне күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз. 1мин. Үнсіздік жариялаймыз.

2-жүргізуші: Алаңға  50 мыңәскер,  20 мың милиция адамдары, 16 мыңдай  жасақшылар  шығарылды.  Ал  шеруге     10  мыңдай  қара  көздеріміз  шығып  еді.  Оларды  аяусыз  жазалады.  Ақ  қарды  қызыл  қанға  бояды.  Оларды  машина- машиналарға  тиеп  қала  сыртына  апарып  төгіп  жатты.  1-жүргізуші: 19-желтоқсан күні  ауруханаға    бас сүйегі  мен  миынан   жараланған  энергетика  институтының   2-курс  студенті  Ербол  Сыпатаев  әкелінді.  Ол  3  күннен    кейін ауыр  жарақаттан  есін  жимастан  көз  жұмды.  Ал  Ербол  біреудің  жар  дегенде  жалғыз баласы еді.  Артынан      жоқтау  айтып   аңырап  әке-шешесі  қалды..

2-жүргізуші: Қайрат  Рысқұлбеков  Жамбыл  облысы  Мойынқұм  ауданындағы  Бірлік  ауылында

дүниеге  келген .Алаңсыз  балалық  шағы  әжесі  мен  атасының  қолында   өтті.  Оқуға  барды.

Орта мектепті  аяқтаған  соң,1984  жылы  әскер  қатарына  алынды.  Одан  келген  алғысқа  толы  хаттар,  мадақтауларға   бүкіл  ауыл  қуанды.Ауылға  сержант    болып  оралды .  1982жылы      ол  

Алматы  Сәулет,  құрылыс       институтына түсті.

   Енді  тамашалайтындарыңыз  4-сынып  оқушыларының  көрінісі:  «Түрмеде  отырған  Қайраттың  анасымен  соңғы  кездесуі  »  Рөлдерде:  анасы-Әсемгүл,   Қайрат-  Жазира.

Анасы:Амансың  ба,  құлыным?      

Қайрат:Ана, анашым,  анашым...

Анасы: Қарағым-ау...   Қарағым-ау...

Қ: Жыламашы,  болды енді , анажан,

Сенің  балаң  кінәлі  емес  маған  нан.

Жауыздардың  жапқан  бұл  жаласын

Еш уақытта мойныма  мен  аламан.

А:Құлыным- ау , бетің  ісіп кетіпті,

Не болғансың,  не  болғансың,  балам-ау.

Қ:Анажаным,  үйдің  іші  аман  ба?

Әкем   менен      бауырларым  аман  ба?

А: Аман, аман,  бәрі  де  аман...

Құлыным-ау,  өзің  жайлы  айтсаңшы.

Қ:  Еш  кінәм  жоқ,  бұл  жаладан  аманмын,

Басшыларға  тергеу  жайлы  жазармын.

Ақталармын  елім  аман   тұрғанда,

Саулық  болса  тексерген    слң  шығармын.

А:  Балам-ау,  қайтейін,  шындықты  жеткізем  деп  шырылдаған  бір  бозторғайым   болдың  ғой.  Өзің  аман  болшы,ұлым.Маған  басқаның  керегі  жоқ.

Қ: Болды, анажан,  көз  жасыңды  тыйсаңшы,

Күштеп  мені  көндірмекші  бұл  іске,

Бар  сөзімді  шығарады  теріске.

Ине  тығып  тырнағымның  астына,

Денемді  де қақтайды  ыстық  алауға.Сүйегімнің  аманы  жоқ  қазірде,

Бұл  қорлықты  көрмеп    едім   түсімде.

Мұздай  сумен   ес  жиғызад  талғанда,

Небір  сөзім  кетіп  барад көңілде.

Бәрібір де  ақталамын  түбінде, 

Тарих  куә  осы  менің сөзіме.

Жыламашы , ана  жаным,   жан  анам...

Қ:  Сау  бол,  ана .Менің  арым  таза.  Ақталып  қайтамын  елге.Туған  жерге,  әке  мен  бауырларға  сәлем  дерсің  Қайраттан.   Мен жаламен  кетіп  барам,  ана...

(Екі  милиционер  Қайратты  алып  кетеді.  Анасы  сахнаның  ортасына  қарай  келіп  жоқтау  айтады.)   («Бозторғай»  әуеніне  салу)

Анасы: Жүрегім  менің  сезеді –ау...

Көрмеймін  енді  ұлымды...

«АНА»   деген  сөзіңмен

Тілің шыққан  құлыным-ау,

Қанаттыға  қақтырмай,

Тұмсықтыға  шоқтырмай

Ер  жеткіздім  мен  сені...

Әскеріне  бардың  сен,

Борышыңды  атқардың...

Арманыңа  жетіп  сен

Студент  те  атандың...

Келін  түсіріп   немере  сүйем деп отырған кез  еді...

Өмірімді  тас-талқан  қылған заман  не  заман...

Айналайын аналар,  бәріңнің  де  балаң  бар ...

Сормаңдай болған  мен сорлы,

Қайтіп  өмір  сүремін?!

Құлынымның  дидарын бір  көруге зар  болып,

Сағына-сағына  өтермін...

Ботасынан  айырылған  боз  інген   енді  мен  болдым,

Құлынынан  айырылған  құлан  енді  мен болдым.

Айналайын  адамдар, жауыздықтан  аулақ  бол...

Қайратымның  есімі  мәңгілікке  кетер-ау.

Қайратым  енді  келмес-ау...  Қайтейін...

Тағдырыма  не  шара...

Анасы  ұлын  жоқтап   жатқанда  Қайраттың  сағынышқа толы  «Мен  жазықсызбын...асыл  анашым,  жан  бауырларым, бәріңді  де  сағындым»  деген  соңғы  хаттары  жазылып  еді.

  1ж:  Айналайын ,  қарындасым , қарағым,Суық  түрме  іші  мұздай,  қарағым.Қайғы  шегіп ,  азап  тартқан ағаңды Айтшы,  жаным,қандай  жанға  баладың?Айналайын  інішегім,  құлыным,Сені  ойласам  үзіледі  жұлыным.Сенің  ерке  ақ   жүзіңді  көре  алмай.Тас  құрсауға  қамалдым  ғой  мен бүгін,-деп  Қайрат «Өкініш»  атты  өлеңінде  толғап  еді.  Лүп-лүп  соққан  балаң жүректің, өмірге  құштар  ыстық  жүректің,  соңғы  лүпілі  еді.Жан  сыры...   соңғы  үміті...

2-ж: Қош  болыңыздар, ағайын-туыс бәрің   де,

Қош болыңдар  ,  жасыңыз да,  кәрің  де,

Қараңғылық баста  тұрмас  қашанда,

Бостандықта  кездесеміз   әлі  де...

1-ж:Тағдыр  мені  аямады, қорлады,

Жалынсам да, жыласам да  болмады.

Қараңғы өмір,  бақытым  жоқ,  жоқ  менің ,

Армандаған  ақ  сәулеге  жетпедім , - деп  шер  төккен  Қайратты  Ресейдің   Ивдель  қаласындағы  түрмеге  әкетіп  бара  жатқан  жолда  1988  жылы  13-мамырда  Семей  түрмесіне  әкелінеді.

 2-ж:Асыл  сөздердің, асыл  істің   иесі Қайрат 21  жасқа  қараған шағында, тас  түрменің  21 камерасында,  21-мамыр күні  жолдамалы   қарақшының  құрбаны  болып  кете  барды.

1-ж:Жалғыз  шырылдағанда  жан  дауысы шыққан  тек  Қайрат  қана емес. Жаланың  құрбандары  боп  қаншама  қыршын  жастар кетті  емес пе?  Шаңырақтар  үміт  күткен  жалғыз ұлдан,  арман  етіп  мәпелеген  жалғыз  қыздан  айырылып  қара  жамылып  қалғаны  қаншама?

 2-ж:Жылдар өтті...   Ел  еңсесін  көтерді. Тәуелсіздікке қол  жетті.  Аяулы азаматтарымыз Ләззат, Ербол, Қайрат,  Сібира,  Қайыргелділер  толық  ақталды.

1-ж:Тәуелсіздігіміз  үшін  мерт  болған  батыр  ұл-қыздарын  мақтаныш  тұтқан  халқы  олардың  ерлігін  мәңгілік  қастерлеп  өтуді  парыз  санап,  мектептер  мен  көшелерге,  мәуелі гүлзар  бақтарға  есімдерін  беруде.

2-ж:Қазақстан  Жоғарғы  Сотының  1992  жылдың   21-ақпандағы пленумының    қаулысымен  Қайрат  Рысқұлов  толық   ақталды.

1-ж:1992 жылы  10-қыркүйекте  Мойынқұм  өңіріндегі  Бірлік  ауылында  Желтоқсан   қахарманы Қайрат  Рысқұлбековке  арнап ескерткіш  қойылды.

2ж:Алматы,  Семей   қалаларының  орталық  үлкен   көшелерінің  бірі  Қайрат Рысқұлбеков  атында.

1-ж: Арман орындалды.  Еліміздің  көк  байрағы  Астанамызда  желбіреп  тұр.   Өз ұранымыз  бар.  Енді  Қазақстан  ешкімнің  бодауында  бола  алмайды.  Тәуелсіздігіміз  ұзағынан  болғай!

                   2-ж.Ержүрек  ел  қайтпайтын  от  пен  судан,

Еңбек   етсе  аққан  тер  бетін  жуған.

Небір  дана   ақын мен  батырларды

Халқы  үшін   қахарман  қазақ  туған.

                   «ҚАРАЖОРҒА»   биі  биленеді.

1-ж:Қазақстан  Тәуелсіздікке  қол  жеткізген аз  ғана  уақыт ішінде  дамыған нарықтық  экономикаға  өтіп  үлгерді, өзіндік  даму жолын  таңдап  үлгерді. Елдің  әлеуметтік  саяси-экономикалық  дамудағы табыстары  Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан  Назарбаевтың  есімімен  байланысты. Елбасы  ел  басқаруда  бірден-бір дұрыс  стратегиялық  бағытты  таңдап  ала  білді.

2-ж: Ортаға  Тәуелсіздіктің  таңғажайып  жақтары  туралы  сыр  шерту   үшін  бақытты,  шат-шадыман  ұрпақтарын   шақырамыз.

1-оқушы:             «ЖЕЛТОҚСАН   ҚҰРБАНДАРЫ»  (Мұхтар  Шаханов)

Әр дәуірдің  еркіне  сай  нарқы  өзгерген  алтынның,

Айналайын  алтын  әнім,  жас  өркен  халқымның,

Желтоқсанда шындық  жырын  шырқаймын  деп  шарқ  ұрдың

Желтоқсанда  егеменді  ел  болсам  деп  талпындың.

Кеудеңде  әлі  сызы  жатыр  сол  кездегі  салқынның,

Айналайын,  айналайын  жас  өркені  халқымның,

Ерте  айтылды,  сондықтан  да  келте  айтылды бұл  әнің,

Уақытыіныі  талабына  дөп  келсе  де  ұраның,

Уақытыңның  әділетсіз  соққысынан  құладың.

   2-оқушы:

Бір-біріне  қимайтын  аласаны 

Ынтымағы  сан  ұлттың   жарасады.

Қоғамның  тату  бірлігінде

Қазақстан  елімнің  болашаңы.

  3-о: Биіктей  бер  асқақтап  ,  жомарт  халқым,

Өркендей  түс,  аяқталды  тозақты  күн!

О, тәңірім  бізді  баққа  жолықтыр!

Бүгін  міне,  Тіуелсіздік,  ағайын,

Әр қазақтың жүрегі  боп  соғып  тұр!

    4-о:Уа,  дариға!

Еркіндік  пен  Егемен!

Қадіріңді  түсінбеймін  неге  мен?!

Байтақ  елдің ырысына  айналып,

Бақыт  нұры  себелеп  тұр  төбеден.

    5-о: Жаңа ғана  қазағымның  таңы  атты,

Алу  мақсат  Ел  деп  сауапты.

Әр  отбасы,  әр  қазақ,  әр  адам

Тәуелсіздік   сақтау  үшін жауапты!

1-жүргізуші: Отан!  Отан – адамның  туып  өскен  жері,  туған- туысқандары  менжақын  тұратын  атамекені.  Қазақ  елінде  тұратын  адамдардың  Отаны – Қазақстан  Республикасы. Адамның  жақсы,бақытты  өмір  сүруі  көп  жағдайда  Отанға  деген 

2- жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің  мерейтоцы  құтты  болсын,  ағайын!

1-жүргізуші. «Желтоқсан – Тәуелсіздіктің  ұлы  рухы»  атты  ашық  тәрбие  сағатымыз  аяқталды.








































«Мен және менің болашағым»
Мақсаты: -”Мамандық “ құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.
Міндеттері: - мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту.
- Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.
- Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.
Әл - Фараби
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.

Ойланайық, пікірлесейік
Мамандық дегеніміз не?
Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі

Мамандық дегеніміз не?
Оқушылардың пікірлері сұралады
• - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
• - адамның болашаққа апаратын жолы;
• - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
• - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
• - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
• - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол
• - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.

Әңгімелесу
- Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?
- жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?
- Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар?
- Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
- Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

Жаңа ақпарат
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек

Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек.

Дәйексөз
«Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз»
К. Д. Ушинский

“Мамандық таңдау - жүрек қалауы” бөлімі
1. Бұл бөлімде оқушылар сабаққа қонақ ретінде шақырылып өз өмір тәжірибелерімен бөлісуге, өз мамандықтарының қыр - сырын түсіндіріп бағыт - бағдар беруге келген қонақтардың өз мамандықтары туралы ой - пікірін тыңдайды.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 13 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

Тақырыбы: “Қазақ халқының қол өнері”

Мақсаты: Қазақ халқының мол қолөнер үлгілеремен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой — өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ою түрлері, зергерлік бұйымдар, “ Тайқазан ”, “ Алтын адам ” суреттері. Өнер туралы өнегелі сөздер мен мақал – мәтелдер:

1.Балам өнерлі болсын десең, өнегеңді көрсет.

2.Қолөнер – мол өнер.

3.Өнер талаптан туады.

4.Өнерліден үйрен, өнерсізден жирен. – деген сөздер жазылып ілінеді. Магнитофон, “ Мақал құрастыр ойыны ”.

Тәрбие сағатының жүру барысы:

I. Бөлім

Кіріспе

Бүгінгі тәрбие сағатымыз “ Қазақ халқының қол өнері” деп аталады. “Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық” – деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады.

Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай мақал – мәтелдер “Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық” – деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертенгі күнгі жейтін тамағы ішетін сусыны, рухани байлығы деп бағалаған.

Қазақтың ән өнері, қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы. Осы асыл қазынаны жоғалпай, әрі қарай дамыту біздің болашақ жастарымыздың міндеті.

Ортаға екі жүргізуші шығады.

Екеуі бірігіп: Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу маржан шашайық!

Қонақтарды таң қалдырып,

Өнерді күмбез жасайық!

Ұлттың негізгі тірегі – ана тілі. Ана тілінен айрылған халық ұлт емес. Тіл – киелі дүние. Тілімізден айрылғанымыз ұлттық қасиетімізденайрылғанымыз. Әжелеріміз бесікті тербете отырып өмірлі бол, ақ ботам Бақытты бол, ақ қозым – деп жырлаған.

1. II. Бөлім “Қолөнер – мол өнер”

Қолөнер қолмен жасалатын жұмыс. Халық тұрмысында өру, ою, зергерлік, тігу, тоқу, жону, құрастыру бәрі де халықтың қолөнеріне жатады. Ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа көбірек таралған қолөнерінің бір түрі ою — өрнек. Енді ою – еліне саяхатты тамашалаңыздар.

Ою түрлерін көрсете отырып, ою түрлері туралы оқушылыр орындайтын жұмыстар.

Құс мұрын оюы – ұшқан құстай ерікті, бақытты болыңдар деген тілекті білдіреді.

Омыртқа оюы – бірліктің, ынтымақтың, беріктіліктің белгісі.

Қошқармүйіз — әл – ауқатымыз жақсы, молшылықтамыз деген белгі. Мүйіз оюдың бірнеше түрі болады. Арқар мүйіз, сыңар мүйіз, сынық мүйіз, қос мүйіз.

Құстаңдай оюы – шешендердің, ақындардың үні құстың сайрағанындай құлаққа жағымды, жан жұбатарлық деген тілекпен өнер адамдарының шапандарына кестелеп тігіледі.

Оқушы: Көрші әжей өнерлі!

Барып тұрам күнде мен

Құрмет тұтып шеберді!

Ою — өрнек үйренем.

“Мақал құрастыру” ойыны

Тілі – бізі (Шешеннің тілі – шеберді – бізі.)

Қолы – тоны (Қай біреудің қолөнер қолымен тіккен тоны өнер.)

Жақсы – жаман (Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен.)

1.III. Бөлім “ Алтын балдақ – қол сәні, әшекей, кесте – тон сәні”

Бұл бөлімде зергерлік өнер туралы әңгімелейміз.

Мұғалім: Балалар, өскенде кім боласыңдар оны өздерің таңдайсыңдар, ал мен бүгін тағы бір қазақтың қолөнерімен сендерді қызықтырғым келеді. Ол – зергерлік. Зергерлік ерте заманнан келе жатқан өнер. Зергерлер сән – салтанат бұйымдарын, жүлдеге, сыйға беретін неше түрлі әшекей жасайды.

1 — оқушы: Зергерлік өнердің туындылары жауға айбар, жақынға мақтаныш, аруға – ажар, жігітке – жігер беретін болғандықтан, батырлардың ерлігіне, ақындардың тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне сыйға беретін болған.

2 – оқушы: Зергерлер қолынан неше түрлі әшекей бұйымдар шыққан. Ең көрнектісі де, сымбаттысы да – Сәукеле.

3 – оқушы: Зергерлер білезіктің бірнеше түрін соғып жасаған. Білезік көбінесе жұмыр, төрт қырлы, ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылылатын және жабылатын түрлері болады.

4 – оқушы: Кімге болса жарасатын көркемдік беретін зат, ол – сырға. Сырға әсем де жеңіл жасалады.

5 – оқушы: Ертеде қыз балалар шашына шашбау таққан. Ызған не болмаса кестеден бау жасаған. Оған ұсақ жеңіл күмістер, моншақтар таққан.

6 – оқушы: Зергерлер әйелдер үшін – оймақ, алқа, түйреуіш, қапсырма ерлер үшін – насыбай шақша жасаған. Оны әдемілеп әшекейлеген.

7 – оқушы: Ұлдар атқа мінген кезде зергерлер әдейі ер – тұрман жасаған. Ертұрманды нағашы жұрты жиендеріне сыйға тартқан. Оны ашамай ер деп те атайды.

8 – оқушы: Білесің бе бұл істі

Зергерлікке кім дайын?

Балқытып – ап күмісті

Сапырады су дайын.

9 – оқушы: Демеңдер бұл қалай

Күмісті де илеген

Осы өнерді мұрадай

Зергерлерден үйренем.

Қорытынды

Мұғалім: Міне балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда қазақ халқының өнер түрлерімен таныстық.

Халық өнері тек қана эстетикалық мұрағат емес, ол сонымен қатар халықтың белгелі бір тариха кезеңіндегі таным – түсінігінен, өмір – салтынан, сұлулық туралы ой – талғамынан хабар береді. Есік қаласында табылған “Алтын киімді адам”әлемде теңдесі жоқ қолөнер болып саналады.

600 жыл бұрын әйгілі құймашы Абдуал — Әзілдің қолынан шыққан алып Тайқазан Түркістанға Қожа Ахмет Яссауй мовзалейіне қайтып оралуы – мәдениет пен әдебиет саласындағы үлкен оқиға.

Общая информация

Номер материала: 294537
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 13 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>