Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Қазақстан- бірлік пен татулықтың мекені!"

Тәрбие сағаты "Қазақстан- бірлік пен татулықтың мекені!"

Скачать материал

Тәрбие сағаттың тақырыбы:Қазақстан- бірлік пен татулықтың мекені!

Тәрбие сағаттың мақсаты: 1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін балаларға  жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Тәрбие сағаттың көрнекілігі: Тақырыпқа сай суреттермен безендіру, әр ұлттың киімі, гүлдер.

Жүргізуші: «Бірлік бар жерде бақыт бар»,«Ынтымақ-достық кепілі»

Жаса елім, жаса достық бірлікпен,

Көштен қалма, қалма және тірліктен.

Елім менің – Қазақстан Отаным,

Алға өрле үшінші мың жылдықпен

Тек достықпен, өзгеде ел - халықпен - деп бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде. әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату - тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді.

Бүгінгі біздің балабақша бүлдіршіндері және тәрбиешілері бірге қатысып отырған тәрбие сағатымызда, бүлдіршіндеріміз  шама - шарқына қарай төрт топқа бөлініп, төрт түрлі ұлттың өнерімен, халқымен, салтымен, ұлттық тағамымен, өнерлерін  көрсетпекші. Олай болса бастайық.

Ақ қара деп алдымен,

Елім бөлмес адамды,

Дәстүр, өнер, салтымен

Таңқалдырған ғаламды- дей келе бүгінгі жиналған ұлт өкілдерімен танысып отырайық.

 

Ортаға татар ұлт өкілдерін шақырамыз(жүріп келіп өз орындарына жайғасады)

Ортаға кәріс  ұлт өкілдерін шақырамыз (жүріп келіп өз орындарына жайғасады)

 

Ортаға орыс  ұлт өкілдерін шақырамыз (жүріп келіп өз орындарына жайғасады)

Ортаға қазақ  ұлт өкілдерін шақырамыз (жүріп келіп өз орындарына жайғасады)

(Таныстырып ортаға шақырылған  әр ұлт өздерінің таныстыруларын айтып, ұлттық тағамдарын, өнерлерін көрсетеді)

Жүргізуші:

Республикам менің, Республикам менің, Айбатым!

Көркіңді көрсе-мейірі көздің қанатын!

Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,

Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!

Ортаға Татар ұлт өкілдерін шақырамыз

(6 топөздерінің өнерлерін көрсетеді)

Жүргізуші:

Жер анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.- дей отырып ортаға Кәріс ұлтын шақырамыз.

(5 топ өздерінің өнерлерін көрсетеді)

Жүргізуші:

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан. – ортағаОрыс ұлтын шақырамыз.

(4 топөздерінің өнерлерін көрсетеді)

 

Жүргізуші:

Ортақ бізге бір отан.

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы – деп ортаға Қазақ ұлтын шақырамыз.

(3 топөздерінің өнерлерін көрсетеді)

Жүргізуші:Біздің еліміз ынтымағы жарасқан, бірлігі нығайған үлгілі елдердің біріне айналды. Халық әрқашан бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарған қиындықты бірге бөлісіп, қандай жағдайда да өздерінің бірліктерін көсетіп келеді. Міне бүгінгі мерекелік жиынымыз осының бір дәлелеі десек те болады. Бүгін біз осы төрт ұлт өкілдерінің салт дәстүрлерімен, өнерлерімен таныс болдық.

Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар,

Қазағымның елін, жерін қорғайтын

Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.

Міне, осындай егеменді еліміз,

Кең жазира, ұлан - байтақ еліміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін,

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз -дей келе барлықтарыңызға, тәрбиешілерімізге, бүлдіршіндерімізге рахметімді айтамын. Мерекелік бас қосуды қолдарымызды жүрегімізге қойып  Қазақстан Республикасының мемлекеттік ән ұранымен аяқтайық!

Келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

                     1 мамыр халықтар достығы мерекесіне арналған

Ертеңгілік

 

Хореограф: Нуршаева П.М

 

 

 

 

 

 

Приозерск қ.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Қазақстан- бірлік пен татулықтың мекені!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Психолог в социальной сфере

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 324 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.01.2017 6404
    • DOCX 92.1 кбайт
    • 65 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нуршаева Перизат Маратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нуршаева Перизат Маратовна
    Нуршаева Перизат Маратовна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19947
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой