Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты Қазақстан мәдениеті

Тәрбие сағаты Қазақстан мәдениеті

Скачать материал

ШКО.Көкпекті ауданы. Қарамойыл ауылы

Ю.Гагарин атындағы бастауыш мектебі.

Бастауыш сынып мұғалімі

Зияданова Сара Нурахмановна

 

Тақырыбы:Қазақстан мәдениеті.

Мақсаты:Мәдениет және оның қоғамдағы маңызы,оқушыларға материалдық және рухани мәдениет туралы түсініктерін қалыптастыру.Қазақстан мәдениеті туралы ақпарат беру,әлем мәдениетін таныстыру.

Тәрбиелік:Мәдениеттілікке,патриотизмге тәрбиелеу

Тәрбие сағатының түрі:өнеге сағаты.

Тәрбие сағатыныңкөрнекілігі: сурет,шарлар,видеоролик.

Тәрбие сағатының барысы:

1.Ұйымдастыру.Сәлемдесу.

Сәлеметсіңдерме құрметті оқушылар!

Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыдың тақырыбы –«Әлем мәдениеті».

Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. 
Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. 
Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу.

 

Мәдениет – кеңінен қолданылып, күнделікті тұрмыста жиі айтылып жүрген сөз. Адамзаттың ертеден өмір сүріп келе жатқанындай мәдениет те ертеден келеді. Мәдениет – деген сөз өзінің толық мағынасында адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.

ҚАЗАҚТЫҢ  ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТІ


Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінеді. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса,

 адам баласының шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды.

Материалдық мәдениет - біртұтас адамзаттын мәдениеттің бір бөлігі. Адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект пен оның материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларға айналған және мұның бәрі адам арқылы ғана бола алатын, демек, мәдени мақсатқа сәйкес міндетті және өркениеттік рөлі бар шығармашылық қызметтің нәтижелері. Рухани мәдениетке қарағанда материалдық мәдениет табиғи объектілердің сапалары мен белгілеріне, адам материалдық заттарды, ішетін тамақ және өмір сүру үшін қажетті басқа да жабдыктарды жасағанда негізгі материал немесе шикізат ретінде пайдаланатын заттар түрлері, энергия және ақпаратқа тікелей тәуелді. Материалдық мәдениетке өндірістің әр түрлі құрал-жабдыктары - энергетикалық және шикізат ресурстары, еңбек құралдары, өндіріс технологиясы және адам өмір кешетін ортаның инфроқұрылымы, байланыс және көлік құралдары, тұрмыстык, ойын-сауықтық ғимараттар, пайдаланылатын әр түрлі құралдар жатады. Тұтастай алғанда адам қызметінің нәтижесі болып табылатын материалдық құндылыктардың жиынтығы.

 

 

Көптеген мәдениеттерде, ішімдік және наркотикті қабылдау туралы біршама қатал.
Киім таңдауға да адам ерікті емес. Денені жалаңаштау мүмкіндігінің
Мифологияға келсек, оның жанрына антикалық, библиялық және т.б.
өнер мен әдебиет өзінің ұзақ тарихында мифке, оның қалыптасқан
Қазақ рухани мәдениетін корсететін сәулет үлгілеріне келейік, халықтық мәдениеттің
Шығыстанушы А.Н. Бернштам күмбезді дарбазалы сәулеткерліктен кейін бүкіл Орта
Алайда қазақ хандығының қалалық мәдениетінің одан әрі өркендеуіне сыртқы
Киіз үй тек баспана емес. Ол халықтың өмірлік салт-дәстүрінің
Тұрғын үй адамның өмір салтымен, оның дүниетанымымен, әлемдегі алатын
Натуралдық шаруашылық жағдайында қазақ халқы қолөнер шеберлерін жоғары бағалаған.
Киім киюдің де өзіндік рәсімі болған. Мысалы, жасөспірім қыздар
Жоғарыда келтірілген деректерден көшпелілік шаруашылық-мәдени типінің адамзаттың рухани
1.2. КӨНЕ ҚАЗАҚТЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ. 
Рухани мәдениеттің даму кездерінің қай дәуірін алсақ та, ол
Көшпелі өмір сүру тәртібі отырықшыларға қарағанда мүлде өзгеше түсініктер.
Халықтың күй сазының ішкі сезімдік қуатының күшті болғандығын, бірақ
Қобыз бен домбыра күйлері құдіретті құбылыс. Өмір сүрудің идеясы
Күй ғарыштық үйлесімділік шенберіндегі әсемдікті әлеуметтік үйлесімділік шенберіндегі ізгілік,
Қазақ халқының шешендік дәстүрі мен билік өнерінің диалектикасына келсек
Қазақ халқының тарихы – ауыз әдебиетінде, ауыз-екі аңыздарда, қаһармандық.
Бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің шын мәніндегі жаңа тарихы
Қазақ қоғамындағы қоғамдық философиялық ой тарихын, әдет-ғұрып, салтқа негізделген.
Біз адам, қоғам және олардың арасындағы байланыс мәселелерін тек
көшпелі қоғамдағы саяси-құқықтық өмірді билер негізінен ел мүддесі, ел
қазақ халқы шешендіктердің сирек өнер екенін ежелден –шешендік өнер біздің кейбір филолог ғалымдарымыздың жазып жүргеніндей
Қазақи шешендік өзіндік ерекшеліктері мол өнер. Олардың түп тамырларын,
Таным иесі халық, оның ішінде қазақ халқы да жазу-сызусыз
Отанға, отбасына, ел-жұртына деген сүйіспеншілік, ұрпақ тәрбиесіне, білім-ғылымға, ар
Қазақтағы мемлекеттік құрылым жоғарғы және төменгі (рим патрицийлері мен
Қазақ халқының арғы-бергі тарихына үңілсек есімі ел есінде қалған
Шешендік сөздер ақындық толғауға да ұқсайды, мазмұны жағынан
Билер қоғамдық-әлеуметтік жұмыстарға белсене араласқан әлеуметтік топ

 

 Мәдениет тарихында күні кешеге дейін еуропалықтар Батыс дүниесінің ғана мәдениетін мойындап келді. Оларда мәдениет жасаушы тек еуропалықтар делінген кеудемсоқтық теория белең алды. Бірақ Шығыс өркениетін жасаған мәдени мұралардың ғажайып үлгілері оларды өздерінің менменсіген қисындарынан бас тартуға мәжбүр етті. 
Қазақтың дәстүрлі мәдениеті, құдайға шүкір, ешкімнен кем емес. Мысалы, эпос жанрын алайық. Айтатынымыз да, мақтан ететініміз де – осы эпостарымыз. Кең қарымды, кең құлашты, қазіргіше айтқанда – поэмаларымыз. Әлемде эпос тудырған халықтар саусақпен санарлық. Батысымызда байырғы гректер «Иллиада» мен «Одессеяны» тудырса, Шығысымызда үнділер «Махабхарата» мен «Рамаянаны» тудырған, одан кейін Шығыс Европада «Үлкен Этта», «Кіші Этта», «Каллевала» сияқты құранды эпостар туған. Эпостық жырлары бар елдер осылар ғана. Мүйізі қарағайдай «ұлы орыс» халқының «Игорь жорығы туралы жыры» бар болғаны 8-ақ бет болса, мен қарасөзге айналдырған «Алпамыс батыр» эпосы 800 бетті құрады. Мінеки, эпос деген осы.  

Балалар ендігі кезекте «Қазақтың жеті кереметі» атты бейнебаян тамашалайық.

 «Қазақтың жеті кереметі» (видеоролик)

Қазақтың жеті кереметі.

1. Таңбалы тас суреттер

2. Алтын адам

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/2/24/%D0%90%D0%BB%D1%82%D1%8B%D0%BD_%D0%90%D0%B4%D0%B0%D0%BC.jpeg/220px-%D0%90%D0%BB%D1%82%D1%8B%D0%BD_%D0%90%D0%B4%D0%B0%D0%BC.jpeg

3.Қазақтың киіз үйі

 

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/8/8a/%D0%94%D0%BE%D0%BC%D0%B1%D1%80%D0%B0.jpeg/220px-%D0%94%D0%BE%D0%BC%D0%B1%D1%80%D0%B0.jpeg

4.Домбыра

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/1/1a/%D0%98%D0%B0%D1%81%D1%81%D0%B0%D1%83%D0%B8_%D0%BA%D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%BD%D0%B5%D1%81%D1%96.jpeg/220px-%D0%98%D0%B0%D1%81%D1%81%D0%B0%D1%83%D0%B8_%D0%BA%D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%BD%D0%B5%D1%81%D1%96.jpeg

5.Иассауи кесенесі

6.Маңғыстау жерасты мешіті

 

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/1/19/Astana-baiterek21.jpg/220px-Astana-baiterek21.jpg

7.Астана - Бәйтерек

Таңбалы тас суреттері Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері көрген адамды таң қалдырады. Ертедегі адамдар күнге күйген жылтыр тау жартастарына жануарларды, адамдарды, арбаларды, соғыс көріністерін қашап салды. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады. Қазақстан жартастағы суреттер, петроглифтердің саны және әр алуандағы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі Тамғалы жартастағы таңғажайып суреттерді археологтеріміз әбден зерттеді. Нәтижесінде олар дүниежүзі мәдениетінің қазыналы қорына қосылды. Ол суреттерде ежелгі адамдардың өмірі, көне тайпалардың салт-дәстүрі, діни нанымдары, аңшылық пен соғыс існе байланысты бейнелер бейнеленген. Алматы обылысындағы таңбалы тас суреттері - бүкіл әлемдік мәдени жәдігерлер қатарында.

Мазмұны

1.Алтын Адам

2.Қазақтың киіз үйі

3.Домбыра

4.Ясауи кесенесі

5.Маңғыстау жерасты мешіті

6.Астана - Бәйтерек

7.Таңбалы тас суреттер

1960 жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен. Марқұмға кигізілген бас киімнің, етігінің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ аттың, барыстың, таутекенің, құстардың бейнелері жапсырылған. Олардың саны төрт мыңдай. Есік қорғанынан табылған олжа бүгінде әлемге әйгілі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де негіз болып отыр. Осы күнге дейін сақталып келген Алтын адам да қазақтың жеті кереметіне енді.

Қазақтың киіз үйі

Киіз үй- көптеген ғасырлар бойы Еуразияның ұшы-қиырсыз жазирасын басқарған ежелгі халықтың көшпенді тұрмысы мен өмір салтына мейлінше қолайлы болған баспана түрі. Соңғы қола дәуірінің өзінде-ақ (б.з.д. ІІ мыңжылдық тың соңы - І мыңжылдықтың басы) Еуразия даласында доңғалақ үстіндегі алғашқы жылжымалы тұрғын жайлар пайда бола бастады.Орта ғасырларда платформаларға орнатылған, ондаған жетек малы сүйреткен орасан зор жиналмайтын киіз үй-ордалар кезіп жүрген. Арба үстіндегі тұрғын жай (күйме) - киіз үйлердің осындай салтанатты түрлері Қазақстанда ХҮІІ ғасырға дейін қолданыста болды.

Ендігі сөз қазақ халқының жан сезімі, жан серігі - домбыра туралы. Домбыра - халық даналығы. Ол халқымыздың өмір тәжірибесі мен табиғат, адам, әлем туралы білімдерін, ескі діни наным-сенімдері мен философиялық көзқарасын бейнелеп, оларды атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырды. Домбыра - көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Тарихтың хатқа түспеген талай беттерін паш етіп, халқымыздың тарихнамасына айналады. Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі қос шекті аспаптың қазақ домбырасыме ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында ең көп тараған аспапты бірі болғандығын дәлелдейді. Домбыра дәстүрінің дамуы ХІХ ғасырда шарықтау шыңына жетті. Мәдениетіміздің дәстүрінде көптеген кәсіби күйші-композиторлар қалыптасып, күйшілік дәстүр көптеген мектептерге бөлінді. Бұл күйші-композиторлар өзіндік стильдік ерекшелігімен, қағыс техникасымен, музыкалық тілімен, орындау шеберлігімен оқшауланып, өнерімізде жарқын із қалдырды. Домбыра - әр дәуірде мәдениетімізде дарынды тұлғалардың дүниеге келуіне мүмкүндік туғызды. Сондықтан, домбыра да қазақтың жеті кереметі қатарында.

Ясауи кесенесі

Түркістан - Орта Азия мен Қазақстан халықтарының материалдық және рухани өмірінде маңызды орын алған Шығыстың көне қалаларының бірі. 1500 жылдығын тойлап өткен Түркістан - руханият ордасы, оған ерекше мәртебе беру қажет. Бірақ бүгінгі сөзіміз Қ. А. Иассауи ғимараты туралы. Ахмет Иассауи Оңтүстік Қазақстанның Сайрам (бұрынғы Испиджаб) қаласында 1103 жылы дүниеге келген. Ол алғаш білімді жергілікті дінбасы Арыстан бабтан алады. Өзінің ана тілінен басқа арабша және парсыша сөйлей білген. Қыпшақ, қаңлы, қоңырат және көне түркі тайпалары арасында Ислам дінін уағыздаушы Ахмет Иассауиді рухани басшы санаған халық оны «Әулие ата» атап кеткен. Қожа Ахмет- өз өмірінде ақ өлеңмен жазылған көп хикметтерді дүниеге келтірген пәлсапашыл ақын. Біздің қолымызға жеткен екі жүзден асатын хикметі бар. 63 жасынан бастап, соңғы 12 жылын ол жер астында жатып, күн сәулесін көрмей өткізді. Бүкіл Шығысқа әмірін жүргізген атақты қолбасшы Ақсақ Темір далалықтар мен қалалықтар қосылып пір тұтатын, күніне жүз мәртебе тағызым етіп, мінәжат қылатын Қожа Ахметке зәуілім ескерткіш тұрғызуды қолға алды. Ескерткіш құрылысын Темір қарамағында игі істермен көрінген Мәулен Ұбайдулла Садырға жүктейді. Кесене нақты әрі гармониялық жоспармен салынған. Екі жағы мұнарамен жалғасқан бас портал еңселі арқадан тұрады. Қожа Ахмет Иассауи кешені порталды- күмбезді құрылыс. Оның көлемі 46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына әр түрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. Оның бірінде сопы ақынның мүрдесі жерленген. Орталық бөлмеде қолымен жазылған Құранның көшірмесі, діни кітаптар, шежірелер сақтаулы.Бұл күнде Қожа Ахмет Иассауи ғимараты-шығыс халықтарының тамаша сәулет өнері жұлдыздарының бірі. Жылда 100-150 мыңнан астам адам келіп тамашалайды. Оларды мұнда сұлулық пен ұлылықтың тылсым сырын білуге деген құштарлық сезімдері жетелейді.

Маңғыстау жерасты мешіті

Бекет Ата жер асты мешіті- Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші. Үш - төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлме. Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Пайғамбар жасында дүние салады. Бекет атаның мүрдесі осы жерасты мешітіндегі бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Бұл кенде мешіт басы күні-түні әулие басына зиярат етушілерден бір арылмайды.

«Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Монументтегі барлық дүние - төбесіндегі алтын күн, 97 метрлік биіктігі, және аспан әлемінің үш негізін кейіптейтін үш аймаққа бөлінген ішкі архитектурасы белгілі бір символды білдіреді. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. Әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша Қазақстан астанасында асқақтаған бұл «терек» жаңартулардың сәулеттік символы, тәуелсіз Қазақстан символы ретінде орын алады.Бәйтеректің негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді. Бұл нысан әлемдік сәулет өнерінің жоғары талаптарына толығымен жауап береді. 

Қорытынды:

Оқушылармен сұхбат

 Сұрақ-жауап:

1.     Балалар мәдениет дегеніміз не екен? Сендер оны қалай түсіндіндер?

2.     Мәдениетке қандай мысал келтіре аласындар?

3.     Материалдық мәдениетке нені жатқызуға болады?

4.     Рухани мәдениет пен материалдық мәдениеттің айырмашылығы неде?

5.     Мәдениетті болу үшін не істер едіңдер? Қандай мәдениетті жерлерге барып көріңдер?

6.     Мәдениеттілік адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі.Сендер де сондай болуға тырысыңдар!

Сонымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.Катысқандарыңа рахмет!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ю.А.Гагарин атындағы бастауыш мектеп

 

 

 

Тәрбие сабақ

Тақырып: «Әлем мәдениеті»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып жетекшісі: Зияданова С.Н.

2015-2016жж

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты Қазақстан мәдениеті"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 325 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.02.2016 16938
    • DOCX 110.5 кбайт
    • 332 скачивания
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Зияданова Сара Нурахмановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Зияданова Сара Нурахмановна
    Зияданова Сара Нурахмановна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 44043
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 67 человек из 35 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 44 регионов
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 227 человек из 61 региона

Мини-курс

Феноменология в педагогике: основные концепции и их практическое применение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов

Мини-курс

Литература и культура

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе