Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Тәрбие сағаты "Қазақстан -менің Отаным"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Тәрбие сағаты "Қазақстан -менің Отаным"

библиотека
материалов

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан - менің Отаным
Мақсаты: 
Білімділік:
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; 
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Қазақ хандарының және ұлттар достығын насихаттайтын суреттер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық (өзін-өзі тану пәнімен байланыстыру)
«Шаттық » шеңбер:
Бір шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
      Құт, береке-шаңырақ,
      Орын алған ол төрде.
      Билігім өз қолымда-
      Еркіндігім- Елімнің!   
Мұғалім: Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Мұғалім ; Армысыздар! Қадірлі де ұлағатты ұстаздар.
Қош келіпсіздер бүгінгі тәрбие сағатына.

оқушы : Елімнің атын айтсам- Қазақстан!
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан!
Қойнауы қазынағы толған мекен,
Байлығымды айтсам-Қазақстан!

оқушы : Қазақстан –бабамнан қалған мұра,
Сенбейсіңбе даламнан бар да сұра.
Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған
Батырларым демесем болар күнә.

оқушы : Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрыңдар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Әнұраным, шарықта!
Оны айтуға, жас ұлан, жалықпа.

ӘНҰРАН орындалады.
 
Мұғалім: Сұрақ –жауап

Балалар, «Отан дегеніміз не?»

Оқушылар жауабы жазылған қағаздардан оқып береді.
жауабы: Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отан- ҚР-сы.
жауабы: Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қарат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.
жауабы:   Осы ҚР-ның жас ұланы екенімді мақтан етем. Оның бай тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматыболу үшін білім аламын, еңбек етемін. Кешегі тарих жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін.
жауабы: Отаным менің кең- байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы ешуақытта соғыс тілемейді бейбітшілік үшін күреседі.

Мұғалім: Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын, өлең өрнектерімен өрнектеп терең мағыналы сөз өнері арқылы, өлең-жырымен тәлім-тәрбиесін зор ойлар айта білген.

Қазақтың мақал-мәтелдерінің айтары- өсиет, ұлағат, тәлім, парасат.Мәнерлеп оқу.

1-оқушы: Отан деген- атамекен,

Отан деген- туған жер.
                Отан – деген ана, пана,
                Қазақстан-туған ел.
 2- оқушы:  Отанды біз атамекен,
              Деп аялап атаймыз.
              Өйткені оны мекен еткен.
              Бабамыз бен атамыз.
  3- оқушы:  Отан –деген атамекен,
              Отан деген- туған жер.
            Отан- ана,
             Отан –үлкен
             Қазақстан  -туған ел.             

4 – оқушы:  Отан дейміз –от жаққан жерімізді,
              Отан дейміз- өсірген елімізді.
              Отан дейміз – туған жер, атамекен-
              Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
              Отан дейміз- кең байтақ астананы,
              Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы,
              Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
             Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

ІІ. Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері

- Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.
1-оқушы:
     Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашан да
Биікке іліп қояды.
Туымызға жас туған
Бір қарамай өтпейді.
Сол көк тудың астында
Көгереміз көктейміз.

2-    оқушы: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің, белгісі.

 3-оқушы Өзіңдікі- елің де,
 Өзіңдікі – жерің де.
Өзіңдікі- өзің еккен бақ,
Тәуелсіздік төрінде!
Мұғалім : Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді.
Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай көшбасшымыз бар біздің болашағымыз айқын.
Мұғалім : жылдарға тоқталсақ...
1991 жылы 16 желтоқсан күні біздің еліміз Тәуелсіздігін жариялады. Елбасымыз Н.Ә:Назарбаев Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.

1992 жылы 4 маусымда Президент ҚР-ның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы ҚР-ның заңдарына қол қойды.

Мұғалім: Алтын заңда парасатым, пайымым,
    Алтын Заңда күш-қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың,
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаңа күн.
 
1995 жылы30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымыз қабылданды.

Мұғалім: Қуан халқым, күшіне енді «Тіл заңы»
«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі бағаланар тілменен,
Сол арқылы құлпырады гүл бағы.
Адамды мұратқа жеткізер- ана тілі мен ата дәстүрі. Егеменді Қазақстан елінде ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды.
оқушы:  

Туған тілім
Туған тілім-бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім- анам тілі - өз тілім!
Туған тілім –далам тілі-өз тілім
Туған тілім- өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

оқушы:
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп,
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым.
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
 1993 жылы 15 қарашада ҚР-ның ұлттық ақшасы-теңге айналымға енді.

оқушы: 
Ұшқыш батыр ағаның,
Өнегесін аламын.
Аспан үстін шоламын,
Мен ғарышкер боламын.

1992жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері- Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғаған.

оқушы
Ата-бабам арман еткен,
Егеменді Қазақ жерім.
Қуанышың көптен күткен,
Құтты болсын, дарқан елім.

«Елім менің» Сөзі:Н.Ә.Назарбаевтікі Әні: Б.Тілеухановтікі

«Қазақ хандығына 550жыл» , «Қазақстандағы ұлттар достығы» Абылайхан,Әбілқайыр хан, Жәңгірхан туралы мағлұмат айтылады,презентация көрсетіледі

Мұғалім : 
Хандардың қайталамай қателерін,
«Ұлт бол деген нығайтып қатарларын».
Мағжан мен Мұхтар, Жүсіпбектің,
Ұмытпа ешқашан да баталарын.

Мұғалім: Абылай сынды ақылгөй ханы бар қазақта қара қылды қақ жарған үш кемеңгер билері- Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік сөз үлгілерін тыңдайық.
    оқушы: Төлеген, Мәншүк,
                         Батырлар шыққан. 
                        Қазақстан –Республикам менің!
                        Орманы-пүліс,
                        Бұлағы –күміс.
                       
Қазақстан –Республикам менің!
                        Таулары заңғар,
                         Өзені ырыс,
                       Қазақстан – Республикам менің!           

Қорытынды: Үш бақытым.
Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кеңін.
Ол бар болмаса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым-тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші –Отан деген.
 -Кім мықты? – десе біреу «Отан» дер ем!
    (хормен)
оқушылар : ән «Балалық шақ»



Автор
Дата добавления 31.03.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров93
Номер материала ДВ-571763
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх