Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Тәрбие сағаты "Қазақстан - өрелі істердің көшбасшысы"

Тәрбие сағаты "Қазақстан - өрелі істердің көшбасшысы"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан өрелі істердің көшбасшысы.

Тәрбие сағатының мақсаты:

  1. Оқушыларға Қазақстанды дүниежүзілік аренада өрелі істердің көшбасшысы болып жүргенің көрсету.

  2. Оқушылардың бойында ізденімпаздық пен шығармашылық қасиеттерін дамыту.

  3. Оқушыларды ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, презентация.

Сабақтың түрі: конференция

Сабақтың әдісі: баяндау, ойын

Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру :

Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар және оқушылар.

Бүгінгі сабағымыз сәтті өту үшін шаттық шеңберіне тұрып бір - бірімізге тілек айтайық.

Оқушылар тілек айтады.

Құрметті қонақтар бүгінгі күні біз ізденімпаз, өз ойын жақсы жеткізе алатын болашаққа сеніммен қарайтын ұрпақ тәрбиелеп отырмыз. Осы сөздердің дәлелі ретінде оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізді. Келесі сөз кезегін оқушыларға берейік.


Ән ұранды айту. (1 - 2 - слайд)
Әсет:

- Құрметті делегаттар бүгінгі конференцияның тақырыбы:
«
Қазақстан өрелі істердің көшбасшысы».
Конференцияның ұраны «
Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық Н. Ә. Назарбаев

Сіздер алдын ала конференцияда қандай мәселе көтерілетінін білгендіктен, сіздердің рұқсаттарыңызбен бірден сол мәселелерді қарастыруға көшсек деймін.

Айнабек: Ауылымыздың негізгі жетістіктерін баяндайды. (5 - 10 - слайд)

Мен «Ауылым алтын бесігім» тақырыбына баяндама дайындадым. Ең бірінші ауылымыз Қапай батыр атамыздың атымен аталуы .

Сонымен қатар ауыл кәсіпкерлерінен сұхбат алдым. Кәсіпкерлеріміздің алды болып жүрген Макеш ағамыз 2009 жылы мемлекет тарапынан көмек алып, «Жаңа ел» шаруа қожалығын ашты. Ағамыздың ісі өрге домалап, қазіргі кезде арзан бағаға картоп, арпа, бидай сатады. Кәсіпкердің ойынша мемлекетімізге үлес қосу әр азаматтың парызы.

Ал екінші кәсіпкеріміз мектебіміздің ұстазы Д.Т.Күдеров 2007 жылы «Достар» шаруа қожалығын ашты. Ол кісіге мемлекет тарапынан асыл тұқымды мал асыраған үшін субсидия берілді. Кәсіпкер жұмыс орындарын ашып, демеушілік жасап тұрады.

Ауылымыздың мәдени орталығы мектебіміз жайлы айта кетейін. Мектебіміздің ардагер ұстазы Б.Қ.Жұмабековнаны әңгімеге тарттық. Тәуелсіздік алған жылдары мектебіміз екі тілде білім беріп, орыс сыныптары басым болатын. 2003 жылы 9 жылдық негізгі мектепке ауысты. Қытай Халық Республикасынан қазақ ағайындары көшіп келіп мектепте бала саны көбейе түсті.

Қорытып айтатын болсам бұл Елбасымыздың мынадай бағдарламасының арқасында іске асып отыр.

  1. Жұмыспен қамту 2020.

  2. 1997 жылы Халықтың көші-қоны туралы заңы қабылданды.

259 159 отбасы немесе 952 882 этникалық қазақ (оның ішінде 2014 жылы 3792 отбасы немесе 8247 адам) тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды.

Әсет: Аз ғана жылдардың ішінде Қазақстанды дүниежүзіне танытқан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Еліміздің Тұңғыш Президентінің саясаты әрбір халықтың қымбатты да қасиетті тілі, мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің дамуына бағытталған. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы бүгінгі өмірімізден шынайы көрініс тауып жатқандығына ерекше қуаныштымыз.

Жарма ауданында қандай қуанышты қадамдар болғаның білгіңіз келе ме? Сөз кезегін жас зерттеушіміз Бақытбек Тілекке береміз.

Тілек: Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылының жетістіктері туралы айтады. (11 - 20 - слайд)

«Жармадағы жаңа қадамдар». Мен өз жұмысымда Қалбатау ауылында салынған жаңа ғимараттарды басшылыққа алдым. Себебі, тәуелсіздігімізді алғалы Қазақстан бойынша құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл біздің еліміздің гүлденуінің көрінісі деп айта аламын.

Қорытындылайтын болсам менің баяндамамнан «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының орындалып жатқаның көруге болады. «Даму» орталығының биснес кеңесшісі Аманжолова Гүлнази апайымыздың айтуынша біздің ауданымызда 2193 кәсіпкер жұмыс жүргізуде.

Әсет:

«Маған сондай ұнадың, әсем қала Өскемен,
Кешегіңе қарасам, мұраларың өшпеген.
Бүгініңе қарасам, болашағың өскелең,
Бар тілегім өзіңе: өркендей бер, өс дер ем!» дей келе сөз кезегін Дүйсен Шұғылаға берейік.


Шұғыла: Мен өз облысымыздың еліміздің дамуына үлес қосқан маңызды оқиғалары туралы баяндағым келеді. (21 - 27 - слайд)

  1. 1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 40 жыл ажал отын шашқан полигонның жабылуы, әрісі Қазақстан халқы үшін, берісі Ертістің Семей өңірінің тұрғындары үшін тендесі жоқ қуаныш, үлкен бақыт әкелді. Әлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын жауып және атом қаруынан бас тарта отырып, біз жетекші ядролық державалардан - АҚШ-тан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Франциядан және Қытайдан қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық.

  2. Республикада 130 ұлттың өкілдері, Шығыс Қазақстан облысының өзінде ғана 105 ұлт өкілдері тұрады! Егемен мемлекет құрылысының басынан бастап біздің Ұлт Көшбасшысы ұлтаралық бірлікті, келісім мен тұрақтылықты, экономикалық гүлдену негізінде әлеуметтік бағдарланған күшті демократиялық мемлекет құруды басты міндет етіп қойды. Біздің Елбасымыздың саясатының арқасында Қазақстандағы кез келген ұлттың және конфессия өкілдерінің әрқайсысының дауысы жарқын естіледі.

  3. Өскемен және Семей қалаларында Назарбаев Зияткерлік мектебі «20 Зияткерлік мектеп» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылып, 2009 - 2010 жылдарыдың 13 қыркүйегінен бастап жұмыс істеуде.Мектеп биотехнология және нанотехнологияның  соңғы техникалық жаюдықтарымен жабдықталған. Оқушылардың ғылыми жобалары Ресейде өткен Олхонск конференциясында, халықаралық «Фиджип-Евроталант» (Франция 2013 жыл) байқауында және 2014 жылдың ақпан айында өткен химия пәнінен ғылыми жобалардың республикалық байқауында алтын, күміс және қола медальдармен жоғары бағаланды.

  4. Өскемен қаласының тағы бір мақтанышы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен салынған Халифа Алтай мешіті Көлемі жағынан Қазақстандағы «Хазрет Сұлтан» және «Нұр Астана» мешіттерінен кейін үшінші орынды алады.Жалпы аумағы 1,9 га құрайды.  Мешіт дәстүрлі қазақ орнаменттері мен өрнек элементтерін қолдана отырып, классикалық ислам стилінде салынған, 5 қабаттан тұрады.

  5. Әлемдік және  дәстүрлі діндердің алғашқы төрт съезі  нақ біздің елімізде  өтті.

Қорытындылайтын болсам Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосады деп ойлаймын.

Әсет: Мемлекетіміздің дүниежүзілік аренадағы орны туралы айтылады.. Сөз кезегін Сеитбек Күләшқа берейік.

Күләш: (28 - 36 - слайд) Еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

 Біздің басты жетістігіміз - тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз.

Билік тармақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесін жасаған тарихи маңызды конституциялық және саяси реформалар жүргіздік.

Елдің жаңа елордасы - Астананы салдық. Бұл заманауи қала біздің бойтұмарымыз бен мақтанышымызға айналды. Біз еліміздің мүмкіндігін әлемге көрсету үшін оның әлеуетін пайдалана алдық. Дәл сол себептен де халықаралық қауымдастық  Қазақстанды ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. Егер Астана болмаса, бұл да болмас еді. Мұндай құрмет кез келгеннің еншісіне тие бермейді. Біздің еліміз  кеңестен кейінгі кезеңдегі күллі кеңістікте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ( ЕҚЫҰ-ға) төрағалық еткен, осы Ұйымның Саммитін өткізген және ғаламдық ауқымдағы іс-шара - ЭКСПО-2017-ні өзінде өткізетін бірінші ел екенін  айтсақ та жеткілікті. Әлемдік саясатта біздің еліміз  - талассыз халықаралық беделге ие жауапты да сенімді серіктес.

Біз жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісінде маңызды роль атқарамыз, халықаралық терроризмге, экстремизмге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте әлемдік қауымдастықты қолдаймыз.

Біз өз қауіпсіздігіміз үшін халықаралық үнқатысу алаңы -  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін шақыруға бастамашылық жасадық. Бүгінгі күні АӨСШК халқы 3 млрд-тан асатын 24 елді біріктіреді.

Соңғы 2-3 жылда Қазақстан Республикасы Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымына, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына және Ұжымдық Қауіпсіздік Ұйымына төрағалық етті.

Астана экономикалық форумында біз диалогтың жаңа форматын - G-global-ды ұсындық. Бұл бастаманың мәні - әділетті де қауіпсіз әлемсипатын жасау ісінде күш-жігерді біріктіру.

Біз жаһандық энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге лайықты үлес қосамыз.

Бекіту:

Тарихи жылнама:

Оқушылар тақтаға Еліміздегі айтулы жылдарын атап іледі.

Қорытынды:

«Қапай батыр ауылының гүденуіне қандай үлес қосар едін …» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.

Сеитбек Гүлшаштың өлеңі тыңдалады.

Мұғалім:

Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет.






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 18.12.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров114
Номер материала ДВ-269305
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх