Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тәрбие сағаты: Қазақстан жолы-250: "Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәрбие сағаты: Қазақстан жолы-250: "Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ"

библиотека
материалов

Қазақстан жолы – 2050: "Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"



Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.

Тәрбие сағатының барысы:
Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.
Ой қозғау:
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан.
- ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
- ҚР – ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- 17 қаңтар күні «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады.

Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.

Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек.
1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық)
2. Отағасының антонимі (отанасы)
3. Ата - ана тәрбиелейді? (бала)
4. «…- біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы)
5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын)
6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу)
- Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз.

Қазақстан - 2050 стратегиясының логотипін таныстыру
2050 Стратегиясының жаңа логотипі бірліктің мазмұны. Ол қазақтың ұғымындағы бірлік пен қауымдастық белгісін бейнелейтін әлем аллюзиясының бірігуі мен үндесу идеясын көрсетеді.
Біріншіден, логотиптің негізі болып табылатын шаңырақты біз алдымен елтаңбадан көре аламыз. Шаңырақ өз үйіміздің призмасынан көрінетін аспанның символы. Бізде ортақ аспан, ортақ Отанымыз Қазақстан және ортақ ұлттық идеямыз 2050 Стратегиямыз бар. Шаңырақ сөзі «шаң» - күн деген ұғымнан бастау алады. Сол себепті де болар, ол қазақстандықтарға көпұлтты елдегі бірліктің белгісі ретінде танылады.

2050 Стратегиясының жаңа логотипінен қазақ киіз үйінің керегесін де аңғара аламыз. Керегенің мақсаты киіз үйді біріктіріп ұстап тұру десек, біз алып отырған кереге беглгісінің Стратегия айналасындағы ұлтымыздың ұйысу идеясы болып табылады.
Сонымен қатар, қиылысқан сызықтардан еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің бірлігі, сондай - ақ, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгілердің өзара татулығын байқаймыз. Өйткені, қазақстандықтардың барлығы тізе қосып әрекет қылғанда ғана ұлы белестерді бағындыра алмақ.

Стратегия символының негізі мемлекеттік елтаңба, шаңырақ, кереге, дархан дала көкжиегі, теңіздің шексіздігі, ағайынды жұрттың қол ұстасуы мен ел бірлігі.
Белгінің мазмұны бірлік пен қуатта.
Аталмыш белгі Қазақстан халқына етене таныс және жақын болып келетін дөңгелек шеңбер түріндегі қиылысқан жартылай мөлдір сәулелерден тұрады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік.

Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті.


e - Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба.
Тағы бір жайт - тіл мәселесі. Сондықтан Елбасымыз да тілді дау - дамайдың төркініне емес, даму мен өркендеудің негізіне, ұлттың ұйытқысына айналдыру - баршамыздың парызымыз екендігін бәрімізге де тағы бір мәрте тиянақты ұғындырды деп ойлаймын.
Ақтөбе қаласындағы тұңғыш қазақ гимназиясы қазақ тілін дамытуда ауқымды шаралар өткізе отырып, тіл мәртебесін одан әрі өркендетуге зор міндеттер қойып отыр. Мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналған тіліміздің мәртебесі арта берері анық.
Елбасының әр Жолдауы - толғауы терең қайталанбас дүние. Биылғы Жолдау да Президентіміздің өзіндік стиліне сәйкес көптеген ерекшеліктерімен ел есінде қалады деген сенімдемін.

Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.

Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған.
Әйел адам ең алдымен - ана. Ал ана - отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы – ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық – зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады.

Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.

Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.
Ән: Елім менің.( тыңдалады)
Өлеңдер оқылады. (тіл, тәуелсіздік, отан туралы)
Қорытынды:
- Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады?

«Ойын»
«Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.
Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)
Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!





















Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

 

  • 16 маусым 2014

 

  • 20196

 

  • 0

  • 0

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" (слайдымен)
Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арналған жаңа жолдауымен таныстыру. Жолдауда қойылған мақсаттарды түсіндіру арқылы, өз елі мен жерін мақтаныш етуге, өткен тарихын біле отырып, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, газеттер, слайд - суреттер, кітаптар көрмесі.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, талдау, түсіндіру.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу, қатысымын тексеру.
ә) Оқушылардың назарын сабақ ырғағына аудару.

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт - дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу.
Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 30 елдің қатарына жету бағыт - бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 30 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -
қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді.
«Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы - Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды.

Ардақ:
Елбасымыздың биылғы жолдауында алдымен мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы сөз болды.

Еліміздің 22 жылда айтарлықтай жеткен жетістіктеріміз сараланып, әлем алдындағы беделіміздің асқақтағаны айқындалды. 1997 жылғы жолданған «Қазақстан – 2030» стратегиясының 16 жыл ішінде мақсат міндеттерінің орындалуы қорытындыланды. Ендігі біздің нақты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің аса дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу, деп атап өтті Қазақстан басшысы. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай жұмылған ұлт бар, деді Елбасымыз.

(Әр бағытқа қысқаша тоқталып, таныстырып кетеді)
Ардақ:
Бірінші. Инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейту
Гүлдана:
Екінші. Агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық жолға көшуін қамтамасыз ету
Толғанай:
Үшінші. Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру.
Жанерке:
Төртінші. Инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның, көліктің, энергетиканың қарқынды дамуы.
Айнұр:
Бесінші. Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы.
Әзия:
Алтыншы. Болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер.
Айнұр:
Жетекші. Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру
(Әр бағыт бойынша оқушылар өз ойларымен бөліседі.)
Зарина:
«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!

Айнұр:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Нұрсұлтан:
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу,
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.

Сабақты қорытындылау:
Айнұр - 2: Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз.
Айнұр - 1: Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
Нұрсұлтан: Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Толғанай: Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Ардақ: Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Әзия: Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.







Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер. Тәрбие сағатының барысы: Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын. Ой қозғау: - Біз қандай мемлекетте тұрамыз? - Қазақстан. - ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек? - ҚР – ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек. - Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме? - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. - 17 қаңтар күні «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады. Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек. 1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық) 2. Отағасының антонимі (отанасы) 3. Ата - ана тәрбиелейді? (бала) 4. «…- біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы) 5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын) 6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу) - Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз. Қазақстан - 2050 стратегиясының логотипін таныстыру 2050 Стратегиясының жаңа логотипі бірліктің мазмұны. Ол қазақтың ұғымындағы бірлік пен қауымдастық белгісін бейнелейтін әлем аллюзиясының бірігуі мен үндесу идеясын көрсетеді. Біріншіден, логотиптің негізі болып табылатын шаңырақты біз алдымен елтаңбадан көре аламыз. Шаңырақ өз үйіміздің призмасынан көрінетін аспанның символы. Бізде ортақ аспан, ортақ Отанымыз Қазақстан және ортақ ұлттық идеямыз 2050 Стратегиямыз бар. Шаңырақ сөзі «шаң» - күн деген ұғымнан бастау алады. Сол себепті де болар, ол қазақстандықтарға көпұлтты елдегі бірліктің белгісі ретінде танылады. 2050 Стратегиясының жаңа логотипінен қазақ киіз үйінің керегесін де аңғара аламыз. Керегенің мақсаты киіз үйді біріктіріп ұстап тұру десек, біз алып отырған кереге беглгісінің Стратегия айналасындағы ұлтымыздың ұйысу идеясы болып табылады. Сонымен қатар, қиылысқан сызықтардан еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің бірлігі, сондай - ақ, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгілердің өзара татулығын байқаймыз. Өйткені, қазақстандықтардың барлығы тізе қосып әрекет қылғанда ғана ұлы белестерді бағындыра алмақ. Стратегия символының негізі мемлекеттік елтаңба, шаңырақ, кереге, дархан дала көкжиегі, теңіздің шексіздігі, ағайынды жұрттың қол ұстасуы мен ел бірлігі. Белгінің мазмұны бірлік пен қуатта. Аталмыш белгі Қазақстан халқына етене таныс және жақын болып келетін дөңгелек шеңбер түріндегі қиылысқан жартылай мөлдір сәулелерден тұрады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті. Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пән бойынша білім сапасын арттыру керек. Сол мақсатта Ақтөбе қаласындағы №32 орта мектеп - гимназия мұғалімдері де тынбай еңбектеніп, өз үлестерін қосуда. 2013 - 2014 оқу жылынан бастап, мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру мақсатында экспериментті «e - Learning» электронды оқыту жүйесі енгізілді. e - Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба. Тағы бір жайт - тіл мәселесі. Сондықтан Елбасымыз да тілді дау - дамайдың төркініне емес, даму мен өркендеудің негізіне, ұлттың ұйытқысына айналдыру - баршамыздың парызымыз екендігін бәрімізге де тағы бір мәрте тиянақты ұғындырды деп ойлаймын. Ақтөбе қаласындағы тұңғыш қазақ гимназиясы қазақ тілін дамытуда ауқымды шаралар өткізе отырып, тіл мәртебесін одан әрі өркендетуге зор міндеттер қойып отыр. Мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналған тіліміздің мәртебесі арта берері анық. Елбасының әр Жолдауы - толғауы терең қайталанбас дүние. Биылғы Жолдау да Президентіміздің өзіндік стиліне сәйкес көптеген ерекшеліктерімен ел есінде қалады деген сенімдемін. Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды. Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен - ана. Ал ана - отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы – ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық – зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады. Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз. Ән: Елім менің.( тыңдалады) Өлеңдер оқылады. (тіл, тәуелсіздік, отан туралы) Қорытынды: - Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады? «Ойын» «Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу. Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады) Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!

Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/tarbie/2548-joldau_2014_nazarbaev_2050.html?utm_source=copy
© www.ZHARAR.com







Өтес бастауыш мектебі













Тәрбие сағаты:

Қазақстан жолы – 2050: "Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"





















2014 – 2015 оқу жылы

Автор
Дата добавления 14.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров114
Номер материала ДБ-032378
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх