Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты: "Қазақстан-достықтың киелі мекені"

Тәрбие сағаты: "Қазақстан-достықтың киелі мекені"

Скачать материал

Тақырыбы: «Қазақстан-достықтың киелі мекені»

 

Мақсаты: 1. ҚР-ның көпұлтты, бейбіт, қонақжай ел екенін түсіндіру,   

                       мағлұмат  беру;

                   2. Таным қабілеттерін, ой-өрістерін, тілдік қорларын дамыту;

                   3. Отанын сүюге, халықтар достығының мәнін ұғынуға, достықты,  

                       бейбітшілікті сақтауға тәрбиелеу;

 

Көрнекілігі: 1) достық тақырыбына арналған қабырға газеті;

                       2)нақыл сөздер;

                       3)шаңырақ, гүл, жалаушалар, шарлармен безендіру, көгершіндер,     

                         құстар,себет және жемістер;

                       4) интерактивті тақта, техникалық құралдар

 

Барысы:

І Кіріспе

Мұғалімнің құттықтау сөзі

1-жүргізуші: Төлегенова Айдана

 -Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар

2-жүргізуші: Бекетай Дархан

 -Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейірім м ен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз бақытты балғын шақты балалар

 

ІІ Негізгі бөлім

Әбдіқадырова Сабина:

 -Құрметті ұстаздар мен қонақтар, бүгінігі «Қазақастан-достықтың киелі мекені» атты тәрбие сағатымыз 1-мамыр-Қазақстан Халықтарының бірлігі мерекесіне араналады.

Башарова Зарина:

 -Здравствуйте, уважаемые учителя и гости. Разрешите начать наш праздник, посвящённый «Дружбе народов», котрый отмечается в нашей стране 1-мая.

Алшынбек Ақжол:

 -Әссалам, һорматлиқ меһманлар!

Қазақстанда яркин яшап, әмгәк қилип, билим еливатқан халиқләр достлуғн ипадиси супитидә бизлиң бүгүнги «Халиқләр достлуғи» мавзусида өткүзилидиған очук синип саатимизни башалашқа рухсәти етиңләр.

1-жүргізуші:

 -ҚР-сы алуан ұлтты бауырына қысқан, бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен достықтың, ынтымақтың елі. Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі осының айғағы.

2-жүргізуші:

 -Халқымыздың тынымсыз еңбегінің арқасында ел еңсесі көтеріліп келеді. 1-мамыр-Достық мерекесі. Бұл еңбекшілердің халықтық мейрамы., бүкіл дүние жүзі жұмысшыларының ынтымақ күні. «Достық түбі-береке, береке түбі-мереке» деген халық даналығы біздің елге айтылғандай.

  Омарғали Абдунұр:

«Менің елім-Қазақстан Республикасы»

Бұл-гүлденіп, жайнаған,

Гүлстандар Отаны.

Салт-дәстүрі жарасқан,

Туысқандар Отаны.

Бұл ғажайып мұратты,

Бар ұлттардың Отаны.

«Азия барысын»  құратын,

Алыптардың Отаны.

Сол алыптың тірегі,

Қазағымның жүрегі.

Ынтымағы жарасқан,

Барша ұлттың ұлы елі.

Әбдіқадырова Сабина:

Қазақ жері-қонақжай төрдің жері,

Қазақ елі-қас Сақтай ердің елі.

Толқынында тарихтың қуғын көрген,

Барша ұлтқа құт мекен болған еді.

Зобалаңда  көп шеккен қасіретті,

Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.

Риза көңілмен елге деген,

Арнайды барша халқы ақ тілекті.

Хормен: «Қазақстан-ортақ Отанымыз»

Хор: «Достық» (жалаушаларды желбірете шырқайды)

Би: «Сұлтан» қазақ биі

Орындайтындар: Серік Әлия, Төлен Әйгерім, Совет Мәдина, Шалтикова Асылжан, Бөлегенқызы Нұрай

1-жүргізуші:

 -Жер шары халқының бәрі бейбітшіліктің болғанын қалайды. Бейбітшіліктің белгісі ретінде әр халық әртүрлі құсты бағалайды, қадір тұтады.

Қалжан Бейбарыс:

 -Үнді халықтары үшін бейбітшілік белгісі-тауыс құсы. 1963 жылы Үндістан оны «Ұлттық құсымыз» деп жариялапты. (тауыс құсы суреті)

Серік Әлия:

 -Ал қазақ халқында шынайы тазалық, сұлулық, бақыттың белгісі-аққу. Ерте заманнан қалған аңыз-әңгімелерге қарағанда, бір кездерде қазақтар өздерін аққу құсынан жаралғанбыз деп есептеген дейді екен. Аққу құсының мүсіні қазақ халқының саз аспаптары домбыра мен қобыз құрылысына өте ұқсас. (аққу құсының бейнесі)

Хамит Айсана:

 -Жапондарда ақ тырналар-бейбітшілік белгісі. Олар ақ тырналарды қағаздан жасап, бір-біріне сыйға тартады, яғни бақыт пен жақсылық әрдайым өзіңмен бірге болсын деген ақ ниеттерін білдіреді. Оларда бір аңыз бар: «Кімде-кім қағаздан мың тырна жасаса, сол адамның арманы орындалады, бақытты болады». Жапон қызы сол тырналарды тұңғыш ғарышкер әйел В.Терешковаға арнап жасап, сыйламақшы болады. Бірақ, 250-ін ғана жасайды.Ол қалғандарын жасап үлгере алмады. Хиросимаға тасталған атом бомбасының зардабынан қаза тапты. (тырнаның бейнесі мен бүктеп жасалған түрі)

1-жүргізуші:

 -Міне бұдан атом бомбасы, атом жарылысының адам өмірін  қайғы-қасіретке душар ететін апат екенін көреміз. Мұндай жарылысқа Қазақстандағы Семей полигонын атауға болады. Бұл сол маңды мекен еткен халқымыздың өміріне өлшеусіз зиян келтірді. Сондықтан атом бомбасы жарылмасын, мәңгілік бейбіт өмір болсын!

Төлен Әйгерім:

-Сәбилердің зәресін бұлт алмасын,

Гүл, бәйшешек еш уақытта солмасын.

Ақ көгершін аспанымда қалықтап,

Барлық халық бейбіт күнді қолдасын.

Сәбилердің зәресін бұлт алмасын,

Айна көңіл жүректі кір шалмасын.

Қыран құстар даласына еркелеп,

Аспанымда қалықтаудан талмасын!

Уразбекова Рузана:

-Ал дүние жүзінің көптеген халықтары үшін бейбітшілік белгісі-көгершін.

Ән: «Ақ көгершін» (Көгершіндер)

Орындайтын: Әбдіқадырова Сабина

1-жүргізуші:

 -1-мамыр мерекесі әкелетін жылылық пен үміттер тыныштық пен келісімнің нығаюына ықпал етеді. Сол себепті тату шаңырақ астында осы көктемгі мерекені қарсы алу дәстүрге айналды. Осы күндері ұлтына қарамастан еліміздің барша азаматтары өзін үлкен біртұтас халық ретінде сезінеді.

2-жүргізуші:

 -1-мамыр мерекесі-барлық адамдардың бірігу мерекесі ғана емес, бұл табиғат пен адамның бірігу мерекесі!

Таймағанбет Асылан: «Мамыр тойы, май тойы!»

 -Мамыр тойы, май тойы, көңіл тойы,

Бұлақ тойы, гүл тойы, көктем тойы

Жүр-жүрлейді әжесін алға Қасым,

Былтырғыдан көп өсті биыл бойы.

Бақ әсем бе, жырлаған бұлбұл шат па?

Қанат біткен секілді дүлдүл шаққа.

Мамыр тойы, май тойы, көктем тойы,

Сыймай бара жатқандай гүл құшаққа.

Абсаликова Нұргүл:

 -Гүл басады ана сай, мына сайды,

Күн кеп мейман етеді күміс айды.

Мамырымен майысып дүние гүлдеп

Аталар мен әжелер бір жасайды.

Қыстағыдан малдың да  сүйегі ауыр,

Қырға толған жас төлдің тойы мамыр.

Осы тойды бақыттың бір тойы деп,

Келген сайын құшақтап сүйеді ауыл.

Көктем гүлдеп әлемнің барша алабы,

Жақсы күндер келді деп жар салады.

Қала түгел көшеге шығады да

Әсем тойды әнменен қарсы алады.

Серік Әлия: «Туысқан ел» Ж.Жабаев

 -Енді бүгін қарасам, айналам бақыт, кең жатыр

Бірімен-бірі туысқан, қол ұстасқан ел жатыр.

Қырғыз, қазақ, өзбектер,

Монғол, ұйғыр, дүнгендер,

Армян, тәжік, грузин,

Орыс пенен украин-терезесі тең жатыр.

Алатау, Кавказ ұласып, баурайы бұйрат, кең жатыр

Бақыттың әні асқақтап, құлаққа даусы кеп жатыр.

Би: «Лезгинка»

 Орындайтындар: Уразбекова Рузана, Хамит Айсана

Уразбекова Рузана: «Достық жыры»

 -Мамырдың бірі-достықтың күні

Халықтар үні тұтасқан.

Ұлттардың бәрі, жарасқан жаны

Елімнің бағы-құт ашқан.

Жүздері жарқын, сүйікті халқым

Бұзбайды салтын, достығын.

Аспан мен жерде, өзен мен көлде

Осынау әнге қосты үнін.

Көктемдей көңілі, шадыман өмірі,

Достықтан ғана нәр алған.

Ай менен күн де, жайқалған күн де

Ел бақыты үшін жаралған.

Бөлегенқызы Нұрай:

 -Бірлік күші-сенімі туған елдің,

О, татулық, мен сенің соңыңа ердім.

Тұтастықтың  тұнығы майланбаса,

Ақталғаны төгілген маңдай тердің.

Қазақстан-ордасы қазағымның,

Діңгегі осы дүние-базарымның.

Ынтымағы жарасқан елде тудым,

Не екенін білмедім азабыңның.

Бөтендігі жоқ бізге орысыңның,

Украин, беларус, кәрісіңнің.

Отандасым болғасын барлығы да,

Ішке тартып, өзімсіп қол ұсындым.

Башарова Зарина:

 -О, Отандас, сен де төк шуағыңды,

Арна ыстық сезімді, ән-жырыңды.

Мұңымды да, сырымды да бірге бөліс

Көтер бірге байрағым, ұранымды.

Саған да құт биікке самғағаным,

Көш соңында сенің ол қалмағаның.

Қолдағаның қазақты біле-білсең,

Отанымның бірлігін қолдағаның.

1-жүргізуші:

 -Әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегілер, аңыздар, салт-дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Әр халықтың өз салт-дәстүрі, өз тарихы мен әдебиеті бар. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес-осылардың бәрінің басын біріктіреді.

2-жүргізуші:

 -Ендеше болгар халқының «Ең қасиетті жеміс» ертегісін назарларыңызға ұсынамыз.

Көрініс: «Ең қасиетті жеміс»

Орындайтындар:

Баяндаушы-Әбдіқадырова Сабина

Әке-Омарғали Абдунұр,

Ұлдары-Бекетай Дархан, Таймағанбет Асылан, Алшынбек Ақжол.

Би: «Түрік биі»

Орындайтын: Төлегенова Айдана

Шалтикова Асылжан:

 - Бейбітшілік өмірдің, туы қолда толқыған

Жадыраған көңілдің күші керней ағылған

Майдың жыры, май үні, аралай түс жер шарын

Нұрыңды төк, май күні алқұшаққа ел таңын

Көктем келді, май келді, шақырады тойға елді,

Бізбенен қол ұстасып кел, бірге жүр, жақсы май

Гүл терейік, тысқа шық, көк сағынған досым-ай

Хамит Айсана:

 -Мен көтерсем жалауды, майда бірге көтерген,

Басып үлкен алаңды маймен бірге өтем мен.

Шаттық үнді май жыры, аралайды жер шарын

Көктем балқып май күні аялайды ел таңы

Аспан асты құлпырып жасыл желек жамыла

Таудан бұлақ бұлқынып сырласады майыма

Көгілдір аспан да, көк сеңгір тастар да

Құлпырып жайнайды май гүлін ашқанда

Қымыздық теремін, көп қызық көремін

Апама гүлдерден сәукеле өремін.

1-жүргізуші:

 -Қазақстандағы барлық ұлт түріне, нәсіліне қарамастан теңдей білім алып, ҚР-ның Ата заңы негізінде өздерінің Отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп, ел бірлігінің негізін қалап келеді.

2-жүргізуші:

 -Қазақстан елінің Көк байрағын әлем чемпионатында желбіреткен Ольга Шишигина, Илья Илин, қазақ тілін ана тіліндей жетік меңгерген Қазақстанның халық жазушысы Герольд Бергер, айтыс ақыны Надежда Лужникова, тележүргізуші  Мая Веронскаяларды мақтан тұтамыз.

1-жүргізуші:

 -Сол сияқты біздің мектебімізде де орыс ұлтының өкілі Настась Станиславқызы қызмет етеді және осы елде тұрғандықтан, тіл, дін, мәдениетімізді сыйлайды, қазақша таза сөйлейді. Ендеше сол кісіге сөз кезегін берсек.

1-жүргізуші:

 -Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!-деп Абай атамыз айтқан емес пе?

2-жүргізуші:

 -Өнертанушы, ғалым әл-Фараби-100-ге тарта тіл біліп, әлемге аты шыққан данышпан екенін де  жақсы білеміз.

1-жүргізуші:

 -Түркі тілдес халықтар тілі ұқсас, ендеше мына ұйғыр тіліндегі мақалдардың қазақшасын тауып көрейікші:

1. Ат айлинип оқурини тапиду,

Мусапир айлинип юртини  тапиду.

    Ат айналып, қазығын табар,

    Су айналып, жазығын табар.

2. Ағинә инақ болса-ат тола,

Игичә-сицил инақ болса-аш тола.

    Ағайын тату болса-ас көп,

    Абысын тату болса-ас көп.

3. Адәм адәм билән адәм.

    Адам адаммен адам.

4. Еши пишмасниң қазини оттин чүшмәс.

     Асы піспестің қазаны оттан түспес.

5. Аш игиси билән татлиқ.

     Ас иесімен тәтті, табағымен сәнді.

6. Түркияның Ұраны: «Юртта бериш, дуниада бериш»

       «Жұртта бейбіт, дүниеде бейбіт»

Би: «Өзбек биі»

Орындайтын: Абсаликова Нұргүл

1-жүргізуші:

 -1990 жылы басталған хаплықтардың ұлттық салт-дәстүрлерін қалыптастыру жұмысына байланысты Қазақстанның түкпір-түкпірінде 352 бөлімшелері бар 27 республикалық және аймақтық ұлттық бірлестіктері ашылды.

2-жүргізуші:

 -Олар тек өз мәдениеттерін ғана қалыптастырмай, сүйікті Отандары-Қазақстанның, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тілін, мәдениетін сыйлайды, үйренеді.

1-жүргізуші:

 -Ендеше солардан үзінді көру үшін назарымызды үнтаспаға аударайық.

(бейнетаспадан әр ұлттың өз өнері мен қазақша өнерлерінен және Қазақстанға лебіздерін білдіру сәттерінен үзінді көрсету)

1-жүргізуші:

 -Сабақ барысында елімізде 100-ден аса ұлт тұратынын айттық, олардың есімдерін естідік. Ендеше соларды білгенімізше «Орамал тастамақ» ұлттық ойынымыз түрінде атап көрейікші.

Би: «Чунга-чанга»

 Орындайтындар: Төлегенова Айдана,Абсаликова  Нұргүл, Башарова Зарина, Серік Әлия

Совет Мәдина:

 -Мен қашанда жалғыз өзім жүрмеймін,

Жалғыз жүріп, жалғыз өмір сүрмеймін.

Жер-жердегі достарымды санасам,

Аспандағы жұлдызыңмен бірдеймін.

Бүгінгі емес, ертең келер күн де өзге,

Тұра бермес жалын атып нұр көзде.

Жұбымызды жазбайықшы достарым,

Жалғыз-жалғыз жатамыз ғой бір кезде!

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Орындайтындар: Әбдіқадырова Сәбина (қазақша), Башарова Зарина (орысша), Серік Әлия (ағылшынша)

(шаңырақ уықтарын ұстап шырқайды)

 

ІІІ Қорытынды

1-жүргізуші:

 -Осымен «Қазақстан-достықтың мекені» атты ашық тәрбие сағатымыз шегіне жетті. Бір шаңырақ астында бейбіт, тату-тәтті өмір сүрейік. Отанымызға адал қызмет етіп, гүлдендіруге үлес қосуға әрдайым дайынбыз!

2-жүргізуші:

 -Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет, хош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: "Қазақстан-достықтың киелі мекені""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыковед

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 277 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.12.2015 12359
    • DOCX 68.5 кбайт
    • 253 скачивания
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдикенова Динара Жаксыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абдикенова Динара Жаксыбаевна
    Абдикенова Динара Жаксыбаевна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31103
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 351 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 277 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 886 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

After Effects: продвинутые техники

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе