Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты: "Қазақтың Саттары"

Тәрбие сағаты: "Қазақтың Саттары"

Скачать материал

Саттар Ерубаев атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бекайдарова Шынардың 3»А» сыныбына  өткізген «Қазақтың Саттары » атты ашық тәрбие сағатының

                                     Ж  о  с  п  а  р  ы  :

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақтың Саттары»

Ашық тәрбие сағатының мақсаты: жасындай жарқ еткен қысқа ғұмырында артында өшпес мұра қалдырған, қазақтың біртуар талантты ұлы, мектебімізге есімі берілген Саттар Ерубаев өмірі мен шығармашылығы туралы оқушыларға мағлұмат беру, өнегелі өмірін үлгі ету.

Тәрбиелік: адамгершілікке, ұлтжандылыққа, елін, жерін сүюге, ұлы адамдар өмірін үлгі тұтуға, шығармашылығын дәріптеуге баулу.

Дамытушылық: дүниетанымын, ой-өрістерін, сөйлеу мәдениеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Ашық тәрбие сағатының көрнекілігі: портреттер, суреттер, қанатты сөздер, слайдтар.

Ашық тәрбие сағатының барысы:   Ұйымдастыру кезеңі.

1-жүргізуші:    Халықтың біз көтеріп бар салмағын ,
                          Алдарыңа шығудан тайсалмадым
                          Саттар аға өмірін үлгі тұтқан,
                          Армысыңдар, үлкен-кіші, жайсаңдарым!

2-жүргізуші:  Белгілі боп алыс-жақын елге есімі,
                        Көрінбей кеткен жастай көзге сыны.
                        Торқалы тойы биыл ұлы ағаның,
                        Біреуге аға, біреуге ата, жерлесіміз.

1-жүргізуші:   Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!  Мектебімізге есімі берілген,  жасындай жарқ еткен қысқа ғана ғұмырында жалынды жырлар жазып қалдырған, қазақтың біртуар ұлы  Саттар ағамыздың 100 жылдығына арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!

2-жүргізуші:   Бүгінгі жас қияға самғаймыз ба?
                         Саттар аға дәстүрін жалғаймыз ба?
                         Осы кешті ағаның рухына арнап,
                         Ақын жайлы мағлұмат алмаймыз ба?

1-жүргізуші:   Сонымен Саттар Асқарұлы Ерубаев кім?

1-оқушы:   Саттар  Асқарұлы  Ерубаев 1914 жылы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, «Арыс» совхозының  Ұзынқұдық  жайлауында дүниеге келген.

2-оқушы:  Ол жастайынан білімге құштар болды. Ауыл молдасының көк шыбығына шыдамаған Саттар Түркістандағы бастауыш мектепке қашып кетеді:

3-оқушы:   Сол мектепті бітірген соң, жетіжылдық орыс мектебінде оқып, оны да үздік аяқтады.

4-оқушы:  1930 жылы Ленинградтағы тарих, философия және лингвистика институтына түсіп, 1933 жылы үздік бітіріп шықты.

5-оқушы:   Ол жастығына қарамастан газет редакциясының әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, газет редакторы, музыкалық театрдың директоры болды .

6-оқушы:  Сондай-ақ, Жоғары ауыл шаруашылығы мектебінде философия кафедрасының ұстазы  сияқты лауазымды қызметтер атқарды.

7-оқушы:  1935 жылы Ленинград университетінің аспирантурасына оқуға түседі. Бірақ өкпе ауруына шалдығып, бір-ақ жыл оқиды да Алматыға қайтады.

8-оқушы:   1936-1937 жылдары Қазақстан Педагогикалық Институтында ұстаздық қызмет етеді.

9-оқушы:   1937 жылы, 2-маусымда  есіл ер Алматыдағы «Турксиб» ауруханасында ауыр дерттен көз жұмады.  Ол  кезде Саттар аға небары 23 жаста ғана еді.

10- оқушы:   Сонымен Саттар  аз өмірінде көп еңбек етіп, артына жастық жалынға, шығармашылық шабытқа, өршіл романтикаға толы шығармаларын тастап, әдебиет тарихынан мәдениеті көтеріңкі жазушы ретінде сүбелі орын алды.

11-оқушы:  Аз ғана өмірінде соңына мол мұра қалдырып, жарық жұлдыздай ағып өткен Саттар Ерубаевты туған халқы әрқашан ардақ тұтып, қадірлейтіні сөзсіз.

Көрініс:  «Руым қазақ».

2-жүргізуші:  Бұл  Саттардың досы Зейін Шашкинмен Көкшетауға бара жатқан жолда болған әңгіме еді.

Зейін:   Саттар, қарашы, Көкшетаудың табиғатына көз тоймайды ғой, шіркін!

Саттар:  Ата, тоқтаңызшы. Көкшенің сұлу табиғатын біраз тамашалап,  көз сүйсіндірейік!

Ат айдаушы шал:  Жарайды, балам.

Саттар:

       ...Бір қыз бар Маралдыда Қорлығайын
          Табиғат берген екен күн мен айын.
          Мұратқа іздеген жан бәрі жетпес,
          Дариға, арманым көп не ғылайын?

                      Ахау, арман?
                      Құсни-Қорлан,
                      Екеуі туған екен бір анадан!

 Зейін:  Түу, Саттар, дауысың  да, әнің де қандай керемет!

Саттар:  Көкшенің табиғатын қойсайшы! Жансарайыңды ашып, еріксіз ән салдырады ғой, шіркін!

Ат айдаушы шал:  Шырағым, әнің менің де көкейіме қонды. Қай рудансың, сүйегің кім балам?

Саттар:   Руым қазақ, ата.

Зейін:   Ата, Саттар руға бөлінгенді жек көреді.

Шал:   Руын жасырған құл деуші еді... О несі-ай, тәйірі!

Саттар:   Әрине, құлға рудың керегі не? Құлға қазақ болған да жетеді. Руды байларға бердік.

1-жүргізуші:  Иә,  шынында да руға, жүзге бөлінгенді Саттар ағаның жаны сүймейтін. Оның жүрегі бір ғана қазақ деп соғатын.



12-оқушы:

      
Маза бермей  жайлар ойлар санамды.
       Бір мені емес толғандырды ғаламды.
       Маңдайына сыймай кеткен қазақтың
       Әкетті ажал тым жасынан балаңды.

13-оқушы:

           Бар еді әлі, ақын шығар белестер,
           Аяқталмай қалды артында көп істер.
          Төбесінен ағып түскен жұлдыздай,
           Қиялыңның сағымындай елестер,

   2-жүргізуші:   Саттар аға жырларынан шашу.

                    «Достық жыры» өлеңінен үзінділер

14-оқушы:

    Мен білмеймін шекарасын
    Солтүстік  пен түстіктің.
    Мен білмеймін шекарасын
    Жолдастық пен достықтың.

     Сен шөлдесең ішетұғын
     Достық суы қаным бар.
    Жүрегімде сен деп соғар
    Бір өзгеше тамыр бар.

    Сол тамырдың соғуымен
    Жырлар жырлап берейін.
    Сол тамырдың соғуымен
    Өмірді өлшеп көрейін.

15-оқушы: 

         Сен істейсің, ерінбейсің,
         Ойланасың жүресің.
         Кездескенде қиыншылық
         Тек жымиып күлесің.

         Табысқа тағы мастанбайсың,
         Қауырт кетіп жүрмейсің,
         Қандай іске болса-дағы
         Даярлықсыз кірмейсің.
         Сасып қалу, шорқақтықты
         Еш уақытта білмейсің. 

1-жүргізуші: «Көктем туралы» өлеңдерінен үзінділер.

16-оқушы:
             Мысалы бізді адам ғып,
             Өлтірмеген Отаным.
             Отанның атақ, құрметі,
             Құрметім, менің  атағым.          

             Сондықтан да Отанға
             Өзіміз деп қараймыз.
             Өзімізден Отанды
             Артығырақ санаймыз.

            Сондықтан да Отанды
            Тіптен ыстық сүйеміз
            Отан үшін өлеміз,
            Тас басып, отқа күйеміз.

17-оқушы:

              Сүюдің ең үлкені
              Отанды сүю деген ем,
              Өлеңдерде бірталай.
              Сенің-дағы сүюің
              Үлкен екен қалқатай.

             Өлеңіме Отаным
             Жоспар сызып береді.
             Араласып көктеммен
             Лирика да келеді

              Көктемгі ауа бөлменің
              Көлеміне сыймай тұр
              Көктемгі күлкі қуаныш
              Өлеңіме сыймай тұр.

2-жүргізуші:  «Ақынның анты» өлеңінен үзінділер.

18-оқушы:               Өрлей ұшқан дәуірім!
                                  Мен жас ақын боламын,
                                  Сен жүктеген міндетті
                                  Қуанышпен аламын.

                                  Ант беремін алдыңда
                                  Орындалад дегенім.
                                  Күндей күлген өлеңнен
                                  Меруерт тізіп беремін

.19-оқушы:      Отанды құшқан бақыттан
                          Өлеңдер жазып беремін.
                          Осы айтқан антыма
                          Орындалад дегенім.

                          Керек қылсаң алдыңа
                          Мылтық болад қаламым.
                          Денемнен тесіп оқ өтсін,
                          Тілінсін тасқа табаным.
                          Сонда да мен өлімге
                           Қуанышпен барамын.

1-жүргізуші:  «Мәңгілік өмір туралы жыр» өлеңінен үзінділер.

20-оқушы:

Өмір деген тұңғиықтың түбінде мен жүр едім,
Өлім деген суық сөздің тілінде мен жүр едім
Өмір деген өксігімді баса алмастан жүр едім,
Бір жабыққан көңілімді аша алмастан жүр едім.

21-оқушы:

Күнде күліп ататұғын, ақ сәулелі алтын таң,
Бұлбұлының үніменен мені былай жыр қылған:
Арқаның ардагері, ақын, Жырау,
Алдында қазылған ор, қалың шырмау.
Өмірге екі туып, екі келмей,
Арманда есіл ерім кетесің-ау.

22-оқушы:

Менің қаным миллионның тамырында ағады,
Бір жүрегім миллионның жүрегі боп соғады.
Менің бақытым, қуанышым бүкіл елдік болады,
Мен жасасқан жаңа өмір жайнап өсед, жанады.

23-оқушы:

Ендеше мен мәңгі жасап, өшпеймін де, өлмеймін,
Еш уақытта жоғалмаймын, тозбаймын да, сөнбеймін.

2-жүргізуші:   Саттар аға «Менің құрдастарым» атты үлкен романын жазып бітіруге бар күшін жұмсады. Бірақ мезгілсіз жеткен сұм ажал  оны арманына жеткізбей арамыздан жұлып кетті.

1-жүргізуші:  Ия, Саттар аға өзі жырлағандай арманда кеткен есіл ер.  Ал, оның соңында қалған бай мұрасын  төкпей-шашпай ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу сіз бен біздің міндетіміз!

Көрініс:  «Арманының ақ желкені асқақтап»

Автор: 1925-жылы Түркістандағы алғаш қазақ бастауыш мектебін бітірген бір топ бала мектеп бітіру қуанышының құрметіне Қожа Ахмет Яссауи күмбезінің биігіне шығуды ұйғарды. Сол кездегі Әбді Тұрсынбаев пен Саттардың арасында болған әңгіме.
Әбді:  Қожа Ахмет Яссауи әулиенің күмбезіне шығып, сыйынып көрелікші, мүмкін сол кісінің қасиетімен үлкен ғалым болып шығармыз.
Саттар: Қожа Ахмет Яссауи әулие болмаған. Ол оқымысты, ғалым адам болған.
Әбді:  Өй, сен оны қайдан білесің?
Саттар:Кітаптағы тарихтан білем.
Әбді:   Оу, «бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс»  дегендей, пошымың мен тұрысың мынау. Сонша үлкен білімді қайдан таптың?
Саттар:  Көкем Ташкент кітапханасынан кітап әкеп берген, содан оқыдым. Қожа Ахмет Яссауи Сайрамда туылған. Кейін үлкен ғұлама болған соң, Түркістанға келіп, ақындық дәурен сүрген. Бұл мешітті сол кісінің құрметіне Ақсақ Темір салдырған.

Әбді: Мейлі, әйтеуір сол адамның әруағы қолдап ғалым болсақ екен.

Саттар:  . Адам әруақ қолдағаннан ғалым болмайды.  Ғалым болу үшін кітапты көп оқу керек.
Әбді:  Құртақандай болып сен бізге ақыл үйретіп тұрмысың?
Саттар:  Кешір. Сөз тура келген соң айтқаным ғой.
Автор:  Бұл Саттардың  кішіпейілдігінің, әдептілігінің, білімділігінің  бір көрінісі ғана.

 2-жүргізуші:   Кезекті Саттар аға туралы жазған Шынар апайымыздың шығармаларына берейік.

 Ән:  «Саттар аға»  (Автор: Шынар Бекайдарова)

Қысқа болды ғұмырың қамшы сабындай,
Елестейді нұр бейнең бұлдыр сағымдай.
Қалай ғана сұм ажал ерте үзді екен,
Берері көп халқына дара дарынды-ай!    2рет.

Тау суындай мөлдір ед тұнық көңілің,
Үлгі болар ұрпаққа өткен өмірің.
Бай мұраңды өшірмес қазағың барда
Халқыңменен мәңгілік  жасар өмірің.  2 рет.

Саттар аға дара ең, ортаңда ерек,
Қазағым деп соғатын бұлқынған жүрек.
Өнегелі өмірің ұмытылмайды
Жарқырайды  жұлдызың ,
Бұл—біздің тілек!  2рет.

24-оқушы:  Өмірге ғашық болған аға,
                     Қоржыны жырға толған аға,
                     Жиырма үш жаста небәрі
                     Өмір гүлі солған аға.

25-оқушы:   Өмірі өнеге Саттар аға,
                      Жастарды алға бастар аға,
                      Жас та болса көш бастаған
                      Талай игі бастамада.

26-оқушы:   Бойына дарын жинаған
                      Халқына мұра сыйлаған
                      Қайран қазақ Саттары
                      Маңдайына сыймаған.

27-оқушы:     Жырдан меруерт тағынған,
                       Сөзінен маржан ағылған.
                       Әлі өзіңді жоқтайды,
                       Елі-жұртың сағынған.

28-оқушы:

Өмірді жырлаудан бір тоқтамадың
Сырқат деген сұмдық  дауыл соқса-дағы.
Сұм ажал суырып ап арамыздан,
Тым ерте айтылды әттең, жоқтау әнің.

29-оқушы:

Қазақ болды жырға қосып жақтағаның,
Руларға бөлінгенді жақтамадың.
Осындай қасиетіңді үлгі тұтып,
Саттар аға есіміңмен мақтанамын.

30-оқушы:

Дақ түсірмей, кірлетпей сақтап арың,
Кішіліктен әріге  аттамадың
Саттар салған сара жолды бағыт етіп,        
Сеніммен болашаққа аттанамын.

Ән:  «Мектеп әнұраны»  (сөзі: Бекайдарова Шынар)

Жиырма үш жаста жалындап өткен,
Ерубаевтың атында мектеп.
Сол мектеп берген оқу-біліммен
Қарыштап алға, өсеміз көктеп.

         Қайырмасы:

            Саттар аға жолымен,
            Саттар аға жырымен,
            Қанат қағып биік самғаймыз!
            Саттар аға көксеген,
            Саттар аға жетпеген,
            Армандарды біздер жалғаймыз!

Болашағымыз елдің егемен,
Көк туы биік желмен желбірер.
Қазақтың рухы асқақтау үшін
Саттар ағадай терім төгер ем.

          Қайырмасы:

2-жүргізуші:    Жиырма үш жыл ғұмыр кешіп, аттанған,
                           Маржан жырдан ләззат алып, шаттанған.
                           Тұңғыш қазақ фантаст ақыны – Саттар деп,
                           Тағзым етіп бүгінгі ұрпақ мақтанған.

                  

1-жүргізуші:     Саттарсыз күнің өтіп бара жатқанын,
                            Ұғынса деймін бүгінгі мына жастарың.
                            Бірақ әлі шығарына сенемін
                            Жолын қуған ізбасары Саттардың.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: "Қазақтың Саттары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 788 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2016 6125
    • DOCX 28 кбайт
    • 76 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекайдарова Шынар Білісбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 13069
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой