Инфоурок Музыка Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Ғажайып әуен"

Тәрбие сағаты "Ғажайып әуен"

Скачать материал

                                             Тәрбие сағаты

 

Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып әуен»

Сабақтың түрі: Шығармашылық дәріс концерт

Мақсаты: 1.Қазақтың ұлттық аспаптық музыкасын дәріптеу

2.Ата-бабамыздан бері келе жатқан ғажайып әуен сарынын құрметтеу,дәріптеу және дамыту.

Сабақтың жүрісі:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

3Қобыздың құдіретін танытқан Қорқыт.

4. Күй атасы Құрманғазы

5. « Ғажайып әуен» тақырыпты ашу

 

Сабақ Құрманғазының Адай күйімен басталады

Кіріспе сөз оқытушы :Музыка әсем дыбыстар тілімен сөйлейтін сезімге құрылған өнер. Ол түрлі жанрларға, ұлттық –тарихи түрлі музыкалық тілдерге бөлінеді.Ырғақ пен әуенде әрқашан өмір шындығы болады.Онда адамдардың қайраты мен көркемдігі,ерлігі мен байсалдылығы,сонымен бірге адамдардың мінез-құлықтары да бейнеленеді,- деген ұлы Аристотель

Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына ұшы-қиыры жоқ мол мұра.Біз музыка аясында өмір сүреміз.Музыка біздің өмірлік серігіміз, музыканы үлкен талғаммен,сауатты түрде талдап тыңдай білу керек. Адамды рухани рахаттандыратын жанын жадыратып,сезімін,ойын қозғайтын шынайы көркем шығармаларды тыңдап, үйрену үлкен өнер.

 

2.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары (слайд арқылы көрсетіледі )

 

Қорқыт-қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші. Ол VIII-IХ ғасырда ғұмыр кешкен, алдағы күнді болжаған көріпкел және шебер күйші болған.Қорқыт жасынан өте ұғымтал құйма құлақ болып өседі.Алайда ол оған қанағаттанбай адам мен жануардың үнін табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін бір аспап жасағысы келеді.Он ойланып жүз толғанады.Бір күні шаршап отырып көзі ілініп кетеді,түс көреді.Түсіне періште енеді.Қорқыт ,жасап жатқан қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен.Енді оған нар түйенің терісінен жасалған шанақ,ортекенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың құйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса аспабың сайрағалы тұр,-деп аян береді.Қорқыт ояна сала осы айтылғанның бәрін жасайды.

Қарағайдың түбінен,қайырып алған қобызым.

Үйеңкінің түбінен,үйіріп алған қобызым,

Аққайыңның безінен,айырып алған қобызым

Қара еменді тік жарып,ойып алған қобызым.

Ортекенің мүйізін,тиек қылған қобызым.

Желмаяның терісін,шанақ қылған қобызым.

Қылқұйрығын тұлпардың,қияқ қылған қобызым.

Ақ түйенің сүтіне шылап алған қобызым

Қарағайды қоздатып,бұлап алған қобызым

Қияқ салып сынайын,ойлағаным болмаса қайырып жерге ұрайын!-деп

Қобызды қолына алған кезде қобыз сарнап қоя беріпті.

Осы кезде

оқытушы қылқобызда Ықыластың Ерден күйін орындап күйдің тарихын таныстырып өтті.

 

Күй атасы Құрманғазы

Екі ішектің бірін қатты бірін сәл-пәл кем бұра.

Қазақ нағыз қазақ емес,нағыз қазақ домбыра,-деп Қ.Мырзалиев айтқандай дей келе күй атасы Құрманғазыға келеміз.

Құрманғазы( 1818-1889)

Күй атасы Құрманғазының біздің өмірімізде алатын орны ерекше.Құрманғазының күйлерінен қазақ жерінің тіршілік тынысын,шексіз кең даланың еркін ескен желінің сырлы үнін желмен жарыса ұшқан тұлпардың шабысын сезініп,халқымыздың күш-қуатының сырын ұғынамыз.Оның «Сарыарқа, Балбырауын, Серпер, Адай»күйлері музыка мәдениетіміздің символына айналып,қазақ халқының Отан деген ұғымымен тұтасып кетті.Әлеуметтік теңсіздікпен күресу Құрманғазы творчествосының негізгі өзегі болып табылады.Ол қазақ ауылындағы таптық қайшылықтардың жігін ерте ажыратып, халқының арман тілегі мен мұң-мұқтажын өз күйлерінде терең толғады.Бұл үшін қудалауға ұшырап қуғын-сүргінде өмір сүрді.Құрманғазы күйлеріне бай –өрнек саз,кербез нақыш,жігерлі қуат,борандатқан екпін тән.Құрманғазы күйлеріндегі тағы бір ерекшелік композитор күйдің шарықтау шегі,яғни кіші саға мен үлкен сағаның дамып, жазыла түсуінің арқасында домбыра диапазонын өне-бойында ауытқымай сақтап отырады.Оның «Сарыарқа,Алатау,Бұлбұлдың құрғыры» күйлері туған жер мен табиғат сұлулығын бейнелесе «Төремұрат,Адай,Лаушкен,Кішкентай» күйлері адам образдарын суреттейтін арнау шығармалар,ал «Ақжелең,Байжұма,Балбырауын,Терісқақпай» күйлері қазақ музыкасында қалыптасқан дәстүрлі  жанрлардың негізінде шығарылған.Сонымен қатар «Қайран шешем,Қызыл қайың,Кісен ашқан»тәрізді күйшінің өз өміріндегі оқиғаларға байланысты шығарылған күйлері композитор творчествосында елеулі орын алады.

Құрманғазы творчествосы халқымыздың  домбырашылық дәстүрінің дамуының шыңы болып табылады.Құрманғазы қазақ музыкасының классигі.Оның мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа,шәкірттен-шәкіртке

беріліп барша халықтың игілігіне айналып отыр. ( осы орайда

Құрманғазы күйлеріненОқытушы мен оқушы күй сайысты )

Ал енді құрметті көрермен қауым!

Қара қобыз,күрең шанақ домбыра.

Бұдан асқан асыл мұра болды ма?

Сырлы ішектер айдан анық шындықты

Айтсын десең құлағын сен оң бұра.

Ән,күй,жыр,сыр-болса осылар шын арың

Қобызбенен ,Домбырадан сұрағын!

Ақиқатын айтар олар бүкпестен,

Жаңылмасын келтіріп ал құлағын-деп осы біздің екі аспабымызда орындалатын музыкалық шығармаларды,күйлерді, әсем сазды «Ғажайып әуен»  деп атай аламын.

Қорытынды: Осы «Ғажайып әуен»әлемінде Қанат қағып келе жатқан шәкірттерімнің орындауында бірнеше күйді тыңдаңыздар.Соңынан бірнеше оқушыға Ізденімпаз ,дарынды, өнегелі, үлгілі деген  Номинация беремін.

 

Сабақты өткізген: А.Байқыдыров атындағы саз мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:.Сыдықова Какима Закарьяновна

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Ғажайып әуен""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 928 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.11.2015 5394
    • DOCX 454.8 кбайт
    • 94 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сыдыкова Надия Закарьяновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сыдыкова Надия Закарьяновна
    Сыдыкова Надия Закарьяновна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 55005
    • Всего материалов: 36

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Музыковедение

Музыковед

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания музыкально-теоретических дисциплин в дополнительном образовании

Преподаватель музыкально-теоретических дисциплин

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 305 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания по классу фортепиано: начальный уровень подготовки (практический курс)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 225 человек

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 306 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе