Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Презентации / Тәрбие сағаты: Бастауыш мектеппен қоштасу

Тәрбие сағаты: Бастауыш мектеппен қоштасу


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

 2013-2014 оқу жылы Жалпы білім беретін Шипов орта мектебі Тасқала ауданы
Мектебім- білім берер алтын ұям
Алғашқы ұстаз (Алтын Захаровнаға арнаймын)   Мектепке алғаш келгенде, Қарсы а...
Ұстазым (Сүйікті ұстазым Салима Ханатовнаға арнаймын) Сарқылмайтын қазынам,...
Біздің сынып Біздің сынып әдепті, Бәріне көмек береді. Біздің сынып әрқашан...
Менің ұстаздарым  Фатима апай күлімдеп, Жаныңды баурап алады. Оның әрбір сөз...
Хайруллина Назерке – аудандық «Арайлап атсын әр таңым» шығармашылық байқауы,...
Жұмағалиева Ақерке – Аудандық 3 сынып оқушыларына арналған «Жас дарын» ғылыми...
Салиқатова Шалқыма – «Ақ бота-2012» интеллектуалдық марафоны, ІІ-орын Избанов...
Медресова Нұрайна – «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты аудандық «Гүлдер...
Медресова Нұрайна - Аудандық «Intel-Logic -2013» логикондар, логикалық есепте...
Медресова Нұрайна – І орын    Хайруллина Назерке – ІІІ орын
Кіріспе сөз: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда...
Сіздердің алдарыңызда тұрған сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала...
Данагүл: Бала шаққа болашақты жырлатып Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты. Күн...
Шалқыма: Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастар...
Аяжан: Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық, Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. С...
Шалқыма: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға...
Ділназ: Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны, Айқара есік ашып тастағаны. Бір м...
Камила: Төрт жыл бойы оқыған,  Ойға білім тоқыған  Құрметті біздің балалар,  ...
Шалқыма: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқан...
Нұргүл: Жарық күннен жылы жүзің елестер, Құлағымда өзің берген кеңестер. Жан...
Аяжан: Нұр құйған санасына зейіндінің. Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің. Дары...
Ұстаздарға арнау: Бізге білім беріп жағдайымызды жақсартуға жан салып жүрген...
Назерке:Өз аузына қаратқан, Сергей ағайды ұғамыз. Денемізді шынықтырып, Сәл е...
Шалқыма: Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз, Бір мектептің ұлы менен қызымыз....
Данагүл: Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, б...
Нұрайна: Ой жіберсең бәріне , Дүниетану пәніне. Өмір сырын үйретер, Пәннің жа...
Данагүл: Ыстық- ау кім- кімге де әке деген, Суыққа шалындырмай, мәпелеген. Өм...
Шалқыма: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де, Шә...
1 из 42

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1  2013-2014 оқу жылы Жалпы білім беретін Шипов орта мектебі Тасқала ауданы
Описание слайда:

2013-2014 оқу жылы Жалпы білім беретін Шипов орта мектебі Тасқала ауданы

№ слайда 2
Описание слайда:

№ слайда 3 Мектебім- білім берер алтын ұям
Описание слайда:

Мектебім- білім берер алтын ұям

№ слайда 4
Описание слайда:

№ слайда 5
Описание слайда:

№ слайда 6
Описание слайда:

№ слайда 7
Описание слайда:

№ слайда 8
Описание слайда:

№ слайда 9
Описание слайда:

№ слайда 10
Описание слайда:

№ слайда 11
Описание слайда:

№ слайда 12
Описание слайда:

№ слайда 13
Описание слайда:

№ слайда 14 Алғашқы ұстаз (Алтын Захаровнаға арнаймын)   Мектепке алғаш келгенде, Қарсы а
Описание слайда:

Алғашқы ұстаз (Алтын Захаровнаға арнаймын)   Мектепке алғаш келгенде, Қарсы алдың ұстазым. Білім беріп жан-жақты, Ақылымды ұштадың.     Алтын апай мейірбан, Ол суреттен береді, Алтын апай да біздерге Көп нәрсені үйретті. Оқушыңыз Шалқыма  

№ слайда 15 Ұстазым (Сүйікті ұстазым Салима Ханатовнаға арнаймын) Сарқылмайтын қазынам,
Описание слайда:

Ұстазым (Сүйікті ұстазым Салима Ханатовнаға арнаймын) Сарқылмайтын қазынам, Байлығым өзің ұстазым. Мен құрметтеп өзіңді Ата-анамдай сыйлаймын. Әрбір айтқан сөзіңді Мықтап ойға сақтаймын. Ұятқа өзіңді қалдырмай, Сеніміңді ақтаймын.   Салима апай ардақты Білім берді жан-жақты. Ренжітуге болмайды, Біздің мұндай апайды.   Анамдай болдың ұстазым, Көп нәрсені үйреттің. Ренжітпес үшін өзіңді Кілең беске оқимын. Оқушыңыз Шалқыма. Ұстазым бар ардақты. Салима Ханатовна атты. Сыйлаймын мен оны, Жақсы оқимын сабақты. Оқушыңыз Данагүл

№ слайда 16 Біздің сынып Біздің сынып әдепті, Бәріне көмек береді. Біздің сынып әрқашан
Описание слайда:

Біздің сынып Біздің сынып әдепті, Бәріне көмек береді. Біздің сынып әрқашан Жетістікке жетеді. Біздің сынып қашан да, Үнемі алда жүреді, Мұғалімдер барлығы Бізді мақтан етеді. Избанова Данагүл.   Тәуелсіздік Егеменді еліміз, Байтақ біздің жеріміз. Тәуелсіздік төрінде, Шаттыққа толы жүзіміз. Бізге бейбіт өмірді Сыйлады батыр ағалар. Қайрат, Ербол ағамыз, Ләззат, Сабира апамыз, Біздің мақтанышымыз.

№ слайда 17 Менің ұстаздарым  Фатима апай күлімдеп, Жаныңды баурап алады. Оның әрбір сөз
Описание слайда:

Менің ұстаздарым  Фатима апай күлімдеп, Жаныңды баурап алады. Оның әрбір сөздері Жылытады жүректі.   Ләззат апай әдемі Музыкадан береді. Түрлі әндер айтқызып, Көтереді көңілді.   Қарлығаш апай мейірімді, Орыс тілін үйретер. Үйренген сайын біздерге Сүйсініп қарап күлімдер. Лаура апай әдемі Ағылшыннан береді. Ондай апай біздерде Көп кездесе бермейді.   Ұстаздарым ардақты Үлгі тұтам сіздерді. Басымды иіп әрдайым Алғысымды жолдаймын.   Салиқатова Шалқыма

№ слайда 18 Хайруллина Назерке – аудандық «Арайлап атсын әр таңым» шығармашылық байқауы,
Описание слайда:

Хайруллина Назерке – аудандық «Арайлап атсын әр таңым» шығармашылық байқауы, І- орын Салиқатова Шалқыма - аудандық «Бірлігіміз жарасқан хахалықпыз» шығармалар байқауы ІІІ-орын

№ слайда 19 Жұмағалиева Ақерке – Аудандық 3 сынып оқушыларына арналған «Жас дарын» ғылыми
Описание слайда:

Жұмағалиева Ақерке – Аудандық 3 сынып оқушыларына арналған «Жас дарын» ғылыми жарысында ІІ-орын

№ слайда 20 Салиқатова Шалқыма – «Ақ бота-2012» интеллектуалдық марафоны, ІІ-орын Избанов
Описание слайда:

Салиқатова Шалқыма – «Ақ бота-2012» интеллектуалдық марафоны, ІІ-орын Избанова Данагүл – «Кенгуру-математика для всех» -2013 байқауына белсене қатысқаны үшін сертификат

№ слайда 21 Медресова Нұрайна – «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты аудандық «Гүлдер
Описание слайда:

Медресова Нұрайна – «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты аудандық «Гүлдер әлемі» фестивалінде «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі» номинациясы бойынша ІІІ-орын Меңдіханова Ақерке – ҮІІ аудандық «Жас эрудит» байқауында «Алтын қол» номинациясы «Қыран» тобы - аудандық «Арайлап атсын әр таңым» шығармашылық байқауында «Үздік қолөнер шеберлігі» номинациясы

№ слайда 22 Медресова Нұрайна - Аудандық «Intel-Logic -2013» логикондар, логикалық есепте
Описание слайда:

Медресова Нұрайна - Аудандық «Intel-Logic -2013» логикондар, логикалық есептер, софизмдер шешу Интеллектуалды турнирінде жүлделі І орын   Салиқатова Шалқыма – Аудандық «Intel-junior-I-2014» олимпиадасында жүлделі ІІІ орын

№ слайда 23 Медресова Нұрайна – І орын    Хайруллина Назерке – ІІІ орын
Описание слайда:

Медресова Нұрайна – І орын    Хайруллина Назерке – ІІІ орын

№ слайда 24 Кіріспе сөз: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда
Описание слайда:

Кіріспе сөз: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда. Мал озбас біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош бол, бастауыш сыныбым!» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!  Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.  Осы қуанышты да қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Бесіктегі баланың, Күлгенін көрген – бір мұрат. Алдына түсіп ананың. Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық! Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да Мұндай күй болған сірә қаншаңызда Қол соғып, қошеметтеп шақырайық Бастауыш түлектерін ортамызға!  Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

№ слайда 25 Сіздердің алдарыңызда тұрған сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала
Описание слайда:

Сіздердің алдарыңызда тұрған сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп етек жиған шәкірт. Бұл күнге жайдан жай жете салмағанымызды ескерсек мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап Әліппемен қоштасу, дәстүрлі наурыз тойлары, аналар мерекесіне арналған ән шашулар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталатыны сөзсіз. Мектепшілік сайыстар, өз өнерлерін шыңдау бала жанына әсерін тигізбей қоймасы анық. Осы жағдайда менің ұстанған бағытым тек кітаби білім беріп қана қоймай еліміздің келешек тізгінін ұстай алатын сегіз қырлы, бір сырлы ұрпақтарды тәрбиелеу болды. Ол жағдайға бүгін толық жетпесе де ертең жететініне сенемін. Сондықтан алдымнан ұшқалы тұрған шәкірттеріме бірінші байлық-денсаулық демекші денсаулықтарың мықты болсын, ақылды, білімді ел билейтін ұл, қыз болыңдар! Ата-аналар! Балаларыңыздың бастауыш білім басқышынан жоғары сыныпқа өткені құтты болсын! Балалар бәрімізге қуаныш, бақыт әкелсін!  

№ слайда 26 Данагүл: Бала шаққа болашақты жырлатып Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты. Күн
Описание слайда:

Данагүл: Бала шаққа болашақты жырлатып Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты. Күн нұрындай сәуле құйған көңілге Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.     Нұрайна: Армысыздар, аталар мен аналар, Ұрпағымыз күнде өзіңнен бата алар. Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп, Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.   Шалқыма: Армысыздар, өр тұлғалы әкелер Қыран құстай балапанын мәпелер. Бүгін міне, бастауышпен қоштасады Азамат боп кешегі сәби еркелер.   Назерке: Армысың сен, алтын ұя мектебім, Саған айтар жыр алғысым көп менің. Жүректерге жаққан білім шырағын Мектебіме арналады бұл әнім.

№ слайда 27 Шалқыма: Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастар
Описание слайда:

Шалқыма: Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық   Данагүл: Мектеп деген білім кені , жыр кені, Мектеп деген ғылымның ең үлкені. Мектеп деген тәрбиеші адамға. Мектеп деген даналардың мекені.   Нұрайна: Мектебім- білім берер алтын ұям. Ер жетіп сенде сөзім, артты санам. Баулыған 4 жыл бойы ата- анамдай. Әрқашан қасиетті атың маған. Арада өтсе дағы дүркіреп жыл , Әр күні балалықтай бір жүрек бұл. Өзіңе борыштармын өмір бойы Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.   Ділназ: Армысың сен алтын ұя мектебім, Саған айтар жыр алғысым көп менің. Жүректерге жаққан білім шырағын, Мақтан етем сені мәңгі мектебім.   Назерке: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі, Алтын ұя, ақ босаға киелі. Қанат қаққан білім алып өзіңнен, Күллі шәкірт саған басын иеді.

№ слайда 28 Аяжан: Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық, Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. С
Описание слайда:

Аяжан: Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық, Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. Сүйкімді сенің күміс қоңырауың, Тұрады құлағымда сыңғыр қағып. Нұргүл: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам, Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам. Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек. Тамырланып , сан тарапқа тараған.   Камила: Мектебім- сүйікті мектебім, Бауырыңда түлеймін , көктеймін. Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан, Өзіңнен нәр алып көктедім.   Айкөркем: Мектеп – кеме , білім – теңіз, Барар жерге тез жетеміз. Төрт жыл алған білім нәрін , Азық етіп ер жетеміз.   Ән : «Анадай асыл мектебім»

№ слайда 29 Шалқыма: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға
Описание слайда:

Шалқыма: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.   Данагүл: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.   Нұрайна: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз- анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.   Назерке: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !   Ділназ: Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз. Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз. Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде, Қайталап атымызды сұрасқанбыз.   Елдос: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік, Ақылға келе алмадық ерте көніп. Бойымыз бірте- бірте үйренісіп. Мектептің ережесін үйрендік кеп.     Айкөркем: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым, «А»әрпін алғаш сенен бастадым. Ұстазым естен кетпес мәңгілікке, Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

№ слайда 30 Ділназ: Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны, Айқара есік ашып тастағаны. Бір м
Описание слайда:

Ділназ: Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны, Айқара есік ашып тастағаны. Бір мереке думан боп осы маңда Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.   Аяжан: Қош келдің деп балдырған, Күліп шыққан алдымнан Шексіз сеніп ата-ана Балаларын қалдырған.   Нұргүл: Есімде ерен ұстазым, Басымнан сипап өткенің. Аянбай бізге қыс-жазы, Молынан мейір төккенің.   Елдос: Маған ұстаз үйретті Әліппесін өмірдің Жан жүйемді билетті, Күйі шалқып көңілді. Хормен: Ұлағат ісін сүйемін Ұстазға басымды иемін.

№ слайда 31 Камила: Төрт жыл бойы оқыған,  Ойға білім тоқыған  Құрметті біздің балалар,  
Описание слайда:

Камила: Төрт жыл бойы оқыған,  Ойға білім тоқыған  Құрметті біздің балалар,  Орындалды ойымыз  Құтты болсын тойымыз!   Нұрайна: Әлі есімде отырғаным партаға,  Таңданып кеп үңілгенім тақтаға  Жайдары, ашық сондағы  Түзу отыр деп қаққаны арқаға   Ахмед: Ақылшым, асыл ұстазым, Жолымды айқын нұсқадың Қасыма кеп қанша сен, Қамқор боп қалам ұстадың. Айкөркем: Ұсынғаны адалдық, Үйреткені адамдық Бар ұстазға тілейміз, Бақыт, табыс, амандық! Қазақ биі. «Дау-ди-дау»

№ слайда 32 Шалқыма: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқан
Описание слайда:

Шалқыма: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің?   Назерке: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» – деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.   Нұрайна: Дұрыс айтасың ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.   Данагүл: Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!   Ділназ: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді, Бар асылын бізге жиып , мол береді. Қанатымен су себелеп асыл жан, Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.   Елдос: Тек үйреттің әділдікті , адалдықты, Жирендік , ажыраттық жамандықты. Жалғастырар ақ жолың сенің салған, Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

№ слайда 33 Нұргүл: Жарық күннен жылы жүзің елестер, Құлағымда өзің берген кеңестер. Жан
Описание слайда:

Нұргүл: Жарық күннен жылы жүзің елестер, Құлағымда өзің берген кеңестер. Жанарымда алыс тартқан қара жол, Көз жұмсам да көре тұғын белестер.   Нұрайна: Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай , Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай? Мейірлене қарап қойып біздерге, Күн астынан сабақ беріп тұрғандай   Шалқыма: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,, Басталған ақ батаңнан жас талабым. Ұғындым ұлылықтың, даналықтың, Ұстаздың ұлағатынан басталарын. Ахмед: Мұғалім ұстазысың балалардың, Болашақ ғалымдардың , даналардың . Өмірде сенің алар орыныңа , Бірі де жеткізе алмас бағалардың.   Назерке: Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған, Шықпаушы едік бір елі айналаңнан. Мейірің бе , ұстаздық жүрегің бе? Жан дүниесін баланың жаулап алған.

№ слайда 34 Аяжан: Нұр құйған санасына зейіндінің. Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің. Дары
Описание слайда:

Аяжан: Нұр құйған санасына зейіндінің. Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің. Дарыттың адамдықты шәкіртіңе, Дамыттың дарын отын бейімдінің.   Камила: Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың, Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын. Сағына әркез суреттерді парақтап. Шәкірттерін жиі еске алатын.   Айкөркем: Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан , Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман. Жатталады жан жүректе есіміңіз, Адамның аяулы үні сияқтанған.   Данагүл: Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз, Бейнеңіз жүректерде сақталады. Біз әлі биіктерден көрінеміз, Үміт пен сеніміңіз ақталады . Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден, Мың алғысмына отты жүректерден!   Ән: «Алғашқы ұстаз» Күй. «Келіншек»

№ слайда 35 Ұстаздарға арнау: Бізге білім беріп жағдайымызды жақсартуға жан салып жүрген
Описание слайда:

Ұстаздарға арнау: Бізге білім беріп жағдайымызды жақсартуға жан салып жүрген ұстаздар қаншама десеңізші! Сол ізгі ниетті ардақты жандарға арналған лебізімізді білдіруге рұқсат етіңіздер!   Шалқыма: Өз есімі жүректерде жатталған   Салима апай талай жерде мақталған .  Тілін тауып, көңілін тауып бәрінің,  Бастауыштың 11 баласын басқарған  Данагүл: Баулыған әрбір өнерді, Ләззат апай өнерлі. Әсем әннің шебері, Әрбір сөзі мәнерлі. Қызықтырып ән-күйге, Бізді үйретіп келеді. Нұрайна: Орыс тілін құрметтеп, Сүйеміз шын жүректен. Мұғалім анамыздай, Қарлығаш апайға мың алғыс, Көңілдерге гүл еккен.

№ слайда 36 Назерке:Өз аузына қаратқан, Сергей ағайды ұғамыз. Денемізді шынықтырып, Сәл е
Описание слайда:

Назерке:Өз аузына қаратқан, Сергей ағайды ұғамыз. Денемізді шынықтырып, Сәл есейіп шығармыз.   Ділназ: Кемшілікті кезінде, Кесіп айтар өзіңе. Өнеге мол сөзіңде, Өсиет көп сөзіңде. Көп шәкірттің досындай, Алтын апай осындай.   Аяжан: Баулыған әрбір сабағын, Фатима апай білімді. Қызықтырып біздерді, Бізге білім береді. Нұргүл: Үйренеміз жалықпай, Ағылшын тілін шарықтай. Тіл сындырып,ән айтып, Шаттанамыз қалықтай, Лаура апай тәлімі Сәулелісін шашқан жарықтай.  Көрініс: «Адалдық»

№ слайда 37 Шалқыма: Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз, Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Описание слайда:

Шалқыма: Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз, Бір мектептің ұлы менен қызымыз. Бірдей өстік оқуда да еңбекте, Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.   Данагүл: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма? Бастауышта айтылмаған сыр бар ма? Бастауышта алған білім, жырларым, Азық болар , мәңгі талай жылдарға.   Ділназ: Бастауышым- бал бұлағым , Алдым сеннен балдың дәмін. Әріп танып, білім алып Рахметімді жаудырамын.   Назерке: Бастауышым- балбұлағым Лаулап жанған шам шырағым. Өзің берген біліміңмен, Самғап ұшар тау қыраның.   Нұрайна: Өтті сенде қызық шағым, Бастауышым- бал бұлағым. Қоштасар күн жетті міне, Қимастықпен қол бұлғаймын.  Ән: Біздің сынып осындай

№ слайда 38 Данагүл: Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, б
Описание слайда:

Данагүл: Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика,дүниетану, орыс тілі,пәндерін зер салып оқып үйрендік.   Камила: Анашымдай сыр шерткен, Ақыл- білім үйреткен. Ана тілін оқыдық , Ерекше зор құрметпен. Ана тілін сүйеміз, Құрметпен бас иеміз. Ана тілмен қоштасамыз, Әдебиетпен достасамыз.   Ахмед: Ойланып есеп шығартып, Төрт таңбаны білдірген. Ғылымдардың патшасы, Математика данасы   Шалқыма: Қазақ тілі пәнінен, Білім алды балалар. Сөйлемді, сөз таптарын, Етістіктің шақтарын, Жалғаулар мен жұрнақтар. Ережесін жаттадым. 5-шіге барған соң, Ақжүніс апай бағалар.  

№ слайда 39 Нұрайна: Ой жіберсең бәріне , Дүниетану пәніне. Өмір сырын үйретер, Пәннің жа
Описание слайда:

Нұрайна: Ой жіберсең бәріне , Дүниетану пәніне. Өмір сырын үйретер, Пәннің жақсы бірі де. Жер байлығы көп екен, Игеруді қалайды. Осының бәрін білдірген , Дүниетану сабағы.   Күй: «Арман» Көрініс: «Жалқаугүл»   Назерке: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

№ слайда 40 Данагүл: Ыстық- ау кім- кімге де әке деген, Суыққа шалындырмай, мәпелеген. Өм
Описание слайда:

Данагүл: Ыстық- ау кім- кімге де әке деген, Суыққа шалындырмай, мәпелеген. Өмірдің соқпағымен өрге тартып, Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.   Нұрайна: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген, Аумайсың жарығы мол ашық күннен. Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін. Ақылды балаларың оны білген.   Шалқыма: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!  Данагүл: Иә, дұрыс айтасың Шалқыма. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?   Ділназ: Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың, Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың. Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың, Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!   Аяжан: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын, Болармын күні ертең- ақ мақтанышың. Білім алып, тер төгем , еңбек етем, Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!  Би: «Ұйғыр биі»  

№ слайда 41 Шалқыма: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де, Шә
Описание слайда:

Шалқыма: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де, Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін, Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз!   Би: Өзбек биі Күлкілі көріністер. Ұстаз тілегі: Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне, Сенімдердің айналыңдар серперіне. Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін, Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе. Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен, Аластайтын жаныңды күз көңілден. Мен сендерге мәңгілік тілекшімін, Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.  

№ слайда 42
Описание слайда:


Автор
Дата добавления 25.12.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Презентации
Просмотров272
Номер материала ДВ-288426
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх