Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тәрбие сағаты "Бастауыш-балбұлақ" (4 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәрбие сағаты "Бастауыш-балбұлақ" (4 класс)

библиотека
материалов

Ақшұқыр мектеп-лицейі









Бастауышым-балбұлағым




























Дайындаған : Бекешова Қалдыгүл











Тақырыбы: Бастауышым-балбұлағым

Мақсаты:Білімнің сара жолы мектептен басталатынын ,білімнің кең дүниеде,өмірге есік ашатынын сезіндіру.білімге деген құштарлығын арттыру,оқуға,білімді болуға шақыру. Мектепті яғни білім ордасын,ұстаздарын құрметтеп,еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының,Отанының адал ұлы болуға жетелеу,білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып,сәт сапар тілеу.

Барысы:

1-жүргізуші:

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға

Қош келіпсіз ұстаздар,ата-аналар

Бастауышпен қоштасу тойымызға

2-жүргізуші:

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын

Ғылым сырын түсіндім мақтанамын

Осы сырды үйреткен төртінші сыныбым

Түстей болып міне бүгін артта қалды.

1- жүргізуші:

-Құрметті көрермен қауым,ата-аналар мен ұстаздар 4 ж сыныбының бастауышпен қоштасуына арналған мерекелік шарасына қош келдіңіздер!

2- жүргізуші:

Толқимыз,толқып тұрсыз баршаңызда

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып қошметтеп шақырайық

4 –ж сыныбын ортамызға

1- жүргізуші:

4-ж сыныбын және ұстазы Бекешова Қалдыгүл апайды ортаға шақырамыз

2- жүргізуші:

Жайсаң мінез жайдарлы

Сабырлы олар байсалды

Гүлназ бен Ақмерейдей қыздарымыз

Тәртіп пен инабаттан жаралғандай

1- жүргізуші:

Елгезек,білім алудан жалықпаған

Білімді ,өнегелі жалын жастар

Бекзат,Өнербай,Айбек,Нұртілектей ұлдарымыз

Қай жерде де намыстарын қорғаған

2-жүргізуші

Бар көмегін достарынан аямаған

Жұмсағанда қандай істе де аянбаған

Дарын ,Елтай,Тілеуқабыл,Батыржандай

Жақсылыққа жандары жақын келген

1- жүргізуші:

Білім іздеген оқушылар бар сыныбымызда

Ақылды да ,тентек те болатын ұлдарымызда

Айтбек,Айдынбек,Нұрасыл ,Ержан ,Нұрдаулеттей

Жақсылыққа жақын жандары да

2- жүргізуші:

-Құрметті көрермен қауым сіздерді салтанатты мерекеміздің жүрісімен таныстырып өтейін.Мерекелік шарамыз 4-бөлімнен тұрады.

1-бөлім: Өмір нәрін сыйлаған

Ата-анама мың алғыс

1- жүргізуші:

2-бөлім: «Білім нәрін сыйлаған

Ұстазыма шын алғыс»

2- жүргізуші:

3-бөлім: «Бірге ойнап,бірге күлген

Достарыма не жетер»

1- жүргізуші:

4 бөлім: «Тәрбие мен білімді қатар менгерткен

Бастауышыма не тең келер»деген тақырып бойынша жүреді.

2- жүргізуші:

-Ал енді 1 бөліміміз тақырыбында айтылғандай ата-аналарға арналмақ

1-оқушы

Ата-ана деген үйретуші қамқорың

Оларға да қуанышты күн бүгін

Бүлдіршіндерін өсіп,толып жетіліп,

Бастауышпен қоштасқалы тұр бүгін

2-оқушы

Ұмытпаймын еркелеткен күндеріңді

Ұмытпаймын әрқашан күлгеніңді

Әкешім аман-есен жүре берші

Қалаймын ұзақ өмір сүргеніңді

3-оқушы

Ардақты ана,аяулы ана қымбаттым

Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың

Ақ сүтіңмен өн бойына нәр бердің

Бір өзіңе қарыздармын жан анашым

4-оқушы:

Қарайсыңдар нұрға толы көздеріңмен

Демейсіңдер мейірімді сөздеріңмен

Әрдайым еркелетіп жүресіңдер

Жан анашым аман-есен жүріңдерші

1- жүргізуші:

-Кезекті ата-аналармен біріккен «Шар ұстау»ойынына береміз.

2- жүргізуші:

Ойын шарты: ата-ана ауа толтырған шарды ұстап,жарып ішіндегі сұрақтарға жауап беру.

1- жүргізуші:

«Өмір нәрін сыйлаған

Ата-анама мың алғыс» бөлімін аяқтай келе бас иіп ата-аналарға тағзым етеміз.Және сіздердің құрметтеріңізге ән: Ана туралы ән

2- жүргізуші:

Кезек 2–інші бөлімде.Бұл бөлім білім нәрімен сусындатқан ұстаздарға арналады.

5-оқушы

Ұстаздар тапжылмайтын еңбеккерлер

Жемісті жерге екпеген ,елге еккендер

Азамат ұрпақтарын тәрбиелеп

Зердесін болашақтың зерлеткендер

6-оқушы

Қияға өрмелетер білім деген

Мәдениет пен тәрбиені нық менгерткен

Білімді ,оңайбай ағайдай басшымыз бар.

Сан түлекті ұшырысқан бұл ұядан

1- жүргізуші:

-Құттықтау сөз кезегін мектебіміздің басшысы Абдирахманов Оңайбай ағайға береміз

7-оқушы

Қанаттыны талаптыға жалғайтын

Жанарыңда сезіледі қаншама ой

Бар жігерін мектеп үшін арнайтын

Барлық басшы Заря апайдай болса ғой

2- жүргізуші:

Ендігі құттықтау сөз бастауыш мектептің оқу ісінің менгерушісі: Заря апайымызға беріледі.

8-оқушы:

Тәрбиелеу жұмысында талмайтын

Балаларға беретін көп әдебі

Жаны сұлу, тазалықты қалайтын

Гүлжамалдай апайдың өзгеше ғой сөз мәнері

1- жүргізуші:

Келесі құттықтау сөз кезегі бастауыш мектептің тәрбие жөніндегі меңгерушісі Гүлжамал апайымызға беріледі.

9-оқушы

Өз әдетім,өз ғұрпымды сақтадым,

Ілімін де ілдім басқа жаттадым

Егіз тілім-орыс тілін және де,

Жаттап өсіп сенімдерін ақтадым

Орыс тілін құйған біздің санаға

Апайым бар Аманбибідей бір дара

Рахмет айтып сол апайға әрдайым

Құрметтейік барлығымыз қол соға (қол шапалақтау)


10-оқушы:

Алғашқы ұстаз,ерекше тұлға дара шың

Ұмытылмайтын көңілде мәңгі қалатын

Сарғайып кеткен суреттерді парақтап

Шәкірттерін үнемі еске алатын

11-оқушы:

Күлімдеп түсіндірген әр сабағын

Жүрегіне шәкірттің жол табатын

Қалдыгүл апай,алғысымыз шексіз сізге

Мақтаулы ұстазсыз бұл саланың

2- жүргізуші:

Ал шәкірт,не тілейсің ұстазыңа,ұяңа

Самғап білім іздейсің де биіктерден қиядан

Сағынсаңдар келіп тұрың іні –сіңлің оқитын

Білім алған ортаңа,алтын ұяңа.

1- жүргізуші

Кезек жеке оқушылардың өз сынып жетекшілеріне арнау өлеңдеріне беріледі.

2- жүргізуші

-Барлық мұғалім қауымы өздеріңе деген үлкен құрметпен келесі әнді сіздер үшін тарту етеміз

Ән: Ұстазым әні

2- жүргізуші

Кезек 3-бөлім: «Бірге ойнап,бірге күлген

Достарыма не жетсін»бөлімінде

12-оқушы

Дос жайында көп ақындар жырлаған

Дос туралы көп әңгіме тыңдаған

Шын достықтың мәртебесі жоғары

Екендігін мойындаған бұл ғалам

13-оқушы

Досым да көп сыныбымда

Саналы да білімді

Әрқайсысы бір-бір төбе

Мақтанатын,жырлайтын

1- жүргізуші

Ән: «Достарым»

2- жүргізуші

-Мерекелік шарамыздың соңғы бөлімі «Тәрбие мен білімді қатар меңгерткен,бастауышыма не тең келер »бөліміне кезек берсек:

14-оқушы

Бастауыш білім алғасын

Бесінші сыныпқа аяқ басып

Орта буын мектепке

Кеткелі тұрмыз жалғасып

15-оқушы

Мектеп –әнім,заңғар көкке самғаған

Ел дәстүрін сақтаудан да танбаған

Біз болашақ,ел ертеңі жастармыз

Алға қойып,сан арманға бастаған.

16-оқушы

Бастауыш қой білімнің кәусар бұлағы

Жанындағы біз боламыз құрағы

Бастауыштан басталады бар пәннің,

Ең негізгі бастамасы,сынағы.

17-оқушы

Мектебім мәңгі бапкерім

Қарызбыз саған бәріміз.

Өзіңе деген парызды

Ақтаймыз талай әлі біз

1- жүргізуші

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе,

Біздерді ойлап көңілің жүдедеі ме?

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін

Сіздерге арнап айтатын тілегін де

2- жүргізуші

-Құттықтау сөз кезегі Қалдыгүл апайға беріледі.

1-жүргізуші:

Келесі әніміз мектебімізге арналады. Ән: Мектебім менің

2- жүргізуші

Мектебім алтын ұям,нұрың жарық

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сылдыр қағып

1- жүргізуші

Қағылды міне әуенге бөлеп,

Қағылды соңғы қоңырау

Қалайша төрт жыл тез өтіп кеткен

Шыңдық па осы япыр-ай.

2-жүргізуші

-достарым ,4 жыл бойы естіп келген бастауыш мектебіміздің қоңырау үнін соңғы рет бірге естиікші.

(Қоңырау соғылады)

Хор : «Қоңырау»???

1- жүргізуші

-Құрметті ата-аналар,ұстаздар,сыңғырлаған соңғы қоңырау үнімен бізде «Бастауышым-балбұлақ »атты мерекелік шарамызды аяқтаймыз

2- жүргізуші

-Уақыт бөліп келіп тыңдағанындарыңыз үшін сіздерге мың алғыс.Сау болыңыздар!!!!


C:\Users\admin\Documents\20140521_131647.jpg C:\Users\admin\Documents\20140521_131647.jpg

Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров149
Номер материала ДВ-390245
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх