Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Тәрбие сағаты " Бастауышым - балбұлағым"

Тәрбие сағаты " Бастауышым - балбұлағым"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов



Тақырыбы: «Бастауышым-балбұлағым»


Мақсаттары: Оқушылардың төрт жыл бойы алған білімдерін, жетістіктерін, өнерлерін көрсету.Білім берген, өнер үйреткен ұстаздарға алғысын білдіру. Адамгершілікке. Ұстаздардың ерен еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Мұғалім сөзі:

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, сүйікті шәкірттер.

Бүгінгі күн – осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол – 4 жыл оқып, қанатын қатайтқан балапандарымыз қош айтысқалы отыр. Осы қуанышты да қимас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген – бір мұрат

Алдына түсіп ананың

Жүргенін көрген – бір мұрат деген екен. Сол айтқандай мұны көру де бір бақыт.

Мұғалім: Бастауышпен қимай қоштасқалы тұрған балғын бүлдіршендердің осы кезге дейінгі қадамдарын сіздерге ертегі – жыр ғып айтып берейін.


Тыңда, халқым, ертегі,

Ертегі сыр шертеді

Бүгінгі мынау заманда

Жер шары деген ғаламда

Балаларға білім беретін

23 мектеп патшалығы өмір сүріпті (1слайд)

Патшалықты ой десе ойы, бой десе бойы бар Сатаева Айгүл Уәсілқызы деген патшайымы басқарыпты.

Ол патшайының екі уәзірі болыпты. Біріншісі – мектептің оқу ісін жүргізуші, келбеті әсем келіскен, білімін елмен бөліскен Малгеждарова Жазира Сәкен қызы, ал екіншісі – балалардың тәрбиесімен шыңдап айналысқан, халқының қамын ойлаған Жолдасханова Динара Мейірбекқызы екен.

Патшаның кеңесшілер сарайында білім беру ісінде үздік саналған, өз ісінің шебері атанған, көптеген ұстаздар қызмет етіпті. (слайд 2 –бастауыш мұғалімдерін көрсету)

«Мектеп» патшалығында іші балаларға толы 9 сарай болыпты. Айгүл Уәсілқызы патшайымы №1 сарай балаларын Шолпан Шакенқызы деген мұғалімге тапсырыпты.

Шолпан Шакенқызы1 қыркүйектен бастап сол сарайдағы 22 баланы алаңсыз білім алсын деп өз бауырына басады.Бүгінгі күннің басты ортаға кейіпкерлерін шақырайық!4ә сынып түлектеріне қошемет!

Музыка ойнап тұрады.Оқушыларды шақыру.

Күндердің күнінде сол кішкентай балалар,білім жолына есік ашқан бастауыш сыныпты тамамдап, келесі белеске аттағалы отыр. Осы себептен алғаш қалам ұстатқан ұстаздарына алғыстарын білдіру үшін ата-аналарын, мұғалімдерін мерекелік кештеріне шақырыпты.


1 жүргізуші: Бүгінгі біздің «Бастауышым -балбұлағым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Бастауыштың есігін

Жеті жаста ашқанбыз

2 жүргізуші:Бұл бастапқы сарайымыз

Білім жолын бастаған

Ұстаздарға мың алғыс

Бізді оқытып баптаған.


1жүргізуші: Бүгін тойды бастайық

Жырдан шашып мол шашу

Бастауыш пен балалық

Бүгін бізде қоштасу.


Батыр: Мен-мен қайда тап болдым? Қандай елге, қандай мерекеге келдім? Кім маған түсіндіреді екен?


1 жүргізуші:Сіз №23 мектеп патшалығының 4 «Ә» сарай оқушыларының бастауышпен қоштасу салтанатына келдіңіз.


Батыр: Ендеше мен дәл келіппін. Сәлем, балалар! Мен «орта білім биігі» патшалығынан келдім. Маған осы елің жөнінде, оқытқан ұстаздарың жөнінде және де білімдеріңнің қаншалықты екенін айтып берші. Егер маған ұнасаңдар мен сендерге орта білім биігіне, алысқа сапар шегуге алып кетуге ханзадамды жіберемін.


1 оқушы: Ғажайып ел бар

(Малика) 23-ші мектеп деп аталады.

Мұнда ұлы ұстаздар өмір сүріп

Ізгілік пен сұлулық билік құрады.

Бұл елдегі ғажайыптарға қарасақ

Ертегіде жүргендей боласыз

Ақыл-ой, дана сөздер бар

Өнерлі де, әнші қыздар бар.


2 оқушы: Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны

(Әділ ) Айқара есік ашып тастаған

Бір мереке думан боп осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны

Енді міне сағымдай өте шықты.

Төрт жыл уақыт аз ба екен кім біліпті

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел танымас, азамат бір-бір мықты.


3 оқушы: Мың алғашқы ұстаз ардақтым,

(Нұрали) Білім беріп,санамызға шам жақтың.

Ең алғашқы алғысымды балалық

Сізге ғана,сізге ғана арнадым!

Ұстазым менің ұстазым


4 оқушы: Үйретті өмір «ұстазым»,

(Айым) Үлгілі іске нұсқадың.

Ақ көңіл,іскер қашанда,

Ақылшым менің- ұстазым!


5 оқушы: Қолға қалам ұстатқан

(Лаура) Шолпан Шакенқызы ол біздің.

Әліппеден бастатып,

Бар әріпті білгіздің.

Алғыс айтып құрметтеп,

Шәкірттерің жүреді,

Жүректерге гүл еккен

Ұстаздарын сүйеді.


6 оқушы: Қоссаңдар бірді екіге үш болады

(Расул) Деуші едің, - біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең іс болады.

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.


1 жүгізуші: Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуге балаға – деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз жыл бойы білім нәрімен сусындатты, хат танытты, еңбек ете білуге үйретті, білімге жетеледі, әдептілікке үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға мың алғыс айтып басымызды иеміз (ата салты бойынша бас ию үлгісін көрсету)

2 жүргізуші:О, ұстаз неткен мықты, төзімдісің,

Қол бастаған батырдың дәл өзісің

Шаршасаң да сездірмей күлімдейсің,

Шәкіртім білім алсын, білсін дейсің.

БатырШыныменен,балдырғандар өте өнерлі білімді екен.Сендер 4жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған бүлдіршін едіңдер!Білім алып,қанаттарыңды қатайып осындай дәрежеге жеткізген ұстаздарың туралы не айтасыңдар?

1-жүргізуші:Шексіз алғысымызды айта отырып,жеке құндылықтарыңызды бағалай әр-түрлі номинацияларда Сіздерді ұстаздар марапаттаймыз.


7 оқушы: Ұқтырып өмір ағысын,

(Жанель) Қайраған шәкірт намысын,

Айгүл Уәсілқызы бәрі үшін

Ең жақсы адам біз үшін.

1-жүргізуші: «Қамқор және мейірімді» номинациясымен мектеп мүдірі Сатаева Айгүл Уәсілқызы марапатталады.


8 оқушы: Өнердің туын жықпаған

(Ақәділ) Білімдіні құптаған

Тәрбие ісінің басшысы

Динара Мейірбекқызы мықты адам.

2-жүргізуші:«Ең мықты» номинациясымен тәрбие ісінің меңгерушісі Динара Мейірбекқызы марапатталады.


9 оқушы: Кемшілікті кезінде.

(Жанна) Кесіп айтар өзіне.

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде.

Көңіліңнің хошын ай,

Көп шәкірттің досындай,

Ақ ниетті кең пейіл

Жазира апай осындай!

1-жүргізуші:«Кең пейілді,ұлағатты» номинациясымен оқу ісінің меңгерушісі Жазира Сәкенқызы марапатталады.


10-оқушы: Көрмеген артық күліп,артық жүріп,

(Айдана) Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.

Қоштасамыз біз бүгін,Фарида апай,

Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.


2-жүргізуші: «Инабатты»номинациясымен әдістемелік бірлестік меңгерушісі Фарида Токисқызы марапатталады.

11-оқушы: Білімнің байыбына барып терең,

(Аружан) Шолпан апай бастап еді әліппеден.

Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс,

Бастаған тәрбиесін алып келем.


1-жүргізуші: «Ардақты ұстаз» номинациясымен алғашқы ұстазымыз Шолпан Шакеновна марапатталады.


12- оқушы: Гүлнар апай біздерге,

(Алишер) Орыс тіліден береді.

Екі тілді білсеңдер

Жеңіл дейді өмірде.

Сол өмірде қашан да,

Спасибо, спасибо сізге!


2-жүргізуші:»Байсалды,мейірімді» номинациясымен орыс тілі пәнінің мұғалімі Гүлнар Амантайқызы марапатталады.


13-оқушы: Әдемі ғой ән сабағы мектептің,

(Нұргүл) Жүректерге әсемдікті сепкен кім?

Шақинұр апай,бас иеміз сізге де,

Ән мен сазды талмай бізге үйреткен.


1-жүргізуші:Күміс көмей» номинациясымен музыка пәнінің мұғалімі Шақинұр Оралханқызы марапатталады.


14-оқушы: Ағылшынша оқыдық,тілін білдік.

(Алинұр) Дыбыстарды талдадық,сырын білдік.

Соның бәрін жалықпай,түсіндірдің,

Соның бәрін біздерге ұғындырдың

Алмагүл апай жігерлі.


2-жүргізуші:»Ең жігерлі» номинациясымен ағылшын пәнінің мұғалімі Алмагүл Ермекбайқызы марапатталады.


15-оқушы:Бізге беріп азаматтанудан сабақты,

(Дильназ) Әңгіме еткен құқық туралы

Біліммен санамызға нұр құйған

Ризамыз біз Самал апайға талапты.


1-жүргізуші:»Ақ көңіл» номинациясымен азаматтану пәнінің мұғалімі Самал Балтабекқызы марапатталады.


16-оқушы:Денеңді шынықтырсаң шынығарсың,

Салауатты өмір сүрсең тыңығарсың

Өмірдің мәні денсаулық екенін

Нарымбек аға сабағынан кейін шын ұғарсың

Нарымбек Мақсұтұлына үлкен рахмет.


2-жүргізуші:»Баға жетпес,өнегелі» номинациясымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нарымбек Мақсұтбекұлы марапатталады.


17-оқушы:Өзін -өзі тани білген адамдар,

Жасайды екен үлкен үлкен қадамдар,


Әрбір істі атқаратын кезінде,

Терең оілап,мәнін оның бағамдар

Өзін-өзі тану мұғалімі

Ербол Советұлы деген ағам бар.

1-жүргізуші:»Мәдениетті» номинациясымен өзін -өзі тану пәнінің мұғалімі Ербол Советұлы марапатталады.

17-оқушы:Қуаныштың ізі бар,

Нұр жайнаған жүзінде.

Қараған жан қызығар,

Ғалия апайдың өзіне

2-жүргізуші: «Әдепті» номинациясымен экономика пәнінің мұғалімі Ғалия Дәлелқызы марапатталады.

1-жүргізуші:Құрметті пән мұғалімдері! Сіздерге мықты денсаулық,шығармалық табыс тілей отырып музықалық сазды әуенді сіздерге жолдаймыз.

Ән: «Ұстазым»

Батыр: Тамаша, тамаша, ұстаздарды керемет қадірлейді екенсіңдер! Ал ұстаздарың сендер туралы не айтады екен? Тыңдайын.

Мұғалім: Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,

Орындалсын арман-тілек, талаптарың.

Қабылдап алғандарымда 22 едің,

22-іңді жекелеп парақтадым.


Алинур деген ынталы,

Мінезі тұйық болса да.

Сабақты жақсы оқиды,

Түсініп алып, зер сала.


Қағілез біздің Алишер

Шапшаң деп бәрі біледі.

Және де Алишер бәріне

Бауырмал боп жүреді.


Нұргүл тәртіпті, өзі ұяң

Ыждағатшыл ол, тіпті

Көмекке даяр жүреді,

Сыныптас жақсы біледі.


Ерекше қыз- Аружан,

Айтқанды тез ұғады,

Тапсырманы барынша,

Орындап алға шығады.


Бар сабаққа үлгеріп,

Жанна жүрер үнемі.

Жаннаны айтайын мен,

Көңілдеу мінезі


Алғашында жазуы

Нашар болып,түзелді.

Айдананы бәріміз,

Мақтап жүрміз біз енді.


Анеля біздің ұяңдау,

Негізі керек ұялмау.

Сыйлы өзі ортада,

Ұяңдау қыз болса да.


Малика деген зеректі,

Мәнерлеп оқып өлеңді.

Суреттеп көп деректі,

Әңгімелеуге шебер-ді.


Нұрай біздің өнерлі,

Сүйеді ол өнерді.

Ән де сала алады,

Достарымен жүреді.


Қай жерде болсын Расул

Жақсыға жақын жүреді.

Жанашыр бала сыныпта,

Бәрін де сыйлай біледі.


Ынталанып еңбегімен өзінің,

Екпінділер қатарына қосылды.

Дильназ жайлы, жайдарлы,

Мінезі жоқ тосынды.


Арман деген ынталы,

Жігерлі бала болады.

Қулығы кейде оны,

Қиындықтан тартып шығады.


Жайдары ашық қабағы

Нұрали біздің саналы.

Сабақты жақсы оқиды,

Қуантады талабы.


Айым жайлы, сабырлы,

Үндемей бәрін жеңеді.

Сөз таласпай ешкіммен,

Орындалар кейде дегені.


Алғырлық ынта болса да.

Мақсат біздің ортада.

Бой бермей әлі келеді,

Жалқаулық басым болса да.


Тілді құрмет тұтады,

Жаны жақын ақындыққа

Лаура үлгі етеміз,

Жақсылардың хақында.


Аяжан деген баламыз,

Есепке жүйрік, қараңыз

Көмекке даяр жүреді,

Достары жақсы біледі.


Мерей біздің озат ол,

Барлығынан озады.

Математиканы меңгеріп,

Түбі ғалым болады.


Әдемі қыз томпиған,

Мінезі тұйық, ұяңдау

Жанель үлгі етеміз

Жақсылардың жанында.


Ата-ананың еркесі,

Ұқыпты таза жүреді

Әділ біздің сабырлы

Сабақты жақсы оқиды.


Рахат біздің шапшаңдау,

Ашушаң кейде мінезі

Қамқоршы боп анаға,

Ақылды болмақ ол енді.


Ақәділ озат, жан-жақты

Сыныбы үшін қамқоршы

Сыйлы өзі ортада,

Алайық одан үлгіні.


Ән: «Сыныптастар»


1жүргізуші: Мектеп сарайынан көріністерді тамашалаңыздар.Мектеп өмірінен көрініс.Дубль №1


Мұғалім:-Расул,маған үстелді орнынан қозғалтуға көмектесіп жіберші.

Расул: -Тағы да мен,әне Алинур кетіп барады ғой.Әй,Алинур, үстелді орнынан қозғалтуға көмектесші(Алинур көмектеседі).

Мұғалім:-Расул,гүлге су құя салшы!

Расул: -Тағы да мен бе? Нұргүл,сен құя салшы.(Нұргүл құяды)

Мұғалім:-Расул,Айымға үй тапсырмасын апарып бере қойшы,бір жағынан денсаулығын біліп келесің?

Расул:- Тағы да мен,Мақсат,сен апарып бере салшы.

Мұғалім:-Әзірге осы,Әділет.

Расул: -Міне,көрдіңіздер ғой,халайық,Расулсыз еш шаруа бітпейді.

2-көрініс.Дубль№2

Мұғалім:- Жанна 6*6=қанша болады?

Жанна: -25.Мүмкін одан да көп керегі қанша?

Мұғалім:- Сен міне,бүгін бастауыш мектепті бітіргелі отырсың.Көбейту кестесін әлі білмейсің.Бастауыш бітірген соң не болады?

Жанна:- Каникул! Алақай!Каникул!

Мұғалім:-Жоқ,Жанна!Бастауыш мектептен кейін небір асулар күтіп тұр.Сол асулардан сүрінбей өтуін керек.Ол асу- өмір.Өмір дегеніміз -күрес.


2-жүргізүші: Дубль№3

Мұғалім:-Айдана, сабақта көп сөйлейсің бе?

Айдана:- Жоқ,о не дегеніңіз.

Мұғалім:-Көшіресің бе?

Айдана:-Жо жоқ?!

Мұғалім:-Балалармен төбелесесің бе?

Айдана: -Ешқашан да.

Мұғалім: -Осы сенің жаман қылықтарын барма,өзі?!

Айдана: -Әрине бар, көп өтірік айтамын.


Ата -аналармен ойын.


1-жүргізуші: Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз.

Әкені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

2-жүргізуші:Бала ата-ана ісінен көпті үйреніп қана қоймай,олардың тәрбиесін де бойға сіңіре біледі. Сондықтан 4 жыл бойы оқығанда ата- ананың да еңбегі мол.

Хормен: Ата- ана сізге мың алғыс!

Мұғалім:

Менің ата-аналарым,менімен бірге оқып,шыдамдылық танытып,көп еңбек етті.Бала тәрбиесінде қосқан үлестеріңіз үшін мың да рахмет!Сіздерге ата аналар алғыс хат марапаттау үшін рұқсат етіңіздер.(алғыс хат марапаттау).


1-жүргізуші:Өнер деген адамның сәні емес пе,

Өнер сүйгіш қазақтың жаны емес пе.

Бірдей іс пен сөзіміз бәрәміздің

Өнерліміз сыныпта бәрәміз де.


Концерттік нөмірлер.


«Жалқаубек» музыкасы ойнап тұрады.Жалқаубек кіреді.


Мұғалім: -Сәлеметсің бе,Жалқаубек!Біз бүгін №23 орта мектептің 4 «ә» сынып оқушылары бастауыш мектеппен қоштасқалы жатырмыз.

Жалқаубек: -Сәлеметсіз бе,сәлеметсіз бе.Сіз батырсыз ба?

Батыр: -Иә, мен «орта білім биігі» патшалығынан келдім. Мен балалардың білімін байқап өнерлерін тамашалап риза болып отырмын, өз патшалығыма алып кеткелі отырмын.

Батыр:-Сен қайда жүрсің? Сен де бір ақылыңды неге қоспайсың?

Жалқаубек: -Мен бастауышпен қоштасқым келмейді.Бір мұғалімнің айтқанына әрең шыдап отырамын.Жоғары сыныпта 6 сабақтан 6 мұғалім береді дейді.Ол кісілердің айтқанына көне алмай кетемін бе деп қорқамын.Сенің патшалығындағы сарайдан адасып,қай кабинетке кіргендерін білмей, не білім алады дейсің,бір кабинеттен екінші кабинетке, бірінші қабаттан екінші қабатқа жүгіріп естері шығатын шығар.


Батыр: -Неге олай дейсің, біздің патшалығымыздың да ережесімен таныстырамыз.Бастауыш сыныпта бір мұғалімнің айтқанына әрең шыдап жүрсең,жоғары сыныпта 6 жағынан 6 мұғалім білім беріп,тәртіпке шақырғанда әрең отырмақ түгіл,зәрең ұшып қалай тәртіпті болып кеткеніңді білмей қаларсың.

Жалқаубек:- Бұнын жақсы ақыл екен,тырысып көрейін.

1-жүргізуші: -Әй,Жалқаубек, қой көп сөзді онан да бастауышта өз баласындай аялаған ұстазымызбен жақсылап қоштасып, ренжітпей, жоғары сыныпта өз тәртібімізді, білімімізді көрсетейік.Келестің,Жалқаубек.

Жалқаубек:-Келістім.


Батыр: Қане көрейін бұлардың білімдерін айтшы сендер нені үйрендіңдер?


Оқушы:(Анеля) Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып, би билеуді, үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды.


Батыр: Сендер нені сүйесіңдер?


Оқушы: Отанды, ата-ананы, халқымызды, достарымызды, табиғатты, ел байлығын, ұстаздарымызбен алтын ұя мектебімізді.


Батыр: Нені ажырата білесіңдер?

Оқушы:(Арман) Жақсылық пен жамандықты, ақ пен қараны, арамдық пен адалдықты.


Батыр: Сендерді болашаққа не бастайды?


Оқушы:(Аяжан) Ұстаздың көрсеткен жолы, ата-ананың ақылы, болашаққа деген сенім.


Батыр: Сендер кім боласыңдар?


Оқушы: (Жанель) Адал азамат, ақылды ару, оқымысты ғалым, елін сүйгер ер.


Батыр: Сендер қандайсыңдар?


1оқушы: Талабы биік таудаймыз.

2 оқушы: Мың бұралған бишіміз.

3 оқушы: Күмбірлетер күйшіміз.

4 оқушы: Біз қызықпыз, қызықпыз. Сәл еркелеу бұзықпыз.

5 оқушы: Біз шеберміз.

6 оқушы: Ақылдымыз.

7 оқушы: Парасаттымыз.

8 оқушы: Көңілдіміз.

9 оқушы: Ізгі нұрмыз.

10 оқушы: Үлкенге ізеттіміз.

11 оқушы: Кіші қамқоршымыз.

12 оқушы: Жақсылықты ұнатамыз.

13 оқушы: Жамандықтан тез қашамыз.

14 оқушы: Көп оқимыз.

15 оқушы: Өнерліміз.

16 оқушы: Жанып тұрған шырақпыз.

17 оқушы: Толқынды су бұлақпыз.

18 оқушы: Елімізді өркендететін.

19 оқушы: Бабаларға тағзым ететін.

20 оқушы: Аналарға бас иетін.

21 оқушы: Балалардан бар жақсылығын аямайтын.


Хормен: Елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, әнұранымен айбатты біз қазақ елінің болашағымыз.


Ән: «Жаса,Қазақстан»


Батыр: Расында балалар өнерлі, білімді екен. Сыннан өттіңдер.Бұйрық оқиды.

2013 жыл.4 «ә» сынып балдырғандары,бастауыш патшалығынан орта буын патшалығына қабылдансын.Қабылданбас бұрын жылдағы дәстүрге байланысты ант берілсін!

1.Бастауыштағы қызықты күндерді мәңгі естен шығармауға

2.Әліппе ұстатқан алғашқы ұстаздың еңбегін ақтауға

3.Орта буында оқитын басқа пәндерден қорықпауға

4.Бастауыш патшалығының атына кір келтірмеуге

Хормен:Ант етеміз!



Батыр: Балалар, мен сендерге ризамын. Сендерді «орта білім билігі патшалығына» апарамын.

Мұғалім:Мен де ризамын, батыр.Біз бастауышта бір- бірімізбен тату болуға,үлкенді сыйлап,кішіні тыңдауға үйрендік.Мен келгенде 22-кіндер,22-ңді мына дипломдарды табыс етуге рұқсат етіңіздер.


1 жүргізуші:Ажырамай мектеп патшалығы бір елі сіз.

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берейік құрметтеп өзіңізге,

Біздерге арналсын деп тілегіңіз.


Сөз кезегін мектептің патшайымы Айгүл Уәсілқызына береміз.


2 жүргізуші: Жақсылық жақсы атын асырайық,

Ізгілікке әр кезде бас ұрайық.

Шын жүректен тілегін білдіруге

Мектебімнің құрметті патшайымы

Динара Мейірбекқызына сөз берейік.


1 жүргізуші: Баланың бас ұстазы ата-анасы,

Деген сөзде ешкімнің жоқ таласы.

Ауыр жүкті ұстазбен тең көтеріп,

Бастауышты бітіріп тұр баласы деп сөз кезегін ата-аналарға берейік.

2-жүргізуші:Жазып шықты қаншама іс қазына.

Бірге өткізген күндерін қыс жазына,

Балапанын ұшырған ұясынан

Сөз берейік жетекші ұстазына.


Мұғалім: Ұлдарымды айбынды ұлан көремін

Қыздарымды Қыз Жібектей дер едім.

Келер сынып қиын болар бірақ-та

Ол белесті алатыңдарына сенемін!- деп мен өз оқушыларыма биік белестерден сүрінбей өтуіне тек сәттіліктер тілеймін.

Өтті міне,қызық шағым,

Бастауышым -Балбұлағым

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын!

Ән: «Қош; бастауыш!

Мұғалім: Осымен біздің «Бастауышым-балбұлағым» атты ертегіміз аяқталды.

Мұғалім:Аттанарда ұрпағым бақ жолына,

Түссін деп тура нақ жолына,

Арнайы ақ матадан жол төседік,Ырым ғып түлектердің Ақ жолына! (Ақ жолмен түлектер шығарып салынады)


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-150522
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>