Инфоурок Начальные классы КонспектыТәрбие сағаты: "Бейбітшілік-ел тілегі".

Тәрбие сағаты: "Бейбітшілік-ел тілегі".

Скачать материал

Тақырыбы: Бейбітшілік-ел тілегі.

 Өтілу формасы: Диспут, пікір –талас.

Өтілетін орны: №14 кабинет.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 25 жыл толу мерей тойы қарсаңында оқушыларға өз Отанының қол жеткізген жетістіктері жайлы мағұлымат беру және Отансүйгіштікке, патриотизмге , бейбіт өмірді қолдауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

v Ядролық қарудан алғашқы болып бас тартқан Қазақстан туралы әңгімелеу;

v Бейбітшілік пен татулық жайлы айту;

v Қазақстандағы бірлік пен халықтар достығы мен еліміздің ұстанып отырған саясаты туралы мәлімет беру:

v Әлемдегі бейбітшілік пен өзара достық қарым-қатынас жайлы әңгімелеу.

v Семей полигонының зардабы жайлы айту.

Өтілу барысы:

  Кіріспе сөз: (Сдайд-фильм арқылы осы мәліметтер жеткізіледі). Ядролық қарудан бас тартқан Қазақстан қандай жетістікке қол жеткізді?

Мамандар кибер-терроризмнің де қоғамға үлкен қауіп екенін мойындады. Өйткені оның зардабы жойқын қарудан асып түсуі мүмкін. Өкінішке қарай бұл проблемамен бірлесе күресетін халықаралық келісім әзірге бекітілмеген. 
-Ядролық қарудан бас тарту - бірден-бір стратегиялық дұрыс шешім болды. Сол арқылы  еліміз әлемдік қоғамдастықта лайықты орнын иеленді. 190 миллиард доллардан астам инвестиция тартумен қатар экономикада табысты реформалар жүргізуге алғышарттар жасалды. Бастысы - қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Сондай-ақ Қазақстан жалпыға ортақ ядролық қарусыздануға қол жеткізу үшін басқа мемлекеттерден пәрменді іс-қимыл талап етуге моральдық және саяси құқыққа ие болды.

Осыдан тура 67 жыл бұрын, 1949 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигонында алғашқы сынақ жүргізіліп, плутоний заряды жарылды. Бұл КСРО-дағы тұңғыш атом бомбасының сынақтан өткізілуі болатын.

Таңғы жетіде жерге түскен бомба отты шарға айналып, бір сәтте жер қабығының күлі мен иісін көкке көтерген. Айналада бір түп те шөп қалмады, осы маңды мекендеген жан-жануарлар мен жәндіктер де түгел қырылып қалған еді.

Ең сорақысы сол, осынау полигон маңындағы ауылдарға қауіпті сынақтың болатыны ескерілмеген. Болып жатқан жағдайдан титімдей де түсінігі жоқ халық алғашқы жарылыстан радиациялық сәуленің өте көп мөлшерін алғаны есімізде. Ал, жарылыстан кейін пайда болған радиоактивті өнімдер аймақтың барлық елдімекендерін жауып қалды. Ауылдың аңқау қазағына Семей полигоны жайында тек төрт жыл уақыт өткеннен кейін, яғни 1953 жылы ғана естірте бастаған. Тек сол уақыттан бастап қана тұрғындар қауіпсіз аймақтарға уақытша көше бастады.

Семей полигонын КСРО өзінің ядролық қаруының шама-шарқын тексеріп көру мақсатында ашқан болатын. Бұл үшін 18 миллион гектар жер бөлінді. Алғашында сынақтар жер бетінде өткізілген. Айналаға тигізген зияны ұшан-теңіз болғаннан кейін жарылыстар жер астына көшірілген еді. Сол заманның өзінде радиациядан зардап шеккендердің саны жарты миллион адамға жетті.

Полигонда өткізілген сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық, яғни жер бетінде немесе әуе кеңістігінде жасалған. Осы ашық жарылыстардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп еді.

Семейде жүргізілген алғашқы ядролық сынақтан кейін-ақ осы өңір халқының арасында түрлі аурулар көбейе бастады. Әсіресе, қатерлі ісіктерге ұшыраған науқастардың саны күрт өскен, ракпен ауыратындардың қатары үш есеге артты. Туылған нәрестелер жетілмей, дүниеге әр түрлі кемістігі бар сәбилер келе бастады. Адамдарды айтпағанда, егін егіп отырған алқаптардың барлығы да уланған. Жер құнарсызданып, оның құрамында темір, мыс, магний сынды металдардың мөлшері артты.

1953 жылы 12 тамызда Семей сынақ алаңында сутектік РДС-2 бомбасы сынақтан өтті. Қуаты 480 килотоннаға жеткен жарылыстың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 шақырым биіктікке көтеріліп, радиусы ондаған шақырымға жетті. Ол шарпыған жердегі өсімдіктер кейін бірнеше күн бойына сәуле шығарып тұрды. Салдарынан қаншама мал қырылды, жергілікті халық арасында адам естімеген жаңа індеттер пайда бола бастады.

Бір кездері осы Семей полигоны аймағында биік әрі көрікті Дегелең деген тау бар болатын. 1962-1989 жылдар аралығында осы таудың астындағы шахталарда 340 жарылыс жасалып, ядролық сынақтар өткізілді. Салдарынан айтып отырған жартасты тауымыз жәй ғана қиыршық тастардың үйіндісіне айналды.

Кеңес Одағының басшылары сынақ алаңы ретінде Семей өңірін таңдауын мұндағы халықтың аздығымен және коммуникация желілерінің жақындығымен түсіндірген. Ал, 1989 жылы белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов бастаған «Невада – Семей» қозғалысы ядролық сынаққа қарсы алғашқы митингісін өткізді. КСРО мен АҚШ президенттеріне жариялаған үндеуде былай айтылған еді: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да енді ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы қозғалыстан кейін ядролық сынақтардың саны азая бастады. Жан-жақты қарсылықтан кейін Кеңес үкіметі жарылыстарға мараторий жариялаған.

http://el.kz/media/images/tiny_images/9c172c494424a8272e3bc9ebe8c44b66.jpg  Безъядерный мир – глобальная миссия Казахстана   http://el.kz/media/images/tiny_images/3c1af7d36b3edf1cdb60108efbf4e760.png

Кейін, 1991 жылдың 28 тамызында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарды. Осылайша қазақ елі атом бомбасынан бір жола бас тартқан болатын. Президенттің осы әрекетінен кейін Ресей мен АҚШ-тағы және Франциядағы ядролық сынақ алаңдарында да жарылыстар тоқтатылды.

Семейдегі атом полигонын жабу турасындағы Жарлыққа қол қойғанына  жиырма бес жыл толады. Семейдегі Радиациялық-экологиялық ғылыми орталықтың және басқа да ғылыми деректерге сүйенсек, сынақ тоқталғанға дейін жалпы Кеңестер Одағында 670-тей ядролық жарылыс жасалған. Мұның 95 пайызы Семей атом полигонында өткізіліпті. Сынақ 1964-1965 жылдардан бастап қана жерасты шахталарына көшірілген. Ал 1949 жылдың тамызынан бастап жер үстінде, ауада жүргізіліп келген.

Қазақстан Семей сынақ алаңы жабылған сәттен бастап адамзат тарихындағы ең зұлмат сойыл – ядролық қарумен күрестің көшбасшысы атанды. Семей сынақ алаңы жабылған 29 тамыз бұрнағы жыл БҰҰ-ның қарарымен «Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні» ретінде жарияланды.

Ядролық қарудан ерікті түрде бас тарту жөніндегі саяси шешім Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік және стратегиялық көрегендігінің, сондай-ақ саяси ерік-жігерінің айқын дәлелі бола алады.

Ядролық қарусыз мем­лекет құру жөніндегі тарихи шешімін қабылдай отырып, Қазақстан басшы­сы Нұрсұлтан Назарбаев, біріншіден, өз елі үшін ядролық державалар­дан қауіпсіздік кепілдігін ала алды, екіншіден, оқтұмсықтардың түгелімен жойылуына кепілдік ретінде сол ядролық мемлекеттердің бірқатарын тарта отырып, өзінің бейбіт ниетін күллі әлемге дәлелдей алды.

Қазақстанның ядролық қарусыз мемлекет атануына жол салған тағы бір маңызды қадам президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өз елі Ядролық қаруды таратпау тура­лы келісімшартқа қосылуға дайын екендігін мәлімдеуі болды.

Ол осынау тарихи мәлімдемесін 1992 жылғы 18-23 мамырда Вашингтонға жасаған алғашқы ресми сапары барысын­да жасады. Осы мәлімдеменің ая­сында Қазақстанның аумағындағы барлық ядролық оқтұмсықтарды залалсыздандырудың нақты тетіктері жасалды.

Көп ұзамай Қазақстан Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшартқа қосылды. Кейін тек өз аумағында ғана емес, жалпы Орталық Азия аумағында ядролық қарусыз кеңістік құру бастамасын көтеріп, оны табысты жүзеге асырды. Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл қадамын күллі әлем елдерінің көшбасшылары айрықша жоғары бағалады.

Қазақстан полигонды жауып, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалды. Мысалы, әлемде ядролық қарусызданған тек 5 аймақ бар. Солардың қатарында «Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ» келісімшарты қабылданған еді. Солтүстік жартышардағы мұндай жалғыз құжат Орталық Азиядағы бес мемлекетті қамтиды. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және  Өзбекстан. Құжаттың ерекшелігі сол мемлекеттердегі ядроға қатысты мәселені Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі өз бақылауында ұстайды. Сондай-ақ ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісімнің күшіне енуіне басымдық берілген.

Күні кеше Нью-Йорк қаласында БҰҰ Қарусыздану жөніндегі комиссиясының (ҚК) жыл сайынғы мазмұндық сессиясы өткені белгілі.  2015-17 жж. арналған кезеңде Қазақстан ҚК-нің Ядролық қарусыздану және таратпау мәселелері жөніндегі жұмыс тобына төрағалық етуде.

 http://el.kz/media/images/tiny_images/a85c052bf89198b6dea4ea19d6bb18e8.jpg  http://el.kz/media/images/tiny_images/dcea34b1b6b667580d62e859b118114b.png

Делегаттар Қазақстан Республикасы Президентінің авторлығымен шыққан Манифест – «Әлем. ХХІ ғасыр» атты мүлдем жаңа құжатпен таныстырылды. Бұл айтулы актіде адамзат үшін жаһандық соғыс және бейбітшілік мәселелері бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың ядролық қарудың толық тыйымына таман ілгерілеуден бас тартқан жағдайда ядролық апокалипсистің қаупі хақында баяндалған. Комиссия басшылығымен қол жеткізілген келісім нәтижесінде, Манифест барлық мүше мемлекеттерге қолжетімді түрде БҰҰ Хатшылығының электрондық жүйесінде ресми құжат ретінде орналастырылды.

Қазақстан делегациясының баяндамасында, сонымен бірге, ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттерінің рөлі бағаланды және таяуда Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV Саммитіне еліміздің басшылығының қатысуы нәтижелері жарияланды, оның ішінде ядролық қаруды таратпау режімін және ядролық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған бірқатар елдер және топтармен жасасқан бірлескен мәлімдемелер туралы ақпарат берілді.

Ядролық қарудан бас тартқан елміз!

Біздің еліміз қашанда өзінің бейбітсүйгіш саясатымен белгілі мемлекеттердің бірі. Қазақстан өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан ел. Мұны, біздер, «Невада – Семей» қозғалысының белсенді мүшелері жақсы білеміз. Еліміз тәуелсіздік алған кезде «Невада – Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалыс құрып, Семей сынақ полигонын жабуға үлес қосқан едік. Елбасына жеделхат жолдап, өз ұсынысымызды білдірген болатынбыз. Ал Президентіміз халықтың тілегін қабыл алып, 40 жыл ажал сепкен Семей атом қаруын сынау полигонын жапты. Сүйтіп, бүкіл әлемге тәуелсіз Қазақстанның бейбіт мемлекет екенін іс жүзінде дәлелдеді. Өзім осы «Невада – Семей» қозғалысына қатысқанымды мақтан етемін.

  26 ақпаннан бері Алматыда Иранның ядролық бағдарламасын талқылауға байланысты алты ірі мемлекеттің қатысуымен алқалы жиын өтуде. Осыған орай, Қазақстан кездейсоқ таңдап алынған жоқ деп санаймын. Біріншіден, ядролық қарудан бас тартуда біздің еліміздің көрсеткен үлгісі бар. Екіншіден, ешкімнің желеуінде кете бермейтін Қазақстанның бейтарап бағыты көпшілікке белгілі. Келіссөз қорытындысы қалай болатыны әзірге беймәлім. Дегенмен, еліміз бейбітшілік жолында тағы бір қадам жасап, Иранның ядролық бағдарламасын талқылауға мүмкіндік жасады. Осылайша, бүкіл әлем жұртшылығы алдында Қазақстан тағы да беделге ие болып отыр.

2- бөлім. Диспут сұрақтары:

1. Ядролық қару адамзат үшін қаншалықты қажет?

2. Бейбітшілік деген не?

3. Халықтар достығы мен бірлігі саясаты жайлы не айтар едің?

4. Балалар бейбіт өмір сүру үшін қандай үлес қоса алар еді?

5.Қазақстан Республикасының осы 25 жылда жеткен жетістіктері жайлы не айта аласың?

6. Отанымның өркендеп, өсуі үшін менің қосар үлесім.... деген сөйлемді әрі қарай жалғастыршы.

3- бөлім. . Топтық жұмыс. Оқушылар 4 топқа бөлініп, «Мен бейбітшілікті қолдаймын!» тақырыбында А-3 форматта коллаж жасау, сурет салу жолдарымен плакат-постер дайындайды және оны бірігіп қорғайды.

4-бөлім. Рефлексия.

Бүгінгі іс-шара бойынша өз пікіріңді айтып өт. Өзің үшін қандай мәліметтер алдың? Оқушылар өз ойлары мен пікірлер таласып жеткізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Теміртау қаласының №3 ЖББОМ» КММ

 

 

 

 

 

 

Бейбітшілік- ел тілегі.

(пікір-талас, диспут)

bird43sun

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                        Манапова Ж.П

 

 

 

 

                                                        Теміртау қаласы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: "Бейбітшілік-ел тілегі"."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 490 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.05.2017 10910
    • DOCX 764 кбайт
    • 183 скачивания
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Манапова Жанар Пулатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Манапова Жанар Пулатовна
    Манапова Жанар Пулатовна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 57063
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 29 регионов

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 236 человек из 59 регионов

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 25 регионов

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Творческие возможности в мире фотографии и медиа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 115 человек из 41 региона

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
Сейчас в эфире

Восстановительные и медиативные практики в профилактике кибербуллинга

Перейти к трансляции