Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тәрбие сағаты "Білім нәрі -бастауышта"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәрбие сағаты "Білім нәрі -бастауышта"

библиотека
материалов

hello_html_52da1883.gifТәрбие сағатының тақырыбы: Білім нәрі-бастауышта

Мақсаты: оқушылардың төрт жылда қандай жетістіктерге жеткенін көрсетіп өнер-білімдерін бағалау. Үлкенді сыйлауға, кішіге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: «Білім нәрі бастауышта»! Нақыл сөздер. Сынып мақтаныштары.

Жоспары:

  1. Кіріспе сөз

  2. Әнұран

  3. Тақпақтар

  4. Ән «Ұстазым»

  5. Ән «Ұстазым»

  6. Ән «Анашым»

  7. Ән «Ұстазым»

  8. Би «Ұйғыр биі»

  9. Ән «Алғашқы ұстазым»

  10. Ойын «Ананың алақаны»

  11. Би «Өзбек биі»

  12. Ән «Әрқашан күн сөнбесін»

  13. Қортындылау









































Тәрбие сағатының тақырыбы: Білім нәрі – бастауышым!

Мақсаты: Оқушылардың төрт жылда қандай жетістіктерге жеткенін көрсетіп өнер білімдерін бағалау. Үлкенді сыйлауға, кішіге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: «Білім нәрі-бастауышта»! сөзі жазылып тұрады.

Нақыл сөздер.

  1. «Оқу-білім бұлағы, білім өмір шырағы»

  2. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»

  3. «Білімнен қуатты күш жоқ,біліммен қаруланған адам жеңілмейді»

  4. Өнер- білім бәрі де оқу менен табылған

  5. Ұстазыңды атаңдай сыйла.

  6. Ғылым таппай мақтанба

  7. Орын таппай, баптанба.

Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Психологиялық дайындық

Әнұран (Хор)

Мұғалім : құрметті ұстаздар, ата-аналар, ақ жаулықты аналар, міне, елдігіміз ескеріп, көк туымыз желбіреп, тәуелсіздік алғанымызға 24 жыл толды. Кеше ғана көздері жаутаңдап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгін міне, бой түзеп, ойларына ой саналарына сана қосып , өздерінде жауапкершілік пайда болып, еліміздің саналы азаматтары болып отыр.

Назым .

1-жүргізуші: Ата аналар мен ақ жаулықты аналар. Бүгінгі «Білім нәрі бастауышта» ертеңгілігіне қош келіпсіздер! Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып, тойымызды бастауға рұксат етіңіздер.

Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке,бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық (шашу шашылады)

Ұлжалғас

2-жүргізуші. Тартыншақтап кіріп ем

Ұялып алғаш сыныпқа

Қараңыздар мінеки

Тұрысым бүгін бір басқа.

Ақбота.

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар

Алдарыңда жажауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Назым

Армысыздар, ата –ана

Бармысыздар достарым.

Бастауышпен қоштасу

Салтанатын бастадым.

Ұлжалғас.

Алғысым коп айтатын

Бастауышқа сыныпка

Білім берген ұстазға

Айтылар тілек бір басқа.

Назерке

Осындай кунге жеткізген

Баспалдақ өзің бастауыш

Жүректен шыққан алғысын

Арнайды бүгін көп дауыс.

Айбол

Қолымды қолға ұстатып,

Жалықпай жазу жаздырған

Ұстазым сенің алдыңнан

Тәй-тәй басып қаз тұрғам.

Ұстазым саған мың алғыс

Тұрасың есте жаңғыырп.

Бал даурен шақтың ұстазы

Жүреміз сізді ән қылып

Ән: «Ұстазым» Ұлжалғас

Толғамды арманыма ұстатқанмын

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.

Есімде әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның

Қ/С

Назым

Мектеп –үйім , ұстазым ата-анам,

Сенен өсіп сенен ғ,ана нәр алам

Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа таралған.

Хамит

Ыстық мектеп партасы

Оқулығы картасы

Мұнша қызық болғаны

Мұғәлімнің арқасы

Алғыстарым көп менің

Асыл анам мектебім!

Ән: «Ұстазым» Ұлжалғас Назым

Тыңдаған көңілдегі толғамымды

Шындаған тәрбием мен талғамымды

Өмірдің маған сыйы деп білемін

Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды.

Эльвира

Мектеп-кеме, білім –теңіз!

Барар жерге тез жетеміз

Адаспаймыз ұлы жолда.

Ұстаз берген білім қолда.

Ұлжалғас

Балалар, біз сүйікті бастауыш мектебіміздің табалдырығын аттаған күннен бастап бізге ақылшы, әрі сенімді дос болған оқулықтарымызға қандай алғыс айтасыңдар?

Айбол

Әліппеден үйреніп

Ана тілін оқыдым

Сан түрлі өлең әңгіме

Мазмұнын ойға тоқыдым

Рахмет саған ана тілі

Әлі де керек оқуым.

Хамит

Қазақ тілін оқумен

Сөйлем сөзді түсіндім

Жалғау,жұрнақ түрінде

Оқып талдап көп білдім

Рахмет саған қазақ тілі

Жалықпай оқып мен жүрмін

Эльвира

Бар білімнің бастауы

Математика өзіңсің

Өзіңнен білдім есепті

Қиынсың да төзімсің

Төрт амалды меңгертіп

Есептеуді үйреттің

Рахмет саған рақмет

Есиіп міне ер жеттім

Ақбота

Орыс тілін білуге

Кішкентайдан құлшындым

Дотық тілі керек деп

Оқып жазып түсіндім

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте

Деген сөзді әрдайым

Сақтаймыз әркез жүректі

Рахмет саған орыс тілі

Серігім болып бірге жүр

Назым

Балалар бізді мәпелеп өсіріп, жақсы оқуымызға, жақсы киініп, дәмді тамақ жеуімізге жағдай жасап, бүгінгідей қуанышымызды бірге бөлісіп ата аналарымызға не айтасыңдар.

Хамит.

Рахмет,ата-анаға

Тең көрер мені данаға

Өздеріңдей қамкор жан

Табылмас әрбір балаға.

Ақбота

Ғылым иесі ғалым да,ел қорғаны батыр да, тілінен бал тамғана ақын да, тегеуріні темір балқытқан ақын да, егін салып мал бағып, тер төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз.

Ән « Ұстазым ХОР»

Ән» Анашым» Айбол

Ойын: Ананың аялы алақаны

Ақбота

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз білім нәрін сусындатыпкөп нәрсені үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымыз Мусина Галима апайымызға Айнұр апайымызға Хормен «мың алғыс»

Назерке

Алғаш рет өзіңмен

Білім алды балалар

Оқу сырын өзіңнен

Біліп алды балалар

Ақбота

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал



Эльвира

Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достасып,

Бастауышпен қоштастық

Айбол

Жастың өсті санасы

Елжірейді жүрегі

Бастауышқа бар бала

Алғыс айтып жүреді.

Ұлжалғас

«Ұстаз» осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «жақсы мұғалім-мектептің жүрегі» -деген Ыбырай Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

ОЛ-ұстаз! Ұстазсыз өмірдіңнақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі –ұлы еңбек.

5.Қыз

Ән «Алғашқы ұстазым»

Қолыма әліппе ұстатқан

Алғашқы ұстазым өзіңсің

Мәпелеп біздерді өсірген

Әріпті жазуды үйреткен



Қ/с

Қатеміз болса кешірген

Тентектікті түсінген

Мейірім төккен біздерге

Аялы ыстық жүректен



Самайыңда ағарды

Білім тердің біздерге

Алғыс айтам өзіңе

Шәкірт бала кезімде

Қ/с

Қатеміз болса кешірген

Тентектікті түсінген

Мейірім төккен біздерге

Аялы ыстық жүректен



Есійсекте біздерге

Ұстаз болып қаларсың

Тәрбие құйып жүрекке

Өмірге қанат қағасың



Қ/с

Қатеміз болса кешірген

Тентектікті түсінген

Мейірім төккен біздерге

Аялы ыстық жүректен

Қатеміз болса кешірген

Тентектікті түсінген

Мейірім төккен біздерге

Аялы ыстық жүректен

Назерке

Әлі есімде мектепке алғаш барғаным

Өз қолыммен «Әліппені» алғаным

Сондай алып «Әліппенің» парағын

Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым

Ән «Алғашқы ұстазым» Ұлжалғас

Айбол

Мектеп мектеп ашық жарқын көңілім

Мектеп мектеп шаттық толы өмірім

Мектеп мектеп әнім болып төгілдің

Мектеп мектеп жан анам болып көріндің

Хамит

Ұстазым ұлағатым сая бағым

Шәкіртті өз балаңдай аяладың

Қолыма әліппенің кілтін берген

Адалдық ақ жолыңды бағаладым.

Би «Ұйғыр»

Хамит

Ақыл ойың жаңғырып

Бастауышпен қоштасқан

Өңкей білгіш балдырған

Өсті бойың ойларың

Құтты болсын тойларың.

Мұғәлім. Өздеріңмен адымдап аспандаймын

Сендер барда ешкімнен жасканбаймын

Бастауышты бітірген сендер

Ал мен

Тағыда бір белестен асқандаймын

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым

Орындалсын арман тілек талаптарың

Самғаңдар биіктерге

Қайрылмасын

Енді ғана қатайған қанаттарың

Ия,ия қатайды қанаттарың

Тағы бір өтсем бекен санап бәрін

Мен келгенде жетеу едің

Жетеуіңді жеті түрлі мінезбенен парақтадым.

Би «Өзбек»

Ақбота

Қош бол, балғын балалық

Ардақты ұстаздар,біз сіздермен біргеміз. Алтын ұя мектебіміз бен ұстаздарға рахмет!

Сабақты қорыту.»Әрқашан күн сөнбесін» Хор

Мұғалімдер мен ата-аналарға сөз кезегі беріліп, ертеңгілік қортындыланады.









Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министірлігі

С.Жиренов атындағы негізгі орта мектебі































Дайындаған: Айнұр Сайлаубек











Ынтымақ ауылы


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров343
Номер материала ДВ-036084
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх