Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Біз бақытты отбасымыз"

Тәрбие сағаты "Біз бақытты отбасымыз"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Біз бақытты отбасымыз»

Сыныбы: 8 а

Мақсаты: Оқушыларға «Отбасы» туралы, оның құндылығы туралы түсінік беру.

Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Отбасының қоғамдағы орны туралы білді.
Тапсырмаларды орындауда сындарлы ойлайды, ізденеді, ой түйіндейді.
Өзін және сыныптарын бағалайды.
Керекті жабдықтар: Интербелсенді тақта,  смайликтер, бәйтеректің және шаңырақтың  суреті және  стикерлер. «Перзент парызы» видеоклипі, «Мерейлі отбасы» байқауының үзінділері
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Топтық жұмыс: ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері: Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Оқушылармен амандасу.

- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай? Сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Шеңберде тұрып оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі. Мысалы:Салем! Сәлеметсің бе? Есен-амансың ба? Қалайсың? Ні Т.б
- Біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?
Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.

Топқа бөлу: Стикерлер арқылы оқушыларды Отбасы, ата-ана туралы мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу.Мақал-мәтел қиындылары:

1-топ: «Әке- алтын дінгек»

                        2-топ:   «Отбасы –татулық негізі»

                        3-топ:   « Отбасы бақыты- ел бақыты»

Оқушылар мақал-мәтелдерді құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді.
 Ендігі кезекті мына  сұрақтарға жауап берейік. Отбасы дегеніміз не? Қалай түсінесізіңдер? Отбасы қандай болуы керек?Отбасы туралы пікірлерін ортаға салу.
-Бүгін біз бір ғажайып әлем туралы сыр шертеміз. Қалай ойлайсындар ол қандай әлем болуы мүмкін. Ол сіздер өскен , біздер өскен шағын мемлекет, яғни жанұя – отбасы бірлігі, ынтымақтастығы, достығы, өзара сыйластықтары. Отбасы әр адамның шағын отаны.Отбасында өсіп-өніп тәрбие алады. Біз жастаймыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында, яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата –әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады.
Отбасы- Бірге тұратын, бір -біріне қамқорлық жасайтын және ортақ шаруашылық жүргізетін бір үйдің адамдары.

Енді мына қағаз қиындыларындағы сұрақтарға жауап жаза отырып, сары және жасыл стикерлерге жазып тақтадағы шкалаға «Тілек ағашына» жапсырамыз.

 

1.  Отбасыңды ең бақытты отбасы деп есептейсің бе?

2.    Сені отбасыңдағы қандай мәселе мазалайды?

3.  Қатты қиналып, бойыңды қорқыныш билеп     «отбасымнан безіп кеткім келеді» деген ойлар мазалаған кездер болды ма?

4.  Өзіңді бақыттымын деп есептейсіңбе?

5. Отбасың үшін сенің ұялған кездерің болды ма?

6. Өз  отбасыңныңқандайболғанынармандайсың?

7. «Отбасының бақытыүшін не керек?»

Бұл шкалада сары стикер «Отбасыма көмек керек!»

Жасыл стикер «Біз бақытты –отбасымыз!»

Сары жапырақтар көп болса, отбасына қауіп –қатер, жайлай бастағаны. Ол мына өздеріміз жазғандай келіспеушілік, әкенің балаға, баланың анасына көңіл бөлмеуі.

Ал, көк   жапырақ көп болса онда сіздің отбасыңызда бақыттың орнағаны, сыйластық, адалдық, жүрек жылуы.  Үлкендер бата бергенде көктеп көгер, ұрпақ жай деп  жатады.  Отбасы бақыты үшін мына өздеріңіз жазған жақсы ойлардың барлығы керек

Негізгі бөлім 1-топ: «Әке- алтын дінгек»

                        2-топ:   «Отбасы –татулық негізі»

                        3-топ:   « Отбасы бақыты- ел бақыты»
Осы тақырыпты ашу үшін әр топқа бояулар беріледі, әр топ мүшесінің ойын осы қағазға түсіруін сұраймын және постерлеріңіз эстетикалық жағынан да, мазмұны, көркемделуі жағынан да жақсы болуы тиіс.

Әрбір топтан шыққан  көшбасшыны қалған топтар формативті: «басбармақ», «смайликтер» арқылы бағалайды
Қыркүйек айының бірінші жексенбісі «Отбасы күні» болып белгілендігін және Астана қаласында өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы, Жамбыл облысынын. Қордай ауданынан қатысқан Арыстанбек ардагері отбасы туралы мәлімет беру. Көрсетілім: «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қорытындысы.
«Өзімнің жанұям туралы айтып берейінші...» (алдын ала үйге берілген тапсырма негізінде топ ішіндегі оқушылар өз отбасы туралы әңгімелейді.

3-топта : Венн диаграммасын құру: «Отбасы және мектеп»

Видеоклип: А.Жорабаеваның «Перзент парызы».

Әрбір топтан шыққан  көшбасшыны қалған топтар формативті: «басбармақ», «смайликтер» арқылы бағалайды.
Қорытынды: Кері байланыс парағын толтыру.

Бүгін мен сабақта білдім (нені)?
Бүгін мен сабақта үйрендім (неге?)
Бүгін мен үшін күтпеген нәрсе болды (не?)

 Қорытынды; «Екі жұлдыз-бір тілек» әр оқушы өз отбасына деген тілектерін  стикерге тілек жазып, тақтадағы «Шаңырақ» суретіне жапсырады.
Қадірменді оқушы, ата-анаңа ақыл қосар ақылшысы екеніңді, көмекші екеніңді, ертеңгі үміті екеніңді ұмытпа. Әрбір отбасы үшін бақыт, сол отбасын құрап отырған мүшелердің барлығына тікелей байланысты.  

 

 

 





Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Біз бақытты отбасымыз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 508 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.12.2016 3310
    • DOCX 17.7 кбайт
    • 55 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдувалиева Гулназ Нурлановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абдувалиева Гулназ Нурлановна
    Абдувалиева Гулназ Нурлановна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16707
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой