Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Денсаулық- зор байлық"

Тәрбие сағаты "Денсаулық- зор байлық"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Денсаулық –зор байлық»

Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға үйрету, денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы өмірдің тірегі екендігін түсіндіру.

Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалықты сақтауға, денсаулықты күте білуге тәрбиелеу.


Жүргізуші: Армысыздар, аман-есен бармысыздар, құрметті ұстаздар мен ата-аналар және оқушылар!

1-оқушы: Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда күштісің жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында

Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де.

2-оқушы: Денің сауда жетерсің арманыңа,

Жоспарлап алға қойған мақсатыңа.

Денің сауда көрерсің бұл дүниенің

Бар қызық рахатын, жарығында.

3- оқушы: Ата-анаңның тілегі- адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі- адал болып өскенің.

Спортпен айналыс, сұлулық сақтаған,

Сол саған пайдалы іс сауық пен кинодан.

Жүргізуші: Олай болса, денсаулықтың достарымен танысайық. Денсаулықтың досы-табиғи күш. Таза ауа күннің сәулесі, су адамдарға өте пайдалы.

4 –оқушы: Уа,халайық,халайық.

Табиғатқа қарайық.

Жер,су, ауа, тазарса,

Пайдалы екен бұл аса.

5-оқушы: Айналаңды қоршаған,

Табиғатты сүйе біл.

Қауіп-қатер төнсе оған,

Қамқорға алып сүйе біл.

6-оқушы: Білгін бұны балалар,

Сусыз құрғақ далалар.

Сусыз құрғақ қалалар.

7-оқушы: Ескертеміз бар ұлға

Ескертеміз бар қызға

Суды босқа ағызба.

8-оқушы: Су пайдалы адамға,

Шынығамын күнде мен.

Тоңбайды аяз боранда

Салқын суға үйренген.

9-оқушы: Суық судың несі айып,

Шынығайық халайық.

Кеңестері айтылған,

Денсаулыққа лайық.

10-оқушы: Жансезімі -өзіңнің

Көңіл-күйің сезімің

Денсаулыққа жағымды

Көңілді,шуақ,қуаныш,

Сенім ,рахат,жұбаныш.

11-оқушы: Денсаулыққа зиянды,

Ашу –ыза , қызғаныш.

Көңілсіздік реніш

Балдырған баламыз.

Досты көп табамыз

Кикілжің ,ренішті,

Білмейді арамыз.

12-оқушы: Істердің бәрінде,

Келісіп аламыз.

Адал да, әділ де

Сенімді боламыз.

Жүргізуші: Денсаулықтың досы –тамақ. Адам күш-қуатты тамақтан алады. Тамақты асықпай жеу керек.

13-оқушы: Сүт,жаңғақ,сыр,жемісті,

Айранды іш аралас.

Тамақтансаң орнымен,

Саған ауру жоламас.

14-оқушы: Ақ сиырдың сүтін іш.

Ақ сүт берер саған күш.

Шым-шым мөлдір суға түс

Тұмау келсе қуа түс.

15-оқушы: Бәрін былғап жейберсең,

Қиын болар өзіңе.

Өзіңе жау болмасаң

Құлақ ас бұл сөзіме.

16-оқушы: Тойып ішсең қаншама,

Ауырасың соншама.

Асқазанды бүлдірсең,

Жазылмас қанша күн жүрсең.

17-оқушы: Бұрын біздер ауырсақ,

Дәрігер қарар жанын сап.

Дәріханаға барамыз,

Дәрі сатып аламыз.

Жүргізуші: Денсаулықтың досы –тазалық. Ол үшін біз жеке бас гигиенамызды таза ұстауымыз керек.

18-оқушы: тері гигиенасы,

Тері сезім мүшесі.

Маңызды оның үлесі,

Сол арқылы білесің.

Сезіп затты ыстықты,

Қатты жұмсақ, суықты.

19-оқушы: Тері дайым дұрыстап,

Қызуыңды реттейді.

Зиян микроб, вирустар

Ағзаға одан өтпейді,

Жуып тұру тек керек

Аптасына екі рет.

20-оқушы: Су мен сабын бір жолдас

Олар жоймас кір болмас.

Жарақаттан сақта әрі

Жақын иод «көк дәрі»

21-оқушы: Қол жиі ластанар,

Сондықтан істің әр

Жу қолды соңында,

Жу тамақ алдында

Жу тамақ жеген соң

Жу ойнгап келген соң.

22-оқушы: Күнде аяқ жуып тұр

Шұлықты ауыстыр.

Аяқ қол болмай кір

Тырнағыңды алып жүр.

23-оқушы: Бөлінеді құлағың

«Ішкі, ортаңғы, сыртқы» деп.

Сыртқы қалқан тұрады

Есту жолын реттеп.

24-оқушы: Құлағыңды сау сақта,

Іші кірлеп кетпесін.

Оған күтім сеп тисін

Сабын жағып саусаққа.

Жусаң жақсы естисің.

25-оқушы: Көзің нашарлап қалысқан

Кезде әлдене зақымнан.

Біреу көрмес алыстан,

Біреу көрмес жақыннан.

26-оқушы: Үстел басында, партада,

Ережені сен сақта.

Оқып,жазған шақтарда,

Жарық болсын сол жақта.

27-оқушы: Теледидар , компьютер

Ұзақ көріп ойнама,

Аптада екі үш рет жетер

Жүрсең көзді ойға ала.


Жүргізуші: Құрметті балалар сіздерге арналған сыр бар. Жұмбақтарды шешеміз денсаулыққа не керек екенін білеміз. (сабын,айна,сүлгі,тарақ) тазалық пен денсаулыққа байланысты.

Көрініс. Тіс ауруы мен кәмпит.

Баяғыда бір қолтырауын болыпты. Ол тәттіге құмар екен. Бірақ кәмпитті көп жеген оның бір күні тісі ауырып, қиналады.


Қолтырауын.Ой, тісім қақсап барады. Жанымды қоятын жер жоқ.(Қолтырауын дауыстап жылайды) оның даусын естіп,тоты құс ұшып келеді.


Тоты құс: Балалар қараңыз мына бір сұмдықты! Қолтырауынға не болған? Кім оны ренжітті? Қолтырауын саған не болды?

Жылама! (Қолтырауын одан сайын жылайды, оған маймыл келеді)

Маймыл : Не болды, жасыма,айтшы өзің!

Неліктен ісінген бас көзің

Әлде сен біреумен күресіп, жеңіліп,

Тұрмысың намыстан қорланып, егіліп?


Қолтырауын: Жоқ, мен ешкім күрескен жоқпын. Тісім ауырып жылап отырмын.Енді не істеймін? Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.


Маймыл мен тоты құс қосылып:

Айболит атаны шақырайық,

Айболит атамыз бәрін де емдейді.

Ауырса адамды, аңды да тең дейді

Кәдімгі мейірімді Айболит атамыз,

Айтыңдар, кәнеки, оған кім тең келмейді?

(Айболит тісті емдейді) Қолтырауын рахметін айтады.


Айболит: Бір сәтке тойынар тәп-тәтті үшін,

Тәртіпті бұзыпсың қарынның қамы үшін.

Міне,енді еңіреп тұрғаның ұят-ақ!

Тәртіпке керек қой білсеңші жан үшін.

Кәне аузыңды аш, көрейік!

(Айболит тісті емдейді) Қолтырауын рахметін айтады.


Айболит : Кәмпит жесең көбірек,

Тісің жүрер мазалап.

Не жесең де күніне

Екі рет жу тазалап.

Қолтырауын: Балалар, тістеріңді күнде жуып, күтініп жүріңдер.

1-оқушы: Ішсең де айран жалғыз шай,

Тамақтан соң ауыз шай.

Айтылған тыйым сөздер мен мақал-мәтелдер айту:

  1. Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен.

  2. Тазалық-саулық негізі,саулық-байлық негізі

  3. Денсаулық –зор байлық

  4. Олақтан салдақ жаман.

  5. Тазалық-денсаулық кепілі

  6. Теледидар қарама, көзің талар.

Сағыз шайнама, аузың тозар.

  1. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.

  2. Әуелгі байлық-денсаулық

  3. Көзің ауырса, қолыңды тый, Ішің ауырса аузыңды тый.

  4. Дана көптен шығады

Дәрі шөптен шығады.

  1. Ауырып ем іздегенше

Ауырмаудың жолын ізде.

  1. Ауру батпандап кіреді,

Мысқылдап шығады.


Бүктеме. Спортшылар туралы мәлімет. Ұлдар арқан тартысу.Күш сынасу.

  • Енді біздің осы кешке дайындаған концертімізді тамашалаңыздар.

  1. Ұлдардың орындауында . Ән. «Жақсы бала еңбекшіл» 2. Көрініс. «Тәнім менің тіл қатар» 3. Гимнастика жасау. 4.Би

  • Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық? (Денсаулық)

  • Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз? (жаман әдеттен аулақ болуымыз керек)

  • Сендер қандай азамат болып өсулерің керек? (сау,ақылды,адал болып)

Олай болса, балалар, денсаулықтың достарын айтайықшы:

hello_html_8de4121.gif

Осымен біздің тәрбие сағатымыз аяқталды. «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай, дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі , салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 29.06.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров53
Номер материала ДБ-135369
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх