Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Тәрбие сағаты "Денсаулық - зор байлық" (4 сынып)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Тәрбие сағаты "Денсаулық - зор байлық" (4 сынып)

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Алматы облысы Талғар қаласы

"Сәкен Сейфуллин атындағы № 2 мектеп

жасына дейінгі шағын орталығы

бар ЖББОМ" Мемлекеттік коммуналдық

мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

Дурханова Алия Тилеубековна



Сабақтың тақырыбы: «Денсаулық–зор байлық»
Мақсаты:
Білімділік - жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылық - сынтұрғысынанойлау, шығармашылыққабілетіндамыту, сөйлеушеберліктерінжетілдіру.
Тәрбиелік - денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу. Түрі: Сайыс сабақ Көрнекілігі: суреттер көрмесі, мақал - мәтелдер, слайдтар.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Денсаулық–зор байлық» деген тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Тәрбие сағаты сайыс түрінде өтеді. (Сайыс шарты хабарланады) 1. Таныстыру. 2.Топтың ұстанымын қорғау. 3. Мақалдар сайысы. 4. Өнер.

Әділ қазылар алқасымен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлім: Денсаулық–ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық–ол жүруің,
Еш бір жерің ауырмай. - дей отырып сайысымызды бастайық.

І тур

1.Таныстыру І – топ: Спорт - көркі өмірдің, Спорт - досың , серігің. Жаттықсаң шымыр боларсың, Шынығып , өсіп толарсың.

Топ басшысы:Тік ұстап денеңді Сапқа тұр сен енді. Хормен : Жанға сеп шынығу, Жаттығып , шынығу Сымбатты болу да Өзіңнің қолыңда.

Топтың ұстанымы: Спорт - денсаулық кепілі.

2.Таныстыру. ІІ – топ: Ас же, іш сіміріп Бойға сіңіріп . Ас ішсең толасың. Аман сау боласың. Ас - адамның арқауы Аспен күш артады . Тағам іш жағымды Тазартар жаныңды .

Топ басшысы: Әр адам өз денсаулығын сақтауға және ғұмырын ұзартуға жауапты. Денсаулықтың жақсы деңгейіне жету - бұл нақты өмірлік ұстаным мен тәртіптен тұратын үзіліссіз үдеріс . Денсаулық – бақытты болудың ең алғы шарты.Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі - денсаулықтың белгісі. Біздің ойымызша денсаулық - дұрыс тамақтанудан басталады.

Топтың ұстанымы:Ас - адамның арқауы.


3.Таныстыру ІІІ – топ: Абай «Денің сауда»

Денің сауда күштісің бұл әлемде, Денің сауда сұлусың бұл әлемде.Сол мықты денсаулықтың арқасында, Жетерсің әлі талай бақыттарға. Денсаулықты сақтап түзу өсесің, Күнадан пәк жаннат өмір кешесің. Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса, Харамменен тәніңді улап не етерсің ? Жаман әдет көп шектірер қасірет, Сақта өзіңді жақсылыққа жетерсің. Топ басшысы: «Денсаулық – терең бақыт». Өз денсаулығыңа қамқор болсаң, жаныңа үнемі сәттілік серік болады. Әр адам өз денсаулығын сақтауы шарт.

Топтың ұстанымы: Сақтансаң , құдай сақтайды.

ІІ тур

Ұстанымдарын қорғау(тақырыпқа байланысты ұйымдастырылған көрмедегі суреттер бойынша әңгімелеу, қорғау)

І – топ: Спорт - денсаулық кепілі. Спортпен шұғылданудың денсаулығымызға тигізетін пайдасы:1. Жүйелі түрде спортпен шұғылдану. 2.Ерте жатып, ерте тұру керек.
3.Ұйқымыздың жүйелі болуына мән беру керек. 4. Жолда жүру ережесін сақтау .

5. Спорттық ойындарды ойнау. Футбол ойнау аяқ бұлшық еттерін дамытады.

6. Баскетбол ойнау ептілікке , шапшаңдылыққа тәрбиелейді, бойымыздың өсуіне ықпал етеді.

7. Би үйірмесіне қатысу. Ол да спорттың бір түрі.

8. Күн тәртібін сақтау, өте маңызды.

9. Спортпен шұғылдану бұрыннан қалыптасқан. Мысалы : көкпар, арқан тартысу т.с.с.

10. Неғұрлым қимылдасақ, сол ғұрлым қан айналымымыз жақсарады.

ІІ – топ: Ас - адамның арқауы. Денсаулықтың негізі - дұрыс тамақтану.
1.Тамақтан алдын және кейін қолымызды жууымыз керек.
2.Тамақ ішіп болған соң және ұйықтар алдында тістерімізді тіс пастасымен жуу керек.
3.Ұйқымыздың жүйелі болуына мән беру. 4. Жеміс, көкөністерді жемес бұрын жақсылап жуу керек. Тағамдардың таза болуына аса мән беру керек т.б.

ІІІ – топ: Сақтансаң, құдай сақтайды. Дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданып, шыныққан денсаулығымызды , өмір қауіпсіздігін қорғау өз қолымызда. Бұл өте маңызды.

  1. Ата-ананың рұқсатынсыз ешқандай дәрі қолданбау керек.

  2. Терлеп тұрып су ішпеу керек. 3.Егетін (прививка) дәрілерді уақытында ектірту керек.
    4. Отпен ойнамау . Өрт шыққан жағдайда 101 қоңырау шалу.
    5. Техника қауіпсіздігін сақтау . 6. Электр тоғына жақындамау. 7. Өмір қауіпсіздігін сақтау.

ІІІ тур

Мақал- мәтелдер сайысы.

1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
2.
Ісің түсіп тақсырға барма,
 Аурулы болып бақсыға барма.
3.
Бақсы көрінсе дерт қозады,
 Ұста көрінсе таға тозады.
4.
Жарлының байлығы - денінің саулығы.
5..
Ауру атанды да шөктірер.
6.
Қотыр қолдан жұғады,
  Таз тақиядан жұғады.
7.
Бас ауырса жан қорқады.
8.
Жұғын бар жерде - шыбын бар,
  Шыбын бар жерде - шығын бар.
9.
Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.
10.
Жан ауырса - тән азады,
  Қайғы басса - жан азады.
11.
Өліспеген көріседі.
12.
Қасқырдың ойлағаны арамдық,
  Қойдың ойлағаны - амандық.
13.
Тәуіптің жақсысы - ауруға ауру қоспағаны.
14.
Мың жұмақтан - бір күн тірлік.
15.
Қасапшыға мал қайғы,
  Қара ешкіге жан қайғы.
16.
Емнің алды - еңбек.
17.
Ауру желмен келіп, термен шығады.
18.
Аман болса бұл басым,
  Тағы шығар бұл шашым.
19.
Азған денеге ауру үйір.
20.
Қайғы қартайтады,
  Қуаныш марқайтады.
21. Аурудың бәрі жүрекке тиеді. 22.Ескі ауруды емдеу қиын. 23. Демі бардың, емі бар. 24. Шымырдың сезімі сергек т.б.

Денсаулық туралы сөз қозғағанда адам жанының арашашысы , ақ халатты абзал жандардың еңбегін айрықша атап өткеніміз жөн.Олар бар күш - жігерін адам денсаулығын сақтап қалуға жұмсап, күні - түні аянбай еңбектенуде. Келесі сөз кезегін сол кісілерге берейік. (Сөз қезегі тіс дәрігеріне беріледі. Дәрігер тісті дұрыс тазалу жолдарын көрсетеді)

ІV тур

Өнер сайысы

І – топ: Денің сау болсын десең, Ұзақ өмір сүргің келсе, Жаңа достар тапқың келсе, Көңілің сергек болсын десең, Зиянды әдеттерден аулақ болғың келсе, Салауатты ғұмыр кешем десең, Үлгілі болам десең, Өнерлі болғың келсе

Хормен : Өз еркіңе тоқтау салып, спортпен шұғылдан!

Нуржанова Нурайдың орындауында таэквондо приемдары орындалады.

ІІ – топ:   -Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл–дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар–дәрумендермен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі. «Дәрумендер – денсаулық кепілі»

Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Руханижағдайды реттеп, қанқұрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. 
Жаңғақтар.  Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.
Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы. 
Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.
Көк шәй:  Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін оңайлатады.
Алма–дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
Шие–күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді. 
Пияз және сарымсақ–инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қауіпін 20%-азайтады.
Айран, сүзбе, ірімшік– тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры.
Қызылша–бүйрекке пайдалы, тұз мөлшерін реттейді. 
Банан–жүректің соғуын дұрыстайды, қанқысымын реттейді. 
Қауын–жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйрекке пайдалы. 

Оқушылар жемістерден және көкөністерден салат әзірлейді.

ІІІ – топ: Мәнерлеп оқу. Е. Өтеутілеуұлы «Денсаулық»

ІІІ. Қорытынды бөлім: Көрсетті міне өз өнерін балалар, Сайыстың да соңы келіп таянар. Жеңімпазды анықтайық қанекей, Әділқазылар алқасы сайысты әділ бағалар, - деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз кезегі әділқазыларға беріледі.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-519350

Похожие материалы