Инфоурок Классному руководителю КонспектыТәрбие сағаты: "Әдеппен сөйлеп әдеттен"

Тәрбие сағаты: "Әдеппен сөйлеп әдеттен"

Скачать материал

Әдеппен сөйлеп әдеттен

 

Сәлемдесу - әдептіліктің бастауы.

Халық даналығы

 

Мақсаты: Әдептіліктің адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.

 

Міндеттері:

-         әдептілік, ізеттілік, сыпайылық тағы басқа адами қасиеттерді түсіндіру;

-         әдептілікке, достыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекті құралдар: суреттер, мақал – мәтелдер, мультимедиялық тақта, үнтаспа, магнитофон.

Сабақтың барысы:

 

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!

Көңіл- күйлерің жақсы ма?

 

Ал ендеше, әдеттегідей шаттық шеңберіне тұрайықшы.

 

Шаттық шеңбері.

 

Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады.

 

Сәлеметсіз бе, алтын күн,

Сәлеметсің бе, Жер-ана

Сәлеметсіз бе, достарым!

Балалар, тіршілік оянудан басталады. Таңертең оянған әдепті адам қуанады. Жақындарымен амандасады. Әдептілік сәлемнен басталады. Сәлемдескеннің өзінде әдеппен сөйлеп, әдеттенуіміз керек. Ендеше балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: “Әдеппен сөйлеп әдеттен”.

 

Слайд 1. Шілденің оны.

               Әдеппен сөйлеп әдеттен.

               Сәлемдесу - әдептіліктің бастауы

                                                халық даналығы

Әңгімелесу.

Сұрақтар:

1.     Балалар, сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер? (дауыстап сәлем беру, қол алысып амандасу, иіліп сәлем беру, алыстан қол көтеріп сәлемдесу, қас- қабақпен, ыммен, іс- әрекеттермен, қимыл тағы басқа)

2.     Амандасу үшін қандай сөздер айтылады (сәлеметсіз бе, қайырлы таң, қайырлы күн, қайырлы кеш, кеш жарық, аман – саусыз ба, аман есенсіз бе, сәлем)

3.     Сәлем деп кімдерге айтқан жөн? (құрбыларға, құрдастарға)

4.     Кім бірінші амандасады? (үлкендерге кішілер сәлем береді)

5.     Қол беріп амандасу кімге тән? (ер адамдарға, үлкен кісіге). Қол беріп амандасқанда қолғапты шешу керек.

6.     Алыста кетіп бара жатқан адамдарға қалай амандасу керек, айқайлауға бола ма? (ол сені көрсе басыңды иіп амандас, айқайлауға болмайды)

 

Дәйексөз.  

 

Тақтадағы “Сәлемдесу - әдептілік бастауы” халық даналығын дәйексөз ретінде түсіндіреді:

-         амандасу кездескен адамдардың бір- біріне амандық тілеуі, бір- бірінің қал- жағдайын біліп, қуанышқа бөлеуі. Адамның жақсы көңіл- күймен, шын ниетпен, адал сезіммен амандасуы, оның ізеттілігі мен әдептілігін көрсетеді. Айналасындағы адамдардың барлығына да күлімдей қарап, ақ ниетімен сәлем беретін балаларды үлкендер әдепті бала деп атайды. Балалардың сәлемдесуіне қарап- ақ олардың әдептілігін байқауға болады. Сондықтан да халық даналығында “Сәлемдесу- әдептілік бастауы”  деп тегін айтпаған.

 

Сергіту сәті.

 

Бойыңды сергек тік ұста

Деміңді ішке тез ал да

Емін еркін тыныста.

Сол қолыңды соз алға

Қол ұшына қара да

Үшбұрыш сыз ауада.

 

Шығармашылық жұмыс, өзіммен - өзім.

 

Слайд 2.

 

Оқушылар екі топқа бөлініп, сурет бойынша тапсырманы орындайды.

 

1-    тапсырма. Әдепті бала дегенді қалай түсінесіңдер? (үлкендерді сыйлайтын, шыншыл, ата- анасын құрметтейтін т.б.)

2-    тапсырма. Жұмыстан келген ата- аналарыңды қалай қарсы аласыңдар? (қуанышты көңілмен, қарсы алып, қолдарындағы заттарды апаруға көмектесу т.б.)

 

Балалардың жауаптары тыңдалады.

 

Слайд 3.

 

Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін дәмдісін

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек?

Рахмет айтып, жеу керек.

 

Слайд 4.

 

     Балалар жүр көшеде

Естіледі шу айқай

Сен де шықтың көшеге

Қағып кеттің байқамай

Мұндайда не деу керек?

Кешіріңіз деу керек

 

Слайд 5.

 

Осы келген бетіңмен

Допты қудың жарысып

Көшенің сол шетінде

Кезікті бір танысың

Ұмыттың сен не деуді

Сәлеметсің бе ? деуді

 

Ал балалар, осы өлең жолдарынан сыпайы сөздерді анықтаңдар.

 

Слайд 6.

 

Рахмет, кешіріңіз, сәлеметсіз бе?

 

Өздерің қандай сыпайы сөздерді қосар едіңдер?

 

Слайд 7.

Рұқсат па?, ренжімеңіз, сыртқа шығып келуге рұқсат па, алуға бола ма?

 

Осы сөздерді қайда қолдануға болатынына мысал келтіріңдер.

 

Үй тапсырмасы.

 

Дәптерде берілген 1,2,4 тапсырманы орындау

 

Жүректен – жүрекке.

 

Біз бүгінгі сабақта әдепті бала болу үшінадамдармен күлімдеп амандасу, олармен сыпайы қарым – қатынас жасау, бір- бірімізді сыйлау қажеттілігін түсіндік. Егер сен бала күніңнен тәртіпті, әдепті бала болып өссең, өз отбасыңның мақтанышы боласың.

 

Слайд 8.

 

Әдепті бала ата- анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар

 

Осы мақалды қалай түсінесіңдер?

 

Ұлы Абай атамыз:

 “Әсемпаз болма әр неге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан” – деп сендерді болашаққа, әдепті саналы өмірге шақырған.

Ал енді балалар, шеңбер жасап тұрып, әрқайсымыз әдептілікке тәрбиелейтін сөздерді сыйлайықшы.

-         әр уақытта күлімдеп, сәлемдесіп жүрейік

-         үлкендерге орын берейік

-         жол берейік

-         ата- аналарымызды сыйлап өтейік

-         кішіпейіл болайық

-         әділетті болайық

-         әдепті болайық

-         әділ жолмен жүрейік

-         бауырмал болайық

-         тіл алғыш болайық

-         үлкен- кішіні ренжітпейік

Әдепті балалар, бақытты балалар. Ал енді бәріміз қосылып “Бақытты балалық шақ “ әнін үнтаспада естілген әнге қосылып айтайық.

Ал балалар, сенде әдепті, бақытты балаларсыңдар. Әдепті бала болашақта жақсы азамат болып, аңсаған арманына жетеді. Келесі кездескенше жақсы көңіл- күйде болыңдар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: "Әдеппен сөйлеп әдеттен""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 788 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.01.2016 3620
    • DOCX 55 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бельгубаева Ботакоз Хамидолловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20218
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 383 человека из 64 регионов

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 211 человек из 51 региона

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 25 регионов

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 27 регионов

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе