Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Тәрбие сағаты "Әдептілік - әдемілік" 4 сынып

Тәрбие сағаты "Әдептілік - әдемілік" 4 сынып


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Әдептілік-әдемілік

Мақсаты: Балалардың әдептілік,имандылық туралы ұғымдарын кеңейту.

Әдептілік сақтауға, үлкендерді құрмет,кішілерге ізет көрсетуге,өзара сыйластыққа,жақсыдан үйренуге,жаманнан жиренуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ақыл сөздер,слайд,дастархан,үй жабдықтарының көрінісі

Әдісі: талдау,сұрақ-жауап

Мұғалім: Жирен жаман әдеттен,үйрен жақсы әдеттен,-дейді халық.

Әджепті болу үшін иманды,кішіпейіл,көпшіл болу қажет.Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен,көзінен,өзінен байқалады.Иман жүзді,әдепті адам күндей күлімдеп,жарық дүниедей жадырап сөйлейді.Халық әдебі <сіз> деген сөзден басталады.Бұл сөз исламды құрметтеуді,ардақтауды білдіретін

қасиетті сөз.

Сіз деген әдеп,

Біз деген көмек.

Негізгі бөлім: Көрініс: Дүниеде не қымбат?

Немересі: Дүниеде не қымбат?

Атасы: Алтын ұяң-Отан қымбат,

Құт-береке атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат

Асқар тауың –әкең қымбат

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

<Әдептілік әлеппесі>Е.Өтетілеуовтің өлеңін оқып,талдау.

Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегінді жина өзің.

Асықпай іш тамағыңды,

Жалама аяқ –табағыңды

Пышақты ұста оң қолмен,

Шанышқыны сол қолмен.

Нанды үгітпе,қадірле,

Қабығымен бәрін же.

Саусағыңды сормағын,

Салдыр салақ болмағын.

Салма аузыңа инені,

Үзбе жұлқып түймені.

Ашуланбай, долданып,

Жауап бергін ойланып.

Құр бекерге қылтима,

Болмашыға бұртима.

Іштарлыққа жол берме,

Бақталастық білдірме.

Мақсат қойма алдыңа,

Қыдырып,құр қаңғырма

Сыйлап үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін!

-Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.



Мұғалім:

Сонымен балалар,адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді білдіңдер?

Ән: Адам болам десеңіз.

Ой талқы: Мен қандай баламын? ( әр бала бойындағы жақсы қасиеттерді айтып,өзіне мінездеме береді. )

1-оқушы

Құс ұясын бұзбаймын,

Бүлдірмеймін жейдемді.

Қабырғанды сызбаймын,

Жинап қоям бөлмемді,

Бос шимайлап,шатпақтап,

Дәптерді де жыртпаймын.

Бір күн болмай сатпақтап,

Киімімді де құртпаймын.

2- оқушы

Апамызды сыйлайық,

Үйдің ішін жинайық.

Бұрынғыдай егесіп,

Ерегісіп тұрмайық.

Қалмау үшін керісіп,

Кел алайық келісіп,

Атқарайық үйдегі,

Жұмысты тең бөлісіп.

3-оқушы

Кел,самаурын қайнатып,

Дастарханды жайнатып.

Отырайық бөлмеде,

Бөпемізді ойнатып.

Гүлдерді де суарып,

Еденді де жуайық.

Келген кезде жұмыстан,

Қалсын апам қуанып.

Мұғалім: Бата. М.Әлімбаев

Көпті көрген өзім де ұстаз едім,көне едім.

Шәкірттерге жыр мен бата беремін.

Сағаттың жаңылма есебінен.

Өзің оян,өзің тұр төсегінен.

Дер кезінде тамақтан,

Кешікпей кел сабақтан.

Оқуда зейінді бол,

Еңбекке бейімді бол,

Кір шалмасын беттерін,

Таза болсын дәптерің.

Оқығаның есте болсын,

Күнделігің беске толсын,

Шәкірт кезде

Шоқандардай озық бол,

Оқу-білім бейнетіне төзіп көр !

Әумин !





Қорытынды: Графопроектордан “ әдептілік “ туралы слайдтар көріп,ой қорыту.




Автор
Дата добавления 17.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров196
Номер материала ДВ-462600
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх