Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты Әдептілік- тәрбие бастауы
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 20 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

Тәрбие сағаты Әдептілік- тәрбие бастауы

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Әдептілік – тәрбие бастауы»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке баулу.

Жаман әдеттен аулақ болып, жақсы әдетке үйрету.

Әдептілік ережесін, тәрбиелікті бойларына дарыту.

Сабақтың көрнекілігі: безендірілген акт залы, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

1-жүргізуші.

Тәрбие, соның ішінде әдеп тәрбиесі сәбидің шырылдап жерге түскен сәтінен басталып, үлкендермен ұстаз-тәрбиешілердің үлгі-өнеге көрсетіп отыруы жолымен үздіксіз жалғастырылуы тиіс. Халқымыз «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей» - демей ме. Қоғамдағы ең жақсы адам - әдепті адам.

Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз «Әдептілік – тәрбие бастауы» деп аталады.

(Музыка ойнап тұр)

Күн шығады:

Ең әуелі арманым

Өртенбей еш орманым

Құты қашып елімнің

Солмаса гүлі жерімнің,

Ренжітпей бірін тек,

Адамдар жүрсін күлімдеп,

Деп төгемін нұрымды.

Осынау шындық сырыңды,

Кейде ұқпай пенделер,

Түтінге өзі сенделер.

Олар тартар сазайын,

Несіне айтам о жайын.

2-жүргізуші:

Мына күнге қараңдаршы. Ол бізге жарқыраған шуағын төгудің орнына көңілсіз тұр. Неге көңілсіз тұрғанын өзінен сұрайық.

Күн:

Менің көңілімді сергіткілерін келсе, мына бұлттардан шыға алмай тұрған менің досым кемпірқосаққа көмектесіңдер.

1-жүргізуші:

Бірінші бұлтты ашу үшін «Сәлемдесу рәсімін» көрсетейік.

1-слайд. (Сәлемдесу рәсімі)

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

- Сәлеметсіз бе, ағай!

- Сәлеметсіз бе, апай!

- Есенсіз бе, әжей!

- Амансыз ба, атай! – деп

Ұл-қыз сәлем береміз

Өнегелі өренбіз.

Көрініс «Жарлы мен ғалым».

2-жүргізуші:

Бірінші бұлт ашылды. Абай атамыз айтқандай «Адам жақсы болу үшін 5 нәрсеге ғашық болу керек». Ендеше ол туралы не білесіңдер!

2-слайд.(Бес нәрсеге асық бол)

1-оқушы:

Тәрбиенің асқары

Абай атам табынған

Әдептілік бастауы

Бес асыл боп табылған.

Көптің ойын бірлетіп

Әдеп жайын қозғасын

Бастайық сол үлгі етіп

Бес асылдан сөз басын

Қанағат:

Ындының мен ашқарақ

Қынығудың қандайын

Жөнге салам бастан-ақ

Тойып ұстап әрдайым

Асылға сап ой қылып

Тыңда, теже мен десең

Қарыныңды тойдырып

Сусын болам шөлдесең.

Рақым:

Шарапаттан тұратын

Мен боламын рақым

Тек жақсылық жолында

Салтанатын құратын

Адамзаттың жаны асыл

Күтіп шаттық, жаңа сыр

Болып жүрем әрқашан

Жоқ- жітікке жанашыр.

Терең ой

Қыран қанат құстаймын

Талабыңды ұштаймын

Зерделіге достаймын

Дарындыны қостаймын

Ақылы азға қонбаймын

Сол ғой менің зор қайғым

Саңылауы бар, түйсігі

Торғай екеш торғайдың

Талап:

Таудай болса талабың

Бағың болып жанамын

Мен бар жерде болмайды

Алынбас еш қамалың

Тұрсам келіп бабама

Тоят аңсар шағыма

Көктей өтіп арманның

Қондырамын тағыңа

Еңбек:

Жасампаз түрді түлетіп

Жаңғыртқан қайта мың рет

Шөлейтті жерді гүл етіп

Жайқалтқан мен бір құдырет

Сондықтан ойлап ертеңді

Сүйіп өс маған табын да

Еңбекпен өмір өркенді

Еңбекпен келер бағың да.

2-жүргізуші:

2-ші бұлтымыз да ашылды.

1-жүргізуші:

Балалар 3-ші бұлтты ашу үшін мына бейне роликті көрейік.

3-слайд – Бейнеролик «Бір қап алма».

2-жүргізуші:

Әдептіліктің тағы бір белгісі біреуге жақсылық жасау. Егер сен біреуге жақсылық жасасаң, саған да олар жақсылық жасайды екен.

-Күннің көзінің көңілі көтеріліп жатыр.

-Ән - көңілдің ажары,

Ән - өмірдің базары дегендей кезекті әнге берейік.

Мөлдірдің орындауында «Айгөлек» әнін тамашалайық.

Ән «Айгөлек»

1-жүргізуші:

Әдептілік туралы мақал-мәтелдер не дейді екен?

Қонақтарымызды көмекке шақырамыз.

4-слайд (Мақал-мәтелдер)

  1. Мейірімділікті анадан үйрен,

Әдептілікті данадан үйрен.

  1. Әдепті бала арлы бала,

Әдепсіз бала сорлы бала.

  1. Әдептілік ар, ұят –

Адамдықтың белгісі.

  1. Әдепсіз өскен адамнан

Тәртіппен өскен тал артық.

  1. Әдепті дегенше,

Әдемі десейші

  1. Аға әдепті болса, іні әдепті,

Ана әдепті болса, сіңілі әдепті.

2-жүргізуші

Мақал-мәтелдерге рахмет.

Жауап берген қонақтарға да рахмет.

Сонымен, 4-ші бұлтымыз ашылды.

1-жүргізуші

Соңғы бұлтты ашу үшін әдептілікті бейнелеу өнерімен көрсетіңдер.

5-слайд. (Коллаж жасау)

(Қамажай биі)

2-жүргізуші

Барлық бұлттар ашылды.

Ашылған бұлттың соңында әсем кемпірқосаққа көңіл аударайық.

(Кемпірқосақтың жеті түсі сөйлесін)

  1. Әр күнді жақсы жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.

  2. күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлай жүр

  3. Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды, жұбатқаныңды, күлдірткеніңді аз да болса еске түсір.

  4. Әнді жиірек тыңдағаның дұрыс, бәрінен жақсысы жаныңды жадыратып, рахатқа бөленесің.

  5. Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.

  6. Тыныштық сақтай білуге үйрен. Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.

  7. «Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі».

1-жүргізуші.

Міне, балалар, күннің көзіне көмектестіңдер.

Күн: Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы мейірім.

Мен үшін жоқ уағың,

Бәріне ортақ шуағым.

Жер шарының ұл-қызын

Жылытуға жетер қызуым.

2-жүргізуші:
Міне, балалар, бүгін өздерің бұрыннан білетін әдептілік жайлы білімдеріңді толықтырдыңдар. Енді сендер бет сұлулығымен емес, ішкі жан дүниелеріңмен, әдептілікпен, мәдениеттіліктеріңмен әдемісіңдер.

Ән «Балдырған».

































































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-369777

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"