Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Тәрбие сағаты: "Дос болайық, бәріміз"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Тәрбие сағаты: "Дос болайық, бәріміз"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Дос болайық, бәріміз»


Сабақтың мақсаты
:

білімділік: достық туралы түсінік беру. Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.

Дамытушылық: оқушыларды өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа да жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Сыныптастарын, достарын, қатарларын сыйлап жүруге, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

- Оқушыларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету;

- Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым-қатынастарын дамыту;

- Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

Жақсы дос жаныңа жолдас,

Жаман дос малыңа жолдас.

Мақалымен ашу.

-Оқушылар мен не туралы мақал айттым?

-достық туралы.

-Қандай достар туралы?

-Жақсы және жаман достар туралы.

Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Дос болайық, бәріміз» деп аталады.

Алдымен қатар бойынша бөлініп, осы достық тақырыбында пікір-талас жүргіземіз.

Ол үшін сіздерге бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Дос, достық дегенді қалай түсінеміз? (3қатарға бірдей сұрақ)

2.Досың бар ма? Ол кім?

3.Достық жасқа байланысты ма?

4. Досыңыздың басына қиындық түссе, не істейсіңіз?

5.Дос қандай болу керек? (әр қатар бойнша оқушылар пікірлері тыңдалады.)

Тыңдаңыздар. Достық туралы ертегі оқып берейін.

2.Ертеде бір қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:

-Ақсақал мен қандай жігітпін? Сынаңызшы,-депті.

Қарт жігітке жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын,- депті.

Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігітің жолдасымен ұзақ сөйлесіп,ақырында жігіттің өзін шақырыпты.

Жігіт келген соң, қарт: -Шырағым, жаман жігіт емессің,- депті.

Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой?-депті жігіт.

Қарт күліп: «Жігітті жолдасына қарап бағала» дейді халық,- депті.

Оқушылар пікірін білу үшін: «Жігітті жолдасына қарап бағала» деген сөзді қалай түсінесіңіз деген сұрақ қойылады.( 3қатардың да жауабы тыңдалады.)

Жақсы, жарайсыңыз, оқушылар.

Бір-біріне адал, шынайы достар әрқашан бір-бірін қолдап, қиын да, қызық та сәттерден бірге шығып, әрқашан бірге болуы керек. Әрқашан да бір-бірін сыйлап, құрметтеп жүрулері керек.

Тыныштық сәті: Енді мына өлеңге назар аударыңыз

Дос деген достың сөзін көтермесе,

Саған жердің түбінен жетем десе.

Неғылып дос атына қосылады,

Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.

Нағыз дос бірін-бірі жамандамас,

Араға көп өкпе сап табандамас.

Көңілі татулықтың шабандамас.

Жақсының әрбір сөзін қайырмайық.

Жасығанда жездей боп мойымаңық.

Сыр сақтамас біреумен дос болам деп

Сыр ашқан досымыздан айырылмайық.

Яғни, бұл өлеңде әрқашан жақсы дос бола білу керек, жақсы досты сыйлай білу керектігі айтылған.

Мына мәселеден қалай шығасыңыз: Тапсырма (жағдаят)

Қаңтардың қара суығы. Айбек екі шелекті қолына алып, құдықтан су алып келіп, қорадағы қойларды суармақшы болады. Шелегін суға толтырып алып келе жатып, Айбектің аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді. Айбектің тобығы шығып кетіп ауруханада көп жатты.

-Сендер Айбектің досы болсаңдар не істер едіңдер?

Әр қатар бойынша оқушы пікірі тыңдалады.

Қорытынды: Сонымен, бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы болды?

Адал, шынайы достар қандай болу керек?

Сіздерге тәрбие сағаты ұнады ма?

Жақсы оқушылар, ендеше біз де әрқашан сыныптас достарымызды, өз остарымызды сыйлап, құрметтеп жүруіміз керек. Әрқашан да көмектесе білуіміз керек. Бір-бірімізге ауыр сөздер, жаман сөздер айтпағанымыз жөн. Әрдайым да достарыңыздың жақсы қасиеттерін ғана көріп, бағалай біліп жүріңіздер.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 04.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров119
Номер материала ДВ-416909
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх