Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Доссыз өмір - тұсыз ас"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәрбие сағаты "Доссыз өмір - тұсыз ас"

библиотека
материалов

hello_html_m17228cbc.gifhello_html_8a3d47b.gifhello_html_m5a335762.gifhello_html_37e138d4.gifhello_html_m7d9aa3c9.gifhello_html_6b402d07.gifhello_html_m7af5a07b.gifhello_html_6352865d.gifhello_html_6352865d.gifhello_html_m7a3292eb.gifhello_html_7dbfa570.gifhello_html_4ee75015.gifhello_html_m1a3de2c9.gifhello_html_m1a3de2c9.gifhello_html_m6f07a999.gifhello_html_968064.gifhello_html_138b9bb1.gifhello_html_m1783f551.gifhello_html_m27348f73.gifhello_html_m5a2bc53.gifhello_html_6f0c661a.gifhello_html_7852ccec.gifhello_html_m7cfe357f.gifhello_html_79a5487f.gifhello_html_m4ffa84b3.gifhello_html_m6127699e.gifhello_html_m59395017.gifСабақтың тақырыбы: « Доссыз өмір-тұзсыз ас» .


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу. Достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.

Пайдаланылатын көрнектілер:

Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі.


- Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз ашық деп жариялаймын. Балалар, сіздер дос болу деген не екенін білесіздер ме? Әрине, білесіздер, дос болмайтын ешбір адам болмайды, иә?! Ендеше осы сыныпта дос бар ма екенін дәлелдейік, ол үшін қазір біз үш топқа бөліп, дос туралы пікір таластырамыз және өз күшімізді тексерелік.


1) «Достық неден туындайды, қалай түсінеміз?»

Осы сұрақ төңірегінде оқушылардың ой-пікірін тыңдау.


  1. Дос деген кім?


Сыр бөлісетін адам

Мені өте жақсы түсінетін адам

Дос

Көмекке әрдайым дайын адам

Қандай жағдай болмасын болмасын бірге болатын адам

Сенімді адам


2.Достық дегенді қалай түсінеміз не? (Жауапты сурет арқылы бер. Әр бір оқушы өзі салған сурет бойынша түсіндіреді)


1- жауап:Адамдар арасындағы 2-жауап: Достықты шеңберге теңедім

байланыс




3-жауап: Жүрекке 4-жауап : Гүлге

теңейміз теңейміз


Описание: j0281904

3.Досың бар ма? Ол кім?

4. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

5. Достық жасқа байланысты ма?

6. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

7. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

8. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?

9. Дос қандай болу керек?



Адал

жомарт

адамгершілігі мол

қарапайым

мейірімді

Дос кешірімді

төзімді

ақылды



сабырлы

Дос салмақты

кек сақтамау

ашықтық, бүкпесіздік



Мұғалімнің кіріспе сөзі, достық туралы әңгіме.

Достық- адамдардың бір- бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

Ерте заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон: «Достық өз бойына қаншама саналуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды; ол сәттілікке жаңа сәулет береді» - дейді.

Достық- адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.

Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Ф.Франклин айтқандай, досты асықпай таңдау қажет.

Достықтың негізі- достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.


Келесі кезек дос туралы көріністерге беріледі:


Достық

Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:

  • Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

  • Достықтықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі – амал достық.

«Енді оны қалай ажырата аламыз» дегендерге:

  • Адал достық - өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа болады, - деп жауап береді екен.

Оқушылардың пікірлері тыңдалады.


-Жарайсыңдар балалар, енді сендер білесіңдер ме достың екі түрі болады. Бірі-адал достық, екіншісі- амал достық. Адал достық сенімді, қамқор, адал сендердің достықтарың сияқты болады, амал достық өтірік айтады, мақтаншақ, арам болып келеді.

Сонымен балалар біз қандай достықты таңдаймыз? Мен сендерге екі дос әнгімесін айтып берейін, сендер олардық достығы адал ма, әлде амал достық па, қайсысы екеннің өздерің айтыңдар.

«Екі дос».

«Бірде орманмен екі дос келе жатқанда оларға бір аю бас салады. Бір бала сасқанынан жүгіріп барып ағашқа мініп кетеді. Ал екіншісі үлгере алмай, өтірік өлген болып,жата қалады.Аю оған жақындап келіп, иіскей бастайды.Бала болса демін шығармай тыныш жата қалады. Аю оны иіскеп-иіскеп кетіп қалады. Аю кеткен соң бірінші бала ағаштан түсіп алып: «Аю саған не айтты?,- дейді. «Ол маған, досың тастап кеткен дос-дос емес»,-деді »

Сұрақ:

1 Дос деген қандай болуы керек?

2.Нағыз дос деп осы екі баланы атауға бола ма?


Енді балалар дос туралы кім, қандай тақпақтар біледі? Ортаға салып, білетіндеріңмен бөлісейік.


Маржан:

Достық- әдеп, сыйласым,

Дос- өмірлік қимасың.

Дос арыңдай қымбатым.

Достық сезім тым тәтті,


Дильназ:

Достық –игі жақсылық.

Достық ниет- жақсы үміт,

Достық жасап адамға,

Достаса біл әманда.


Жандос:

Доспен бірге жүреміз,

Бірге ойнап күлеміз,

Ажырамас іргеміз,

Әрқашанда біргеміз


Сұңғұла:

Достар тату-тәттіміз,

Болса қолда тәттіміз,

Біз бөлісіп жатамыз

Бәріміз дәм татамыз.


Рауан:

Біздің топта ұл- қыздар

Тату –тәтті ойнаймыз

Әлемдегі бар адамға

Тек жақсылық ойлаймыз!


«Жарысты жалғастыр» ойыны.

Мақал-мәтелден тек бір-екі сөзі ғана айтылады. Ал оқушылар оны толық табу қажет.


Мысалы:

1. «Кемшіліксіз ......... адам ......».

2. «Дұшпан ........, дос........».

3. «Жаңылмайтын ........., тұяқ .......».

4. «.......... жақсы, ..........көнесі .......».

5. «..........ақшаң ......, ..........досың ......».

6. «Досы ..........,

........... көппен ............».

7. «Досы ........, өзі де ........».

8. «.......... басқа ...........,

........... аяққа ...........».

9. «Ақылсыз .......... дұшпан .........».

10. « Досың мың ............,

....................... біреу .............».


Жауаптары

1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.

3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».

4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».

5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».

6. «Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас».

7. «Досы жақсының-өзі де жақсы».

8. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».

10. «Досың мың болса да-аз,

Дұшпаның біреу болса да-көп».


«Сыйқырлы орындық» ойыны

Ортадағы орындыққа бір бала отырады. Қалғандары сол баланың ұнамды жақтарын айтады. «Менің досым» тақырыбы бойынша әр бала өзінің досы жайлы айтады.


Ситуациялық сұрақ: мына қоржынның ішінде асықтар бар. Алған асықта нөмір жапсырылған, сол нөмір бойынша сұрақтар алып, жауап ереді. Қандай сұраққа жауап беру өз еркің.

- Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.

- Досың қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек. Оның жағдайы жоқ. Сен не істер едің?

- Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?

- Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

- Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр. Түскі тамаққа нан ала келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?

- Екеуің жан доссыңдар және тағы да бір достарың бар, үшеуің сырт көзге қарағанда қызығарлықтай құрбыларсыңдар. Бірақ та сен онымен көп жағдайда келіспей қаласың, ал сенің жан құрбың онымен жақсы сыйласады. Сен қайсысын таңдар едің?

- Сіздің құрбыңыз жаман қылық көрсетіп, сол үшін жұрт алдында сөгіс естіді. Бұл жағдайда сіз құрбыңыздікі дұрыс болмаса да, оның көңіліне қарап, оны жақтайсың ба?

- Сен математикадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен бұдан қалай шығасың?


«Мінездеме беру» тренингі


Қазір мен сендерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусаққа өзіңнің қасыңда отырған балаға көрсетпей мінездеме жазыңдар.


Тірек сөздер:

Адал арам

жомарт өз қамын ойлайтын

адамгершілігі мол кекшіл

қарапайым сөзге түсінбейтін

мейірімді жалқау

кешірімді тәккапар

төзімді қатал

ақылды мейірімсіз

сабырлы сараң

салмақты қызғаншақ

кек сақтамау тұйық

ашықтық

бүкпесіздік

«Бес саусақ бірікпей ине қолға ілікпейді» дегендей бәріміз жұмылы бірауыздан алдымыздағы жүкті көтерейік.

.

Қорытынды:

  • Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

  • Досыңды алдамай, оған адал бол.

  • Досыңды қорлама.

  • Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.

  • Досыңды барда да сына, жоқта да сына.

  • Досыңның кемшілігін кешіре біл.


Рефлекция:

Описание: C:\Users\Admin\Desktop\images (2).jpg

Оқушылар өткен тәрбие сағаты туралы өз пікірлерін жапсырма қағазға жазып, «Достық» ағашына жапсырады.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров387
Номер материала ДВ-447589
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх