Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тәрбие сағаты: "Достық" 3сынып

Тәрбие сағаты: "Достық" 3сынып

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Достық
Мақсаты:
1.Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы,достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру;
2.Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру,олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне,өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына,өз ойын,пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу;
3.Оқушыларды достыққа адал болуға,имандылыққа,сыйластыққа тәрбиелеу;
Барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
Амансыз ба, алтын күн!

Амансыз ба, көк аспан!

Амансыз ба, жер ана!

Амансыз ба, достарым!

Сіздерді көрсем қуанам!
Қызығушылықты ояту

Тақырыпты ашу сұрақтары.

  1. Дос деген кім? Дос

Сыр бөлісетін адам Мені өте жақсы түсінетін адам.

Көмекке әрдайым дайын адам. Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам.

Сенімді адам. Достық

Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:

—          Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

—          Достықтықтың екі түрі болады. Бірі — адал достық, екіншісі – амал достық. «Енді оны қалай ажырата аламыз»  дегендерге:

—          Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достық өмірлік нұсқа болады, — деп жауап береді екен.

Оқушылардың пікірлері тыңдалады.

Сиқырлы орындық” жаттығуы
Орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.
Жағдаятты шешу. Сұрақ-жауап.

Шығармашылық жұмыс.

а) Менің досым қандай? (эссе) ә) Өлең шығару (досыма)

б) Дос туралы мақал-мәтел

Оқушылардың пікірі тыңдалады. -Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Алақанмен тосып алған достық шуағының жылуын сезінейік. Өзіміздің қолымызбен жасаған достық нұры мәңгі жүрегімізде қалуы үшін жарастықты, татулықты жақтайық, әрқашан бірлікте, сыйластықпен өмір сүрейік, деп іштей қайталаймыз.Соның дәлеліндей әркім өзінің көршісінің қолын алып, ешқашан ренжіспеуге келісім берейік. Осындай ризашылықпен бұрынғы қалпымызға келеміз. 
«Досымның жүрегі» ойыны 
Үлестірілген жүрекшеге жақын отырған көршісіне жақсы қасиеттерін жазып кеудесіне жапсыру. 

Достықтың ережелері.
1. Бір-біріне көмектесу.
2. Бір-біріне сену.
3. Бір-бірімен бөлісу.
4. Бір-бірін қорғау.
5. Шыдамды болу.
6. Мейірімді болу.
7. Кешірімді болу.
8. Қызғанбау.
9. Адал болу.
10.Сенімді болу.
11.Бір-біріне ренжімеу.
12. Бір-бірін қорламау.
13.Бір-бірін алдамау
«Дос болайық бәріміз» әні



Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров94
Номер материала ДВ-444090
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх