Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәрбие сағаты "Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік"

библиотека
материалов


Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

Рапорт

Ту кіреді

Әнұран

1-жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен

Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Көрініс

2-жүргізуші: Осыдан 29 жыл бұрын, яғни 1986жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз 3 ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

1-жүргізуші:Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған,-деп Қ.Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

2-жүргізуші:

Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,

Шарыған сәті үміт пен күдік қаланың

Желтоқсан-Қайрат, Ләззат, Сабира

Құрбаны болған жаланың

Ал қоғамның адамнан бар ма асылы

Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,

Бұғаудағы боздақтары кете барды

Бірі отымен, ал бірі дарға асылып


1-Жүргізуші:

Орыны ағалардың бізбен толсын,

Ұрпақтар ағалардың жолын қусын

1минут үнсіздікпен еске алайық

Әруағы ағалардың риза болсын

2-Жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс

Егемендік-ел бақыты ертеңі

О,халайық! Құтты болсынқуаныш!

«Балдәурен» би тобының «Қазақ елі» биін қарсы алыңыздар.





1-Жүргізуші:

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап,

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ

Оқушыларымыздың өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Ән, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,

Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп

Өмірдің сырын ашып жүрегіме

Музаның әміріне басымды иіп

Ән

1-Жүргізуші:

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің

Ұланымын туын көкке көтерген,

Болашаққа алға бастап жетелер

Қиындығын қазағымның әрқашан

Қайыспайтын қара нандай көтерер!- дей отырып 2 сынып оқушыларын

«Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсіміне кезек берейік.

2-Жүргізуші:

Барлық ұлттың басын қосты, бұл достық.

Ұлы достық,Нұрлы достық,Күн достық

Достық деген қасиетті ұранға,

Кең даланың жүрегі де үн қосты

Биші қыздар биімен де үн қосты


1-Жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмі егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді

Қазақпын, қойнауы-құт, жері- дархан,

Әнімді бес құлықтың бәріне айтам

Ән:

2-Жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан-елім менің

Кішкентай бүлдіршіндеріміздің биін қабыл алыңыздар.





1-Жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылдың 30 қарашасында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсу, Реформалар, Даму» атты Қазақстан халқына жолдауында мынадай мәселелерді айтып өтті.

1.Бірнеше күннен кейін тарих ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығының есебін бастайды


2.Небәрі ширек ғасырда Қазақстан жаһандық шаруашылық байланыстарға қосылған егемен ұлттық экономика және ұлттардың әлемдік отбасының толыққанды қатысушысынан айналған мемлекет ретінде қалыптасты.


3.Біз бәріміз бірге көптеген сынақтарға төтеп бердік, шынықтық және нығайдық.


4.Біз өзіміздің бүкіл тарихымызда көз көрмеген табысты экономикалық даму қарқынына қол жеткіздік.


5.Біздің халқымыз бұған дейін ешқашан бүгінгідй жақсы өмір сүрген емес. Біз көп нәрселерге қол жеткіздік.


6.Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда; Бүгінгі ахуал біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт кезі


7.Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек.


8.Біріміз-бәріміз үшін, бәріміз-біріміз үшін деген қағида ұстанып, еңбек етуге тиіспіз.

2-Жүргізуші:Ендігі кезекте оқушыларымыздың Тәуелсіз еліне, жеріне арнаған «Жүрек жарды» тілектерін қабыл алыңыздар

1-Жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата-баба рухына,

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағатты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі-дей келе бүгінгі тәуелсіздіктің 24 жылдығына арналған, «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті

Қазақ елім!Туды жастық дәуірдің

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар.

3


Автор
Дата добавления 21.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1143
Номер материала ДБ-047007
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх