Инфоурок Классному руководителю ПрезентацииТәрбие сағаты " Елін сүйген, Елі сүйген - Елбасы" Разработка + Презентация

Тәрбие сағаты " Елін сүйген, Елі сүйген - Елбасы" Разработка + Презентация

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Елбасы Тәрбие сағаты.doc

 

Мақсаты: 1.қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы         

                     Назарбаевтың  өмір  жолы,туып-өскен,оқып  білім  алған ,қызмет 

                     еткен жерлері   туралы  мағлұмат  беру;

                   2.елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын ,халқын  

                     сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық  сезімге

                     тәрбиелеу;

                  3.шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін 

                    ояту,құрметтеу.

 

1-ж. Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! 1 – желтоқсан тәуелсіз мемлекетіміздің алғашқы елбасшысын сайлаған күніміз – ұлы мерекеміз.

 

Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев

             2DD4D180-3E0C-40E0-955A-1991713C9C57_mw800_mh600    

Тұманбай Молдағалиев «Есіл  ер»

1-оқушы:

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік  қоясың,

Халықпен  бір  ашығасың да,халықпен бірге  тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге  айтып арман әндері,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ  жаясың.

2-оқушы:

Халықтың мұңы мұңдайтынын да,халықтың жыры жырлар  жыр,

Көкірегіңдекөнермей әлі өткен де  кеткен жылдаржыр,

Соңына  ердік сол ғана бізді жеткізеді  деп бақытқа,

Бақытқа  баста  байтақ  еліңді,бақытсыздықтан құр қалдыр.

3-оқушы:

Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп  жүрем мен,

Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.

Сүйеміз сені,санамыз,сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,

Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен  жіберген.

4-оқушы:

Жесірге  пана,қашанда қамқор  боп жүрсің жетімге,

Ананың тілі,баланың тілі сөйлей білесің не тілде.

Қалам тербесек жүрек берді есеп  басынан өткен жылдарға,

Саған  сенбесек ,кімге сенеміз осынау жердің бетінде...

Ән: «Жан аға»

 

 

 

5-оқушы:

 Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын  терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен  атқаратын  адам.Ол әр  қадамын шын  мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға  біткен дарынмен  қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс  және өмір дағдысы.

4546
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Бірінші қатарда солдан оңға қарай інісі- Сатыпалды, апасы Әнипа. Екінші қатарда Нұрсұлтан Назарбаев, анасы- Әлжан, әкесі-Әбіш. Үшінші қатарда ағасы- Болат Назарбаев, нағашы апасы.

6-оқушы:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  6-шілде 1940 жылы Алматы  облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде  айта беретініміздей  таршылық  жағдайда өтті.Үлкендердің  мал  бағуына,бау-бақша  өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек  теріп,отын  жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті  заттар алу үшін есек  жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол  стансасына бару  дегенің  керемет мереке  саналған.Мектепті  жақсы оқып,жақсы білім  алды.Ата-анасын қатты құрмет  тұтты.

7-оқушы:

Ол ерте есейді,орта мектепті  бітіре  салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды  металлургия комбинатының көлемді құрылысына  аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск  қаласына  барып металлург –жұмысшы  мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна  пешінің  көмекшісі жұмыстарын  атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

                               Nazarbaev_HuseinHadjiev

 

 

 

8-оқушы:

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап  көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық  көлемде басшы органдарда жауапты  қызметтер  атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында  экономикалық салаға жауап  беретін хатшы  болды.

9-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста  болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

10-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш  рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп  сайланды.

nazarbaev nazarbaev250tass Картинка 24 из 2093
Картинка 43 из 2093
 

 

 

 

 

 

 

 

 


11-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы  Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз  демократиялық  және құқылық  мемлекет» деп жариялады.

12-оқушы:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран  бекітілді.

Елтаңба  авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.

                                          1182172403

13-оқушы:   Шаңырақ –Отан отбасынан  басталады.ортақ шаңырақ  биік ,босаға берік  болсын деген  мағынаны,ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуатты тілеймін  дегенді  білдіреді.Ай мүйізді ,алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін,қыранның қырағылығын,өгіздің қара күшін,еліктің  шапшаңдығын,қырмызы қызыл түлкінің  жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай  берсін» деген асыл  арманды арқалап тұр

 

 

 

 

14-оқушы:Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында  шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген ,ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі  бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр,ені-1метр.Жалаудың  жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

                          1182174119

 

15-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.

 Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,

Білдім дербес елімнің үлгісі деп.

Бейнеленген хан,ақын, ғалымдарым,

Беттерінен көз тартып тұрды сурет.

Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,

Құт-береке болшы бір елге келген.

Өз туы,елтаңба,әнұраны бар

Айтындаршы, енді елім кем де неден?

16-оқушы:

1995  жылы 28-қаңтарында  тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 «Ата Заң»

Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,

Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.

Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,

Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.

Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,

Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.

Дейді заңы мемлекет үлкенге де,балаға:

“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”

Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,

Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.

                                                         Ермек Өтетілеуұлы.

17-оқушы:Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік  және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997  жылы мұнда  бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындарыПрезидент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент  көшіп келді.Еліміздің  басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

18-оқушы:  1998  жылы 10-маусымда жаңа  астананың  ресми  тұсау кесері  болды.Қала  Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде  орналасқан.

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,

Жанарып қалам,жасарып далам!

Басыңнан серпі бодандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

          Ән: “Астана – бас қала”

 

19-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.

   Егемен елім әнұраны жанарды,

   “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.

     (Әнұран айтылады)

20-оқушы: «Елбасына»

Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім,дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

 

1229687036   1

 

 

 

21-оқушы:

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

            7-1   student11                 

 

              0_5236_a2c39625_XL     tdnvai7qmoro4ngc9x8ahzply0ttmq

22-оқушы:

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

23-оқушы:  Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.

Уа, халқым, сөз қадірін білесің.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім.

Көсіле шабар жерім бар,

Тау көтерген елім бар.

Қол бастайтын ерім бар,

Атадан қалған сара жолым бар.

Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

Ән: «Елім менің»  (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты " Елін сүйген, Елі сүйген - Елбасы" Разработка + Презентация"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ тәрбие сағаты слайд.ppt

Скачать материал "Тәрбие сағаты " Елін сүйген, Елі сүйген - Елбасы" Разработка + Презентация"

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • 1 слайд

  • 2 слайд

  • Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілі...

    3 слайд


    Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізді білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде.

    Н. Ә. Назарбаев
    28 қаңтар, 2011 ж., Ақорда

  • Біздің елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевСөйлесіп бір жүрген қай сөзінде...

    4 слайд

    Біздің елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
    Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,
    Халықпен бір ашығасың да,халықпен бірге тоясың.
    Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,
    Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.

    Халықтың мұңы мұңдайтынын да,халықтың жыры жырлар жыр,
    Көкірегіңдекөнермей әлі өткен де кеткен жылдаржыр,
    Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,
    Бақытқа баста байтақ еліңді,бақытсыздықтан құр қалдыр.

    Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
    Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
    Сүйеміз сені,санамыз,сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
    Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.

  • 1940 ж. шілденің 6 Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге ке...

    5 слайд

    1940 ж. шілденің 6 Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
    1967 ж. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқы орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы.
    Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
    1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
    1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
    1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
    1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2-ші хатшысы.
    1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
    1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
    1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы,
    1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
    1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
    1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
    Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

  • Балалық шаққа саяхат

    6 слайд

    Балалық шаққа саяхат

  • 7 слайд

  • Нұрсұлтан анасы Әлжанмен

    8 слайд

    Нұрсұлтан анасы Әлжанмен

  • 9 слайд

  • Өмір белестері

    10 слайд

    Өмір белестері

  • Еңбек майданында

    11 слайд

    Еңбек майданында

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  6-шілде 1940 жылы Алматы  облысы Қаскелең ауданы...

    12 слайд

    Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
    Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

  • 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш  рет Нұрсұлтан Әбішұлы Н...

    13 слайд

    1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

    1991

  • 14 слайд

  • 16 желтоқсан 
ҚР Жоғары Кенесінің жетінші сессиясында “Қазақстан Республика...

    15 слайд




    16 желтоқсан
    ҚР Жоғары Кенесінің жетінші сессиясында “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі түралы” Коституциялық Заңы қабылданды.


    1991

  • 
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні деп жарияланды.

 1992

    16 слайд




    7 мамыр – Отан қорғаушылар күні деп жарияланды.



    1992

  • 4 маусым Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік р...

    17 слайд





    4 маусым Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды.

    1992

  • ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ЕЛТАҢБАСЫҚұт береке –шаңырақ
Орын алған ол төрден...

    18 слайд

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛТАҢБАСЫ
    Құт береке –шаңырақ
    Орын алған ол төрден.
    Қанатты қос арғымақ,
    Екі жақтан көмкерген
    Ел таңбасы елімнің ,
    Елдігімнің белгісі.
    Мұнда да бар ерлігің,
    Мұнда да бар жер үнің.
    Қатар шапқан қос тұлпар,
    Ай астында қазақ үй,
    Қалықтаған жас тұлпар,
    Шарықтаған таза күй.

  • Көк аспандай көкпеңбекҚАЗАҚСТАН  жалауы.Көк  емес  ол  тектен-текЕлдің ашы...

    19 слайд

    Көк аспандай көкпеңбек
    ҚАЗАҚСТАН жалауы.
    Көк емес ол тектен-тек
    Елдің ашық қабағы.
    Бұлт баспасын күнімді,
    Тарылмасын өрісім.
    Биік ұстау туымды-
    Қасиетті борышым!


    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУЫ

  • 12 қараша ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу...

    20 слайд

    12 қараша ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы” жарлығы шықты.



    Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
    Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
    Бейнеленген хан,ақын, ғалымдарым,
    Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
    Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
    Құт-береке болшы бір елге келген.
    Өз туы,елтаңба,әнұраны бар
    Айтындаршы, енді елім кем де неден?
    1993

  • «Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конст...

    21 слайд

    «Ата Заң»
    Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
    Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
    Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
    Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
    Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
    Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
    Дейді заңы мемлекет үлкенге де,балаға:
    “Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
    Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
    Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
    Ермек Өтетілеуұлы.
    ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды
    1995

  • 6 мамыр Қазақстан Республикасы Президенті  Н. Назарбаевтың  “ҚР астанасы –...

    22 слайд


    6 мамыр Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың
    “ҚР астанасы – Ақмола қаласының ҚР астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы” Жарлығы шықты.




    6 мая Указом
    № 3941 президента Республики Казахстан
    Н. Назарбаева город Акмола переименован в город Астану.
    1998

  • Жұмекен НәжімеденовНұрсұлтан НазарбаевШәмші Қалдаяқов

    23 слайд

    Жұмекен Нәжімеденов
    Нұрсұлтан Назарбаев
    Шәмші Қалдаяқов

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ	сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұр...

    24 слайд

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ

    сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
    әні: Шәмші Қалдаяқов

    Алтын күн аспаны, Ұрпаққа жол ашқан,
    Алтын дән даласы, Кең байтақ жерім бар.
    Ерліктің дастаны, Бірлігі жарасқан,
    Еліме қарашы! Тәуелсіз елім бар .
    Ежелден ер деген, Қарсы алған уақытты,
    Даңкымыз шықты ғой. Мәңгілік досындай.
    Намысын бермеген, Біздің ел бақытты,
    Қазағым мықты ғой! Біздің ел осындай!

    Қайырмасы:
    Менің елім, менің елім,
    Гүлің болып егілемін,
    Жырың болып төгілемін, елім!
    Туған жерім менің – Қазақстаным!






  • ...Ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей...

    25 слайд


    ...Ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтаныш тұтанын көп ұлтты және көп дінді халқы бар әсем де мейірлі астанамыз,
    міне осындай қала.
    Н. Назарбаев


  • Егеменді  ел  бүгін  ҚАЗАҚСТАН 
 Туған жердің жайқалған алқабы егін, 
Биік се...

    26 слайд

    Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН
     
     
    Туған жердің жайқалған алқабы егін,
    Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
    Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
    Сен не деген кең едің, шалқар едің.
    Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,
    Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.
    Анасындай туған ел қамқор болып,
    Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын
    Әсем сазы басталған таза ағыстан,
    Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
    Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын
    Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН.


  • Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған...

    27 слайд

    Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
    Қазағымның өркендеді елдігі.
    Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
    Ағалардың ұмытылмас ерлігі.


    Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
    Өмір жолы болған қиын бұралаң.
    Қазағымды жарқын жолға бастады
    Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.

  • Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың ж...

    28 слайд

    Естімейік енді елдің жылағанын,
    Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
    Абылайдың жолымен алға басқан,
    Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр ағаның.

    Биіктей бер, Нұр аға,
    Қыран қанат талмасын.
    Қадірлемей тұра ма,
    Халық сіздей тұлғасын.

  • Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр ағ...

    29 слайд

    Гүлдене бер, Отаным,
    Көтерген туын Нұр ағам!
    Көбейткен достың қатарын,
    Нұр аға – біздің ұлы адам.

    Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
    Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
    Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
    Ақ ниетті халық деген данам бар.


  • Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақс...

    30 слайд

    Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.

    Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында.


  • Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі –халқымыз өз таңдауымен ел  президентін сайл...

    31 слайд

    Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі –халқымыз өз таңдауымен ел президентін сайлады. Сөйтіп оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. «Рухы күшті ел – алынбайтын қамал» дейді халық нақылы. Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз.
    Халық үшін Елбасы,
    Әскер үшін қолбасы.
    Тар жол тайғақ кешуде
    Нұр ағаны
    Туған жұрты қолдасын

  • 32 слайд

  • Жемісті тәрбиенің сыры – шәкіртке құрметпен қарауда Тәрбие – қиын іс, тәрбиег...

    33 слайд

    Жемісті тәрбиенің сыры – шәкіртке құрметпен қарауда
    Тәрбие – қиын іс, тәрбиеге жағдай жасау –
    әр адамның ең елеулі борыштарының бірі.
    Тәрбие ошағы - мектеп.
    Тәрбиенің ауданы кең, түбі терең.
    Тәрбие болмаған жерде шын ақылды,
    мәдениетті өмір де болмақ емес…

  • «Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық-біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз...

    34 слайд

    «Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық-біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қолдадық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік»

    Қазақстан Республикасының Президент жолдауынан

  • “Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлт...

    35 слайд

    “Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып- көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа!”

    Н.Ә. Назарбаев

  •     Кітаптар қоры

    36 слайд

    Кітаптар қоры

  • Кітапқа Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішүлы На...

    37 слайд




    Кітапқа Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішүлы Назарбаевтың құрметіне балаларының атын Елбасының есімімен атаған азаматтардың жүрекжарды лебіздері мен ой-пікірлері арқау болған.

  • В        
       Жекелеген сұхбаттар мен очерктерден тұратын бұл кітапта Қаза...

    38 слайд

    В



    Жекелеген сұхбаттар мен очерктерден тұратын бұл кітапта Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың елімізді басқаруда атқарған ұлан-ғайыр істері, саясаткер, адам және азамат ретіндегі кейбір қырлары сөз болады.

  • Т. Бекниязовтың бұл жинағында өлеңдері мен поэмасы берілген. Ақынның тәуелсі...

    39 слайд


    Т. Бекниязовтың бұл жинағында өлеңдері мен поэмасы берілген. Ақынның тәуелсіз еліміз туралы ой-толғамдары мен Елбасыға арнагған көлемді туындысында замана және ұлтымыздың жарқын болашағына деген зор сеніммен жыр тербелген.

  • Халықаралық журналистер конфедерациясы сыйлығының лауреаты, Әлихан Бекейх...

    40 слайд

    Халықаралық журналистер конфедерациясы сыйлығының лауреаты, Әлихан Бекейханов атындағы сыйлығының Қайнар Олжайдың “Президент пырағы” атты бұл кітабы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1991-1993-жылдапдағы ресми сапарларының репортаждарынан тұрады.

  • Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,ол – тәуелсіз Қазақстан.

В этом м...

    41 слайд




    Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,ол – тәуелсіз Қазақстан.

    В этом мире у нас есть только одна Отчизна– это независимый Казахстан.

    Н. А. Назарбаев



Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 986 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.12.2015 5955
    • RAR 14.3 мбайт
    • 154 скачивания
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елеукеева Молдир Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Елеукеева Молдир Сериковна
    Елеукеева Молдир Сериковна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14328
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 549 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 786 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 977 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн и визуальная коммуникация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов