Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты: "Ер есімі - ел есінде"

Тәрбие сағаты: "Ер есімі - ел есінде"

Скачать материал

      Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.

  Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.

 Дамытушылығы: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.

  Көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, 

Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері. 

«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты 

плакат. Желтоқсан тақырыбындағы топтардың қабырға 

газеттері және буклеттер. Қанатты сөздер.

(  Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдардың суреттері

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар,  оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған

« Ер есімі - ел  есінде  »  атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.

1-жүргізуші: 

  тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі  1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10 -да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып 

келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің  пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.

Оқушы

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

 Оқушы

Желтоқсанда шындық жырын 

шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Айналайын, айналайын жас өркені халқымның. 

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

 

1-жүргізуші:

Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі  бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ  халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. 

Көрініс «Ызғарлы Желтоқсанның ызалы үніне» кезек береміз

Лаззат-Сая:Қайрат сен естідің бе?Кеше Қонаев ағамызда орнынан алыныпты дейді.

Қайрат-Санжар: Қойшы рас па? Кімнен естідің?

Лаззат-Сая:Кеше куратор ағайдан естідім.Бүгін Брежнев алаңына көп адам жиналып жатыр дейді.

Қайрат-Санжар: Неге?Неліктен?

Лаззат-Сая:Қонаевтің орнына Ресейден бір орыс келіпті.Халық наразылылық білдіріп жатқан көрінеді. Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті

Қайрат-Санжар: Қой, біздің мұнда құрғанымыз дұрыс болмас, жүр кеттік,тез барайық!

Оқушы:

Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,

Шарықтасам, қыран боп қырға шықтым.

Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге, қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.

Жүргізуші: Қолдарында «Қазақстан -қазақтардікі», «Дербестікті талап етеміз деген »ұрандары бар  аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз-жігіттерді «бұзықшылар», «ұлтшыл», «нашақорлар» деген жала жабылды.Шеруге шыққан жастарды ұрып-соғып,азаптады,ату жазасына кесіп, қаншамасын темір торға қамады.

Көрініс: 

Элянора:Қонаевты шақырыңдар!Ақиқаты айтып,түсіндірсін барлық жайды.

Аманбек: Қазақстаннан адам табылмады ма? Басқа жерден адам әкелгені несі?Талап тілегімізді айтамыз шықсын ортаға басшылар

Прокурор:Жастар! Уа! Жастар! Мен Республика прокурорымын. Тараңдар,жатақтарыңа қайтыңдар.Ұят болады. Мен сендерге күш қолданамын.

Қарақат: Әй, туғандар жігіт болсаңдар шығың бері қарай!Қосылыңдар біздің қатарға.

 

1-жүргізуші:

Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз-жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.

     Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді.

4-оқушы: 

Өмір бойы жолым болып көрмеді,

Жылап келем бұл дүниеге келгелі.

Қайғы шаңы басты менің денемді,

Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.

Жолдаған сәлемімді дос алмады,

Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.

Айта берем, айта берем қайбірін,

Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.

Тағдыр мені аямады, қорлады,

Жалынсам да, жыласамда болмады.

Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,

Армандаған ақ сәулеге жетпедім.

 

Оқушы:

Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,

Бізге оны ешкім аяп бермейді.

Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.

Оқушы:

 Біз отанды қаралауға бармадық.

Сол үшін де қолға қару алмадық.

Қайта қолда қаруымыз сөз болып

Біз отандық Әділетті қорғадық.

 

Көрініс.

Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге 

милиционер жігіт кіреді.

Нағашысы: Қайрат-ау, тамақ алсаңшы. Студент болам деп бір ішек болып қалғансың ба?

Қайрат:Иә, бұйырғанын жеп жатырмын ғой.

Нағашы:Астан алыңқыра, Қайрат өзіңнің өлең жазатының бар еді ғой. Жана жылға мына маған арнаған өлеңің бар шығар-ау, жаман жиен.

Қайрат: Иә, нағашы бар ғой.

Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты 

тұтқындауға келдік. Тез жинал, бізбен бірге кетесің.

Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Қайрат, бері кел Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз.

Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. 

Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз.

(Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.)

Кезекші:  Айыпкер  Рыскулбеков  сұраққа .

Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?

Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?

Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын?

Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.

Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала.

Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала

дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп 

мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен 

Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз. 

Әйтпесе әкеңді де…

Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.

Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма, 

«Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе, мақұлық?

Қайрат: 

Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек? 

Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ. 

Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар! 

Қайрат:

Тоқта! Айтар сөзім бар.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар, 

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты – құрбандық»,

Атам десең атыңдар.

(Қайратты кісендеп алып кетеді.)

Көрініс.

Жүргізуші:Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді:

Қайрат:«-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!!

Жалалы боп, қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма.

Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,

Жазған екен маңдайыма сорыма.

Біріншіден, мен сағындым анамды,

Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?

Бостандықта еркін жүрген жан едім,

Енді, міне, абақтыға жабылдым.

                Хор: Желтоқсан желі.

Оқушы: Рас, досым, 86 есімде

16 желтоқсанның кешінде,

Намыс кернеп, шықтық біздер алаңға,

Шындық үшін «тар жол, тайғақ кешуге»

 

 Көрініс:

Сахнаға Қаз дауысты Қазыбек би шығып сөйлейді.

Қаз дауысты Қазыбек би: - біз Қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.

Сіздерді 16-Желтоқсан тәуелсіз Қазақстанымызға 15 жыл толу мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбекте жеміс, оқуда озат болуларыңызға тілектеспіз.

 

1-жүргізуші:Көрініс: «Егемендік деген не?»(Атасы мен немересі Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)

Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.

Немересі: - Ата, өткен өмір деген не?

Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?

Немересі: - Ал, ол қандай болған?

Атасы: - Ендеше, тыңда балам, атаң бір сөйлесін.

Болмаса да оқыған тарихшы атам,

Жинады ескілерден тарих хатын.

Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса,

Айтылған аталардың аманатын.

Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз Қазақ руларының басын қасып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих.  Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.

Немересі: - Ата. «Егемендік» деген не?

Атасы: - Егемендік – «бостандық» деген сөз,

Көптен бері естілмеген ерен сөз,

Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,

Көркем жігіт болып өсу.

Егемендік ел болудың белгісі.

Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күні,

Егеменді деген сөзден естілер,

Ата жұрттың арғысы мен бергісі –Міне «Егемендік» деген осы.Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар айналайын ұрпақтарым!

 Жүргізуші: Бұл балалар еліміздің болашағы.Біздің Қазқастан Республикасы жылдан-жылға, күннен-күнге өркендеп, өсіп кеңейіп, гүлденіп келеді. Олай болса,   атамыздан ақ тілек тілейік!

«Ақ бата»Басшыларымыз алысты көрсін,

Жекешелеріміз табысты болсын!

Қыздарымыз саналы, сұлу болсын,

Ұлдарымыз қамысты болсын!

Қалада, мейлі қырда болсын!

Келген-кеткен ырза болсын!

Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын!

Баға сөмкемізге сыймайтын болсын!

Халқымыз ғасыр табалдырығын,

Қазақша сөйлеп, аттайтын болсын!

Аумин!

 Жүргізуші: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.

 

 Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1-минут үнсіздік)Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

 

 

1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.

1-жүргізуші: 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.

2-жүргізуші: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті.

1-жүргізуші: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.

2-жүргізуші: 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.

1-жүргізуші: 1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды.

2-жүргізуші: 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды.

1-жүргізуші: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.

2-жүргізуші: Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.

1-жүргізуші: 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық.

2-жүргізуші: 2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.

1-жүргізуші:2001 жылы 18мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесін И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді.

2-жүргізуші: 2002 жылы – Денсаулық жылы.

1-жүргізуші: 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары

2-жүргізуші: 2006жылы - Сыр елі өнер ордасы

1-жүргізуші: 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.

2-жүргізуші:2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жылдығы тойланды.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: "Ер есімі - ел есінде""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 393 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2016 1491
    • DOCX 1.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Телегусова Шолпан Жоламановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Телегусова Шолпан Жоламановна
    Телегусова Шолпан Жоламановна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 60795
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой