Инфоурок Классному руководителю КонспектыТәрбие сағаты "Ер есімі ел есінде" 8 сынып

Тәрбие сағаты "Ер есімі ел есінде" 8 сынып

Скачать материал

Сабақтың  тақырыбы: Ер  есімі-ел  есінде.

 

Сабақтың  мақсаты: 1941-1945 жылғы  соғыста қазақстандықтардың  жанқиярлық  ерліктері  туралы мәлімет беру, өз ұлтын сүю сезімін қалыптастыру, соғыс  туралы біліктіліктерін  жетілдіру.

 

Сабақтың түрі: тәрбие сағаты

 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,пікірталас

 

Сабақтың барысы  

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен  сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

ІІ. Негізгі  бөлім.

Бүгін  біз  қазақстандық  жауынгерлердің  ерлігімен танысамыз, олар туралы ән  айтамыз, жырлар оқимыз.

1941 жылдың 22-маусымында  қанқұйлы фашизмнің  қара бұлттай  қаптаған  қолы Кеңес Одағына  соғыс ашты. Бұл соғысқа  Қазақстаннан 1 млн 196164 адам қатысты, 12 атқыштар  дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50-жуық полк пен  батальон құрылып майданға аттанды.Тарихта  теңдесі жоқ қаһармандық көрсеткен Брест қорғаушыларының қатарында 3 мыңдай қазақстандық  шайқасты. Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей - теңіз екенін байқар еді. Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы - қасірет әкелмеген бірде - бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды... Ішінде ақын да, әншісі де бар еді. Қауызын ашпай көктей қырқылған сол жастардың ішінде, әттең дариға - ай, қанша Абай, қанша Шоқан кетті екен...

8–гвардиялық  атқыштар  дивизиясы құрамында 28 панфиловшы батыр Мәскеу түбінде  бүкіл дүние жүзін  таңғалдырған  ерлік  жасады. Қазақстандықтар  София мен Варшаваны, Бухарест пен Белградты, Будапешт пен Венаны, Праганы, жүздеген, мыңдаған  қалалар  мен  селоларды  азат етуге  қатысты. Қазақ  жауынгерлерінің  майдандағы ерлігі  мен  тапқырлығы , жауынан тайсалмайтын-дығы  мен сұстылығы достарымызды  сүйсіндірді, дұшпанымызды  күйіндірді.

Қазақтар шын мәнінде  жаратылысы батыр, ерлік дәстүрі  қалыптасқан ержүрек халық  екендігін  дәлелдеді. Мәскеу  түбіндегі  шайқаста  саяси жетекші  Клочков  басқарған  бөлімше 28панфиловшылар  жаудың 50 танкісіне  тойтарыс  беріп асқан ерлік  көрсетті. Бұл шайқаста ерлік  танытқан 28 жауынгер «Кеңес Одағының Батыры»  атағын  иеленді. Сонымен бірге  Волоколамск  түбінде үлкен  ерлік  көрсетіп, қаза  тапқан  қолбасшы, қаһарман командир  Панфиловке   «Кеңес Одағының Батыры»  атағы берілді.         

Сағи  Жиенбаев. Жиырма сегіз  батыр. 

Тастар көкке атылды,                         Жамылды жер  тұманды

Орман шулап,тау құлап.                     Өрт ішінде қалды бақ.

Жиырма сегіз батырды                       Жиырма сегіз қыранды,         

Жеңе алмады жау бірақ.                     Жеңе алмады жау бірақ.

Оқ астынан  зулаған                            Жау жеңілді ақыры,

Туған жермен  бір болып.                   Атты бейбіт таң күліп.

Жиырма сегіз қыранды,                      Жиырма сегіз батырын   

Жеңе алмады жау  бірақ.                    Ұмытпайды ел мәңгілік.

 Фашистердің түп мақсаты Москваны басып алу еді. Москваны бүкіл ел қорғады.

1942 жылы ауқымы жағынан  адамзат тарихында  болып  көрмеген Сталинград  шайқасының  отты жалыны  қазақ даласын  да шарпыды. Полковник  Ғани Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизияның  өзі жаудың 120 танксін, 800 автомашинасын  жойды. Қазақстанда  жасақталған  бөлімдер Мәскеу мен Ленинградты қорғасты, Балтық бойы  республикаларын,Украина мен  Белоруссияны жаудан тазартты. Жау ұясы Берлинге  шабуыл  жасады. Батырлық, ерлік қазақтың қанында бар. Сұм соғыста жеңіске жету жолында жауға  қарсы ұмтылған батырларымыздың  есімі  мәңгі ұмытылмайды. Сол кезде біздің туған жерімізді, туған елімізді, Отанымызды жаудан қорғаған апа ағаларымыз бар. Олар:  Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова апаларың, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров т. б батыр аталарың. Қазақтың өрімдей қыздары ерлікпен жаумен алысып, қаза тапты. Әлия мен Мәншүк апаларымызды біз ешқашан ұмытпай есте сақтаймыз7

 Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, оның 497 - сі қазақстандық, оның ішінде 97 - сі қазақ.
110 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері.

Кеңес Одағының  батыры атағын алғандар: Төлеген  Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Нұркен  Әбдіров, Талғат Бигелдинов, Бауыржан  Момышұлы, Қасым Қайсенов, Қарсыбай  Сыпатаев, Әлия, Мәншүк, Хиуаз, т.б

Кеңес адамдары  мылтықты  да, мылтықсыз  да майданда  бірдей арпалысып  жеңіп шықты. Осылардың ішінде біздің жерлес аталарымыз да болды. Атап айтқанда. Ғазиз Сатқанов, Жетпісов Табылды, Губайдуллин Хасайын, Ниетқали ата, Фазыл ата, Баймағанбетов  Тастілеу ата, Шакриков Құрман ата. Біз ол кісілер туралы  не білеміз? (өздері білетіндерін сұрау) Аталары туралы  әңгімелеу.

Күйзелген  көңілдер, жүдеген жандар Жеңістен жұбаныш тапты. Жеңіске қолымыз жетті. Сол кезде  Рейхстагқа  туды 22 жасар  қазақ жігіті Рақымжан  Қошқарбаев тікті. Содан бері 70 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы Берлинде  фашистік Германия жеңілгенін мойындап  қол қойды. Ал 9 мамыр күні 1000 зеңбіректен бұрын соңды болмаған 30дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.

   

ІІІ. Қорытынды.

1941-1945 жылдардағы соғыстың ерлікке толы қаһарлы жылдары барған сайын бізден алыстап тарихқа кетіп  барады. Жеңіс күні бізге ең алдымен бейбітшіліктің бағасын  ұқтырды. Миллиондаған  адамның өмірімен қолға тиген 1945 жылғы Жеңіс күні бізге қымбат. Біз  соғысты көрген  жоқпыз. Бірақ ата-әжелеріміздің әңгімесінен соғыстың  не екенін түсініп, жанымыз түршігеді. Қан майданның  төрінде жаумен жанын қия айқасқан ата-апаларымыздың рухына мәңгі тағзым етеміз.

 




 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Ер есімі ел есінде" 8 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 379 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.05.2016 2651
    • DOCX 42 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Донбаева Ляззат Адилбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Донбаева Ляззат Адилбековна
    Донбаева Ляззат Адилбековна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30283
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 143 человека

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Мини-курс

Основы инженерной подготовки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе