Инфоурок Начальные классы КонспектыТәрбие сағаты "Ер есімі - ел есінде" 3 сынып

Тәрбие сағаты "Ер есімі - ел есінде" 3 сынып

Скачать материал

ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ

          Мақсаты:1.Ұлы Отан соғысының тарихи, маңызы, қазақстандықтардың

ерлік істерімен  таныстыру,Ұлыжеңісті дәріптеу.

         2. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту.

                    3. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу

Көрнекілік:  суреттер, нақыл сөздер

Барысы:

Кіріспе

1941 жылы 22- маусым күні таңғы сағат 4- те бейбіт жатқан       елімізге тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер-жердегі ауыл-селоға тарады. Ер- азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Кейбірі өздері сұралып кетті. Еліміздің жауынгерлері қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты.

Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 млн адамның өмірін жалмады.

Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгінгі арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.

 

I   Соғыс жылдарында

1 Адам тарих! Адам кешкен жолын ұқ

Неше ұрпақ күнтізбектен алындық.

Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық

Қанша тер мен қан ұрттады зұлымдық.

 

2. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні, қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. 1941ж. 22 маусымда

Фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл  жасады. Бұл халық үшін ауыр кезең болды.

3.  Отанымызға қатерлі күн туды. Дүниедегі бейбітшілік бағынасұрапыл соғыс қаһарын төкті. Отанымызды қорғау үшін  еліміздің көптеген ер- азаматтары майданға аттанды.

4.Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан   қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды.

      Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай

       шайқасты.

    5. Көк түтінге көмемін деп көгімді

        Ес жидырмай еземін- деп елімді.

       Келді фашист- жеңе алмады бірақта,

       Бақыт үшін қаншама қан төгілді.

     6. Қаһарлы күндер өттің арпалыста

         Құныққан қан құмарлар қанша қысса

         Мызғымай болат қорған армиямыз

         Бір адым бастырмады алты ай қыста.

     7. Бақыт деген келер дәйім күреспен,

         Бақыт үшін қарт бабалар күрескен.

         Бақыт үшін арпалысты әкелер

          Тек бақытқа қол созумен ұл өскен.

      8.Совет жауынгерлері қалалар мен деревняларды жанқиярлықпен қорғады. Фашистерді жер жастандырған батыр  Қала Москва, Ленинград, Киев, Одесса, Волгоград, Минск, Тула, қаһарман қала Брест, Керьчке Ленин ордені мен Алтын Жұлдыз тапсырылды.

   « Жойылсын соғыс» әні

II  Кеңес Одағының Қазақстандық батырлары.

1.ҰлыОтан соғысы кезінде көп ұлтты Қазақстанның ұл- қыздары Кеңес- Армиясы қатарында жаумен шайқасты. Олардың 100 мыңнан астамы ордендермен және медальдармен марапатталды. 500-ге тарта жауынгер Батыр атағын алды. Олардың ішінде Т.Тоқтаров, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Т.Бигелдинов және басқалардың есімдері бар.Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерен ерліктері үшін Қ.Р. Президентінің жарлығымен даңқты аталарымыз Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаевқа Халық қаһарманы жоғары атағы берілді.

2. Соғыс жылдары-ақ Қазақстандық бес әскери құрамаға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты 28 гвардиялық Панфилов дивизиясы бар.

3. Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап.

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады жау бірақ.

Жау жеңілді ақыры,

Атты бейбіт таң күліп,

Жиырма сегіз батырды

Ұмытпайды ел мәңгілік.

4.  Оқ борады күн-түні,                                   5. Отанға жаулар қаптады,

Жапты жерді от қарып.                                         Опасыз жаулар тапталды.

Алға қарай ұмтылды,                                            Қасиетті жері үшін

Батыр қазақ Тоқтаров.                                           Қастерлеп батыр елі үшін

Туын жықпай қолдағы                                          Әлия, Мәншүк, Төлеген,

Өжет болды елі үшін                                             Жаулардың көзін жойды

Кеудесімен қорғады                                                                              олар.

Ар намысын елінің.

6. Ат ауыздықпен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауғабіздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Ә.Молдағұлова   мен М.Мәметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.

 

7. М.Мәметова, Ә.Молдағұлованың өмірлерімен таныстыру.

8. М.Мәметованың анасына жазған хаты.

9.         Мәншүк

    Сілкінтіп зеңбіріктер жердің жүзін,

    Оқ борап снарядтар қаққанда ызың.

     Қаптаған қалың жаудантайсалмаған

     Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

     Қолында пулеметі «Максим» оның,

     Бойында күш-жігері тасқын оның.

     Ерлермен тізе қосып шабуылда,

     Оғымен қырғын майдан ашты жолын.

 

10.             Әлия.

      Даламыздың даңқысын,

      Балауса гүл, балғын қыз,

      Жанын қиып, халқы үшін

       Жанып түскен ақ жұлдыз.

      Мәңгі жасап жерде енді,

      Биік бол деп таулардан,

      Сенің балғын бейнеңді

      Жасап қойдық мәрмәрдан. 

11. Совет армиясы Москвадан Берлинге дейін даңқты жолдан өтті.Гитлершілер күйрей жеңілді. Фашизмнің орталығы  Рейхстагқа батыр ағамыз Р.Қошқарбаев алғашқылардың бірі болып ту тікті.

III    Жеңіс келді! 

1.     Әрқашан әділдік жеңеді.Опасыздықпен шабуыл жасаған фашистер 1945ж.

9 мамырда Берлинде тізе бүкті. Соғыс бітті. Ауыр жылдар артта артта қалды.Жер бетінде бейбетшіліктің негізі қаланды.

1945ж. 8- мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды.1945ж. мамырдың 9-ында бұрын- соңды болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні  осылай келген еді.

2.     Сүйінші, халқым,сүйінші!        3.Арылтып жерден жауымды

Сүйіншіге сүйінші                          Табанға жаншып өлімді

Шаттан, ата- бабамыз                  Жеңіспен желпіп өмірлі

Кек қайтарып фашистен,            Десеңдер бұл қай күн?-

 Соғыс бітті жеңіспен.                                     9 мамыр күні!

 

4        Кептерлер қалқып көкте ойнап,

Қызыл ту шалқып, көк бойлап

Мәре-сәре мәз- мейрам,

Отанымыз той-тойлап,

Десеңдер бұлқай күн?- 9 мамыр күні!

5. Ер азат, еңбек, ерлік, ел ерікті

    Еңбектің өрнегімен жер көрікті

    Мыңдаған Қазақстан кұрескері

    Жеңіске жеткізді елін,ерлері елі.

6. Естідім-ау Жеңіс күнін

    Дүрілдейді көк пен жер

    Қуанышпен қағып гүлім

    Ойнақтайды қуанған ел.

7. Жеңіс келдіқалама                                

   Жеңіс келді далама,

  Жеңіс келді әке боп,

  Жеңіс келді ән болып.

  Жеңіс келді алақай!

  Тоя жейтін нан болып!

8. Жеңіс деген жақсылықтың сыңары

    Жігерленген құштарлықтың құралы

    Күрескердің арманы мен ұраны

   Қуаныш пен мерекенің бұланы.

 

  Оқушылардың Жеңіс күніне шығарған өлеңдері.

   Ән  «Ел қорғауға әзірміз»

  IY   Біз Отанның ұланымыз.

1.         Көңілін шаттық кернеген,                        2. Бақытты болсын балалар,

Өмірін өлең тербеген,                                    Соғысты сүймес адамдар.

 Ертеңге қанат сермеген,                              Өркендей берсін қалалар,

 Бақыты тасқан ұланбыз.                              Гүлдене берсін далалар.

 

 3  Бүгінгі еліміздің қырмызымыз

    Арайлы болашақтың ұл-қызымыз

    Арасын жер мен көктің жалғайтұғын,

    Қанатты жарқыраған жұлдызымыз.

4         Ұлы елдің әлем сүйген ұланымыз

  Сол елге лайық болу- ұранымыз.

 Сайларда сыңғыр қағып ағатұғын,

 Сол елдің сан дауысты бұлағымыз.

5        Батыр болған бабалары,

Ел бастаған даналаары.

Байтақ жерге жау тигізбес

Сарбаздары, қазақтың сарбаздары.

                 Ән    «Солдат болам мен ертең»

6. « Бейбітшілік» нұрына    

      Дүние жүзі сенеді.

        Соғыс өртін өшіріп,

       Бейбітшілік жеңеді.

7. Биік ұш бейбітшілік көгершіні,

   Асып өт, нелер мұхит, не бір шыңды.

   Қаққанда қанатыңды бірге естілсін

    Әлем жас ұрпақтың өршіл үні.

8.   Біз баянды бейбітшілік үшін, аспанымыз ашық, көңіліміз

    шат, өміріміз бақытты болу үшін күресеміз.

 9. Ешқашан соғыс болмай, әлемде тек бейбітшілік болсын.

Y Қорытынды.

Ешкім де, еш нәрседе ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қазатапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін,елі үшін құрбан болды.

   Отанымыздың даңқы- ерлік пен қаһармандықтың даңқы.

    Қыран құсым көк аспанда самғасын,

    Желбіресін Көк байрағым сан ғасыр

    Жас ұландар биік ұста туыңды,

    Жарқыратып туған елдің таңбасын.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Ер есімі - ел есінде" 3 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.01.2016 3280
    • DOCX 50.5 кбайт
    • 49 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Назарбекова Аяжан Тлеукабыловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24912
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Аномальное психологическое развитие и психологическая травма

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов

Мини-курс

Путь к осознанным решениям и здоровым отношениям

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 101 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек